Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов в сфере частного предпринимательства за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельностью

Бұйрық · № 70-ОД · қабылданған 28.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-58962/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов в сфере частного предпринимательства за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельностью Күшін жойған Бұйрық ·№ 70-ОД ·28.03.2011
23.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов в сфере частного предпринимательства за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельностью

Күшін жойған Бұйрық ·№ 70-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков и форм проверочных листов в сфере частного предпринимательства за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельностью
Атауы (қаз.)
Жерді пайдалану мен қорғау, геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70-ОД
Қабылданған күні
28.03.2011
Көрсетілген редакция
23.06.2015 AI58962_6.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100006943
ЭКБ идентификаторы
58962
Редакция идентификаторы
AI58962_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:46

0 Жерді пайдалану мен қорғау, геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау» туралы Қазақстан Республикасының Заңының 13 және 15-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса берілген:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

3 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары;

4 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті (С.Ш. Сәрсенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2010 жылғы 11 ақпандағы № 19-П және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 58 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызмет, жер қатынастарын реттеу және геодезия және картография саласындағы қызмет субъектілері үшін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6082 болып енгізілді, "Заң газеті" 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 45 (1667); "Юридическая газета" газеті 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 45 (1841) жарияланды).

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару Экономикалық даму және
агенттігі төрағасы сауда министрі
__________ Ө. Өзібеков. _________ Ж. Айтжанова

1 Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 70-ОД және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2011 жылғы 1 сәуірдегі
№ 82 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес жерді пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел – жер ресурстарына зиян келтіру, салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жер иелерінің жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзылуының ықтималдылығы;

2

2) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы бақылау субъектілері – жер ресурстарының пайдалану жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асыратын иелігінде құнды ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және жер қойнауын пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бірінші кезекті және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.

4 4. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер құнды ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне, ал жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттың мерзіміне қарай үш топқа бөлінеді:

1 1) жоғары тәуекел тобына:

5 000 гектардан (бұдан әрі - га) астам бағара егістігі, 100 га астам суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі бес жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына:

3 000 га-дан 5 000 га дейін бағара егістігі, 50 га-дан 100 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейінгі жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;

3 3) төмен тәуекел тобына:

300 га-дан 3 000 га дейін бағара егістігі, 10 га-дан 50 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 10 жылдан астам жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады.

5 5. Екінші кезеңде жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асырушы бақылау субъектілерін тиісті тәуекел тобына жатқызылған субъектілерге мынадай баллдар беріледі:

1 1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін:

жерді қорғау бойынша іс-шаралардың болмауы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуін, су және жел эрозиясын, селді, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетуді, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерін болдырмау бойынша агротехникалық іс-шараларды жүргізу) – 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлерді бір жылдан астам пайдаланбау – 10 балл;
егістік алқаптарда дәнді-дақылдардың бір түріне ғана басымдылық беру – 10 балл;
егістік және өнім түсімі бойынша статистикалық есептердің болмауы – 5 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;

2 2) жер қойнауын пайдаланушылар үшін:

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының болмауы – 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;
жерлердің өндірістік мониторингінің болмауы – 10 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;
межелеу белгілерін жою – 5 балл.

6 6. Кейінгі бөлу қорытындылары бойынша аталған субъектілерге тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәртіпте баллдардың шекті сомасы белгіленеді:

1 1) жоспарлы тексерістің жылына бір рет реттілігі бар жоғары тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 25 және одан да жоғары балл;
жер қойнауын пайдалану саласында – 20 және одан да жоғары балл;

2 2) жоспарлы тексерістің үш жылда бір рет реттілігі бар орташа тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллдан 25 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллдан 20 баллға дейін;

3 3) жоспарлы тексерістің бес жылда бір рет реттілігі бар төменгі тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллға дейін.

7 7. Бақылау субъектілері бір тәуекел ету дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мынадай тәртіпте жүргізіледі:

1 1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;

2 2) жер учаскесінің көлеміне байланысты;

3 3) келісім-шарттың ең қысқа мерзімі бойынша (жер қойнауын пайдаланушылар үшін).

