Қолданыстағы ред. 14.09.2010 (Редакция 54669_215975.kaz)

Таң ауылдық округінің көшелерін қайта атау және атау беру туралы. от 14.09.2010 г. № 5 (Таң ауылдық округінің көшелерін қайта атау және атау беру туралы.)

0

Таң ауылдық округінің көшелерін қайта атау және атау беру туралы.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес аумақ халқының пікірлерін ескере отырып ШЕШЕМІН:

1

1. Таң ауылдық округіндегі:

1

1) Сад көшесі Қоқыбай болыс атындағы көше болып;

2

2) Гагарин көшесі Сегізбай би атындағы көше болып;

3

3) Қазақ көшесі Қуаныш Құлманов атындағы көше болып;

4

4) Жеңістің 40 жылдығы көшесі Орынбай жырау атындағы көше болып
қайта аталсын.

2

2. Атауы жоқ көшелерге:

1

1) Манақ батыр;

2

2) Елтай молда деген атаулар берілсін.

3

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.