Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации

Бұйрық · № 491 · қабылданған 29.09.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61102/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации Күшін жойған Бұйрық ·№ 491 ·29.09.2011
19.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 491 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о дегустационной комиссии, правил дегустации
Атауы (қаз.)
Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
491
Қабылданған күні
29.09.2011
Көрсетілген редакция
19.02.2016 61102_499846.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007235
ЭКБ идентификаторы
61102
Редакция идентификаторы
61102_499846
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:33

0 Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәмін айыру комиссиясының туралы ереже;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәмін айыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның Айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті төрағасының мынадай бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын:

1 1) «Республикалық дегустациялық комиссия туралы ереже» 1999 жылғы 6 қазандағы № 239 (1999 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 тіркелген);

2 2) «Этил спирті мен алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) дегустациялау Тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 6 қазандағы № 240 (1999 жылғы 5 қарашадағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 962 тіркелген);

3

3) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің дәмін айырудың Тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 6 қазандағы № 240 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 15 мамырдағы № 103 (2002 жылғы 11 маусымдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1874 тіркелген).

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР ҚМ СК Төрағасының орынбасары А.С. Жұмаділдаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

11 Дәмін айыру комиссиясы туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 491 бұйрығына 1-қосымша
Дәмін айыру комиссиясы туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Дәмін айыру комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дәмін айыру комиссиясының құрылу мен қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейді.

2 2. Дәмін айыру комиссиясын Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруші қоғамдық ұйымдар құрады және импортталатын және өндірілетін этил спирті мен алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) сапасын бағалауды жүзеге асырады.

3 3. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде дәмін айыру комиссиясы этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу аясына және Ережені басшылыққа алады.

4 4. Дәмін айыру комиссиясы тұрақты негізде үш сала: спирттік, ликер-арақ және шарап жасау бойынша қызмет атқарады.

5

5. Дәмін айыру комиссияның төрағасы, салалар бойынша дәмін айыру комиссиясының дербес және сандық құрамын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіру және сапасын бақылау саласында кем дегенде 7 адамнан тұратын қажетті біліктілігі бар мамандар арасынан этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілердің қоғамдық ұйымдары бекітеді.

6 6. Дәмін айыру комиссияның мәжілісі Дәмін айыру комиссияның төрағасы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Мәжілістің өткізілетін орны мен уақытын Дәмін айыру комиссияның төрағасы айқындайды.

7 7. Дәмін айыру комиссияның шешімі мәжіліске әрбір салалық комиссиядан кемінде оның құрамының жартысы қатысуы шартында қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

8

8. Дәмін айыру комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезінде Дәмін айыру комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Әрбір мәжілістің хаттамасы Дәмін айыру комиссияның хатшысы ресімдейді, оған мәжіліске қатысқан дәмін айыру комиссияның мүшелері қол қояды және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беріледі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

9 9. Дәмін айыруға шақырылған этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және импорты саласында қызметін жүзеге асырушы ұйымдар мен өзге де органдардың өкілдері өнімнің сапасын бағалайды немесе шешуші дауыс құқығынсыз мәселені талқылауға қатысады.

10 10. Дәмін айыруға ұсынылған өнімдердің дәмін айыру комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі барлық шығыстарды этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) өнімін өндіруші ұйымдар мен импортаушылар көтереді.

11 11. Дәмін айыру комиссияның жұмыстарын жүргізуге арналған шығыстардың сметасын Дәмін айыру комиссияның төрағасы бекітеді.

