Қолданыстағы ред. 06.09.2010 (Редакция 54511_163475.kaz)

Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы от 06.09.2010 г. № 1 (Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы)

0

Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Түгіскен селолық округінің Түгіскен ауыл тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Түгіскен ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Түгіскен селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Түгіскен селолық округіндегі Түгіскен ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге Балмағанбет Аймуханов;
2-ші көшеге Ыдырыс Жумабеков;
3-ші көшеге Жанайдар Садуақасов;
4-ші көшеге Аманкелді Дәулетбеков;
5-ші көшеге Сатан Ысқақов;
6-шы көшеге Еркебұлан Мақажанов.

2

2. Түгіскен селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы С. Жалмағанбетова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.

3

3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуде өзіме қалдырамын.

4

4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.