Құжат мәтініне өту

Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве алюминия методом электролиза"

Қаулы · № 925 · қабылданған 10.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-54437/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве алюминия методом электролиза" Күшін жойған Қаулы ·№ 925 ·10.09.2010
21.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве алюминия методом электролиза"

Күшін жойған Қаулы ·№ 925 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Технического регламента "Требования к эмиссиям в окружающую среду при производстве алюминия методом электролиза"
Атауы (қаз.)
"Электролиз әдісімен алюминийді өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
925
Қабылданған күні
10.09.2010
Көрсетілген редакция
21.09.2021 54437_539092.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000925_
ЭКБ идентификаторы
54437
Редакция идентификаторы
54437_539092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:23

0 "Электролиз әдісімен алюминийді өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Электролиз әдісімен алюминийді өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Электролиз әдісімен алюминийді өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентті

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 925 қаулысымен
бекітілген
«Электролиз әдісімен алюминийді өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентті

1 1. Қолданылу саласы

1

1. Осы «Электролиз әдісімен алюминийді өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшаның 1-2-кестелерінде келтірілген үздік қолжетімді технологияларды (бұдан әрі - ҮҚТ) ескере отырып, пайдаланылатын шикізат (байытылған, байытылмаған) түріне алюминийді балқытылған сазбалшықтан электролиздік өндіру кезінде қолданылатын үдерістерге (бұдан әрі - үдерістер) арналған қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін белгілейді.

2

2. Электролиз әдісімен алюминийді өндіру үдерістегі қауіпті факторларға (қауіп-қатерлерге) негізгі бөлімшелерде: электролиз цехында (бұдан әрі - ЭЦ), құю бөлімінде (ҚБ) және электродтарды өндіру цехында (бұдан әрі - ЭӨЦ) жүзеге асырылатын шикізат пен материалдарды беру, электролиттік алу, тауарлық алюминийді күю және қоймалау, электродтарды жентектеу, анодтың әсері, пештерді тазарту және оларды қыздыруға немесе ұзақ бос тұруына дайындау үдерістерінен эмиссиялар жатады.

2 2. Терминдер мен анықтамалар

3 3. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1

1) алюминийді электролит жолымен алу - катодта (сұйық алюминийде) алюминий катиондарының разрядымен және металл алюминийді қалпына келтірумен, ал оттегі иондарының — СО2 және CO қоспасының түзілуімен көміртекті анодта криолит сазбалшық балқымасының (электр тоғының әсерімен, температурасы шамамен 950оС кезінде) электр химиялық бөліну үдерісі;

2

2) анодтың әсері - жылудың көп бөлінуіне және электролит температурасының көтерілуіне, ток бойынша шығудың төмендеуіне, электр энергиясы мен фторлы тұздар шығыстарының ұлғаюына алып кеден «анод - электролит» шекарасында балқытылған электролитте алюминий тотығы (Аl2О3) құрамының төмендеуі және кедергінің ұлғаюы салдарынан электролизердегі кернеудің жедел артуы;

3

3) аэрациондық фонарь - жылуды, тозаңды, түтінді және газдарды бөле отырып, аумағы 18 м астам металлургия және химия өнеркәсібінің өндірістік ғимараттарын жалпы алмасу вентиляциясымен қамтамасыз етуге және табиғи жарықпен жарықтандыруға арналған жабындылардағы саңылаудың үстіндегі шыныланған құрылғылар;

4 4) алюминий — электролиз үдерісінің нәтижесінде катодта бөлінетін және электролизерден алынатын техникалық сападағы металл алюминий (шикізат алюминий, бастапқы алюминий);

5

5) үздік қолжетімді технологиялар (ҮҚТ) - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қамтамасыз етілетіндей деңгейге дейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін техника және жабдық;

6 6) көмекші жабдық - материалдарды жинау, сақтау, тасымалдау, отын дайындау, шаң ұстау, газ тазалау қондырғылары үшін пайдаланылатын аппараттар, агрегаттар; автоматика, бөгеу, бақылау және қорғау аспаптары мен құрылғылары, түтін шығаратын құбырлар;

7 7) криолит сазбалшық балқымасы - балқытылған криолит (Na3AlF6) және алюминий фториді (АLҒ3) қоспасында ерітілген алюминий тотығы (Аl2О3);