8 8. Әрбір тексерілетін субъектіге бақылау ісі жүргізіледі, онда тексерістерді тағайындау туралы актілердің, тексеріс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшірмелері, тексеріс нәтижелері және жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер тігіледі.

2 Геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 70-ОД және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2011 жылғы 1 сәуірдегі
№ 82 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы Геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» және «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарына сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылды:

1

1) геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел – мемлекеттік шекара, әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекара сызығының өту орнының, сондай ақ географиялық атаулардың өзгеруі нәтижесінде мемлекетке зиян келтіруі мүмкін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды өндіру кезіндегі деректерді және мәліметтерді дұрыс бермеу, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып;

2 2) геодезиялық және картографиялық қызметке қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы бақылау субъектілері – геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік саласындағы жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Әзірленетін және жүзеге асырылатын геодезиялық-картографиялық өнім мен мәліметтердің түріне қарай бақылау субъектілері үш топқа бөлінген:

1 1) жоғары тәуекел тобына:

бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде топографиялық - геодезиялық және картографиялық жұмыстарды атқаратын және геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектілері жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына:

жергілікті немесе шартты координаттар жүйесінде топографиялық - геодезиялық және картографиялық жұмыстарды атқаратын және геодезия мен картографиялық өнімнің деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін бақылау субъектілері жатқызылады;

3 3) төмен тәуекел тобына:

жергілікті немесе шартты координаттар жүйесінде топографиялық - геодезиялық және картографиялық жұмыстарды атқаратын, геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасау, беру, есепке алу, сақтау саласында әрекет ететін және Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына мәліметтер мен деректерді міндетті түрде уақытылы тапсыратын бақылау субъектілері жатқызылады.

4 4. Бақылау субъектілері жоғары тәуекел дәрежесіндегі жеке кәсіпкерлік өрісіндегі субъектілер орташа немесе төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылмайды.

5 5. Бақылау субъектілері орташа немесе төмен тәуекел дәрежесіндегі одан да жоғары және төмен тәуекел дәрежелеріне ауыстырылуы мүмкін.

6 6. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асырушы бақылау субъектілерін екінші кезеңде тиісті тәуекел тобына жатқызылған субъектілерге мынадай баллдар беріледі:

геодезиялық жұмыстарды және (немесе) картографиялық жұмыстарды өндіруге геодезия және картография саласында хабарлама бермей жүзеге асыру – 5 балл;
геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың болмауы – 5 балл;
штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болмауы – 5 балл;
Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорға аэроғарыштық түсірімдердің, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың материалдарын ұсынбау – 5 балл;
мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жасайтын субъектілерде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсатының болмауы – 5 балл.

7 7. Кейінгі бөлу қорытындылары бойынша аталған субъектілерге тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәртіпте баллдардың шекті сомасы белгіленеді:

1 1) жоспарлы тексерістің жылына бір рет реттілігі бар жоғары тәуекел дәрежесі:

20 және одан да жоғары балл;

2 2) жоспарлы тексерістің үш жылда бір рет реттілігі бар орташа тәуекел дәрежесі:

10 баллдан 20 баллға дейін;

3 3) жоспарлы тексерістің бес жылда бір рет реттілігі бар төменгі тәуекел дәрежесі:

5 балл.

8 8. Жеке кәсіпкерлік саласындағы бақылау субъектілері бір тәуекел дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мына тәртіпте жүзеге асырылады:

1 1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;

2 2) берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда тексеру үшін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемі үлкен мемлекеттік бақылау субъектісі таңдалып алынады;

3 3) берілген баллдар мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының көлемі бірдей болған жағдайда тексеріс жоспарына ұзақ уақыттан бері тексерістен өткізілмеген (3 жылдың ішінде) мемлекеттік бақылау субъектісі енгізіледі;

4 4) тұтынушылар тарапынан арыздар, геодезия және картография саласында анықталған бұзушылықтар туралы мемлекеттік органдардың өтініштері болған жағдайда.

9

9. Әрбір тексерілетін субъектіге бақылау ісі жүргізіледі, онда тексерістерді тағайындау туралы актілердің, тексеріс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшірмелері, тексеріс нәтижелері мен геодезия және картография саласында талаптарын орындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер тігіледі.

