О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 589
- Қабылданған күні
- 27.05.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2020 59008_445563.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000589
- ЭКБ идентификаторы
- 59008
- Редакция идентификаторы
- 59008_445563
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:17
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 589 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
5 «5. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы».
3 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.09 N 1280 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4 4. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 31.12.2015 № 1185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5
10 Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 589 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 шілдедегі
№ 645 қаулысымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешенді:
1 1) «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы;
2 2) «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы;
3 3) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;
4 4) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы;
5 5) «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы;
6 6) «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
7 7) «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы;
8 8) «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы» сияқты мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау тәртібін айқындайды.
2 2. Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1 1) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық бюджет қаражатынан бөлінетін ресурстарға қажеттілікті анықтайды;
2 2) бюджеттік өтінімді жасайды және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты алады;
3
3) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Холдинг) және «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазАгроИнновация» АҚ) жарғылық капиталын төлейді, оларға бюджеттік кредиттер ұсынуды ұйымдастырады, мамандандырылған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
4 4) Холдингті және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ны корпоративтік басқаруды жүзеге асырады.
3
3. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шараларды Холдингтің құрамына кіретін мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнөркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырады.
4
4. «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулысымен бекітілген Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарына, Қазақстан Республикасының өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес іске асырылады және аграрлық саладағы Қазақстан экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.