Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации"

Жарлық · № 116 · қабылданған 05.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59525/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении стандартов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации" Күшін жойған Жарлық ·№ 116 ·05.07.2011
27.05.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации"

Күшін жойған Жарлық ·№ 116 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов государственных услуг "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к специальным техническим средствам для проведения оперативно-розыскных мероприятий" и "Проведение технического исследования на предмет отнесения товаров к средствам криптографической защиты информации"
Атауы (қаз.)
"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" және "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
116
Қабылданған күні
05.07.2011
Көрсетілген редакция
27.05.2014 AI59525_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1100000116
ЭКБ идентификаторы
59525
Редакция идентификаторы
AI59525_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:01

0 "Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" және "Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарты;

2 2) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарты бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 5 шілдедегі
№ 116 Жарлығымен
бекітілген
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – лицензиялау органы) және оның аумақтық бөлімшелері ұсынады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – автоматтандырылмаған.

3

3. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды арнайы техникалық құралдарға (бұдан әрі – АТҚ) жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 198-тармағы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК): www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтемелер» бөлімінде жарияланған.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың жүгінуі бойынша тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеудің қағаз түрінде берілетін қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы оларға мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нәтижесі болып табылады.

6 6. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу лицензиялау органына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне тиісті ұсыныспен шыққан заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – тұтынушылар) үшін жүзеге асырылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, – бес жұмыс күні ішінде.

Тауар үлгісін ұсынған кезде – тауар үлгісін ұсынған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут;

3 3) қорытындыны алу кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін электрондық сұрату және басқа мерзімдер көзделмеген.

8 8. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі.

9 9. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытынды беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтерге алдын ала жазылу жүргізілмейді. Жедел қызмет көрсету көзделмеген.

10

10. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытындыны беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Күту орындарда мүмкіндіктері шектеулі жарымжан адамдар үшін жағдай жасау көзделген, күтуге арналған орындықтар және ақпараттық стенд орналастырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Қорытынды алу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) тауардың құрылымдық ерекшеліктері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу үшін белгіленген үлгідегі өтініш;

2 2) техникалық зерттеуге жататын тауардың техникалық құжаттамасы немесе тауардың үлгісі;

3 3) тауарды жеткізу келісімшарттарының (шарттардың) көшірмелері (бар болған кезде);

4 4) өкілдің өкілеттігін растайтын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген құжат (құжаттарды өкіл ұсынған жағдайда).

12 12. Қорытынды шығару кезінде қиыншылық болған жағдайда, лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы тауар үлгісін ұсынады.

13

13. Белгіленген үлгідегі өтініш ҰҚК www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтеме» бөлімінде орналастырылған. Өтініштің бланкілерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға осы Стандарттың 1-қосымшасында аталған ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе Алматы қаласы және облыстар бойынша аумақтық органдары кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері береді.

14 14. Осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттарды қабылдауды лицензиялау органы және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырады.

15

15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан құжаттарды қабылдау кезінде өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында қабылдаудың нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының оны анықтау деректері, сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі, қоса берілген құжаттардың саны туралы белгі қойылады, құжаттарды қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға өтінішті қабылдау күні, өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді алу күні және өтінішті қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні белгіленген талон (бұдан әрі – талон) беріледі. Талон нысаны осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

16 16. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі. Өкілдің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысына осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар ұсынылмағанда, лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша тауар үлгісі ұсынылмаған жағдайда қорытынды берілмейді.

Өзге негіздер бойынша қорытынды беруден бас тартуға жол берілмейді.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Лицензиялау органның қорытынды беру жөніндегі қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2 2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3 3) мемлекеттік қызметті уақытында көрсету;

4 4) сыпайылық;

5 5) барынша толық ақпарат беру;

6 6) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығы;

7 7) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыларына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Тауарларды АТҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мағынасы ҰҚК Төрағасының тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz «Маңызды сілтемелер» бөлімінде, сондай-ақ осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған. Шағым дайындауға ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылар 8 (7172) 32-50-50 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.

