Қолданыстағы ред. 02.08.2010 (Редакция 54376_215745.kaz)

Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы от 02.08.2010 г. № 9 (Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы)

0

Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық ветеринария бөлімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы ұсынысын негізге алып Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимі белгіленсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімшілігінің бас маман-ветеринарлық инспекторы Джолдыбаев Айдар Әленұлына жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.