Об утверждении Положения по организации открытых тендеров (конкурса) по предоставлению права на промысловый лов рыбы, закреплению водоемов (участков) и распределению объемов (лимитов) вылова рыбы между природопользователями
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения по организации открытых тендеров (конкурса) по предоставлению права на промысловый лов рыбы, закреплению водоемов (участков) и распределению объемов (лимитов) вылова рыбы между природопользователями
- Атауы (қаз.)
- Табиғат пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде ашық бәсеке (тендер) ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 186
- Қабылданған күні
- 26.11.1999
- Көрсетілген редакция
- 26.11.1999 5673_264352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.11.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99U0000124
- ЭКБ идентификаторы
- 5673
- Редакция идентификаторы
- 5673_264352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:48
0 Табиғат пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде ашық бәсеке (тендер) ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Оңтүстiк Қазақстан облысы
әкімінің 05.10.2001 № 211 шешімімен.
1. Табиғат пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру,
су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерлерін (лимитін)
үлестіру жөнінде ашық бәсеке (тендер) ұйымдастыру Ережесі (№ 1 қосымшаға
сәйкес) бекітілсін.
2. Бәсекені (тендерді) өткізу комиссиясының құрамы бекітілсін
(№ 2 қосымша).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Р.С. Халмурадовқа жүктелсін
4 Облыс Әкімінің 1999 жылғы
26 қарашасындағы № 186 шешіміне
№ 1 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғат пайдаланушылар
арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын
(учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін)
үлестіру жөнінде ашық бәсеке (тендер) ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіптік, балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде ашық бәсеке (тендер) ұйымдастыру Ережесі орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің 26 сәуір 1999 жылғы № 84 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен 1999 жылғы 17 мамырда № 757 ереже белгілейтін құқықтық акт ретінде тіркелген Қазақстан су айдындарындағы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың тәртібін ресімдеу туралы Нұсқауына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы Ережесіне , Қазақстан Республикасы Їкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережелеріне сәйкес әзірленген.
2. Табиғат пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын бәсеке негізінде мемлекеттік мөлшерін (лимитін) орналастыру, аймақтық экологиялық дамуын есепке ала отырып балық кәсіпшілігіндегі бәсекелікті дамытуға жағдай жасау, су айдыны аумақтарына жақын орналасқан тұрғындарды азық-түлікпен және жұмыспен қамтамасыз етумен қоса алғанда басымшылық мүдделерін ескеру ашық бәсекенің (тендер) негізгі мақсаты болып табылады.
3. Бәсекені (тендерді) жүргізудің негізгі қағидалары:
1) Меншік нысанына қарамастан табиғат пайдаланушылар арасында облыстағы су айдындарын (учаскелерін) әділ және дұрыс бөлу.
2) Жеңімпазды іріктеуді субъективті шешім мүмкіншілігін болдырмау үшін табиғат пайдаланушылар, баспасөз, бақылаушылардың қатысуымен өткізу қажет.
3) Өте ұтымды табиғат пайдалану жобасын ұсынған табиғат пайдаланушы кәсіптік балық аулау құқығына ие болады.
4) Бәсекелік түрмен кәсіптік балық аулауға келісім шарт алу табиғат пайдаланушыларға бәсекелік құжаттарда тіркелген бірыңғай талаптардың негізінде бәсекелік жасауына мүмкіндік береді.
4. Бәсекенің мақсаттары: Балық қорларын тиімді пайдалану мен ұлғайта өсірілуін, су айдындарында экологиялық жағдайды жақсартуды, балық мелиоративтік жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мәселесінде оңтайлы жағдайларды қамтитын ең ұтымды ұсыныстарды анықтау.
5. Бәсеке комиссиясының жұмыс органы болып табылатын арнайы өкілетті орган ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы ашық бәсекенің ұйымдастырушысы болып табылады.