8 8) күйдіру пештері (құбырлы айналмалы пештер, қайнама қабатты пештер) - отынды жағудан болатын жылу энергиясы есебінен материалдарды күйдіруге арналған металлургиялық агрегат;

9 9) күйдірілген анодтар - ол бойынша электр тоғы сазбалшықпен электролиз ванналарына берілетін шамамен 1100оС температура кезінде алдын ала күйдірілген көміртегі шикізатынан (кокс пен пектік байланыстырушының қоспасы) алынған үлкен көлемдегі стержендер; күйдірілмеген анодтар «жасыл» деп аталады;

10 10) негізгі жабдық - электролизерлер, кедергінің электропештері (миксерлер), конвейерлік типтегі құю машиналары, «жасыл» анодтар өндіруге арналған қондырғылар, анодтарды күйдіруге арналған пештер;

11 11) отын - жағу кезінде жылу энергиясын алу мақсатында қолданылатын жанғыш заттар (қатты, сұйық немесе газ тәріздес);

12 12) өңделген анод - бокситті сілтілеуден кейін алынған және негізінен натрий гидроалюмосиликатынан және темір тотығынан тұратын қатты қалдық;

13 13) сазбалшық - алюминий тотығының әрқилы түрлерінен тұратын кристалды гидроскопиялық ұнтақ;

14 14) су айналымының тұйық циклі немесе сумен жабдықтау айналымы жүйесі - өңделген суды өндірістік мұқтаждарға кезең-кезеңімен тазартылғаннан, салқындатылғаннан және өңделгеннен кейін оны қайта беру жүйесі;

15 15) тазарту - құрамы бойынша әртүрлі сұйық алюминийді шихталау және тауарлық өнімге құюдың алдында тотық үлдірлерінен, металл емес және газ қоспаларынан тазарту (чушкалар, цилиндр және жайпақ құймалар, катанкалар және басқалары);

16 16) түтінді (қайтпалы) газдар - отынның жануы және технологиялық материалды пеште күйдіру нәтижесінде жиналатын газдар;

17 17) түтін шығаратын құбыр - тартуды қалыптастыруға және атмосфераға тазартылған түтінді газдарды шығаруға арналған құрылыс;

18 18) шикізат - өнімді(дерді) алудың технологиялық үдерісінде пайдаланылатын кез келген қатты, ұсақталған немесе дайындалған материал;

19 19) электролиз әдісімен алюминийді өндіру үдерісі - нәтижесінде тауарлық алюминий алынатын кейіннен құю арқылы сазбалшықты және металл алюминийді электролитті бөлудің дәйекті үдерістері;

20

20) электролиз ваннасы немесе электролизер - электр тоғының электролизі арқылы өту кезінде электрохимиялық тотығу-қалпына келтіру үдерістерінің жиынтығын орындауға арналған электролитпен толтырылған ыдысқа салынған (немесе мембраналық немесе диафрагмалық типтегі ұяшыққа орналастырылған, бірыңғай блок-аппаратқа жинақталған) оң және теріс электродтар жүйесінен тұратын арнайы электротехнологиялық жабдық;

21

21) электролиз цехы - электролизерлер, олардың сериялары, бірнеше сериялар немесе серияның бір бөлігі орналастырылған технологиялық үдерісі жүзеге асыру және техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың талаптарын орындау үшін қажетті жабдығы бар электролиз залы немесе залдары және үй-жайы орналастырылған өндірістік ғимарат.

3 3. Қазақстан Республикасында өндірістер айналымының шарттары

4 4. Қазақстан Республикасының аумағында осы Техникалық регламентте белгіленген нормалардан аспайтын қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерін қамтамасыз ететін сазбалшықтан электролиз әдісімен алюминий өндірісінің айналымына рұқсат етіледі.

5

5. Негізгі және қосалқы жабдықтың құрамына кіретін өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілуі тиіс және Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес енгізілуі тиіс.

4 4. Атмосфералық ауаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар

6

6. Электролиз өндірісінің негізгі жабдығы жұмысынан және анодтарды күйдіруден атмосфералық ауаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері жеке және бірлесіп қолдану кезінде қатты, сұйық және газ түріндегі шикізат пен отынды пайдаланатын жұмыс істеп тұрған, қайта енгізілетін және қайта жаңартылатын кәсіпорындар үшін қатты бөлшектер мен газ түріндегі қоспаларды қоса алғанда, тоғыз көрсеткіш бойынша белгіленеді.

