Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам осуществления кастодиальной деятельности

Қаулы · № 10 · қабылданған 31.01.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-57793/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам осуществления кастодиальной деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 10 ·31.01.2011
08.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам осуществления кастодиальной деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 10 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам осуществления кастодиальной деятельности
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кастодиандық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10
Қабылданған күні
31.01.2011
Көрсетілген редакция
08.08.2016 AI57793_4.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006792
ЭКБ идентификаторы
57793
Редакция идентификаторы
AI57793_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:14

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кастодиандық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банк Басқармасы төрағасының 23.04.2014 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5796 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
кіріспесі "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 26-бабында белгіленген кастодианның функцияларын іске асыру мақсатында кастодиан мыналарды:
1) зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, сондай-ақ инвестициялық кіріс алу бойынша барлық операцияларды есепке алуды;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей оның инвестициялық шоты бойынша ақша қозғалысы туралы және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметі туралы кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде ай сайын хабардар етуді;
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға, немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына ұсыну үшін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры кескінінде зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есепті жасау және кастодиандық шартта белгіленген кезеңділікпен және мерзімдерде осы Ереженің 27-тармағына сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу үшін оны зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына) беруді;
4) комиссиялық сыйақы сомаларына және зейнетақы төлемдері шотынан аударуға жататын сомаларға бақылау жүргізуді жүзеге асырады.";
24-тармақта:
бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші және төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Зейнетақы активтерінің есебін жүргізу мақсаттары үшін кастодиан жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздардың және басқа қаржы құралдарының есебін жүргізуге арналған баланстан тыс шот ашады. Зейнетақы активтері кастодианға кастодиандық қызмет көрсетуге берілген жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінен бөлек есепке алынады.";
27-тармақта "және зейнетақы активтерін" деген сөздер "және (немесе) зейнетақы активтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген зейнетақы активтерін, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының активтерін салыстырып тексерудің ерекшеліктері № 139 қаулыда белгіленеді.";
32-тармақтың бірінші бөлігіндегі "28, 29 және 30-тармақтарына" деген сөздер "27-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес 1, 2-қосымшалармен толықтырылсын;

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" және "Атамекен" Одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.

5 5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

0 20__ж. "___" ______ бастап "___" ________ дейінгі кезең бойынша _______________________________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) инвестициялық шоты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы
ұй­ым­да­ры рет­теу мен қа­да­ға­лау
агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның
2011 жы­л­ғы 31 қаң­тар­да­ғы
№ 10 қа­улы­сы­на
1-қо­сым­ша
"Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да
ка­сто­ди­ан­дық қыз­мет­ті
жү­зе­ге асы­ру ере­же­сіне
1-қо­сым­ша
20__ж. "___" ______ бастап "___" ________ дейінгі кезең бойынша _______________________________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) инвестициялық шоты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметі

Ақ­ша ағын­да­ры­ның бап­та­ры
Со­ма­сы
1.
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы
2.
Түс­кен ақ­ша­лар бар­лы­ғы, оның ішін­де:
2.1.
зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
2.2.
бас­қа қор­лар­дан ке­ліп түс­кен жи­нақ­тал­ған зей­не­та­қы қа­ра­жа­ты
2.3.
өсім­пұл
2.4.
нақ­ты алын­ған ин­ве­сти­ци­я­лық кі­ріс
2.5.
анық­тал­ма­ған (жа­ңы­лы­сып түс­кен) со­ма­лар
2.6.
зей­не­та­қы тө­лем­де­рі шо­ты­нан қай­та­ры­л­ған со­ма­лар
2.7.
қай­та­ры­л­ған банк­тік са­лым­дар со­ма­сы
2.8.
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды өте­уден түс­кен со­ма­лар­ды қо­са ал­ған­да­ғы, ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­ту­дан түс­кен со­ма­лар
2.9.
бас­қа со­ма­лар
3.
Бар­лы­ғы ин­ве­сти­ци­я­лан­ған ақ­ша, оның ішін­де:
3.1.
ба­ға­лы қа­ға­з­дар
3.2.
екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де­гі са­лым­дар
4.
Бар­лы­ғы тө­лем­дер, оның ішін­де:
4.1.
жа­сы­на қа­рай зей­не­та­қы тө­лем­де­рі
4.2.
мұ­ра­гер­лер­ге
4.3.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс аумақ­тар­ға шы­ғуы­на бай­ла­ны­сты
4.4
жа­ңы­лыс есеп­ке алын­ған со­ма­лар­ды қай­та­ру
4.5.
ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­лар ауда­рым­да­ры
4.6.
ше­тел ва­лю­та­сын са­тып алу
4.7.
өзге­лер
5.
Есеп­ті ке­зең­нің ая­ғын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы
Қо­сым­ша мә­лі­мет­тер
Есеп­тел­ген ин­ве­сти­ци­я­лық кі­ріс
Ин­ве­сти­ци­я­лық кі­рі­стен түс­кен ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­лар
Зей­не­та­қы ак­тив­те­рі­нен түс­кен ко­мис­си­я­лық сый­а­қы­лар
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________ ____________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас
бухгалтер _______________________________________ __________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: _________________________ ________ ________________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "___" ______________
Мөрдің орны".

2 зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есебі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы
ұй­ым­да­ры рет­теу мен
қа­да­ға­лау агент­ті­гі
Бас­қар­ма­сы­ның
2011 жы­л­ғы 31 қаң­тар
№ 10 қа­улы­сы­на
2-қо­сым­ша
"Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да
ка­сто­ди­ан­дық қыз­мет­ті
жү­зе­ге асы­ру ере­же­сіне
2-қо­сым­ша
_______________________________________________
(жинақтаушы зейнетақы қорының атауы)
зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есебі
Рет­тік нө­мі­рі
Эми­тент­тің ата­уы
Ба­ға­лы қа­ға­з­дың тү­рі
Ұлт­тық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Но­ми­нал­ды құ­ны (тең­ге)
Са­ны (да­на­сы)
Өтеу мер­зі­мі (өтеу кү­ні)
Бір ба­ға­лы қа­ға­з­дың са­тып алу құ­ны (тең­ге)
Ба­ға­лы қа­ғаз­ға са­лы­на­тын жиын­тық со­ма­сы
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған зей­не­та­қы ак­тив­те­рі­нің жиын­тық ша­ма­сы­нан % жиын­тығы
Мемлекеттік бағалы қағаздар
бойынша жиынтығы
Бағалы қағаздар бойынша жиынтығы
Бірінші басшы (ол болмаған кезде–оның орнындағы адам)
___________________________________________________ ___________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас
бухгалтер _________________________________________ ___________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: ________________________ _______ __________________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күні 20_____ жылғы "_____" __________
Мөрдің орны".

Қолданыстағы