Қолданыстағы ред. 01.01.2011 (Редакция AI57024_1.kaz)

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы от 14.12.2010 г. № 536 (Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы)

0

Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20 бабының 5 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі, осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.

2

2. Қоғамдық жұмыстар бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражаты есебінен қаржыландырылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаевқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

5

Ордабасы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 536 қаулысымен бекітілген
2011 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Саны, адам
1
Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
119
2
Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу
120
3
Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге көмектесуге
56
4
Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы ауданы әкімдігінің «Темірлан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Аймақты экологиялық сауықтандыру, көріктендіру
154
5
Ордабасы ауданы бойынша ауыл округі әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелері, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесуге
66
6
Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі
«Тәртіп» пилоттық жобасы бойынша жұмысқа көмектесуге
25
7
Ауыл округі әкімдері аппараттары
Еңбек рыногының негізгі индикаторларын анықтауға көмектесу
10
БАРЛЫҒЫ:
550
Ескерту: Қоғамдық жұмысшылардың жалақысы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, жалақының ең төменгі мөлшері көлемінен кем емес төленсін.