Қолданыстағы ред. 06.12.2010 (Редакция 55823_148284.kaz)

Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама, Сарман ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы от 06.12.2010 г. № 7 (Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама, Сарман ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы)

0

Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама, Сарман ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 6 желтоқсандағы Сарытоғай ауылдық округінің тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің мына ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

1

1) Жанама ауылы бойынша:
№ 1 көшеге - "Сәкен Сейфуллин атындағы көше";
№ 3 көшеге - "Жаңа құрылыс" көшесі;
№ 4 көшеге - "Жаңа қоныс" көшесі;
№ 5 көшеге - "Әбу Сембаев атындағы көше";
№ 6 көшеге - "Гагарин атындағы көше";
№ 7 көшеге - "Абай атындағы көше";
№ 8 көшеге - "Жамбыл атындағы көше";

2

2) Сарман ауылы бойынша:
№ 1 көшеге - "Майдан Ержанов атындағы көше";
№ 2 көшеге - "Тәуелсіздік көшесі";
№ 3 көшеге - "Жұбан Молдағалиев" атындағы көше;
№ 4 көшеге - "Абай атындағы көше".

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкім аппаратының бас маманы А. Бигалиевке тапсырылсын.