7

7. Қатты бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері бес көрсеткіш үшін белгіленеді: бейорганикалық тозаң (құрамында 20 %-дан аз SiО2 кремний тотығының болуы), Аl2O3 алюминий тотығы (алюминийге қайта есептегенде), ерімейтін фторидтер (F-), кокс тозаңы және тас көмір пекінің возгондары (бенз(а)пирен бойынша);

8 8. Атмосфераға газ тәріздес қоспалар эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері төрт көрсеткіш үшін белгіленеді: CO көміртегі тотығы, SO2 күкірт диоксиді, NOх азот тотығы, газ тәріздес аралас фторидтер (НҒ).

9 9. Ұшпа газдардағы қатты және газ түріндегі ластаушы заттардың құрамын бақылау газ жүретін жолдарда, жұмыс аймағының ауасында, электролиз корпустарының фонарларында, атмосфералық ауаға жиынтық эмиссияларды одан кейінгі қайта есептеумен газ тазарту құбырларында тікелей өлшеумен жүргізіледі.

10 10. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсіпорындар үшін осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-2-кестелерінде көрсетілген қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.

11 11. Осы Техникалық регламентте айқындалған эмиссиялардың үлестік нормативтеріне ҮҚТ-ны, үдерістегі ұсталған технологиялық тозаңды одан кейінгі қайтарумен газ және тозаң тазартудың торабы жабдығын қоса алғанда, техникалық және технологиялық шешімдер жүйесін енгізу есебінен қол жеткізіледі.

12 12. Салқындату немесе қыздыру режимінде жұмыс істейтін анодтарды күйдіру пештерінен қоршаған ортаға эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесінің 3) тармақшасында және 2-кестесінің 3) тармақшасында белгіленген.

5 5. Ағынды сулардың эмиссияларына қойылатын талаптар

13 13. Осы Техникалық регламентте айқындалған электролиз әдісімен алюминий өндіру үдерісіндегі өндірістік ағынды сулардың эмиссияларына жол берілмейді.

14 14. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсіпорындар үшін міндетті түрден су айналымының тұйық циклі көзделуі тиіс.

6 6. Электролиз әдісімен алюминийді өндірудің қалдықтарын орналастыру кезіндегі эмиссияларға қойылатын талаптар

15 15. Қоршаған ортаға қалдықтардың эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері алюминий электролизі және күйдірілген көмір анодтары кәсіпорындар бөлімдерінің қалдықтары үшін белгіленеді.

16 16. Кәсіпорындар одан әрі күйдіру және алюминийді электролиз әдісімен өндіру үдерісінде қайта пайдалану мақсатында «жасыл» анодтарды алу үдерісінде көміртекті қайталама тарту жолымен олардың түзілу сәтінен бастап қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуді көздейді.

17 17. Кәсіпорын аумағында жинақталған өндіріс қалдықтарының Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қалдықтардың қауіптілік паспорты болуы тиіс.

18

18. Электролиз әдісімен алюминийді өндіру үдерісінің нәтижесінде түзілген қауіпті қалдықтар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған уақытша және тұрақты сақтау полигондарында сақтауға жатады. Кәсіпорындар қалдықтардың түзілу сәтінен бастап Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуі және оларды қайта пайдалануды көздеуі тиіс.

19 19. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсіпорындар үшін осы Техникалық регламентке 3-қосымшада көрсетілген қалдықтардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.

7 7. Қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері

20 20. Жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын кәсіпорындар үшін 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-2-кестелерінде және 3-қосымшада көрсетілген қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері орындалуы тиіс.

21 21. Жұмыс істеп тұрған және қайта жаңартылатын кәсіпорындар үшін 2011 жылғы 31 қаңтарға дейін олар үшін жобаларда белгіленген шекті рұқсат етілген шығарындылардың және/немесе қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың нормативтерін орындауға жол беріледі.

