Қолданыстағы ред. 24.06.2011 (Редакция 59729_138464.kaz)

Аудан бойынша жекелеген елді мекеннің шекарасын бекіту туралы от 24.06.2011 г. № 44/5 (Аудан бойынша жекелеген елді мекеннің шекарасын бекіту туралы)

0

Аудан бойынша жекелеген елді мекеннің шекарасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 107, 108 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Қараспан ауыл округі Төреарық елді мекенінің аумағын кеңейтуге ауылдың оңтүстік шығысындағы жайылым жерден 11,33 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төреарық елді мекенінің шегі өзгертілсін.

2

2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.