Қолданыстағы ред. 18.10.2010 (Редакция 55240_192555.kaz)

Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр және Майлышат ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы от 18.10.2010 г. № 12 (Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр және Майлышат ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы)

0

Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр және Майлышат ауылдарындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 72-04-16/1013 келісімінің негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр ауылындағы атаусыз көшелерге Бейбітшілік және Достық аты қойылсын.

2

2. Ақжар ауылдық округіне қарасты Майлышат ауылындағы атаусыз көшеге Ынтымақ аты қойылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Ақжар ауылдық округінің заңгер жөніндегі бас маманы Дабыл Тұрысбековке жүктелсін.

4

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.