Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов

Қаулы · № 727 · қабылданған 28.06.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59484/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Правил обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов Күшін жойған Қаулы ·№ 727 ·28.06.2011
29.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов

Күшін жойған Қаулы ·№ 727 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов
Атауы (қаз.)
Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
727
Қабылданған күні
28.06.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2016 AI59484_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000727
ЭКБ идентификаторы
59484
Редакция идентификаторы
AI59484_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:06

0 Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы 1. Жалпы ережелер

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 28 мау­сым­да­ғы
№ 727 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегіЗаңына сәйкес әзірленген және азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2

2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен Жанар-жағармай материалдары қызметі (бұдан әрі - ЖЖМ қызметі) қамтамасыз етеді, бұлар азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе дербес заңды тұлға - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сертификаты бар жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым болып табылады.

3 3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1

1) азаматтық әуе кемелеріне орталықтандырылған отын құю жүйесі (бұдан әрі - ООЖ жүйесі) - технологиялық құбыржолдардың бойымен және отын құю агрегаттары арқылы стационарлық сорғылардың көмегімен азаматтық әуе кемелерінің бактарына резервуарлардан отын беруге арналған құрылыстар мен технологиялық жабдық кешені;

2 2) авиациялық жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі - авиаЖЖМ) - авиациялық техниканы пайдаланған кезде қолданылатын отындардың, майлардың, жғармай мен арнайы сұйықтықтардың барлық маркаларының жалпы атауы;

3 3) авиаЖЖМ сапасы - авиаЖЖМ қасиеттерінің осы материалдардың нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарды қанағаттандыру қабілетін айқындайтын жиынтығы;

4 4) авиаЖЖМ қоймасы - азаматтық әуе кемелеріне отын құю үшін авиаЖЖМ-ды қабылдайтын, сақтайтын және беретін ғимараттар, құрылыстар, қондырғылар мен жабдық кешені;

5 5) тауар астындағы су - жанар-жағармай материалдарын тұндыру нәтижесінде резервуарларда жинақталатын су.

2 2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі

4 4. Азаматтық авиация ұйымдарының күнделікті мұқтажын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ авиаЖЖМ-ның резервтік мөлшерін жасау үшін резервуарлардың саны мен мөлшерін ЖЖМ қызметі айқындайды.

5 5. Азаматтық әуе кемелерін қамтамасыз ету кезінде ЖЖМ қызметі:

1 1) пайдалануға рұқсат етілген және азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілген;

2 2) сәйкестік сертификаты бар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттауға жататын авиаЖЖМ үшін) авиаЖЖМ-ды пайдаланады.

6 6. Азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілмеген авиаЖЖМ-ды пайдалану азаматтық әуе кемелерін шығарушылармен және олардың конструкторларымен келісім бойынша жүзеге асырылады.

АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.

7 7. АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт жасасу кезінде өнім беруші мынаған:

1 1) жеткізілетін авиаЖЖМ маркасының техникалық регламенттер мен стандарттардың, өндіріс ерекшеліктері мен технологиясының талаптарына сәйкестігіне;

2 2) сапасына өндіруші кепілдік берген және авиаЖЖМ-ның сапасы мен мөлшерін растайтын құжаттамасы бар авиаЖЖМ жеткізуге;

3 3) тасымалдау кезінде, сондай-ақ авиаЖЖМ-ды алушыға дейін әртүрлі көлік құралдарымен кешенді түрде тасымалдаған жағдайларда авиаЖЖМ сапасын сақтау және оның басқа ЖЖМ маркаларымен араласып кетуін болдырмау жөніндегі талаптардың сақталуына;

4 4) авиаЖЖМ-ды тасымалдауға әдейі дайындалған және арналған көлік құралдары мен ыдыстарды пайдалануға;

5

5) шығару, сақтау және тасымалдау үдерісінде авиаЖЖМ сапасының осы авиаЖЖМ маркасын алған және пайдаланған кезде авиациялық техника жұмысының сенімділігіне әсерін тигізуі мүмкін қасақана немесе абайсызда нашарлау жағдайының туындағаны және анықталғаны туралы уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттемеге кепілдік береді.

