Об организации социальных рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-203
- Қабылданған күні
- 01.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2012 57846_194370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11DA000138
- ЭКБ идентификаторы
- 57846
- Редакция идентификаторы
- 57846_194370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:01
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5–бабы 2-тармағына, 7–бабының 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Нысаналы топтарға әдейі арналған, жұмыс орындарының саны шектелмейтін, жұмыс уақытша сипатта болатын және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс берушілердің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін, нысаналы топтардағы (табысы аз адамдар, жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедектер, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар, оралмандар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер, жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар) жұмыссыздарды уақытша, жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.