10 10. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады.

3 Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 70-ОД және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2011 жылғы 1 сәуірдегі
№ 82 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ____________________________________
(№, күні)
_____________________________________________________________________
Субъектінің атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайы ________________________________________
_____________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Жер­ді қор­ғау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­дың бо­луы (жер­дi құ­нар­сызда­нуын, шө­лейт­те­ну­ін, су және жел эро­зи­я­сын, сел­ді, су ба­су­ды, бат­пақ­та­ну­ды, қай­та­лап сор­таң­да­ну­ды, құр­ғап ке­ту­ді, тап­та­лу­ды және то­пы­рақ­тың бұ­зы­луы­ның бас­қа да про­цес­сте­рін бол­дыр­мау бой­ын­ша аг­ро­тех­ни­ка­лық іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу)
2
Құқық­ты рас­та­у­шы және сәй­кестен­ді­ру құ­жат­та­ры­ның бо­луы
3
Жер заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген жер­лер­дің жағ­дайы және пай­да­ла­ну ту­ра­лы де­ректер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға уа­қы­ты­лы бе­ру (егі­стіктер және өнім бе­руі ту­ра­лы ста­ти­сти­ка­лық есеп­тер­дің бо­луы)
4
Ме­же­леу бел­гі­ле­рін сақ­тау
5
Бү­лін­ген жер­лер­ді қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­рын жүр­гі­зу, жер­дің құ­нар­лы­ғын және бас­қа да пай­да­лы қа­си­ет­те­рін қал­пы­на кел­ті­ру
6
Өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сын қол­да­ну тәр­ті­бін сақ­тау (егі­стік ал­қап­тар­да дән­ді-да­қыл­дар­дың бір тү­ріне ға­на ба­сым­ды­лық бер­меу, егі­стік ай­на­лы­мын сақ­тау)
7
Бү­лін­ген жер­ді қай­та қал­пы­на кел­ті­ру жо­ба­сы­ның бо­луы
8
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ны­са­нын­да­ғы жер­лер­ді ти­ім­ді пай­да­ла­ну
9
Жер учас­ке­сі­нің ше­ка­ра­ла­ры­ның құқық­ты бел­гі­лей­тін және сәй­кестен­ді­ру­ші құ­жат­тар­ға сәй­кест­і­гі
10
Жер­ді пай­да­ла­ну­дың та­би­ғат­ты қор­ғау ре­жи­мін сақ­тау
11
Жер­лер­ді ны­са­на­лы мақ­са­тын­да пай­да­ла­ну
12
Уа­қыт­ша алып отыр­ған жер­лер­ді ны­са­на­лы та­ғай­ын­да­луы­на сәй­кес одан әрі пай­да­ла­ну­ға жа­рай­тын жағ­дай­ға кел­ті­ру бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­дау
13
Жер учас­ке­сін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат негі­зін­де зерт­теу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу
14
Жер­дiң ла­ста­нуын, то­зуын, қо­қы­ста­нуын және то­пы­рақ­тың құ­нар­лы қа­ба­тын на­шар­ла­у­ын бол­дыр­мау, және де то­пы­рақ­тың құ­нар­лы қа­ба­тын алу, бұ­лай алу то­пы­рақ­тың құ­нар­лы қа­ба­ты­ның бiр­жо­ла жо­ға­луын бол­дыр­мау үшiн қа­жет болған жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да
15
Жер­ді пай­да­ла­ну мен қор­ғау мә­се­ле­ле­ріне қа­ты­сты бағ­дар­ла­ма­лар, жо­ба­лар мен схе­ма­лар­дың оң са­рап­та­ма­сы­ның бо­луы
16
Іш­кі ша­ру­а­шы­лық жер­ге ор­на­ла­сты­ру жо­ба­сы­ның және жер­ді ұтым­ды пай­да­ла­ну мен, то­пы­рақ­тың құ­нар­лы­ғын сақ­тау мен және жо­ға­ры­ла­ту мен бай­ла­ны­сты жо­ба­лар­дың бо­луы
Лауазымды тұлғалар
________________________ __________ ________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
________________________ __________ ________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы, жеке кәсіпкер:
______________________________________________ _____________
(аты жөні, лауазымы) (қолы)