22 22. Тұтынушылар ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы ҰҚК-іне шағымдануға құқылы. Шағымның нысаны – ҰҚК органы басшысының атына осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген жазбаша өтініш.

23

23. Мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ҰҚК уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселесінің шешімімен келіспеген жағдайда тұтынушылар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК-нің қабылдау бөлмесіне немесе аумақтық органдардың кезекшілік қызметтеріне шағымдана алады.

24 24. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдануға құқылы.

25 25. Шағым беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі Осы Стандарттың 15-тармағында көзделген талонды көрсетуі қажет.

26 26. Тұтынушылардың шағымдарын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шағым ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе аумақтық органның кезекшілік қызметінде тіркелген күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.

Келіп түскен шағым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі. Өтініш берушіге өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады немесе жеке өзіне табыс етіледі. Шағымды қарау барысы туралы тұтынушы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесінен және аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінен біле алады.

27 27. ҰҚК және ҰҚК аумақтық органдарының байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

ҰҚК қабылдау бөлмесінің және аумақтық органдар кезекшілік қызметтерінің жұмыс кестесі:
жұмыс күндері – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін; демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мереке күндері.

51 Лицензиялау органның және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері

«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
1-қосымша
Лицензиялау органның және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері

р/с
Ор­ган ата­уы
Ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
1.
Ли­цен­зи­я­лау ор­га­ны
Аста­на қа­ла­сы, Оң жа­ға­лау, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 8-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7172) 76-42-52, 76-42-53, 76-42-54.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
2.
Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Ал­ма­ты қа­ла­сы, На­уры­з­бай ба­тыр кө­ше­сі, 108-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (727) 267-91-54.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 10:00-нан 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.

3.
Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 155-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7162) 29-61-11.

4.
Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі, 68/70-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7282) 60-56-16, 60-56-21, 60-55-80.

5.
Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 25-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7132) 93-41-70.

6.
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Аты­рау қа­ла­сы, Сәт­па­ев даң­ғы­лы, 20 «А» үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7122) 99-52-43, 27-15-90.

7.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пер­ми­тин кө­ше­сі, 15-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон:
8 (7232) 28-23-35.

8.
Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Та­раз қа­ла­сы, Кө­шек ба­тыр кө­ше­сі, 7-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7262) 94-01-80, 94-01-89.

9.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Орал қа­ла­сы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 24-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7112) 98-81-77, 98-81-80.

10.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Бұ­қар жы­рау даң­ғы­лы, 17-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7212) 41-04-65, 49-86-54, 49-85-78.

11.
Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Қо­ста­най қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі, 77-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7142) 54-54-30, 52-00-91.

12.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Қо­на­ев тұй­ық кө­ше­сі, 1-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7242) 27-27-96.

13.
Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Ақ­тау қа­ла­сы, 24-ша­ғын аудан, 3-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7292) 46-01-27, 46-01-20, 46-01-22.

14.
Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Бек­тұ­ров кө­ше­сі,  24-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7182) 55-56-33.

15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Пет­ро­павл қа­ла­сы, Сү­ті­шев кө­ше­сі, 54-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7152) 46-45-24.

16.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Шым­кент қа­ла­сы, Қа­зы­бек би кө­ше­сі, 36-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7252) 95-11-38.

ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдар кезекшілік қызметтерінің байланыс деректері

р/с
Ата­у­ла­ры
Ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
1.
ҰҚК
Аста­на қа­ла­сы, Сол жа­ға­лау, Түр­кі­стан кө­ше­сі, 8/1 үй.
ҰҚК қа­был­дау бөл­ме­сі­нің те­ле­фо­ны:
8 (7172) 76-11-36
2.
ҰҚК Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бай­за­қов кө­ше­сі, 275-а үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (727) 242-49-81, 275-88-01
3.
ҰҚК Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7162) 25-28-54
4.
ҰҚК Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7282) 60-55-04, 21-27-72
5.
ҰҚК Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7132) 21-91-91, 93-40-07
6.
ҰҚК Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Аты­рау қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, 20 «А» үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (7122) 27-12-76, 99-51-90
7.
ҰҚК Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7232) 26-13-13, 28-21-31
8.
ҰҚК Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7262) 45-74-83
9.
ҰҚК Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7112) 51-24-66, 98-81-66
10.
ҰҚК Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7212) 41-04-48, 49-84-02
11.
ҰҚК Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7142) 52-01-00
12.
ҰҚК Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7242) 27-01-45
13.
ҰҚК Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Ақ­тау қа­ла­сы, 24-ша­ғын аудан, 3-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7292) 42-02-42, 46-00-18
14.
ҰҚК Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7182) 55-38-08, 39-16-67
15.
ҰҚК Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7152) 46-34-03
16.
ҰҚК Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган

8 (7252) 55-04-10

52 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТАЛОН

«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТАЛОН
Кіріс № _______________ құжатты қабылдағаны туралы
Мемлекеттік қызмет көрсетуді беру күні ___________
Құжатты қабылдаған: ______________________________
(ҰҚК қызметкерінің аты-жөні)
__________________________________________________
(қолы)
20 __ жылғы «__» _________________________________
Байланыс телефондары: ____________________________

53 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жыл­да­ғы мақ­сат­ты мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уа­қы­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
3.2. элек­трон­дық фор­мат­та қол же­тім­ді ақ­па­рат қыз­мет көр­се­ту­ле­рі­нің % (үле­сі)
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)

54 Шағым

«Жедел іздестіру іс-шараларын
жүргізу үшін тауарларды арнайы
техникалық құралдарға жатқызу
тұрғысынан техникалық зерттеу
жүргізу» мемлекеттік қызмет
көрсетулер стандартына
4-қосымша
_________________________
_________________________
_________________________
(ҰҚК органының бастығына)
________________________,
шағым беруші
_________________________
мекенжайы
тел._____________________
№_______________ төлқұжат
Шағым
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес
________________________________________________________________

_______________________________________________________ сұраймын.
Тұтынушының тегі, аты-жөні                     _________________
(қолы және күні)

55 «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 5 шілдедегі
№ 116 Жарлығымен
бекітілген
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уәкілетті бөлімшесі (бұдан әрі – лицензиялау органы) және оның аумақтық бөлімшелері ұсынады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны – автоматтандырылмаған.

3

3. Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына (бұдан әрі – АКҚҚ) жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 199-тармағы негізінде жүзеге асырылады.

4 4. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК): www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтемелер» бөлімінде жарияланған.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылардың жүгінуі бойынша тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеудің қағаз түрінде берілетін қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы оларға мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нәтижесі болып табылады.

6 6. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу ҰҚК лицензиялау органына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне тиісті ұсыныспен шыққан заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – тұтынушылар) үшін жүзеге асырылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1 1) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, – он жұмыс күн ішінде.

Тауар үлгісін ұсынған кезде – тауар үлгісін ұсынған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут;

3 3) қорытындыны алу кезінде кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін электрондық сұрату және басқа мерзімдер көзделмеген.

8 8. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі.

9 9. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытынды беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметтерге алдын ала жазылу жүргізілмейді. Жедел қызмет көрсету көзделмеген.

10

10. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеуге арналған құжаттарды қабылдау және қорытындыны беру осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Күту орындарда мүмкіндіктері шектеулі жарымжан адамдар үшін жағдай жасау көзделген, күтуге арналған орындықтар және ақпараттық стенд орналастырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11 11. Қорытынды алу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) бұйымның құрылымдық ерекшелігі туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу үшін белгіленген үлгідегі өтініш;

2 2) техникалық зерттеуге жататын тауардың техникалық құжаттамасы немесе тауардың үлгісі;

3 3) тауарды жеткізу келісім-шарттарының (шарттардың) көшірмелері (бар болған кезде);

4 4) өкілдің өкілеттігін растайтын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген құжат (құжаттарды өкіл ұсынған жағдайда).