6. Бәсекелік процесс, оны хабарландыруынан бастап жеңімпаздарды іріктеуді аяқтау, 60 күннен артық болмауы тиіс.
7. Ашық бәсекенің жеңімпаздары арнайы өкілетті органмен балық қорларын пайдалануға келісім шарт жасау құқығын алады.
8. Бәсекеге облыстағы су айдындарының оқшау немесе бірнеше учаскелері қойылуы мүмкін.
9. Кемінде екі қатысушылар (талапкерлер) болғанда ғана бәсеке өткізіледі.
2-тарау. Ашық бәсекені ұйымдастыру
10. Өзінің Арнайы өкілетті орган бәсеке өткізуден 30 күн бұрын ақпарат құралдары (баспасөз, радио, теледидар және басқалары), немесе арнайы хабарлаушылар арқылы бәсекенің негізгі талаптарын, тәртібін және өтетін уақытын хабарлайды (қосымша 1).
11. Өзінің Жарғысында (Ережесінде) қызметтің сәйкес түрі бар меншік нысанына қарамастан кез-келген заңды тұлға немесе балық өнімдерін аулауға, өңдеуге және сатуға құқығы жөнінде патенті бар жеке тұлға бәсекеге қатыса алады.
12. Ашық бәсекеге қатысуға тілек білдірушілер бәсекелік құжаттар пакетін алуға арнайы өкілетті органға жазбаша тапсырыс беруі тиіс және "Қатысушы туралы мәлімет" анкетасын толтырады (қосымша№2) қатысушы анкетада талаптарға өзінің лайықтығы көрсетуі тиіс.
13. Бәсекелік құжаттар пакетіне төмендегілер кіреді:
1) Бәсекенің қатысушыларына нұсқау (қосымша 3).
2) Бәсекелік нұсқаулардың бірыңғай үлгісінің нұсқауы (қосымша 4).
3) Бәсекелік ұсыныстарды бағалау үлгісі (қосымша 5, 6).
4) Осы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншік нысанына қарамастан табиғат пайдаланушылар арасында Кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде ашық бәсеке (тендер) ұйымдастыру Ережесі.
5) Арнайы өкілетті органға бәсекелік ұсыныстарды беру үшін бәсекеге қойылған жеке-дара су айдындарының (учаскелерінің) санына тең конверттердің (бір үлкен және екі кіші) жиынтығы.
14. Қатысушыларға дайындалған құжаттар мөр басып куәландыруы тиіс және оларды қатысушыға бергенде арнайы журналда тіркеледі.
15. Қатысушы арнайы өкілетті органға комиссия мүшелерінің санына тең мөлшерде бәсекелік ұсыныстар үлгісімен қатысушы туралы ақпаратты тапсырады. Бәсекелік ұсыныстардың үлгісі мен қатысушы туралы ақпарат бөлек екі пакеттерге салынып мөрмен жабылады және үлкен бір пакетке салынып, ол да мөрмен жабылады. Бәсекелік ұсыныстарда қатысушы туралы мәліметтер болмауы тиіс. Барлық үш конвертте тану белгілері және қатысушы туралы мәлімет болмауы тиіс.
16. Бәсекелік ұсыныстарды тапсырудың соңғы уақытысымен бәсеке
өткізудің уақыт арасы екі күн болуға тиіс. Бәсекелік ұсыныстарды
қабылдаудың соңғы күнін, бәсекені ұйымдастырушы хабарландыруда және
бәсекеге қатысушыларға берілетін бәсеке құжаттарында көрсетуі тиіс.
17. Белгіленген уақыттан соң түскен ұсыныстар бәсекеге қатысуға
жіберілмейді. Уақытында берілген бәсекелік ұсыныстардың барлығын
қалдырмай бәсекені ұйымдастырушы қабылдауға міндетті.
18. Қатысушылардың бәсекелік ұсыныстарын ұйымдастырушы тіркеуден
өткізген соң, оларға толықтырулар және кез-келген өзгерістер енгізуге
тыйым салынады.