8

8. Азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құю рейстердің нөмірлері, үлгілер және борт нөмірлері, ұшып шығу уақыты мен олардың әрқайсысына арналған авиаЖЖМ мөлшері көрсетіліп, жоспарлы тәулікке дейін бір тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде авиакомпанияның уәкілетті өкілінен түсетін ұшудың тәуліктік жоспары негізінде жүзеге асырылады. АвиаЖЖМ-ға арналған өтінімдер ЖЖМ қызметіне беріледі.

9 9. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ тізбесін авиациялық техниканы әзірлеуші немесе шығарушы зауыт белгілейді.

Азаматтық әуе кемелерінің үлгілері бойынша пайдаланылатын авиаЖЖМ маркалары азаматтық авиация саласындағы нормативтік-техникалық құжаттармен, азаматтық әуе кемелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен, азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасымен (регламентімен) айқындалады. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ мен арнайы сұйықтықтар номенклатурасы осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген.
Әуежайларда азаматтық әуе кемелеріне отын құю нормативтік құжаттарға сәйкес және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы мен құюға авиаЖЖМ беруді жүзеге асыратын ЖЖМ қызметінің арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

10 10. Азаматтық әуе кемелеріне отын құю ООЖ жүйесі арқылы, сондай-ақ арнайы көлік құралдары: отын құйғыштарды, май құйғыштарды, отын құю агрегаттарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.

11 11. Ұшудың тәуліктік жоспарындағы азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құюды ұйымдастыруға әсер ететін жедел өзгерістердің барлығы азаматтық әуе кемелері өзгерген жоспар бойынша ұшып келгенге немесе ұшып шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын арнайы көлік қызметінің диспетчеріне хабарланады.

12

12. Азаматтық әуе кемелеріне отын құюдың жеделдігін қамтамасыз ету үшін отын құю бригадасының жеке құрамы отын құю орындарына тікелей жақын орналасқан әрі радио және телефон байланысымен жабдықталған үй-жайларға орналастырылады. Арнайы көлікте (отын құйғыш, май құйғыш, отын құю агрегаттары) де радиобайланыс орнатылады.

13 13. Кезекті резервуарды қосардан бұрын және әр ауысымның басында ЖЖМ қызметінің авиаЖЖМ технигі шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуын тексереді.

Шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуы тексерілгеннен кейін әр резервуар бойынша тарату журналындағы "АвиаЖЖМ технигінің судың болуын тексергені туралы қорытындысы және қолы" деген бағанда "АвиаЖЖМ тазалығының деңгейін бақылау нәтижелері қанағаттанарлық. Беруге рұқсат" деген жазу жазылады.
Әр резервуар бойынша тарату журналының нысаны осы Қағидаға2-қосымшада айқындалған.

14

14. Арнайы көлік құралдарын азаматтық әуе кемелеріне отын құюға жіберуді кезекті ауысымның басында ЖЖМ қызметінің маманы арнайы көлік қызметінің механигімен (бригадирімен) бірге жүзеге асырып, арнайы көлік құралдарына рұқсат беру журналына белгі қояды. Отын құюға жіберілген арнайы көлік құралдары туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарланады.

15

15. Арнайы көлік құралдарын (отын құйғыштарды, май құйғыштарды) әрбір толтырған сайын ЖЖМ қызметінің маманы авиаЖЖМ-ның тазалығын тексереді, азаматтық әуе кемелеріне отын құюға рұқсат беру туралы бақылау талонына белгі қояды және бұл туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарлайды.

16 16. Арнайы көлік құралдарының (отын құйғыштың, май құйғыштың, отын құю агрегатының) азаматтық әуе кемелеріне отын құюға шығуы арнайы көлік құралы қызметі және/немесе ЖЖМ қызметі диспетчерінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

17 17. Азаматтық әуе кемесіне отын құю оның қозғалтқыштары тоқтағаннан және бактардан тұрып қалған қалдық төгілгеннен кейін азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтары мен бағдарламаларына (регламенттеріне) сәйкес жүргізіледі.

Отын құю басталғанға дейін азаматтық әуе кемесі тірек қалыптарымен нығайтылып, бекітіледі.

18 18. Арнайы көлік құралдарының азаматтық әуе кемелеріне жақындап келуін және оларды орнатуды ЖЖМ қызметінің осыған рұқсат етілген мамандары жүргізеді.

Азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде авиаЖЖМ-мен қамтамасыз ету объектілерін техникалық пайдалану жөніндегі талаптар мен өрт қауіпсіздігі қағидалары сақталады.

19 19. Отын құюды бастамас бұрын азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік- авиациялық техниканың авиатехнигі):

1

1) бақылау талоны бойынша - отын құюға рұқсатты, арнайы көлік құралдары нөмірлерінің талонда көрсетілгендермен сәйкестігін, құюға берілген авиаЖЖМ-ның және судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың сәйкестігін, отын құйғыштардан отынның тұрып қалған қалдығы төгілген күні мен уақытын және оның тазалығын;

2 2) тұйықтау құралдарының және отын құю құралдары мен азаматтық әуе кемелерінің әлеуетін теңестіруге арналған құрылғылардың сенімділігі мен жарамдылығын;

3 3) отын құятын жерде бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын;

4 4) отын құйғыштар дөңгелектерінің астына тірек қалыптарының орнатылуын тексереді.

Тексеру аяқталған соң азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюға кірісуге рұқсат береді, отын құю режимін, сондай-ақ бактардың топтары бойынша бөле отырып, құюға арналған авиаЖЖМ-ның нақты мөлшерін көрсетеді.

20

20. Азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюды, азаматтық әуе кемесіне құйылған авиаЖЖМ-ның іс жүзіндегі мөлшерінің ұшуға арналған тапсырмада көрсетілген мөлшеріне сәйкестігін, авиаЖЖМ-ның азаматтық әуе кемесінің бактары мен отын және май жүйесінің топтарына дұрыс бөлінуін, судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

21 21. Арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчері азаматтық әуе кемелерінің үлгілері мен нөмірлері бойынша құйылған авиаЖЖМ-ның мөлшерін тіркейді және ЖЖМ қызметінің уәкілетті адамдарына әрбір азаматтық әуе кемесіне отын құюдың аяқталғаны туралы хабарлайды.

22 22. Азаматтық әуе кемесінің багынан авиаЖЖМ-ды төгу авиакомпанияның өтінімдері бойынша жүргізіледі. Өтінім арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне беріледі.

Төгу авиаЖЖМ-ның әрбір маркасына әдейі бөлінген, төгілетін отынның мөлшерін өлшеу құралдарымен жабдықталған отын құйғыштарға жүргізіледі.
Азаматтық әуе кемесінің бактарынан авиаЖЖМ-ды азаматтық әуе кемелеріне отын құюға арналған отын құйғышқа төгуге жол берілмейді.

23 23. Бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю азаматтық әуе кемелерінің ұшып шығуының кідіруін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары сақталған кезде орындалады.

Мыналар бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде:

1 1) өртке қарсы автотехниканың қосымша санын тарту;

2 2) азаматтық әуе кемесінің барлық есіктерін ашып тастау өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары болып табылады.

46 Қазақстан Республикасының АА ӘК пайдаланылатын авиациялық отындардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың номенклатурасы

Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін
авиа­ци­я­лық жа­нар-жа­ғар­май
ма­те­ри­ал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз
ету қа­ғи­да­сы­на
1-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасының АА ӘК пайдаланылатын авиациялық отындардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы сұйықтықтардың номенклатурасы
Өнім­нің ата­уы
Өнім­нің мар­ка­сы
МемСТ (мәті­ні бой­ын­ша)
1
2
3
БЕН­ЗИН­ДЕР
Авиа­ци­я­лық бен­зин
Авиа­ци­я­лық бен­зин
Авиа­ци­я­лық бен­зин
Өн­ді­рі­стік-тех­ни­ка­лық мақ­сат­қа ар­нал­ған бен­зин
Б-70
Б-91/115
Б-92
Нефрас-С50/170
ТШ 38.101913
МССТ 1012
ТШ 38.401-58-47
МССТ 8505
АВИА­ЦИ­Я­ЛЫҚ КЕ­РО­СИН­ДЕР
Ре­ак­тив­ті қоз­ғалт­қы­штар­ға ар­нал­ған отын
Газтур­би­на­лы қоз­ғалт­қы­штар­ға ар­нал­ған авиа­ци­я­лық отын
ТС-1.РТ, Т-1.Т-2
Джет А-1 (Jet A-1)
МССТ 10227-86
МССТ Р 52050-2003
АВИА­ЦИ­Я­ЛЫҚ МАЙ­ЛАР
Авиа­ци­я­лық май
"Бо­инг"
"А-310-300"
Авиа­ци­я­лық май
Май
Авиа­ци­я­лық май
Авиа­ци­я­лық май
Май қо­спа­сы (75% об МС-8П,МС-8РК неме­се МК-8П+25% об МС-20)
Син­те­ти­ка­лық май
Син­те­ти­ка­лық май
Син­те­ти­ка­лық май
Син­те­ти­ка­лық май
Авиа­ци­я­лық май
Топ­са майы
Ги­по­ид­ты бе­рі­лі­стер­ге ар­нал­ған май
Май қо­спа­сы (50% об МС-8П,МС-8РК неме­се МК-8П-|-50% об МС-20)
Май қо­спа­сы (67% об ТСгип -f33% об АМГ-10)
Май­қо­спа­сы (25% об МС-8П, МС-8РК неме­се МК-8П-|-75% об МС-20)
Май­қо­спа­сы (50% об ТСгип -)-
50%обАМГ-10)
Жа­ғар май
МС-14
ЕТО 2380, MJ02
Mobil Jet Oil II
МС-20
МК-8П
МС-8П
МН-7,5У
СМ-4,5
ВНИ­ИНП-50-1-4ф
ВНИ­ИНП-50-1-4у
Б-ЗВ
Лз-240
ИПМ-10
ВНИ­ИНП-25
Тсгип
СМ-8
СМ-9
СМ-11,5
50/50
132-08
МССТ 21743-76
СР2442
MIL-L-23699
МССТ 21743-76
МССТ 6457
ССТ 38.01163-78
ТШ 38.101722-85
ССТ 54-3-175-72- 99
МССТ 13076-86
ТШ 38.401-58-12-91
ТШ 38.101295-85
ТШ 301-04-010-92
ТШ 38.1011299-90
МССТ 11122
ТШ 38.01260
-
-
-
МССТ 18375-73
ЖҰ­МЫС СҰЙ­ЫҚ­ТЫҚ­ТА­РЫ
Жұ­мыс сұй­ық­тығы
Жұ­мыс сұй­ық­тығы
Жұ­мыс сұй­ық­тығы
Гид­ро­сұй­ық­тық
Жұ­мыс сұй­ық­тығы
АМГ-10
НГЖ-4, 4у
НГЖ-5у
SKYDROL500B4 FH-51 (АМГ-10)
МССТ 6794
ТШ 38.401891
ТШ 38.401-58-57-93
-
MIL-L-5606
КОН­СЕР­ВА­ЦИ­Я­ЛЫҚ МАЙ­ЛАР МЕН ТҰН­БА­ЛАР
Кон­сер­ва­ци­я­лық май
Кон­сер­ва­ци­я­лық жұ­мыс майы
Тұн­ба
К-17
МС-8РК
АКОР-1
МССТ 10877-76
ТШ 38.1011181-88
МССТ 15171-78
ПЛА­СТИ­КА­ЛЫҚ ЖА­ҒАР­МАЙ­ЛАР
Пла­сти­ка­лық жа­ғар­май
Пла­сти­ка­лық жа­ғар­май
Пла­сти­ка­лық жа­ғар­май
Пла­сти­ка­лық жа­ғар­май
Пла­сти­ка­лық жа­ғар­май
Пла­сти­ка­лық жа­ғар­май
Ба­яу бал­қи­тын жа­ғар­май
Бен­зин­ге тө­зім­ді жа­ғар­май
Жа­ғар­май
Жа­ғар­май
Жа­ғар­май
Жа­ғар­май
Жа­ғар­май
Жа­ғар­май
Жа­ғар­май
Жа­ғар­май
ЦИ­А­ТИМ-201
Mobil 28
Aeroshell 22
ЦИ­А­ТИМ-203
ЦИ­А­ТИМ-221
Пу­шеч­ная (ПВК)
НК-50
БУ
АМС-З
ВНИ­ИНП-207
ОКБ-122-7
Эра
(ВНИ­ИНП-286М)
Сап­фир
(ВНИ­ИНП-261)
Ат­лан­та
(ВНИ­ИНП-254)
ВНИ­ИНП-246
ВНИ­ИНП-282
ГОСТ 6267-74
MIL-PFR-81322
MIL-PRF-81322
МССТ 8773-73
МССТ 9433-80
МССТ 19537
ТШ 38.01355
МССТ 7171
МССТ 2712
МССТ 19774-74
МССТ 18179
ТШ 38.101950-2000
ТШ 38.1011051-87
ТШ 38.1011048-85
МССТ 18852-73
ТШ 38.1011261-89
БАС­ҚА ЖА­ҒАР­МАЙ МА­ТЕ­РИ­АЛ­ДА­РЫ
Фор­ва­ку­ум­ды сор­ғы­лар­ға ар­нал­ған май
Тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­лы са­ғат­тық май
Ас­пап майы
ВМ-4
НИ­И­ЧП-МН-60У
МП-601
МССТ 23013
ТШ 18-2/19-76
ТШ 38.101787-79
ПАС­ТА­ЛАР
Па­с­та
Па­с­та
Па­с­та
ВНИ­ИНП-225
ВНИ­ИНП-232
ПФМС-4с
МССТ 19782-74
МССТ 14068-79
ТШ 6-02-917-79
АР­НАЙЫ СҰЙ­ЫҚ­ТЫҚ­ТАР
Мұз­да­ну­ға қар­сы сұй­ық­тық
Мұз­да­ну­ға қар­сы сұй­ық­тық
Мұз­да­ну­ға қар­сы сұй­ық­тық
Тех­ни­ка­лық этил­цел­ло­зольв
Тет­ра­нид­ро­фур­фу­рил­ді спирт
Сұй­ық­тық
Сұй­ық­тық
Мұз­да­ну­ға қар­сы сұй­ық­тық
Тех­ни­ка­лық этил спир­ті
Син­те­ти­ка­лық этил спир­ті
Тех­ни­ка­лық рек­ти­фи­кат­тал­ған этил спир­ті
Этил спир­ті (ба­сты фрак­ция)
Рек­ти­фи­кат­тал­ған этил спир­ті (та­ғам­дық ши­кі­заттан)
"Арк­ти­ка"
Арк­ти­ка ДГ
Арк­ти­ка-200"
Жид­кость "И"
ТГФ
ТГФ-М
И-М
Type I, Type
II,
Type IV
A
ТШ 6-00-5763445-10-89
ТШ 2422-003-26759308-2005
ТШ6-00-5763445-5-88
МССТ 8313-88
МССТ 17477-86
ТШ 6-10-1457
ССТ 54-3-175-73-99
Клас­си­фи­ка­ция
А.Е.А.
МССТ 17299-78
МССТ 11547
МССТ 18300-87
ССТ 18.121-73
МССТ 5962
ТЕХ­НИ­КА­ЛЫҚ ҚҰ­РАЛ­ДАР
Ар­найы сұй­ық­тық кон­цен­тра­ты
Тех­ни­ка­лық жуу құ­ра­лы
CT-2 Вер­то­лин-74
ТШ 38.101318-77 ТШ 38.10960