12 12. Қорытынды шығару кезінде қиыншылық болған жағдайда, лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы тауар үлгісін ұсынады.

13

13. Белгіленген үлгідегі өтініш ҰҚК www.knb.kz ресми интернет-ресурсының «Маңызды сілтеме» бөлімінде орналастырылған. Өтініштің бланкілерін мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға осы Стандарттың 1-қосымшасында аталған ҰҚК қабылдау бөлмесінің немесе Алматы қаласы және облыстар бойынша аумақтық органдары кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері береді.

14 14. Осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттарды қабылдауды лицензиялау органы мен аумақтық органдардың қызметкерлері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жұмыс кестесіне және мекенжайларға сәйкес жүзеге асырады.

15

15. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыдан құжаттарды қабылдау кезінде өтініштер мен қорытындыларды тіркеу журналында қабылдаудың нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны, мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының оны анықтау деректері, сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі, қоса берілген құжаттардың саны туралы белгі қойылады, құжаттарды қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға өтінішті қабылдау күні, өтініштің тіркеу нөмірі көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді алу күні және өтінішті қабылдаған лицензиялау органы немесе оның аумақтық бөлімшесі қызметкерінің тегі мен аты-жөні белгіленген талон (бұдан әрі – талон) беріледі. Талон нысаны осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

16 16. Қорытынды мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі. Өкілдің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс.

17 17. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысына осы Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар ұсынылмағанда, лицензиялау органы немесе аумақтық органы қызметкерінің талабы бойынша тауар үлгісі ұсынылмаған жағдайда қорытынды берілмейді.

Өзге негіздер бойынша қорытынды беруден бас тартуға жол берілмейді.

3 3. Жұмыс қағидаттары

18 18. Лицензиялау органның қорытынды беру жөніндегі қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2 2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3 3) мемлекеттік қызметті уақытында көрсету;

4 4) сыпайылық;

5 5) барынша толық ақпарат беру;

6 6) мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығы;

7 7) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыларына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Тауарларды АКҚҚ-ға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мағынасы ҰҚК Төрағасының тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz «Маңызды сілтемелер» бөлімінде, сондай-ақ осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің ғимараттарындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған. Шағым дайындауға ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдардың кезекшілік қызметтерінің қызметкерлері көмек көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылар 8 (7172) 32-50-50 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.

22 22. Тұтынушылар ҰҚК қабылдау бөлмесі арқылы ҰҚК-іне шағымдануға құқылы. Шағымның нысаны – ҰҚК органы басшысының атына осы Стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген жазбаша өтініш.

23

23. Мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ҰҚК уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану мәселесінің шешімімен келіспеген жағдайда тұтынушылар осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК-нің қабылдау бөлмесіне немесе аумақтық органдардың кезекшілік қызметтеріне шағымдана алады.

24 24. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдануға құқылы.

25 25. Шағым беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы немесе оның уәкілетті өкілі Осы Стандарттың 15-тармағында көзделген талонды көрсетуі қажет.

26 26. Тұтынушылардың шағымдарын қабылдау және қарау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Шағым ҰҚК қабылдау бөлмесінде немесе аумақтық органның кезекшілік қызметінде тіркелген күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.

Келіп түскен шағым жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі. Өтініш берушіге өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады немесе жеке өзіне табыс етіледі. Шағымды қарау барысы туралы тұтынушы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ҰҚК қабылдау бөлмесінен және аумақтық органдарының кезекшілік қызметтерінен біле алады.