19. Бәсекені ұйымдастырушы бәсекені өткізуге 10 күн қалғанда
конференция өткізуі және қатынасушылардың сұрағына жауап беруге тиіс.
20. Қатысушылардың бәсекеге берген ұсыныстары ұйымдастырушы тіркеген
соң 60 күнге дейін заңды күшін сақтайды.
21. Бәсекелік комиссия конверттерді ашуды, қарауды, жеңімпаздарды
анықтауды ашық түрде жүргізеді.
3-тарау. Бәсекелік ұсыныстардың мазмұны
22. Бәсекелік ұсыныстар мен қатысушы туралы ақпараттың ұсынылатын
үлгілері N 4 қосымшада келтірілген.
23. Бәсекелік ұсыныстар төмендегі өлшемдер жиынтығын енгізу мүмкін, соған байланысты бәсекелік комиссия өзінің бағасын береді:
1) Кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін табиғат пайдаланушыда болу керек:
- Шардара су Қоймасына - Қазақстан Республикасы табиғат қорлары мен қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің экологиялық сараптама қорытындысы, ал басқа су айдындарына - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық сараптама қорытындысы.
- Жүзу құралдары: "БМК-130", Амур сияқты тұрақты қозғаушысы бар катер (қайықтар), аспалы қозғаушысы бар әртүрлі қайықтар.
- Аулау құралдары: тұрақты торлар, бредень, волокуш, сүзекілер, электрұстағыш қондырғылар, сүзекі тартатын лебедкалар, жасанды мұз шығаратын цехтар.
2) Тоңазытқышты сақтау камерасы, мұздататын мұздатқыш камерасы, өңдеу цехтары, тұрақты тұздау кеспектері (чанд), жылжымалы жай ыдыстары. Балықты шоқ табында және ағаш түтінімен ыстау, қақтау камерасы, балық шикізатын шығаратын цехтар және тағы басқалары бар өндіріс орны.
3) Әкімшілік басқару персоналына демалыс және ас (тамақ) қабылдау
бөлмелері, қосалқы тұрмыстық орындары бар ғимарат болуы керек.
4) Ұсталған балықты өңдеу орнына жеткізіп беру іс-шара жүйесі.
5) Дайын өнімдерді салатын ыдыстардың болуы.
6) Қатысушының әкімшілік басқару аппаратында балық өңдеу маманы болуы
қажет, ал өңдеу цехтарында білікті жұмысшылар болу керек.
7) Қосымша ұсыныстар.
8) Қатысушы бәсекелік ұсыныстардың барлығына толық және шындық
түрінде ақпарат беруге міндетті.
24. Бәсекелік ұсыныстарды бағалауды және жеңімпазды анықтауды
бәсекелік комиссия жөніндегі Ережеге сәйкес жүргізеді.
4-тарау. Бәсекенің жеңімпазымен келісім шарт жасау тәртібі
25. Бәсеке жеңімпазымен кәсіптік балық аулау құқын беру, су
айдындарын (учаскелерін бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін)
үлестіру үшін 5 жыл мерзімге келісім-шарт жасалады. Бәсекелес болмаған
жағдайда, тапсырыс беруші бәсекеге жалғыз қатысушымен бір жыл мерзімге
келісім шарт жасайды.
26. Келісім-шарт жасауда бәсекелік құжаттар пакетіне салынған
қатысушының бәсекелік ұсыныстары, техника-экономикалық құжаттамасы негізге
алынады.
27. Келісім-шарт жасалу процесіне анықтаулар мен толықтырулар
болады, олар тапсырыс берушімен қатысушының мүддесіне зиянын тигізбеу
керек.
28. Келісім-шартта тараптардың құқықтары, міндеттері,
жауапкершіліктері және келісім-шарттың орындалуының егжей-тегжей шарттары
көрсетіледі, жағдай қажет еткен кезде, өзгерістерді енгізу мүмкіндігі
қарастырылады.
