Құжат мәтініне өту

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету

Қаулы · № 24 · қабылданған 16.01.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.07.2014 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-56325/?version=56325_216685.kaz
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету Күшін жойған Қаулы ·№ 24 ·16.01.2006
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету

ҚАЗМүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету

Күшін жойған Қаулы ·№ 24 · қабылданған 16.01.2006

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету
Атауы (қаз.)
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24
Қабылданған күні
16.01.2006
Көрсетілген редакция
16.07.2014 · қолданыстағы 56325_216685.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
16.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06DD000020
ЭКБ идентификаторы
56325
Редакция идентификаторы
56325_216685
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:00

0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленіп, оқытылатын әр мүгедек балаға 8 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмектің есептелінуі мен тоқсан сайын төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық – медициналық -педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп танылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп танылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.

3 3. Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне (Қ.Кекбаланов) заңмен белгіленген тәртіпте:

1 1) әлеуметтік көмектің мүгедек баланың ата-анасының немесе оның  орнындағы адамның біреуіне тағайындалып төленуі, төмендегі құжаттар жинақталған жағдайда жүзеге асырылсын;

өтініш иесінің жеке куәлігінің көшірмесі (оралмандар үшін жеке куәлік немесе азаматтық алуға тапсырған құжаты);
мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектігі куәландырған анықтамасының көшірмесі;
отбасы құрамын растайтан тұрғылықты жерінен анықтама;
облыстық психологиялық-дәрігерлік, ұстаздық комиссиясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің, оқытудың қажеттілігі туралы қорытындысы.

4 4. Аудандық бюджетте қаралған қаржыға сәйкес мүгедек балаларға төленетін әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудандық экономика және қаржы бөліміне (Қ.Исаев) тапсырылсын.

5

5. Аудандық Әділет басқармасында 2005 жылғы 24 маусымда 2-4-4 нөмерімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу еңірі" газетінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 30 санында жарияланған, аудан әкімиятының "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы" 2005 жылғы 15 маусымдағы N 285 қаулысының күші жойылған болып танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (Е. Алпысовқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркеліп, жергілікті баспа басылымдарында жарияланғаннан соң 10 күн күнтізбелік мерзімнен кейін қолданысқа енеді.