4 Геодезия және картографияға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын басқару
агенттігі төрағасының
2011 жылғы 28 наурыздағы
№ 70-ОД және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2011 жылғы 1 сәуірдегі
№ 82 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Геодезия және картографияға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ____________________________________
(№, күні)
_____________________________________________________________________
Субъектінің атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жердің мекен-жайлар ______________________________________
_____________________________________________________________________

Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Гео­де­зи­я­лық жұ­мыстар және (неме­се) кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар өн­ді­рі­сін ба­стау үшін гео­де­зия және кар­то­гра­фия са­ла­сын­да­ғы ха­бар­ла­ма бо­луын рас­тау
2
1) гео­де­зи­я­лық және (неме­се) кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды орын­да­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін, мен­шік­ті неме­се жал­ға алын­ған са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген ас­пап­тар, жаб­дық­тар және құ­рал-сай­ман­дар жиын­тығ­ы­ның не за­уыт­тық нө­мі­рі көр­се­ті­л­ген са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген ас­пап­тар, жаб­дық­тар, құ­рал-сай­ман­дар жиын­тығы бар ұй­ым­мен жа­сал­ған қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ттың бо­луы;
2) шта­тын­да гео­де­зия және (неме­се) кар­то­гра­фия са­ла­сын­да жо­ға­ры неме­се ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі бар ма­ман­ның бо­луы.
3
Әу­е­тү­сі­рі­лім жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге рұқ­сат­тың бо­луы
4
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды өн­ді­ру­ге тех­ни­ка­лық жо­ба­лар­дың (тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­лар неме­се тех­ни­ка­лық ерекше­лік неме­се ке­лі­сім-шар­ттар) бо­луы
5
Да­ла­лық және ка­ме­рал­дық жұ­мыстар өнім­де­рін тех­ни­ка­лық ба­қы­лау және қа­был­дау жүй­е­сі­нің бо­луы
6
Жер бе­ті объ­ек­ті­ле­рі­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­ның, әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер ара­сын­да­ғы ше­ка­ра­лар­дың кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­да көр­се­ту­дің нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі
7
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық, аэро­ға­ры­штық ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді есеп­те­удің нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі
8
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық, аэро­ға­ры­штық ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді сақ­тау жағ­дай­ы­ның нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық құ­жат­тар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­луі
9
То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды неме­се әу­е­ға­ры­штық тү­сі­рім­дер­ді жүр­гі­зу нәти­же­сін­де алын­ған ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді кө­бей­ту ере­же­ле­рін сақ­тау
10
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қа­уіп­сіз­ді­гі мүд­де­ле­рін ес­ке­ре оты­рып гео­де­зи­я­лық-кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды неме­се әу­е­ға­ры­штық тү­сі­рім­дер­ді жүр­гі­зу нәти­же­сін­де алын­ған то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық неме­се кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер­ді пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін сақ­тау
11
Ұлт­тық кар­то­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық қор­ға то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­дың және аэро­ға­ры­штық тү­сі­рім­дер­дің ма­те­ри­ал­да­рын бе­ру тәр­ті­бін сақ­тау
12
Құ­пия ма­те­ри­ал­дар­мен жұ­мыс жа­сай­тын субъ­ек­ті­лер­де рұқ­сат­тар­дың бо­луы
13
«Құ­пия» және «Қыз­мет ба­бын­да пай­да­ла­ну үшін» бел­гі­сі бар ма­те­ри­ал­дар­ды есеп­ке алу, сақ­тау және бе­ру ере­же­ле­рін сақ­тау
14
Гео­де­зи­я­лық пункт­тер­ді қор­ғау жө­нін­де­гі ере­же­лер­ді сақ­тау
Лауазымды тұлғалар
________________________ __________ ________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
________________________ __________ ________________________
(лауазымы) (қолы) (аты жөні)
Басшы
______________________________________________ _____________
(аты жөні, лауазымы) (қолы)

Қолданыстағы