22 22. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Үдерістер тізбесі

«Электролиз әдісімен алюминийді
өндіру кезінде қоршаған ортаны
шығарылатын эмиссияларға
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
1-қосымша
1-кесте
Үдерістер тізбесі
1
2
3
4
Р/с

Үде­ріс
Қа­уіп­ті­лік си­патта­ма­сы
Қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры
1.
1. Ши­кі­затты қа­был­дау және сақ­тау учас­ке­сі
Ши­кі­затты си­ло­стар­да және бун­кер­лер­де­гі қа­был­дау, тө­гу және сақ­тау
Эмис­си­я­лар - фтор­лы қо­сы­лы­стар (қат­ты) Аl2Оз алю­ми­ний то­тығы,
Үде­рі­стер­ді жа­бық үй-жай­лар­да жү­зе­ге асы­ру;
Ре­зер­ву­ар­лар­да­ғы сұй­ық кө­мір­су­тек­гі ши­кі­затты (кокс, пек) сақ­тау
кокс (кө­мір) то­за­ңы
су­сы­ма­лы ма­те­ри­ал­дар­ды бе­ру­дің ва­ку­ум­дық жүй­е­сі;
Про­цес­ке ма­те­ри­ал­дар­ды бе­ру
99,4 % бей­ор­га­ни­ка­лық және қат­ты то­заң­ды ұстау ПӘК-пен жең­ді сүз­гі­лер­мен то­заң-газ та­зар­ту жүй­е­сі;
ре­зер­ву­ар­лар жел­де­ту және вен­ти­ля­ци­я­лау ке­зін­де кө­мір­те­гі бу­ла­рын кон­ден­са­ци­я­ла­ну және қай­та­ру жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған
Фи­зи­ка­лық әсер ету -
шу
ді­ріл
Тас­па кон­вей­ер­ле­рін пай­да­ла­ну және қыз­мет көр­се­ту шар­тта­рын сақ­тау.
Же­ке қор­ғау құ­рал­дар­мен (ЖҚҚ) пер­со­нал­ды қам­та­ма­сыз ету
2.
Алю­ми­ний элек­тро­ли­зі­нің цехы (АЭЦ)
Элек­тро­ли­зер­лер­ді ти­еу;
Элек­тро­л­из­дік ван­на­да­ғы алю­ми­ний­ді элек­тро­лит­тік қал­пы­на кел­ті­ру
Эмис­си­я­лар - фтор­лы қо­сы­лы­стар(қат­ты және газ тү­рін­де­гі), Аl2О3 алю­ми­ний то­тығы;
Бей­ор­га­ни­ка­лық SiO2<20 % және кө­мір­те­гі то­за­ңы, жар­ты­лай­цик­л­ді ор­га­ни­ка­лық заттар, CO кө­мір­те­гі то­тығы
Элек­тро­ли­зер­лер­ге саз­бал­шық­ты және фтор­лы тұз­дар­ды ав­то­мат­ты бе­ру;
элек­тро­лиз про­це­сін ба­қы­ла­уды және бас­қа­ру­ды ке­шен­ді ав­то­мат­тан­ды­ру;
99,4 % дей­ін газ со­ру­дың дең­гей­ін қам­та­ма­сыз ете­тін элек­тро­ли­зер­лер­ді жо­ға­ры ти­ім­ді қор­ғау;
99,4 % ПӘК-ті құр­ғақ та­зар­ту (ре­ак­то­рад­сор­бер)
Фи­зи­ка­лық әсер ету -
шу
ді­ріл
жы­лу эмис­си­я­ла­ры
Тех­но­ло­ги­я­лық па­ра­метр­лер­ді ба­қы­лау;
анод­тық әсер­ді тө­мен­де­ту үшін ав­то­мат­ты бас­қа­ру;
пер­со­нал­ды ЖҚҚ-мен қам­та­ма­сыз ету
Қал­дық­тар кө­мір фу­те­ров­ка­сы өң­дел­ген кө­мір анод­та­ры
Жа­ңа анод­тар­ды күй­ді­ру үде­рі­сін­де қай­та пай­да­ла­ну есе­бі­нен по­ли­гон­дар­да ор­на­ла­сты­ру­ды ба­рын­ша азай­ту
2.1
Анод-мон­таж­дау бө­лі­мі (АМБ)
Анод­тық бл­ок­тар­ды мон­таж­дау және анод­тық тұқыл­дар­ды бөл­шек­теу
Қал­дық­тар - анод­тық тұқыл­дар
Күй­ді­рі­л­ген анод­тар өн­ді­рі­сі цехы­ның бо­луы күй­ді­рі­л­ген анод­тар­дың са­па­сын арт­ты­ру­ды және тұқыл­дар­дың анод­тар­дың ай­на­лым өн­ді­рі­сіне қай­та­руын қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік бе­ре­ді
2.2
Құю бө­лі­мі (ҚБ)
Ке­дер­гі­нің электр пеш­те­рін­де­гі (мик­сер­лер­де) алю­ми­ний­ді та­зар­ту