2 2. Дәмін айыру комиссияның негізгі міндеттері

12 12. Дәмін айыру комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті алкоголь өнімінің өндірілуін дамытуға жәрдемдесу;
өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) ағымдағы жасалатын үлгілерінің және жаңа түрлерінің, сондай-ақ рецептуралар мен технологиялық процестерді өзгерткенде этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) үлгілерінің сапасын бағалау;
төрелік дау кезінде немесе нақты өндіруші не болмаса импортаушы өнімінің сапасына жарнамашылығы келіп түскен кезде өндірілетін және импортталатын алкоголь өнімінің (сырадан басқа) сапасын бағалау;
өнімнің сыртқы безендірілуінің сапасын бағалау (тұтынушылық ыдыс, тығын, өнімнің этикеткадағы, контрэтиткадағы таңбалануы және басқалар);
әрбір отырысының нәтижесі бойынша осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәмін айыру комиссияның қорытындысын рәсімдеу және оны уәкілетті органға беру;
ұсынылған үлгілерді алкоголь өнімінің түріне сәйкестендіру;
алкоголь өнімінің конкурстары мен көрмелерін өткізуді ұйымдастыру және (немесе) қатысу.

13 13. Дәмін айыру комиссиясы:

уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) сапасын арттыру, олардың түрлерін және технологиялық процестерін жоғарылату бойынша ұсынымдар әзірлейді және береді;
бұйымдарына қанағаттандырарлық емес баға берілген этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорттаушылары мен өндірушілері дәмін айыру комиссияның келесі отырысында осы өнім атауының бір рет қайта ұсынылуына мүмкіндік береді;
қажет болғанда этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіру орнынан және сақтау үшін сақтау қоймасынан, оларды сақтауды және сатуды іске асыратын импорттаушылар мен өндірушілерден, сондай-ақ бөлшек сауда желісінен үлгілерді іріктеуді жүзеге асырады;
өнімнің сапасын бағалауды сататын орынға барып жүргізуді жүзеге асырады;
өндірушілер шығаратын этил спирті және алкоголь өнімінің конкурстары мен көрмелерінің қорытындылары бойынша медальдар, дипломдар, грамоталар және басқаларын береді.

14 14. Ескерту. 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

28 Дәмін айыру комиссияның 20___ жылғы "____" ________ № ___ қорытындысы

Дәмін айыру комиссиясы
туралы ережеге
қосымша
Дәмін айыру комиссияның 20___ жылғы "____" ________ № ___ қорытындысы
Алкоголь өнімінің ағымдағы жасалатын үлгілерінің және (немесе) жаңа түрлерінің _____________________________________________________
(этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) өндіруші-ұйымы
_____________________________________________________________________
және (немесе) импортаушы атауы)
Дәмін айыру комиссияның мәжілісінің хаттамасына сәйкес
_____________________________________________________________________
(сала атауы: спирттік, ликерарақтық, шарап жасау)
20___ жылғы "___" ______ № тауар өндіруші, импортшы, дәмін айыру комиссияның мүшелері белгіленген тәртіппен іріктеп алған өнімнің үлгілері:
1) аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) қорытындысының химиялық көрсеткіші бойынша __________________________________
(зертхананың (орталықтың) атауы)
20__ жылғы "____" № ___ қорытындысының нәтижесі _____________________
(Қазақстан Республикасының
_____________________________________________________________________
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқық актілеріне сәйкес/ сәйкес емес)
2) органолептикалық көрсеткіші бойынша ________________________
_____________________________________________________________________
(сапасының орташа дәм айыру және сыртқы безендіріліуінің бағасын)
Дәмін айыру комиссияның қорытындысы: __________________________
(Қазақстан Республикасының
_____________________________________________________________________
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқық актілеріне сәйкес/ сәйкес емес),
_____________________________________________________________________
ұсынылған үлгілерді алкоголь өнімінің түріне сәйкестендіру және т.б.)
Дәмін айыру комиссияның ұсынымы: ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Дәмін айыру комиссияның төрағасы      _________________________
(қолдары, аты-жөні)
Хатшы                                 _________________________
(қолдары, аты-жөні)

29 Дәмін айыру қағидасы 1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 491 бұйрығына 2-қосымша
Дәмін айыру қағидасы 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Дәмін айыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және дегустацияны жүргізу, этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импортталатын және өндірілетін үлгілерін табыс ету және осы өнімінің сапасына баға белгілеу тәртібін реттейді.