29. Қатысушы - бәсеке жеңімпазы белгіленген жұмысқа облыс әкімінің
балық аулау құқығын беру, су айдындарын (учаскелерін) бекіту және
балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру туралы І шешімі қабылданғаннан
кейін.
30. Қатысушыны бәсекенің жеңімпазы деп жариялаған соң келісім-шартқа
қол қоюдың мерзімі 30 күннен аспауы керек.
5-тарау. Бәсекені ұйымдастыру процедурасының өзгеру мүмкіндіктері
31. Ашық бәсекелерді ұйымдастыру жөніндегі Ережеге бәсеке
комиссиясының практикалық тәжірибесінің жинақталуы мен талдау барысында
тапсырыс берушімен келісе отырып, өзгерістер бәсекенің жариялығы мен
әділетті болуына бағытталады.
32. Бәсекенің процедурасына енгізілетін өзгерістер жөнінде бәсекеге
қатысушыларға бәсеке құжаттарын алғанға дейін хабарлануы тиіс.
56 Қосымша № 1
Ашық бәсекелерді өткізу туралы хабарландыру.
Облыстық кіші және үлкен балық шаруашылықтың су айдындарында балық
өсіру мен балық аулау кәсібімен айналысқысы келген барлық заңды және
жеке тұлғаларға
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық орман, балық және аң шаруашылығы
басқармасы табиғат пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын
беруге, су айдындарын (учаскелерін) бекітуге және балық аулау мөлшерін
(лимитін) үлестіруге І____І _________1999 г. жылдан бастап ашық
бәсеке өткізеді.
Мына мекен жайда ____________________________________________________
Басталу сағаты ______________________________________________________
2. Бәсекеге, өзінің жарғысында (Ережесінде) балық аулау, өңдеу және
балық өнімдерін сату қызмет ету түрі бар меншік нысанына қарамастан
кез-келген заңды және жеке тұлға қатыса алады.
Қатысушыда болуы тиіс:
· - Тәжірибелі балықшылар тізімі
- Барлық параметрлері көрсетілген балық аулау саймандары
- Кәсіптік механизмдер
· - Барлық түрлері көрсетілген жүзу құралдары
- Қуаты көрсетілген өндірістік цехтар
·- Бір жолғы сақтайтын тоңазытқыш қуаттары
- Қуаты көрсетілген мұздатқыш камералары
3. Ашық бәсекеге мынандай су айдындары мен учаскелері қойылады:
· - Шардара су қоймасы
-·Бөген су қоймасы
- Бадам су қоймасы
-·Сырдарья өзені жағалау жатқан көлдерімен
- Шошқакөл көлдер жүйелері
4. Ашық бәсекеге қатысуда тілек білдірушілер бәсекелік құжаттарды
алу үшін мына мекен-жайға _______________________________________________
1999 жылғы І_____І І_______І сағатқа дейін тапсырыс беруге тиіс.
5. Облыс әкімінің шешіміне сәйкес су айдыны 5 жылға арнайы өкілетті
орган мен табиғат пайдаланушының арасында келісім-шарт жасалып бекітіледі.
6. Бәсекелік құжаттардың пакетін, су айдындарының негізгі
сипаттамаларын және өткізу тәртібінің шарттары бойынша керекті
анықтамаларды мына мекен-жайда _________________________________________
алуға болады.
7. Бәсеке ұйымдастырушысы І______________І 1999 жылы конференция
(жиын) өткізеді, онда қатысушылар бәсекелік құжаттар дайындау бойынша
барлық мүдделі сұрақтар беруге болады және кәсіптік балық аулау
құқығын беру, су айдындарын бекіту және балық аулау мөлшерін үлестіру
жөнінде, орны мен шарттарды анықтауға болады.
8. Анықтама жөнінде мына телефонда ____________ хабарласуға болады.
