Қолданыстағы ред. 29.04.2011 (Редакция 59103_138568.kaz)

Көше атын беру туралы от 29.04.2011 г. № 31 (Көше атын беру туралы)

0

Көше атын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Бадам ауыл округіне қарасты Бадам ауылындағы атаусыз көшеге Социалистік Еңбек Ері Ахметов Әуездің аты берілсін.

2

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Бадам ауыл округі әкімі аппаратының бас маман іс-басқарушысы А.М.Керимбековке жүктелсін.