Эмис­си­я­лар - Аl2О3 алю­ми­ний то­тығы,
SO2 кү­кірт ди­ок­си­ді;
CO кө­мір­те­гі то­тығы,
NOx азот то­тығы,
Бал­қы­ты­л­ған алю­ми­ний­ді вак­кум­дық ожа­у­мен та­зар­ту­ға элек­тро­ли­зер­лер­ден бе­ру;
Құю бө­лі­гі (алю­ми­ний­ді та­у­ар өні­міне - чуш­ки­лер­ге ци­линд және жай­пақ құй­ма­лар­ға, ка­тан­ка­ға құю)
чуш­ки­ге мик­сер­ден құю, кон­вей­ер­лік тип­те­гі құю ма­ши­на­сы­ның кө­ме­гі­мен жүр­гі­зі­ле­ді
Фи­зи­ка­лық әсер ету -
шу
ді­ріл
жы­лу эмис­си­я­ла­ры
жұ­мыс ай­ма­ғын­да ЖҚҚ қол­да­ну;
үй-жай вен­ти­ля­ци­я­сы
2.3
Ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­ты жөн­деу цехы
Под­тық сек­ци­я­лар­да­ғы құю бө­лі­мі
Ка­тод­тық қон­дыр­ғы­лар­ды бөл­шек­теу/мон­таж­дау учес­ке­сі
Фу­тер­лік ма­те­ри­ал­дар­дың, блюм­стер­дің және суық-тол­ты­ру под­тық мас­са қой­ма­сы
Эмис­си­я­лар- фтор­лы қо­сы­лы­стар (қат­ты), неор­га­ни­ка­лық то­заң SiO2<20 % 70-20 %
Же­тек­тік фильтр­де­гі ұшпа га­з­дар­ды та­зар­ту, неор­га­ни­ка­лық және қат­ты фто­рид­тер­дің то­за­ңын ұстау дең­гейі - 98%
Фи­зи­ка­лық әсер ету-
шу
ді­ріл
жұ­мыс ай­ма­ғын­да ЖҚҚ қол­да­ну;
3.
Элек­трод­тар­ды өн­ді­ру цехы (ЭӨЦ)
Кокс ма­те­ри­а­лын кеп­ті­ру, ұсақ­тау, бөл­шек­теу және бө­лу, кокс ших­та­сын мөл­шер­леу және жы­лы­ту, «жа­сыл» анод бл­ок­та­рын виб­ро­қа­лып­та­сты­ру және сал­қын­да­ту
Пеш­те­гі анод­тар­ды күй­ді­ру, күй­ді­рі­л­ген анод­тар қой­ма­сы­на неме­се анод-мон­таж­дау бө­лі­міне «жа­сыл» және күй­ді­рі­л­ген анод­ты бл­ок­тар­ды та­сы­мал­дау
Эмис­си­я­лар - фтор­лы қо­сы­лы­стар (қат­ты және газ тү­рін­де), отын­ның жа­ну өнім­де­рі, бенз(а)пи­рен­нің құ­ра­мы 0,1-ден 0,15 % дей­ін тас кө­мір­лі пек­тің воз­гон­де­рі, кокс то­за­ңы, CO кө­мір­те­гі то­тығы;
NOх азот то­тығы,
SO2 кү­кірт ди­ок­си­ді
Газ та­зар­ту жүй­е­сі­нің жұ­мысын ба­қы­лау;
газ та­зар­ту жүй­е­сіне күр­де­лі жөн­деу жүр­гі­зу;
эко­ло­ги­я­лық қа­уіп-қа­тер­лер­дің мо­ни­то­рин­гі мен бас­қа­руы­ның ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сі
Фи­зи­ка­лық әсер етуі - жы­лу эмис­си­я­ла­ры
Тех­но­ло­ги­я­лық па­ра­метр­лер­ді ба­қы­лау
Қал­дық­тар анод­тық тұт­қыл­дар
Қай­та­дан пай­да­ла­ну
4.
Қо­сал­қы бө­лім­ше­лер
Ма­те­ри­ал­дар қой­ма­сы және ма­зут сақ­тау қой­ма­сы Ор­та­лық за­уыт зерт­ха­на­сы Су та­за­лау және цех­тар­ды ай­на­лым су­мен жаб­дық­тау топ­та­ры
Өрт және те­мір­жол де­по­сы Кө­лік­тік цех Бас­қа­ру­дың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рі және те­ле­ком­му­ни­ка­ция цехы
Эмис­си­я­лар - отын­ның жа­ну өнім­де­рі, бей­ор­га­ни­ка­лық то­заң SiO2 <20 %, 70-20 %,
Аl2О3 алю­ми­ний то­тығы
кө­мір­те­гі то­тығы CO,
азот то­тығы NOx,
кү­кірт ди­ок­си­ді SO2
Кү­кірт­сіз ма­зут­ты негіз­гі жы­лы­ту оты­ны ре­т­ін­де пай­да­ла­ну
Фи­зи­ка­лық әсер ету -
шу
ді­ріл
ЖҚҚ-ны жұ­мыс ай­ма­ғын­да қол­да­ну
2-кесте
Бастапқы алюминий алу үдерісті үшін ҮҚТ көрсеткіштері
1
2
3
4
5
Р/с