27 27. ҰҚК және ҰҚК аумақтық органдарының байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

ҰҚК қабылдау бөлмесінің және аумақтық органдар кезекшілік қызметтерінің жұмыс кестесі:
жұмыс күндері – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін; демалыс күндері – сенбі, жексенбі және мереке күндері.

101 Лицензиялау органның және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
Лицензиялау органның және оның аумақтық бөлімшелерінің байланыс деректері

р/с
Ор­ган ата­уы
Ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
1.
Ли­цен­зи­я­лау ор­га­ны
Аста­на қа­ла­сы, Оң жа­ға­лау, Жел­тоқ­сан кө­ше­сі, 8-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7172) 76-42-52, 76-42-53, 76-42-54.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
2.
Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Ал­ма­ты қа­ла­сы, На­уры­з­бай ба­тыр кө­ше­сі, 108-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (727) 267-91-54.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 10:00-нан 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
3.
Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 155-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7162) 29-61-11.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
4.
Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі, 68/70-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7282) 60-56-16, 60-56-21, 60-55-80.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
5.
Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 25-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7132) 93-41-70.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
6.
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Аты­рау қа­ла­сы, Сәт­па­ев даң­ғы­лы, 20 «А» үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7122) 99-52-43, 27-15-90.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
7.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пер­ми­тин кө­ше­сі, 15-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон:
8 (7232) 28-23-35.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
8.
Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Та­раз қа­ла­сы, Кө­шек ба­тыр кө­ше­сі, 7-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7262) 94-01-80, 94-01-89.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
9.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Орал қа­ла­сы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 24-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7112) 98-81-77, 98-81-80.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
10.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Бұ­қар жы­рау даң­ғы­лы, 17-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7212) 41-04-65, 49-86-54, 49-85-78.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
11.
Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Қо­ста­най қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі, 77-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7142) 54-54-30, 52-00-91.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
12.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Қо­на­ев тұй­ық кө­ше­сі, 1-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7242) 27-27-96.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
13.
Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Ақ­тау қа­ла­сы, 24-ша­ғын аудан, 3-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7292) 46-01-27, 46-01-20, 46-01-22.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
14.
Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Бек­тұ­ров кө­ше­сі,  24-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7182) 55-56-33.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Пет­ро­павл қа­ла­сы, Сү­ті­шев кө­ше­сі, 54-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7152) 46-45-24.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
16.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық бө­лім­ше
Шым­кент қа­ла­сы, Қа­зы­бек би кө­ше­сі, 36-үй.
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны:
8 (7252) 95-11-38.
Жұ­мыс күн­де­рі: дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 11:00-ден 12:00-ге дей­ін, үзі­ліс­сіз, ал­дын-ала жа­зы­лу­сыз.
Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі, жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рі
ҰҚК қабылдау бөлмесі мен аумақтық органдар кезекшілік қызметтерінің байланыс деректері