47 Резервуар бойынша тапсыру журналы

Аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін авиа­ци­я­лық
жа­нар-жа­ғар­май ма­те­ри­ал­да­ры­мен
қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­сы­на
2-қо­сым­ша
Резервуар бойынша тапсыру журналы
Ауы­сым­ды қа­был­дап-тап­сы­ру
ЖЖМ ата­уы
Ре­зер­ву­ар нө­мі­рі
Ре­зер­ву­ар­да­ғы ЖЖМ дең­гейі, см
Ре­зер­ву­ар­да­ғы ЖЖМ мөл­ше­рі, л
Пас­порт нө­мі­рі
Есеп­те­уіш көр­сет­кі­ші
Бе­рі­л­ген ЖЖМ мөл­ше­рі
Су­дың бо­луын тек­се­ру ту­ра­лы ЖЖМ тех­ни­гі­нің қо­ры­тындысы мен қо­лы
қа­был­дау ке­зін­де
тап­сы­ру ке­зін­де
Ре­зер­ву­ар­да­ғы өл­шем бой­ын­ша
Есеп­те­уіш­тер бой­ын­ша
Журналдың барлық бағандары толтырылғаннан және берілген ЖЖМ мөлшері жазылғаннан кейін қол қойылады:
Тапсырды ______________
(қолы)
Қабылдады _____________
(қолы)

Қолданыстағы