2 2. Дәмін айыру комиссия этил спирті мен алкоголь өнімін дегустациялауды жүзеге асыру кезінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін аясына және айналымын мемлекеттік реттеу туралы және осы Қағиданы басшылыққа алады.

2 2. Дәмін айыру тәртібі

3 3. Өнімнің дәмін айыруға ұсынылған кезде үлгілерін іріктеу техникалық реттеу салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай құжаттамамен қоса беріледі:

үлгілерді іріктеу актісі «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген нысан бойынша;
іс құжаты немесе шот;
сәйкестік сертификатының көшірмесі;
өнімнің үлгілерін сынаулардың хаттамасы;
өнімнің қысқаша сипаттамасы;
рецептураны көрсетіп, технологиялық нұсқаулықтың сипаты беріліп, ал өнімнің жаңа түрлерін бекіткен жағдайда, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттаманың жобасы ұсынылады;
үлгілерді дәмін айыруға ұсынудың мақсатын көрсете отырып хат.

4 4. Дәмін айыруға арналған өнімнің үлгілері пломбыланады және мынадай санда ұсынылады:

өнімнің жаңа үлгілерін бекіту кезінде және төрелік соттар кезінде шешімдер қабылданатын жағдайларда алты шөлмек (екі тәуелсіз лабораторияларда сынақтар жүргізу қажет болғанда);
ағымдағы дәмін айырулар кезінде 4 шөлмек (сынаулар үшін 2 шөлмек).

5

5. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу және техникалық реттеу салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келмейтін өнімді өткізген жағдайда, сондай-ақ тұтынушы сауда желісінде сапасы нашар өнімді тапқан немесе сатып алған жағдайда, техникалық қызметкер немесе дәмін айыру комиссиясының мүшелері тауар өндірушінің дайын өнім қоймасынан және этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау қоймасынан, этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау және көтерме сатуды іске асыратын импорттаушылар мен өндірушілердің, сондай-ақ мүдделі тараптардың қатысуымен бөлшек сауда желісінен өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады.

6 6. Қатысуға арналған өтінішті қатысу мақсатын көрсетумен еркін нысанда жазбаша (хат) түрде және дәмін айыру үшін алынған үлгілерді рәсімдеу үшін дәмін айыру комиссияға жібереді. Үлгілерді сақтаудың шарттары қолданыстағы нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес болуы тиіс.

7 7. Үлгілер келіп түскен сәтінен бастап дәмін айыру комиссияның билік етуіне көшеді және қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды.

8 8. Дәмін айыру жүргізілгенге дейін дәмін айыру комиссияның хатшысы техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген сынақ зертханасында (орталығында) физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша сынауды қамтамасыз етеді.

9 9. Ұсынылған үлгілердің атауы мен саны, сынауға және дәмін айыруға арналған олардың шығыстарының бағдары көрсетіле отырып, осы Қағидаға № 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.

10 10. Дәмін айыруға үлгілер, тек сынақ өткізілгеннен кейін, Дәмін айыру жүргізілгенге дейін дәмін айыру комиссияның хатшысы техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі жөнінде қорытындысы болғанда ұсынылады.

11 11. Дәмін айыру комиссиясының мәжілістері Дәмін айыру комиссиясының төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес, ал шұғыл шешім қабылдау қажет болғанда - оның нұсқауы бойынша жүргізіледі.

12 12. Дәмін айыру ашық және жабық жүргізіледі.

