Қолданыстағы ред. 03.12.2010 (Редакция 55785_178496.kaz)

Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы от 03.12.2010 г. № 15 (Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы)

0

Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 3 келісімі мен аумақ халқының пікірін ескере отырып Бөлек селолық округ әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек селолық округіндегі  Бөлек ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:

1

1) "Молодежная" көшесінің атауы "Жастар" деп өзгертілсін;

2

2) "Садовая" көшесінің атауы "Абай" деп өзгертілсін;

3

3) "Мира" көшесінің атауы "Бейбітшілік" деп өзгертілсін;

4

4) "Ленин" көшесінің атауы "Д.А. Қонаев" деп өзгертілсін;

5

5) "Коммунистическая" көшесінің атауы "Астана" деп өзгертілсін;

6

6) "Юбилейная" көшесінің атауы "Достық" деп өзгертілсін.

2

2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.