Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық Кодексінің 422 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы от 02.08.2010 г. № 21-229-IV (Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы)
1. Үржар ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары белгіленсін:
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматына - 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына - 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерге - 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
4) ойын жолы үшін - 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
5) карт үшін - 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
6) бильярд үстеліне - 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.