О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1520
- Қабылданған күні
- 31.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2015 AI56807_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001520
- ЭКБ идентификаторы
- 56807
- Редакция идентификаторы
- AI56807_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:18
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.
4
4. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жанынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысында:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жанынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамында:
тақырыбындағы «бағытын» деген сөз «және төртінші бағыттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мыналар:
«Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім
Махаметғали Нұрғалиұлы және ғылым вице-министрі;
Оразғұлов - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
Расул Қабдолұлы партиясы Орталық аппаратының
басшысы (келісім бойынша)»
енгізілсін.
1 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесі
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1520 қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесі