Құжат мәтініне өту

Об утверждении образца мореходной книжки, подтверждения дипломов, Правил их оформления, выдачи, продления, а также изъятия

Қаулы · № 797 · қабылданған 14.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-59688/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении образца мореходной книжки, подтверждения дипломов, Правил их оформления, выдачи, продления, а также изъятия Күшін жойған Қаулы ·№ 797 ·14.07.2011
29.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении образца мореходной книжки, подтверждения дипломов, Правил их оформления, выдачи, продления, а также изъятия

Күшін жойған Қаулы ·№ 797 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении образца мореходной книжки, подтверждения дипломов, Правил их оформления, выдачи, продления, а также изъятия
Атауы (қаз.)
Теңiзде жүзу кiтапшасының, дипломдарды растаудың үлгiсiн, оларды ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
797
Қабылданған күні
14.07.2011
Көрсетілген редакция
29.12.2016 AI59688_6.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100000797
ЭКБ идентификаторы
59688
Редакция идентификаторы
AI59688_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:59

0 Теңiзде жүзу кiтапшасының, дипломдарды растаудың үлгiсiн, оларды ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы

"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

3 3) дипломды растау үлгісі;

4 4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5 5) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 623 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

6 6) Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгісін (сипаттамасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 317-құжат);

2 2) "Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 1134 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 42, 572-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 14 шіл­де­де­гі
№ 797 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі

13 Теңізде жүзу кітапшасының үлгісі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 14 шіл­де­де­гі
№ 797 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Теңізде жүзу кітапшасының үлгісі

14 Дипломды растау үлгісі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 14 шіл­де­де­гі
№ 797 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Дипломды растау үлгісі
Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
1995 ЖЫ­Л­ҒЫ ТҮ­ЗЕ­ТУ­ЛЕ­РІ­МЕН
1978 ЖЫ­Л­ҒЫ ТЕ­ҢІЗ­ШІ­ЛЕР
ДА­ЯР­ЛАУ ЖӘНЕ ДИ­ПЛОМ­ДАУ
ЖӘНЕ ВАХ­ТА­НЫ АТ­ҚА­РУ
ТУ­РА­ЛЫ ХА­ЛЫ­ҚА­РА­ЛЫҚ
КОН­ВЕН­ЦИ­Я­НЫҢ ЕРЕ­ЖЕ­ЛЕ­РІ
НЕГІ­ЗІН­ДЕ ДИ­ПЛОМ­ДЫ ТА­НУ­ДЫ
КУ­ӘЛАН­ДЫ­РА­ТЫН РАС­ТАУ
ENDORSEMENTS ATTESTING THE ISSUE OF A CERTIFICATE UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION
ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND
WATCHKEEPING FOR
SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
IN 1995
_________________ портының теңіз әкімшілігі (иесінің тегі) _______________________ уәкілетті органы (мемлекет) берген немесе оның атынан берілген № ___ дипломды жоғарыда көрсетілген түзетулерімен Конвенцияның I/10 ережесінің талаптарына сәйкес куәландырады және заңды иесіне төмендегі функцияларды көрсетілген деңгейде __________ дейінгі немесе екінші жағында көрсетілуі мүмкін осы растаудың қолданылу мерзімінің ұзартылуы өткен күнге дейін кез келген көрсетілген шектеулер ескеріле отырып орындауға рұқсат етіледі.
he administration of port ______________ certifies that Certificate № ________. issued to __________________________ by or on behalf of the Government of _____________________ is duly recognized in accordance with the provisions of regulation I/10 of the above Convention, as amended, and the lawful holder is authorized to perform the following functions, at the levels specified, subject to any limitations indicated until ____________________ or until the date of expiry of any extension of the validity of this endorsement as may be shown overleaf:
ФУНК­ЦИ­Я­ЛАР FUNCTION
ДЕҢ­ГЕЙ
LEVEL
ШЕК­ТЕ­УЛЕР (егер бар бол­са)
LIMITATIONS APPLYING (if any)
Осы растаудың заңды иесі мынадай лауазымда немесе кемелердің экипаждарын қауіпсіз жинақтауға қатысты Қазақстан Республикасының қолданылатын талаптарында көрсетілген лауазымдарда қызмет ете алады:
The lawful holder of this endorsement may serve in the following capacity or capacities specified in the applicable safe manning requirements of the Republic of Kazakhstan.
ЛА­У­А­ЗЫМ /
CAPACITY
ШЕК­ТЕ­УЛЕР (егер бар бол­са)
LIMITATIONS APPLYING (if any)
№ растау / Endorsement № _________
берілген (күні) / issued on _____________
Тиісті түрде уәкілеттік берілген
лауазымды адамның қолы /
______________ Signature of duly authorized official
(М.О.) Тиісті түрде уәкілеттік берілген
(Official Seal) лауазымды адамның тегі /
______________ Name of duly authorized official
Осы растаудың түпнұсқасы Конвенцияның I/2 ережесінің 9-тармағына сәйкес кемеде болуы тиіс.
The original of this endorsement must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph 9 of the Convention while serving on a ship.
Диплом иесінің туған күні / Date of birth of the holder of certificate________________
Подпись владельца диплома / Signature of the certificate_______________
___________
Диплом иесінің фотосуреті/ | Өлшемі |
Photograph of the holder of the certificat | 3 х 4 см |
____________
Осы растаудың қолданылу мерзімі ___ ұзартылған / The validity of this endorsement is hereby extended until ____________
____________________________
Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның
қолы / Signature of duly authorized official
(М.О.)
(Official Seal)
____________________________
Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның тегі/
Name of duly authorized official
Ұзарту мерзімі / Еxtension date _____________________
Осы растаудың қолданылу мерзімі ___ ұзартылған / The validity of this endorsement is hereby extended until ____________
_____________________________
Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның қолы/
Signature of duly authorized official
(М.О.)
(Official Seal) ____________________________
Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның тегі/
Name of duly authorized official
Ұзарту мерзімі / Еxtension date _____________________

15 Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 14 шіл­де­де­гі
№ 797 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы

16 Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 14 шіл­де­де­гі
№ 797 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы

17 Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2011 жы­л­ғы 14 шіл­де­де­гі
№ 797 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы

1

1. Осы Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін айқындайды.

2 2. Дипломдарды растау:

1 1) Қазақстан Республикасының азаматтарына;

2 2) шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

3

3. 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару конвенциясына және осы Конвенцияның түзетулеріне (бұдан әрі – ТДДВА) конвенциясына қатысушы басқа мемлекеттер берген дипломдар ТДДВА конвенциясында көзделген жағдайларда және шет мемлекеті берген дипломын тану туралы растауды бере отырып, дипломдарды өзара тану туралы халықаралық келісімдер болған кезде танылады.

4 4. Шет мемлекеті берген дипломдарды растауды осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсына отырып, өтініш жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі – Порттың теңіз әкімшілігі ресімдейді және береді:

осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломды растау немесе мерзімін ұзарту туралы өтініш қолмен, анық жазумен немесе жазу құрылғысымен толтырылады, түзетулерге рұқсат етілмейді;
фотосурет 30х40 миллиметр – 2 дана;
теңізшінің жеке куәлігінің немесе теңізшінің паспортының көшірмелері (болған жағдайда);
өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрған жері немесе уақытша тұрған жері бойынша тіркелуі туралы анықтама;
тұруға ықтиярхат көшірмесі және тұрған жері немесе уақытша тұрған жері бойынша тіркелуі туралы анықтама (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
қолданылу мерзімі кемінде алты айдан кейін аяқталатын диплом көшірмесі;
көруге және естуге қатысты жарамдылықты қоса алғанда, мерзімділігі екі жылдан аспайтын денсаулық жағдайы бойынша кемелердегі жұмысқа жарамдығын растайтын құжат көшірмесі. Шетелдік денсаулық жағдайы туралы куәлік және анықтама қабылданбайды;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттың көшірмесі.
Дипломды растаудың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда бұрын берілген растаудың түпнұсқасы ұсынылады.
Теңіз білім беру мекемелерінің түлектері оқу кезінде тренажерлық дайындықтың өткені туралы өтініш-анықтама ұсынады.
Жоғарыда аталған құжаттардың барлық көшірмелері түпнұсқаларымен бірге салыстыру үшін ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.

5 5. Жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін үміткер біліктілік сынақтарынан өтуге жіберіледі.

6 6. Біліктілік сынақтарын өткізу үшін ПТӘ Теңіз біліктілік комиссиясын (бұдан әрі – ТБК) құрады. ТБК жұмысына ПТӘ, білім беру мекемелерінің, ғылыми, қоғамдық ұйымдардың және кеме иелерінің қызметкерлері тартылады.

Біліктілік сынақтары сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағдарлама бойынша практикалық емтиханнан өту әдісімен жүргізіледі. Біліктілік сынақтарының қорытындылары бойынша кандидатқа біліктілік сынақтарынан өткені туралы хаттама беріледі.
Біліктілік сынақтарынан өтудің нәтижесі теріс болған жағдайда үміткер күнтізбелік үш ай өткеннен кейін дипломға растауды беруге қайта жүгінуі және біліктілік сынақтардан өтуі мүмкін.
Дипломдарды растауды беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді ПТӘ біліктілік сынақтардан өту жөніндегі хаттама негізінде қабылдайды.