р/с
Ата­у­ла­ры
Ор­на­лас­қан ме­кен­жайы
1.
ҰҚК
Аста­на қа­ла­сы, Сол жа­ға­лау, Түр­кі­стан кө­ше­сі, 8/1 үй.
ҰҚК қа­был­дау бөл­ме­сі­нің те­ле­фо­ны:
8 (7172) 76-11-36
2.
ҰҚК Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Ал­ма­ты қа­ла­сы, Бай­за­қов кө­ше­сі, 275-а үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (727) 242-49-81, 275-88-01
3.
ҰҚК Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Көк­ше­тау қа­ла­сы, Әу­е­зов кө­ше­сі, 155-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7162) 25-28-54
4.
ҰҚК Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Тал­ды­қор­ған қа­ла­сы, Жан­с­ү­гі­ров кө­ше­сі, 68/70-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (7282) 60-55-04, 21-27-72
5.
ҰҚК Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Ақ­тө­бе қа­ла­сы, Әй­те­ке би кө­ше­сі, 25-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (7132) 21-91-91, 93-40-07
6.
ҰҚК Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Аты­рау қа­ла­сы, Сәт­па­ев кө­ше­сі, 20 «А» үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (7122) 27-12-76, 99-51-90
7.
ҰҚК Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пер­ми­тин кө­ше­сі, 15-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (7232) 26-13-13, 28-21-31
8.
ҰҚК Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Та­раз қа­ла­сы, Кө­шек ба­тыр кө­ше­сі, 7-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7262) 45-74-83
9.
ҰҚК Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Орал қа­ла­сы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 24-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (7112) 51-24-66, 98-81-66
10.
ҰҚК Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Қа­ра­ған­ды қа­ла­сы, Бұ­қар жы­рау даң­ғы­лы, 17-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фон­да­ры:
8 (7212) 41-04-48, 49-84-02
11.
ҰҚК Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Қо­ста­най қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі, 77-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7142) 52-01-00
12.
ҰҚК Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Қы­зы­лор­да қа­ла­сы, Қо­на­ев тұй­ық кө­ше­сі, 1-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7242) 27-01-45
13.
ҰҚК Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Ақ­тау қа­ла­сы, 24-ша­ғын аудан, 3-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7292) 42-02-42, 46-00-18
14.
ҰҚК Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Пав­ло­дар қа­ла­сы, Бек­тұ­ров кө­ше­сі, 24-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7182) 55-38-08, 39-16-67
15.
ҰҚК Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Пет­ро­павл қа­ла­сы, Сү­ті­шев кө­ше­сі, 54-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7152) 46-34-03
16.
ҰҚК Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган
Шым­кент қа­ла­сы, Қа­зы­бек би кө­ше­сі, 36-үй.
Ке­зек­ші те­ле­фо­ны:
8 (7252) 55-04-10

102 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТАЛОН

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ТАЛОН
Кіріс № __________ құжатты қабылдағаны туралы
Мемлекеттік қызмет көрсетуді беру күні ______
Құжатты қабылдаған: _________________________
(ҰҚК қызметкерінің аты-жөні)
_____________________________________________
(қолы)
20 __ жылғы «__» ____________________________
Байланыс телефондары: _______________________

103 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Са­па және ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі
Көр­сет­кіш­тің нор­ма­тив­тік мәні
Көр­сет­кіш­тің ке­ле­сі жыл­да­ғы мақ­сат­ты мәні
Көр­сет­кіш­тің есеп­ті жыл­да­ғы ағым­да­ғы мәні
1
2
3
4
1. Уақ­ты­лы­ғы
1.1. құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап бел­гі­лен­ген мер­зім­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­ның % (үле­сі)
-
-
-
2. Са­па­сы
2.1. қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну үде­рі­сі­нің са­па­сы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
-
-
-
3. Қол­же­тім­ді­лік
3.1. қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну тәр­ті­бі ту­ра­лы са­па­ға және ақ­па­рат­қа қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
-
-
-
3.2. элек­трон­дық фор­мат­та қол же­тім­ді ақ­па­рат қыз­мет көр­се­ту­ле­рі­нің % (үле­сі)
-
-
-
4. Ша­ғым­да­ну үде­рі­сі
4.1. ша­ғым­да­ну­дың қол­да­ны­с­та­ғы тәр­ті­біне қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
-
-
-
5. Сы­пай­ы­лық
5.1. қыз­мет­кер­лер­дің сы­пай­ы­лы­ғы­на қа­на­ғат­тан­ған тұ­ты­ну­шы­лар­дың % (үле­сі)
-
-
-
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық
қорғау құралдарына жатқызу тұрғысынан
техникалық зерттеу жүргізу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 4-қосымша
___________________________
___________________________
___________________________
(ҰҚК органының бастығына)
__________________________,
шағым беруші
___________________________
мекенжайы
тел._______________________
№ _________________төлқұжат
Шағым
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес
__________________________________________________________________    __________________________________________________________________   __________________________________________________________________   __________________________________________________________________
_________________________________________________________ сұраймын.
Тұтынушының тегі, аты-жөні                         ________________
(қолы және күні)

Қолданыстағы