65 Қосымша № 2
Қатысушы туралы мәлімет
1. Қатысушының толық аты, заңды мекен-жайы, банкілік реквизиттері,
президенттің, директордың немесе қатысушы өкілінің аты, ата тегі, тіркелуі
туралы куәліктің көшірмесі.
2. Бюджет алдындағы қарызының жоқтығы немесе қарызының барлығы
жөнінде салық комитетінің анықтамасы.
3. Қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.
4. Кәсіпорынның жарғысы немесе Ережесі.
Басшысы
(мөрі) тегі, аты, әкесінің аты
70 Қосымша № 3
Бәсекеге қатысушыларға нұсқау
1. Бәсекеге меншік нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғалар
қатыса алады.
2. Барлық қатысушылар төмендегі ақпараттар мен құжаттарды тапсырады:
-·Шаруашылық жүргізуші субъектінің мемлекеттік тіркелу туралы
куәлігі.
- Реквизиттер мен заңды мекен-жайы.
-·Бәсекелік құжаттарға қол қоятын тұлғаға сенім хаты.
-·Бюджет алдында қарызы жоқтығы жөнінде салық комитетінің анықтамасы.
-·Қатысушының қаржылық жағдайы туралы банкінің анықтамасы.
- Табиғатты пайдалану жобасы.
3. Табиғат пайдалану жобасының мазмұны:
- Бизнес-жоспар
- Табиғат қорғаудың іс-шаралары, оның ішінде су айдындарының
экологиялық жағдайы, гидробионттардың өмір сүру ортасының жағдайын және
балық қорларын үделі өсіруді жақсарту жөніндегі балық-мелиоративтік
жұмыстар.
4. Бәсекеге қатысушыларға негізгі талаптар:
· - Білікті мамандардың болуы
- Аулау құрал саймандарының болуы
- Жүзу құралдарының болуы
- Балық қабылдайтын пункттердің болуы
- Көліктің болуы
- Тоңазытқыштардың болуы
- Табиғат пайдаланушымен арнайы өкілетті органының арасындағы
келісім-шарттардың сақталуы
- Биоқорларын алғандығы үшін дер кезінде алдын ала төленуі.
5. Ашық бәсеке жеңімпазы табиғат қорғау заңдылығын сақтай отырып,
балық қорларын және басқа да су жануарларын пайдалануға арнайы өкілетті
органмен келісім-шарт жасау құқығын алады.
6. Қатысушылар арнайы өкілетті органға 1999 жылы "__________________"
сағат _________ ден кешіктірмей мына мекен-жайға __________________________
___________________________ тапсырыс береді.
7. Арнайы өкілетті орган қатысушыға оның тапсырысын алғандығы
жөнінде қабылданған уақыты мен күні, мөрмен куәландырып жазбаша хабарлама
береді.
8. Бәсеке тапсырмасының беруі, қатысушының жұмыс сипатымен жақсы
танысқандығын және болған шарттарды оның қабылдағандығын білдіреді.
9. Бәсекелік ұсыныстар мен қатысушы туралы ақпараттар үлгісі, екі
мөрмен жабылған пакеттерде жеке-дара беріледі, содан соң үлкен бір
пакетке салынады. Пакеттер алдын ала ресімделеді және қатысушыға берілуге
тиіс.
80 Қосымша № 4
Бәсекелік ұсыныстарының бірыңғай үлгісінің нұсқасы
1. Балық дайындаушыда жүзу құралдары, балық аулау саймандары, сақтайтын тоңазытқыш камералары, тұздайтын ыдыстары, тұз, ағаш түтінімен және шоқ табында ыстау камерасы, жартылай өңделген өнімдерді шығаратын жабдықтарды орналастыру үшін өндірістік жайлары болуы керек. Ал сізде не бар? Сіз не ұсынасыз?
2. Балықты ұсталған жерден суытатын тоңазытқыш қондырғысы бар арнайы
қораптардың болуы тиіс. Егер олар жоқ болса, сіз қандай жолын ұсынасыз.
