Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании комиссии по решению вопросов погашения задолженности по заработной плате

Өзге акт · № 06р · қабылданған 17.01.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5475/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О создании комиссии по решению вопросов погашения задолженности по заработной плате Күшін жойған 17.01.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании комиссии по решению вопросов погашения задолженности по заработной плате

Күшін жойған Өзге акт № 06р 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании комиссии по решению вопросов погашения задолженности по заработной плате
Атауы (қаз.)
Еңбек ақы қарыздарын өтеу мәселелерін шешу жөніндегі комиссия құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
06р
Қабылданған күні
17.01.2000
Көрсетілген редакция
17.01.2000 5475_255410.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00K000057_
ЭКБ идентификаторы
5475
Редакция идентификаторы
5475_255410
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Еңбек ақы қарыздарын өтеу мәселелерін шешу жөніндегі комиссия құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Қазақстан Республика Премьер-Министірінің 1998 жылғы 1 қазандағы N189-ө өкімін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N1295 қауласын және 1999 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республика Премьер-Министрі Е.А.Өтембеавтың қатысуымен өткен әңбек ақы және әлеуметтік төлемдер қарыздарын өтеу мәселелері жөніндегі жиналыстың хаттамалық шешімін орындау үшін, еңбек ақы жөнінде қарыздардың жинау себептерін талдау және она өтеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар:

1. Мына құрамда комиссия құрсын:

В.И.Пригодин – облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
С.Б.Өтешов – облыс әкімінің орынбасары, облыстық қаржы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
А.Е.Әбілаев – Қарағанды облысы бойынша еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
С.С.Қасымханова – экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасының бас маманы, хатшы;
Комиссия мүшелері:
А.Қ.Ақымбеков – «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі» АҚ Қарағанды филиалының төрағасы;
Л.В.Колесова – Облыстық статистика басқармасының бастығы;
В.П.Кротова – Облыстық қазына басқармасынынң бастығы;
Қ.Қ.Нұрпейісов – Қарағанды облысы бойынша облыстық салық комитетінің төрағасыҢ
С.А.Сатубаев – Қарағанды аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;
Е.Қ.Сыздықов – экономика кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасыныңы бастығы;
Р.Тілеухан – Қарағанды облысы бойынша салық полициясы департаменті Бас басқармасының бастығы;
С.Л.Белкин – Қазақстан ерікті кәсіпорындары конференциясының вице-президенті (келісім бойынша).

2. Комиссия бір апталық мерзімде барлық нысандағы ұйымдардың еңбек ақы және әңбекке жарамдырылғын жоғалтумен байланысты еңбек зақымдары шығындары жөніндегі қарыздарды өтеу шараларының жоспар әзірлесін және бекітсін.

3. Қала және аудан әкімдері осындай мәселелерді шешу үшін жергілікті орындарда бір апталық мерзімде жұмыс топтарын құрсын? Барлық нысандағы ұйымдардың еңбек ақы және еңбекке жарамдылығын жоғалтумен байланысты еңбек зақымдары шығындары жөніндегі қарыздарды өтеу шараларының жоспарын әзірлесін және бекітсін.

4. Қала және аудан әкімдеріне жергілікті бюджет қаржылары есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне еңбек ақының уақытында төленуін қамтамасыз етудің жеке жаупкершілігі жүктелсін.

5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Е.Әбілаев) еңбек ақыны заттай төлеу фактілерін тоқтату мақсатында еңбек туралы заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейтсін.

6. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Е.Әбілаев) комиссиясының жұмысшы органы болып анықталсын. Жұмысшы орган комиссия отырысына бекітілген кестеге сәйкес материалдардың әзірленуін жүргізсін және еәбек және әлеуметтік қорғау Министрлігіне белгіленген мерзімде хабарлама ұсынылсын.

7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орянбасары В.И. Пригодинге жүктелсін.