Үде­ріс
Қа­уіп­ті­лік си­патта­ма­сы
Қол­да­ны­с­та­ғы ЕҚ­Т1
Үле­стік көр­сет­кіш
Та­зар­ту­дың ти­ім­ді­лі­гі
1.
Тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы
1.1
Элек­тро­ли­зер­дің қу­а­ты
300 - 350 кА
1.2
Энер­гия тұ­ты­ну
жаң­ғыр­тыл­май­тын та­би­ғи ре­сур­сты (отын тү­рін­де) тұ­ты­ну;
15-16 МВт-ч/тАl
60 ГДж/тАl
1.3
пар­ник­тік га­з­дар­дың (СО2) жа­на­ма эмис­си­я­ла­ры
7 тCО2/тAl2
1.4
Су тұ­ты­ну
жаң­ғыр­тыл­май­тын және шек­те­улі та­би­ғи ре­сур­сты тұ­ты­ну
Су ай­на­лы­мы 88,5 %
2.
Кокс пен пек­ті қой­ма­лау және сақ­тау
2.1
Цик­лон­дар­да­ғы және/неме­се тін филь­тр­ле­рін­де­гі та­зар­ту
то­заң эмис­си­я­ла­ры
1-5мг/Hм3
0,98
2.2
Ұшпа ма­те­ри­ал­дар­да сақ­тау си­ло­ста­рын­да­ғы/ бун­кер­лер­де­гі филь­тр­лер­де та­зар­ту
то­заң эмис­си­я­ла­ры
<30 мг/Нм3
2.3
отын ыдыс­та­ры­ның жел­де­ту кла­пан­да­ры
ұшпа кө­мір­те­гі­нің эмис­си­я­ла­ры
<10 мгС/Нм3
2.4
отын ыдыс­та­ры­ның жел­де­ту кла­пан­да­ры
кө­мір­те­гі бу­ла­ры­ның эмис­си­я­ла­ры
<50 мгС/Нм3
3.
Ба­стап­қы алю­ми­ний­ді элек­тро­л­из­дік алу
3.1
Элек­тро­ли­зер­ден газ тү­рін­де­гі заттар­дың эмис­си­я­ла­ры
фтор­лы су­те­гі НҒ
9-15 кгҒ/тАl
0,98
3.2
Элек­тро­л­из­ден фтор­лы қо­с­па­лар эмис­си­я­ла­ры
Ері­мей­тін фто­рид­тер F
16-29 кгҒ/тАl
0,98
3.3
Элек­тро­лиз кор­пу­ста­ры­ның фо­нар­ла­ры және га­з­ды та­зар­ту құ­быр­ла­ры ар­қы­лы эмис­сия то­заң­да­ры (саз­бал­шық)
күй­ді­рі­л­ген және өз бе­ті­мен күй­ді­рі­ле­тін анод­тар­мен және құр­ғақ газ та­зар­ту­лар­мен жаб­дық­тал­ған Элек­тро­ли­зер­лер­ден Аl2O3 алю­ми­ний гид­рок­си­ді­нің эмис­си­я­сы
1,5-15кг/тАl
0,99
3.4
элек­тро­ли­зер­лер­ден шай­ыр­лы заттар эмис­си­я­ла­ры
өзді­гі­нен күй­ді­рі­ле­тін анод­тар­мен;