3. Балық өнімдерін ұсақ әдемі оралған күйде шығаруды қалай
ұйымдастырып, жүргізбекшісіз.
4. Су айдындарына балықтың кәсіптік түрлерінің шабақтарын жіберу
және су айдындарының бөлшектеніп қалған көлшіктеріндегі балық шабақтарын
құтқаруды жүргізу туралы. Осы үшін қаржы-қаражаты бар ма? Не ұсынасыз?
5. Басқару аппараты үшін әкімшілік ғимарат жоқ болса, сіз не
ұсынасыз?
6. Өндірістік цехтар мен учаскелерде тұрмыстық қажетіне, демалыс
және тамақ қабылдау, дәрігерлік бөлмелері болулары тиіс.
87 Қосымша № 5
Бәсекелік ұсыныстар үшін ең жоғарғы бағалау балдары
№
Бәсеке ұсыныстарының аттары
Ең жоғарғы
бағалау балы
1
Балық питомнигінің есеп шотына үдемелі өсіру
үшін төлем ақы төлеп, балықтың кәсіптік түрлерінің
шабақтарын бекітілген су айдындарына жіберу.
10
2
Балықтың кәсіптік түрлерінің шабақтарын құтқару және
оларды балық дайындаушының қаражатының есебінен балық
шаруашылық су айдындарына жіберу.
9
3
Уылдырық шашатын жерлерде немесе суармалы жерлерге
қайтарымсыз кетіп өлуіне жол бермей, балықтың табиғи
уылдырық шашуына қалыпты жүргізуге жағдай жасау.
7
4
Балық аулауға өзара бақылау орнатып, оның шектелген
мөлшерінен артық аулауына жол бермеу.
7
5
Балықтың аулауына күнделікті бақылау жүргізу және
балық кәсіптік түрлерінің шабақтарын аулауға жол бермеу.
6
6
Балықтың қабылданатын және тапсыратын орындарының,
құрал-жарақтардың, автокөлік қораптарының санитарлық
жағдайын тұрақты тексеру.
6
7
Су айдындарына жанар-жағар май материалдарының және
оның қалдықтарының түсуіне жол бермеу.
8
8
Бір су айдынынан екіншісіне өтер кезде аулау құрал
саймандарының өңделуіне тұрақты бақылау жасау.
5
9
Аулау құралдарының пассивтік түрлерін азайтып, балық
қорларына аз шығын келтіретін аулау құралдарының
активтік түрлеріне көшу керек.
5
10
Бекітілген су айдындары мен учаскелерінде балық қорын
қорғау жұмыстарын жақсартып, балықтың сұғанақтық
жолмен аулауына жол бермеу.
6
11
Ауланған балықты аулау, қабылдау және тапсыру
орындарынан, тасу кезінде, басқа да халық тұтынатын
товарларға ауыстыруға, ұрлауға қарсы күрестің әдістері.
7
88 Қосымша № 6
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғат пайдаланушылар
арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын
(учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін)
үлестіру жөніндегі бәсеке комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Бәсекелік комиссия меншік нысанына қарамастан табиғат
пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру, су айдындарын
(учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру жөнінде
бәсекені ұйымдастыру мен өткізу үшін құрылады.
2. Бәсекелік комиссияның қызметінің негізгі мақсаты - меншік нысанына
қарамастан табиғат пайдаланушылар арасында бәсекелік ортаны қалыптастыру.
3. Бәсекелік комиссия мына өкілдерден ұйымдастырылады:
1) Арнайы өкілетті органнан.
2) Облыстық әкімшіліктің ауыл шаруашылығы департаментінен.
3) Стратегиялық жоспарлау мен реформа жөніндегі департаментінен.
4) Қоршаған ортаны қорғау басқармасынан.
5) Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға мемлекеттік бақылау
басқармасы.
4. Бәсекелік комиссияның құрамы облыс Әкімінің шешімімен бекітіледі.
Бәсекелік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан артық
болмауға тиіс.
