Қолданыстағы ред. 03.12.2010 (Редакция 56494_158336.kaz)

Қызылқия ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы от 03.12.2010 г. № 95 (Қызылқия ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы)

0

Қызылқия ауылы округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Қызылқия ауылы округі аумағы халқының пікірін ескере келе, ШЕШЕМІН:

1

1. Қызылқия ауылы округіне қарасты:

1

1) Қызылқия елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге Н.Тоқтамысов аты;

2

2) Ынталы елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қ.Қанходжаев, Б.Дүйсенов, Ж.Маликов, Ә.Иманбердиев, Т.Жаңабаев, С.Серкебаев, Ж.Тұрсынқұлов аттары;

3

3) Айнатас елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Ынтымақ, С.Мамбеталиев, Қ.Сақбаев, Қ.Керімқұлов, Т.Құлтаев, Н.Жүнісәлиев, Т.Сегізбаева, Ө.Даулетов, Келес, Жібек жолы атаулары;

4

4) Қызылсеңгір елді мекеніндегі атауы жоқ көшелерге Қазыбек би, Н.Машақұлы, А.Ауданұлы, Құрманғазы, Д.Қонаев, Ш.Қалнияз, Т.Құрымбайұлы, И.Тайманұлы аттары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.