күй­ді­рі­л­ген анод­тар­мен элек­трол­го­ер­лер­ден по­ли­цик­л­ді хош иісі бар кө­мір­су­тек­тер (ПХК)
1,5* 10-2 - 0,37 кг/тАl;
7*10-3 кг/тАl
0,98
3.5
анод­тар­ды күй­ді­ру бой­ын­ша цех­тар­дан шай­ыр­лы заттар­дың эмис­си­я­ла­ры
ПХК(жиын­тық)
0,1 -0,15 кг/тАl
0,98
3.6
Элек­тро­ли­зер­лер­ден перфтор­кө­мір­тек­ті қо­сы­лы­стар­дың эмис­си­я­ла­ры
Күй­ді­рі­л­ген анод­тар­мен элек­тро­ли­зер­лер­ден эмис­си­я­лар CF4
4,8*10-3-9,5*10-2 кг/тАl;
0,99
3.7
ток­ты жо­ға­ры жет­кі­зу­мен
0,17 - 0,45 кг/тАl;
ток­ты бүй­ір­лі жет­кі­зу­мен
0,49 кг/тАl;
Күй­ді­рі­л­ген анод­тар­мен элек­тро­ли­зер­лер­ден эмис­си­я­лар C2F6
3,8* 10-5 - 1,4* 10-4 кг/тАl;
ток­ты жо­ға­ры жет­кі­зу­мен
0,014 кг/тАl;
ток­ты бүй­ір­лі жет­кі­зу­мен
0,028 кг/тАl;
3.8
Элек­тро­лиз үр­ді­сі­нен пар­ник­тік га­з­дар­дың эмис­си­я­ла­ры
өзді­гі­нен күй­ді­рі­ле­тін анод­тар­мен;
күй­ді­рі­л­ген анод­тар­мен элек­тро­ли­зер­лер­ден эмис­си­я­лар СО2
1,92 тСО2/тАl
1,53 тСО2/тАl
4.
Күй­ді­рі­л­ген анод­тар­ды өн­ді­ру
4.1
Тін филь­тр­ле­рін­де­гі та­зар­ту
то­заң эмис­си­я­сы
кокс эмис­си­я­сы
1—5 мг/Нм3
0,98
4.2
Әк­тас/кө­мір ад­сор­бер­ле­рі мен тін филь­тр­ле­рін­де­гі сал­қын­да­ту және та­зар­ту жүй­е­сі
ПХК
<0,2 мг/Нм3
0,98
4.3
ұшпа кө­мір­су­те­гі
<10-25 мгС/Нм3
4.4
кө­мір­су­те­гі бу­ла­ры
<1-5 мгС/Нм3
4.5
Ұшпа га­з­дар­ды то­лық жа­ғу жүй­е­сі
по­ли­цик­л­дың хош иісі бар кө­мір­су­те­гі (ПХК)
0,2 - 0,5 мг/Нм3
0,98
4.6
ұшпа кө­мір­су­те­гі
<10-50 мгС/Нм3
1Түсті металдар өндіру саласындағы ҮҚТ бойынша Еуропа Комиссиясының анықтамалық құжаты «Integrated Pollution Prevention and Control (IPPC) - Reference Document on Best Available Techniques in the Non Ferrous Metals Industries, December 2001»
2«Еуропадағы жылу және электр энергиясын пайдалану кестесінің» орташаланған коэффициенті бойынша