7 7. Дипломды растау мемлекеттік (немесе орыс) және ағылшын тілдерінде толтырылады.

8 8. Біліктілік сынақтарынан өтудің оң нәтижесінде дипломдарды растау немесе олардың мерзімін ұзартуды растау үміткердің өтініші қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде және дипломның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

9 9. Дипломдарды растау кеме капитаны кеме экипажы мүшесіне төмендегідей ақпарат ұсынған кезде:

экипаж мүшелері дипломға сәйкес өз міндеттерін орындау кезінде олардың құзыретсіздігі, әрекет еткені немесе әрекет етпегені, тәртіптік бұзушылықтар туралы;
теңізде адамдар өміріне, мүліктің сақталуына тікелей қауіп төнген немесе теңіз ортасына залал келтірілген жағдайда ПТӘ алып қояды.

10 10. Дипломдарға растау расталған дипломның қолданылу мерзімі өткен соң, сондай-ақ осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда күшін жоғалтады.

11 11. Жоғалғандарының орнына және бүлінген (зақымданған) кезде оларды одан әрі пайдалану үшін жарамсыз ететін жағдайда дипломдардың жаңа растауын беруді ПТӘ дипломдардың бастапқы растауы үшін осы Қағидада белгіленген мерзімде және тәртіппен жүзеге асады.

12 12. Дипломдардың растауын алып қою кезіндегі әрекет мынадай рәсімдерді қамтиды:

1 1) дипломдар растауының иесіне оның біліктілік сынақтардан өту кезінде қойылатын талаптарға сай келмейтіндігі туралы, ол алған диплом растауларын ПТӘ-ға тапсырсын және хабарламамен бірге пошта жөнелтілімі арқылы ПТӘ-ға дипломдар растауын жіберсін деген ұсыныспен бір мезгілде хабардар ету;

2 2) дипломдарды растауды алып қою туралы ақпаратты дерекқорға енгізу;

3 3) дипломдарды растауды алып қою туралы ақпаратты баспасөзге орналастыру.

ПТӘ есеп жүргізеді және тоқсан сайын сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органға берілген және алып қойылған растаулар туралы мәлімет ұсынады.

35 ДИПЛОМДАРДЫ РАСТАУДЫ (РАСТАУДЫҢ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУДЫ) БЕРУГЕ ӨТІНІШ

Ди­плом­дар­ды рас­та­уды
ре­сім­деу, бе­ру, мер­зі­мін ұзар­ту,
сон­дай-ақ алып қою қа­ғи­да­сы­на
қо­сым­ша
ДИПЛОМДАРДЫ РАСТАУДЫ (РАСТАУДЫҢ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУДЫ) БЕРУГЕ ӨТІНІШ
A
Те­гі
B
Аты (ат­та­ры)
C
Ту­ған кү­ні (кк-аа-жж­жж)
D
Ту мем­ле­ке­ті­нің рас­та­уды қай­та­ру­ға ар­нал­ған ме­кен­жайы
E
ТД­ДВА қа­ғи­да­сы­на сәй­кес ла­у­а­зы­мы
(II\1 ере­же­сі, вах­та жұ­мысын ат­қа­ру­ға жа­у­ап­ты ко­ман­да­лық құ­рам­да­ғы ла­у­а­зым)
F
Ди­плом №___________ _________
Бе­рі­л­ген кү­ні __________ |Фо­то­су­рет|
Қол­да­ны­лу мер­зі­мі __________ | мөл­ше­рі |
|30х40мм |
| |
| |
|________ |
____________ _________________ ______________________
Қол қою ор­ны Қол қой­ған кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­нің қо­лы
G
Ке­ме қа­ты­на­сы ком­па­ни­я­сы­ның рас­та­уы:
(Эки­паж­ды жа­сақ­тау бой­ын­ша ше­тел­дік агент­тік тек ке­ме қа­ты­на­сы ком­па­ни­я­сы уәкі­лет­ті ор­ган­ға сон­дай агент­тікті өз аты­нан өті­ніш­ті бе­кі­ту үшін уәкі­лет­тен­ге­нін анық­тай­тын жа­з­ба өті­ніш­ті жол­да­ған жағ­дай­да ға­на ке­ме қа­ты­на­сы ком­па­ни­я­ны ұсы­на ала­ды)
______________ ___________________ _____________
Қол қою ор­ны Қол қой­ған кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­нің қо­лы
Ба­ға­лау:
|__| Жұ­мыс сы­на­ғы­нан өте­у­ге ти­іс өті­ніш бе­ру­ші
|__| Қо­сым­ша ла­у­а­зым­дар­да жұ­мыс іс­теу үшін өті­ніш бе­ру­ші

Қолданыстағы