Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-4/2
- Қабылданған күні
- 02.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2012 · қолданыстағы AI55765_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VO000077
- ЭКБ идентификаторы
- 55765
- Редакция идентификаторы
- AI55765_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:03
0 Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым
объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Көкпекті ауданында көріктендіру ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі
Көкпекті аудандық мәслихатының
2010 жылғы 2 қарашадағы
№ 25-4/3 шешімімен бекітілді
Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру,
инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп
ұстау мен қорғау Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Көкпекті ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі (әрі қарай Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, оның элементтерін күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібін, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың осы мәселелер бойынша құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтайды.
2 2. Елді мекендер аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау
1 1. Меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар аумақтарды көріктендіру жұмыстарын жүргізуге тиісті.
2 2. Аудан аумағындағы:
1 1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттары, автобекеттер, саябақтар, аллеялар және олардың маңайлары, демалыс аймақтары, базарлар және оларға іргелес аумақтар тазалықта және тәртіпте ұсталуға;
2
2) қашалар, қоршаулар, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық қондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылары, маңдайша жазулары, жаймалар, аялдамалардағы павильондар, көше жарықтандыру фонарлары, жол белгілері, әртүрлі тіреулер мен бағандар, саябақтар және демалыс орындарындағы орындықтар, күл-қоқыс салатын сауыттар, көше атауларының көрсеткіштері, көлік, жолаушылар аялдамалары, үйлердің нөмірлік белгілері, ескерткіштер мен мемориалдық тақталар тазалықта, тәртіпте ұсталуға, сақталуға тиісті.