2 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорындардың (жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық типтері үшін электролиз әдісімен бастапқы алюминийді өндіру кезінде атмосфераға қатты бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері

«Электролиз әдісімен алюминийді
өндіру кезінде қоршаған ортаға
шығарылатын эмиссияларға
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
2-қосымша
1-кесте
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорындардың (жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық типтері үшін электролиз әдісімен бастапқы алюминийді өндіру кезінде атмосфераға қатты бөлшектер эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері
Р/с

Үде­ріс
Ла­ста­у­шы заттар­дың (ЛЗ)ата­уы
Ли­мит­та­у­шы қо­с­па­ның құ­ра­мы, көп емес
Шы­ға­рын­ды кө­зін­де, мг/Нм
м/т алю­ми­ний
1.
Саз­бал­шық элек­тро­ли­зі
алю­ми­ний­ге қай­та есеп­те­ген­де Аl2O3 алю­ми­ний то­тығ­ы­ның то­за­ңы
5,0
0,0005
бей­ор­га­ни­ка­лық, ері­мей­тін фто­рид­тер (Ғ-ке есеп­те­ген­де)
0.5
0.0002
Тас кө­мір пе­кі­нің воз­го­ны (смо­ла­лық заттар), қо­са ал­ған­да
2,0
0,2*10-4
бен(а)пи­рен (0,01 %)
0,02
0,4*10-7
2.
Чуш­ки­ге құю және та­у­ар­лық алю­ми­ний­ді қой­ма­лау
алю­ми­ний­ге қай­та есеп­те­ген­де Аl2O3 алю­ми­ний то­тығ­ы­ның то­за­ңы
2,0
0,00125
бей­ор­га­ни­ка­лық то­заң, кө­кірт ди­ок­си­ді­нің құ­ра­мы SiO2<20% бо­лу
2,0
0,0012
бей­ор­га­ни­ка­лық, ері­мей­тін фто­рид­тер (Ғ-ке есеп­те­ген­де)
0,5
0,0002
3.
Кө­мір анод­та­рын күй­ді­ру
кокс то­за­ңы (кө­мір­тек­ті)
5,0
0,0002
бей­ор­га­ни­ка­лық, ері­мей­тін фто­рид­тер
0,5
0,0002
тас кө­мір пе­кі­нің воз­гон­да­ры (шай­ыр­лы заттар), қо­са ал­ған­да-
2,0
0,2*10-4
бенз(а)пи­рен (0,01%)
0,02
0,4*10-7
2-кесте
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорындардың (жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық типтері үшін электролиз әдісімен бастапқы алюминийдің өндіру кезінде газ тәріздес қоспалар эмиссияларының техникалық үлестік нормативтері
Р/с

Үде­ріс
Ла­ста­у­шы заттар­дың (ЛЗ)ата­уы
Ли­мит­та­у­шы қо­с­па­ның құ­ра­мы, астам емес
Шы­ға­рын­ды кө­зін­де, мг/Нм
м/т алю­ми­ний
1.
Саз­бал­шық элек­тро­ли­зі
газ тә­р­із­дес фто­рид­тер (HF)
0,5
0,00005
кө­мір­те­гі то­тығы СО
1500
0,050
кү­кірт ди­ок­си­ді SО2
50
0,005
2.
Чуш­ки­ге құю және та­у­ар­лық алю­ми­ний­ді қой­ма­лау
газ тү­рін­де­гі фто­рид­тер (HF)
0,5
0,0002
кө­мір­те­гі то­тығы СО
1500
0,0005
кү­кірт ди­ок­си­ді SO2
50
0,0002
азот то­тығы N02
200
0,5* 10-4
3.
Кө­мір анод­та­рын күй­ді­ру
газ тү­рін­де­гі фто­рид­тер (HF)
0,5
0,00005
кү­кірт ди­ок­си­ді SO2
200
0,005
кө­мір­те­гі то­тығы СО
1500
0,0005
азот то­тығы N02
200
0,0016

3 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорындардың (жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық типтері үшін электролиз әдісімен бастапқы алюминийді өндіру кезінде қалдықтарды орналастырудың техникалық үлестік нормативтері

«Электролиз әдісімен алюминийді
өндіру кезінде қоршаған ортаға
шығарылатын эмиссияларға
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
3-қосымша
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорындардың (жұмыс істеп тұрған, қайта жаңартылатын және қайта салынатын) барлық типтері үшін электролиз әдісімен бастапқы алюминийді өндіру кезінде қалдықтарды орналастырудың техникалық үлестік нормативтері
Дай­ын өнім
Қал­дық­тың ата­уы
Қал­дық­тар­да­ғы ЗВ құ­ра­мы, алю­ми­ний мың/т, көп емес
Чуш­ки­лер­де­гі алю­ми­ний
Күй­ді­рі­л­ген анод­тар­дың тұқыл­да­ры
0,200
Алю­ми­ний сы­ны­ғы
0,003
Алю­ми­ний шла­гы
0,005
Элек­тро­ли­зер­лер­дің өң­дел­ген кө­мір фу­те­ров­ка­сы
0,020
Шө­міш­тер­дің, мик­сер­лер­дің, элек­тро­ли­зер­лер­дің өң­дел­ген от­қа тө­зім­ді фу­те­ров­ка­сы
0,001
Фтор тұз­да­ры
0,120
Күй­ді­рі­л­ген кө­мір анод­та­ры
Анод­тар­ды күй­ді­ру пеш­те­рі­нің өң­дел­ген от­қа тө­зім­ді фу­те­ров­ка­сы
0.020
Анод­тар­ды күй­ді­ру пеш­те­рі­нің кө­мір то­за­ңы мен кү­лі
0,025

Қолданыстағы