Дәмін айыру кезінде өнімнің тауарлық атауы және өндіруші хабарландырылмайды, ал үлгілер нөмірлермен шифрланады. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары шифрлық үлгілер жөніндегі жұмыс тапсырылатын сенімді адамды айқындайды. Өнімнің үлгілері қораптан алынады, әрбір үлгіге белгілі бір нөмір беріледі және шифрлау актісі жасалады, онда үлгілердің шифры, өнімнің атауы мен өндіруші-ұйым көрсетіледі. Дәмін айыру комиссия мүшелерінің және басқа да мамандардың, сенімді тұлғадан басқа үлгілерді шифрлауға қатысуына жол берілмейді. Шифрлау актісіне қол қойылады, конвертке салынады және
Бір тауар өндірушінің, оның ішінде импорттық өндіріс өнімнің үлгілерін дәмін айыруға ұсынған жағдайда, ашық дәм айыру жүргізіледі.

13 13. Дәмін айыру кезінде дәмін айыру комиссияның әрбір мүшесі дәмін айыру кәртішкесіне тиісті баллдар қояды. Ол дәмін айыру аяқталған соң хатшыға беріледі. Дәмін айыру комиссияның мүшелері үлгілерді дегустация кәртішкелеріне бағаларды қойғанға дейін талқылауына жол берілмейді.

14 14. Органолептикалық бағалауда қайшылық туған кезде дәмін айыру комиссиясы мүшелерінің алқалық шешімі бойынша бақылау үшін қабылдаған үлгімен өнімнің салыстырмалы дегустациясы жүргізілуі мүмкін. Қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады.

15 15. Дәмін айыру 18-20oС ауа температурасы жарық үй-жайда жүргізіледі. Бөлмеде ауа таза болуы, бөтен иістен ада болуы тиіс.

16 16. Дәмін айыру үшін арнайы нысаны бар, бұйымды оның шашырауынсыз және бұйымның хош иісін дәл біле алатындай жеңіл араластыруға мүмкіншілік беретін түссіз шыны бокалдар пайдаланылады.

17 17. Дәмін айыру комиссияның бір мәжілісіне ұсынылатын өнім түрлерінің саны немесе атаулары Дәмін айыру комиссия төрағасымен алдын-ала келісіледі. Өнім үлгілерінің саны он бес үлгіден аспауы тиіс.

Бұл ретте әрбір төрт үлгінің сапасын бағалаған соң кемінде бес минут үзіліс жасалады.

18 18. Әрбір үлгіні дәмін айырулаған соң дәмді бейтараптанатын құрал ретінде ауызды сумен шаю ұсынылады, сондай-ақ ақ нан, ащы емес ірімшік және өткір иісі мен дәмі жоқ басқа да өнімдерді қолдану ұсынылады.

19 19. Үлгілерді органолептикалық көрсеткіштерін айқындау үшін дайындау өнімнің әрбір түріне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады:

күштілігі 40% дейін жұмсартылған сумен араластырғаннан кейінгі және (20+2)oС температурасына дейін салқындатылған спирт;
арақ пен ликер-арақ бұйымдары, аперитивтер, бальзамдар олар қабылдағанға дейін ұсталынады (20 + 2)oС;
пунштер мен ромның дәмін айыру ыстық шаймен, бальзамдарды - шаймен немесе кофемен, коктейльдерді газдандырылған минералды немесе сода сумен, тоникпен және мұзбен жүргізуге ұсынылады;
десертті және күшейтілген шараптар (15 + 2)оС, асханалықтары (12 + 2)оС дейін мұздатылады;
шампан, шымырлама шараптар - (12 + 2)oС;
коньяктар, бренди (20 + 2)oС.

20 20. Дәмін айыруланатын өнім шығыстарының нормасы бұйымның сапасын әрбір органолептикалық айқындау кезінде бір дегустаторға 50 мл аспайтын мөлшерде белгіленеді.

21 21. Этил спирті, ликер-арақ және шарап өнімдері сапасының органолептикалық бағалауды осы Қағидаға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес белгіленген он баллдық жүйе бойынша дәмін айыру комиссиясының әрбір мүшесі жүзеге асырады.