5. Бәсекелік комиссияның мақсаты бәсекелік ұсыныстарды бағалау және
бәсекенің жеңімпаздарын анықтау болып табылады. Бәсекелік комиссия
жұмысының басты ұстанымдары - жариялылық, әділеттілік және кәсіпқойлық.
6. Бәсекелік комиссия мына жұмыстарды жүргізеді:
1) Бәсекені өткізудің уақыты мен орнын анықтайды.
2) Бәсекені өткізуді ұйымдастырады.
2. Бәсекелік комиссияның құқықтары мен міндеттері
7. Бәсекелік комиссияның мынандай құқығы бар:
1) Балық дайындаушыларды, олардың бәсекелік ұсыныстары мен тапсырыстарының, бюджет алдында қарызы жоқтығы жөнінде Салық комитетінің анықтамасын, қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасының негізінде іріктеу жүргізеді;
2) Бәсекенің нәтижесі бойынша бәсекенің жеңімпаздарын анықтай алады;
3) Ашық бәсекені ұйымдастыруға дайындық жұмыстарын жүргізуді бәсекені ұйымдастырушыға тапсыра алады;
4) Бәсекені өткізудің шарттары мен талаптарын бұзған, жағдайда
өткізіліп отырған табиғат пайдаланушылар бәсекесінің қатысушылар қатарынан
шығара алады;
5) Бәсекеге құжаттар пакетін дайындаудың тиісті бөлігінде бәсекені
ұйымдастырушының қызметін қадағалай алады;
6) Егер ережеге қайшы келмесе бәсекеге өткізгенге дейін хаттамамен
рәсімдеп бәсеке өткізу процедурасына анықтау енгізе алады.
8. Бәсеке комиссиясы міндетті:
1) Табиғат пайдаланушылар арасында кәсіптік балық аулау құқығын беру,
су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін)
үлестіру жөнінде ашық бәсеке ұйымдастыру Ережесіне сәйкес бәсеке жүргізуге;
2) Бәсеке өткізгенде ұсыныстарды бағалап бәсеке жеңімпазы туралы
шешуге;
3) Өткізілген бәсекенің нәтижесін хаттамамен рәсімдеуге.
3. Жұмыс тәртібі
9. Бәсеке комиссиясының мәжілісі қажетті жағдайда өткізіледі.
10. Бәсекелік комиссиясының мәжілісі, егер оған комиссия мүшелерінің санының кемінде 2/3 қатысқан жағдайда құқықты деп табылады.
4. Бәсеке ұсыныстарын бағалау және жеңімпазды анықтау
11. Жеңімпазды анықтауды бәсеке комиссиясы жүргізеді.
Бәсекелік ұсыныстар бар конверт пен қатынасушы туралы ақпарат бар конверт салынған үлкен конверттер сыртынан көрінбейтін қорапта болуы тиіс.
Комиссия төрағасы қорапта жатқан кез-келген үлкен конвертті алады да конверттің оң жақ жоғарғы бұрышына бірінші рет санын қояды.
Содан соң, төраға үлкен конвертті ашады да бәсекелік ұсыныстары бар конверт пен қатынасушы туралы ақпарат бар конвертке де бірінші рет санын қояды.
Әрі қарай төраға бәсекелік ұсыныстар бар конвертті ашады, ұсыныстың әрбір көшірмесіне бірінші рет санын қояды және комиссияның әрбір мүшесіне береді. Қатынасушы туралы ақпарат бар конверт үлкен конвертке ашылмаған кейде қалады.
12. Бәсекелік ұсыныстардың даналарын бәсекелік комиссиясының мүшелері қарайды. Олар жеке дара бәсекелік ұсыныстардың әрбір тармағына бағаларын қояды. Олар, бәсекелік ұсыныстар қаралып және баға қойылған соң, комиссия хатшысына тапсырылады, одан соң, оларды бірінші рет санды үлкен конвертке салуға міндетті.
