Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы от 08.09.2010 г. № 1 (Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округінің Мұқажан Жұмажанов ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы)
0
1
1. Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округіндегі Мұқажан Жұмажанов ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге Бейбітшілік;
2-ші көшеге Тәуелсіздік;
3-ші көшеге Сәкен Сейфуллин;
4-ші көшеге Сайдалы Сары тоқа.
2
2. Мұқажан Жұмажанов атындағы селолық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Жаркенова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.