Қолданыстағы ред. 30.11.2010 - 01.02.2011 (Редакция AI56628_0.kaz)

Ақтоған ауылдық округіне қарасты "Қазақ дихан" елді мекенінде құтырма ауруына қарсы карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы от 30.11.2010 г. № 514 (Ақтоған ауылдық округіне қарасты "Қазақ дихан" елді мекенінде құтырма ауруына қарсы карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы)

0

Ақтоған ауылдық округіне қарасты "Қазақ дихан" елді мекенінде құтырма ауруына қарсы карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, аудан аумағында құтырма ауруы тіркелуіне байланысты, Меркі ауданы Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 757 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан аумағындағы Ақтоған аулдық округі "Қазақ дихан" елді мекенінде құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.

2

2. Барлық сау малдарды құтырма ауруына қарсы вакцинациялансын.

3

3. Ауру мал шыққан, тұрған, қора-жайлармен аулаларда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілсін.

4

4. Тұрғындармен аурудың адамға қауіпті екені жайында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілсін.

5

5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6

6. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Ахметжановка жүктелсін.