Қолданыстағы ред. 21.06.2011 (Редакция 59630_138549.kaz)

Көшелерге атау беру туралы от 21.06.2011 г. № 85 (Көшелерге атау беру туралы)

0

Көшелерге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШIМ ЕТЕМIН:

1

1. Шұбарсу ауыл округiне қарасты, Атамекен елді мекеніндегі атаулары жоқ көшелерге Бәйтерек, Көктем, Жас алаш, Аль-Фараби, Арыстанбаб, Абай, Отырар, Бейбітшілік, Бостандық, Нұрлыжол, Болашақ, Бірлік, Ержар, Ақжайық, Еділ, Сардаба, Достық, Береке, Жеңіс, Егеменді, Ынтымақ, Ноғайлы, Алғабас, Тыныштық, Мырзашөл, Жаңадала, Ақбұлақ, Қазақстан, Асық ата атаулары берілсін.

2

2. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау Шұбарсу ауылы округi әкiмiнің орынбасары А.Бердешовке жүктелсiн.

3

3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiлсін.