Құжат мәтініне өту

Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Қаулы · № 509 · қабылданған 01.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.04.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-55560/?version=AI55560_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 509 ·01.11.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

ҚАЗАзаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 509 · қабылданған 01.11.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Атауы (қаз.)
Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
509
Қабылданған күні
01.11.2010
Көрсетілген редакция
20.04.2011 · қолданыстағы AI55560_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
20.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10UI000136
ЭКБ идентификаторы
55560
Редакция идентификаторы
AI55560_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:03

0 Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, 2011 жылдың қаңтар-наурызында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.

2 2. Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында мына төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:

Ошақбаев Бақытжан
Қаратайұлы
-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім  бойынша);
Рахматулла Файзулла Рахматуллаұлы
-аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы комиссия  төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Бөлегенов Нұрлан
Құрманұлы
-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
Орынбеков Жұмахан Жүсіпханұлы
-аудандық емхананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Түкібай Сабира Майлыбайқызы
-аудандық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

3

3. Ауылдық округтердiң әкiмдерiне және ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген мерзiмде тиiстi жергiлiктi әскери басқару органдарына шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын әскер жасына дейiнгiлердiң тiзiмiн тапсыру ұсынылсын.

4 4. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (Ш.Құрманбекова–келісім бойынша):

1 1) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке дайындық деңгейін анықтау үшін медициналық комиссиядан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын;

2 2) комиссия жұмыстары біткенге дейін комиссиядағы дәрігерлер мен мейірбикелерді тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс уақытында, негізгі жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босату ұсынылсын.

5 5. Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшыларына азаматтардың негізгі жұмыс орындары бойынша жалақысын сақтай отырып, шақырушыларды әскери есепке алуға байланысты жұмыстарынан (оқуларынан) босату ұсынылсын.

6 6. Аудандық білім бөліміне (Ж.Көлбай) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мектептердегі жастарды тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету.

7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Жандарбеков-келісім бойынша):

1 1) тергеу жұмыстарына және қылмыстық істерге тартылған 17 жасқа толатын азаматтардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын;

2 2) әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуден жалтарып жүргендерді іздеу және әскерге шақыру учаскелеріне оларды жеткізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.

8 8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісім бойынша):

1 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандықтар бойынша азаматтарды даярлау және жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;

2 2) тіркеу қорытындылары туралы мәліметті аудан әкіміне 2011 жылдың 8 сәуіріне дейін тапсыру ұсынылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.