Қолданыстағы ред. 01.10.2010 (Редакция 54772_192730.kaz)

Шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Үшбұлақ ауылдық округінде белгілеу туралы от 01.10.2010 г. № 5 (Шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Үшбұлақ ауылдық округінде белгілеу туралы)

0

Шектеу іс шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Үшбұлақ ауылдық округінде белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339-II Заңының 10-1-бабының 7-тармақшасына Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 2 шілдедегі "Үшбұлақ ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан сарып ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Үшбұлақ ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды округтің лицензиялық мал дәрігері Бақытбек Әскербекұлы Баукебаевқа жүктелсін.

3

3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.