13. Барлық басқа бәсекеге қатынасушылар үшін бәсекелік ұсыныстары бар конверттерді қараудың осы сияқты процедурасы жүргізілуге тиіс.
14. Комиссияның әрбір мүшесі бәсекелік ұсыныстар салынған барлық конверттерді қарап бағалаған соң, баға нәтижелері бар үлгіні (қосымша 6) куәландырады және оны төрағаға (хатшыға) береді.
Содан соң бәсекелік комиссиясының төрағасы рет саны бірдей қатынасушыларының қорытынды балдарын куәландырған үлгілердің негізінде қосады және әрбір қатынасушы ойынша жалпы қорытынды балын анықтап комиссия хатшысы хаттамада тіркейді.
15. Комиссияның төрағасы, жалпы балдардың жиынтығының нәтижесі бойынша ең көп жалпы қорытынды балл жинаған қатынасушының рет санын жариялайды.
Егер, екі немесе одан көп қатынасушы бірдей үлкен мөлшерде балдардың жиынтығын жинаған болса, олардың бәсекелік ұсыныстарымен бірдей көлемде балл жинаған қатысушылардың рет саны көрсетілген бюллетендер комиссия мөлшерлеріне тағы да таратылады. Бәсеке жеңімпазы жабық дауыспен анықталады.
Комиссия төрағасы жарияланған бәсеке жеңімпазының рет санына сәйкес келетін үлкен конвертті алып, оның ішінен қатынасушы туралы ақпараты бар конвертті шығарады, оны ашады және ашық бәсекені жеңген және келісім-шарт жасауға құқық алған жеңімпаздың мәліметтерін комиссия мөлшерлеріне оқып береді бәсекенің жеңімпазын анықтау жөніндегі комиссия мәжілісінің нәтижелері хаттамамен ресімделеді, содан соң комиссия мүшелерімен төраға қол қояды.
16. Облыс әкімінің "Балық аулау құқығын беру су айдындарын (учаскелерін) бекіту және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіру туралы" шешімі қабылданғаннан кейін "тапсырыс беруші" бәсеке жеңімпазымен кәсіптік балық аулауға, су айдындарын (учаскелерін) бекітуге және балық аулау мөлшерін (лимитін) үлестіруге келісім-шарт жасайды.
Бәсекеге қатысушылардың, жеңімпазбен келісім шарт жасағанға дейін, қатысушылардың бәсекелік ұсыныстарының қаралуымен бағалауының нәтижелерін жазбаша алуға құқығы бар.
Егер де, бәсеке комиссиясының мәжілісінің бітуіне дейін, немесе, келісім-шартқа қол қою кезін де бәсеке жеңімпазының бұрыс ақпарат қатысушы туралы ақпаратта немесе бәсекелік комиссиясы бәсеке нәтижелерінің күшін жоюы және жинаған балл сандары бойынша екінші орын алған қатысушыны бәсекенің жеңімпазы деп жариялауы мүмкін.
17. Құжаттар пакетінің құны қайтарылмайды. Даулы мәселелер сот тәртібі бойынша қаралады.
126 Облыс әкімінің № 186
1999 жылдың 26 қарашасындағы
шешіміне 2 қосымша
Халмұрадов Р.С. облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Атамбаев А. облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасына
қарасты Бадам орман шаруашылығының жетекші маманы,
комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Комиссия мүшелері:
Ендібаев А. облыс әкімшілігі стратегиялық жоспарлау мен реформалар
департаментінің бастығының орынбасары (келісім
бойынша).
Тұрғанов Ж. облыстық орман, балық және аң шаруашылығы
басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тұрсынқұлов И. облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы департаментінің
бастығы (келісім бойынша).
Татыбаев А. өсімдіктер және жануарлар дүниесін мемлекеттік бақылау
жөніндегі облыстық басқарманың бастығы (келісім
бойынша).
Өтебаев Р. облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының
орынбасары (келісім бойынша).