Қолданыстағы ред. 06.12.2010 (Редакция 56591_139047.kaz)

Көше атауларын өзгерту туралы от 06.12.2010 г. № 90 (Көше атауларын өзгерту туралы)

0

Көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)–тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Ынтымақ ауылдық округіне қарасты:
- Өркенді ауылындағы Гаражная көшесін «Дәуір көшесі»;
- Нұр ауылындағы Гаражная көшесін «Ақ жол көшесі», Ленин көшесін «Ынталы көшесі», Гагарин көшесін «Береке көшесі», МТС 1, 2 көшесін «Құрылыс көшесі»;
- Талапты ауылындағы Пушкин көшесін «Қырман көшесі», Киров көшесін «Бейбарыс көшесі», Тельман-1 көшесін «Мақташы-1 көшесі», Телман-2 көшесін «Мақташы-2 көшесі», Победа көшесін «Мереке көшесі», Гагарин көшесін «Ғарыш көшесі»;
- Көрікті ауылындағы Гаражная көшесін «Егіндік көшесі»;
- Ақниет ауылындағы Интернационал көшесін «Бірлік көшесі», Целина көшесін «Тың көшесі», Ленин көшесін «Жұлдыз көшесі» деп атаулары өзгертілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Дарменовке жүктелсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.