22

22. Егер өнімнің дәмін айыруланатын үлгісін бағалау кезінде көрсеткіштердің бірі "қанағаттанарлық" немесе "қанағанттанғысыз" деп бағаланса, онда қалған көрсеткіштердің жоғары сапасының кезінде аталмыш үлгі бойынша жалпы балл "қанағаттанарлық" немесе "қанағанттанғысыз" деп дәмін айырушы бағалай алмайды.

23 23. Ұйымдарды органолептикалық бағалау кезінде дәмін айырулардың арасында пікір алысу немесе қандай да бір басқа да әңгімелерге жол берілмейді.

24 24. Үлгілердің дәмін айыру бағасының нәтижелерін қорыту мынадай түрде жүргізіледі:

әуелі үтірден кейін бірінші белгіге дейін дөңгелектей отырып әрбір үлгі бойынша дәмін айыру дегустаторлардың барлық ұсынған бағаларының орташа арифметикалық мәні есептеледі;
сосын 1,0 баллдан астам шамада есептік орташа көрсеткіштің ерекшеленетін дәмін айыру дегустаторлардың бағалары алынып тасталынады. Қалған бағалардың санынан кейін қайтадан орташа мәнінің бағасы есептелінеді, ол осы үлгінің түпкілікті баллдық бағасы болып табылады.

25 25. Дәмін айыруланған өнімінің сапасы туралы Комиссияның шешім пікір алысулардың және дәмін айыру комиссия мүшелерінің оның бағалауларының нәтижелерін есептеу кезінде комиссияға енгізіледі.

Орташа балл мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің бағаларынан орташа арифметикалық ретінде айқындалады.

26 26. Дәмін айыру және әрбір үлгі бойынша орташа балл айқындалған соң Дәмін айыру комиссияның төрағасы дәмін айыру дегустацияланған үлгілерге талқылау жүргізіледі. Бұл ретте дәмін айыру комиссияның мүшесі өнімнің сапасы бойынша өзінің пікірін және оны арттыру жөніндегі ұсыныстарын айтады.

27 27. Ұсынылған үлгіні органолептикалық бағалау аяқталған соң комиссияның мүшелері өнімнің сыртқы сапасын қолданыстағы стандарттарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. Дәмін айыру комиссияның нәтижелері бойынша түпкілікті шешімі хаттамамен ресімделеді.

28 28. Дәмін айыру комиссия мәжілісінің хаттамасында мыналар жазылады:

дәмін айыру дегустацияның өткізілген күні;
дәмін айыру дегустациялық комиссияның қатысқан мүшелерінің жеке құрамы (аты-жөні, лауазымы);
дәмін айыру дегустацияның мақсаты;
бұйымдардың атауы мен дайындаушы ұйымдар, импортшылар т.б-ды көрсете отырып дегустацияға ұсынған үлгілердің тізбесі;
үлгілерді кім іріктегені;
үлгінің баллдық бағасы және органолептикалық сипаттамасы;
сыртқы безендірленуін бағалау;
үлгілерді талқылау кезінде айтылған дәмін айыру дегустаторлардың ескертпелері мен ұсынымдары;
комиссияның дәмін айыру дегустацияға ұсынған үлгілерінің сапасы туралы қорытындысы.

29 29. Ескерту. 29-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.30 № 528 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

60 Дәмін айыру жасауға келіп түскен үлгілерді тіркеу журналы

Дәмін айыру қағидасына
1-қосымша
Дәмін айыру жасауға келіп түскен үлгілерді тіркеу журналы

р/с
Ке­ліп түс­кен кү­ні
Ұй­ым­ның ата­уы
Үл­гі­нің ата­уы
Іле­с­пе құ­жат­тың ата­уы
ДК мә­жі­лі­сі­нің ата­уы
ДК ше­ші­мі
шөл
л.
де­гу­ста­ция
тал­дау
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

61 Тағам шикізатынан өндірілген этил спиртінің баллдық бағалануы

Дәмін айыру қағидасына
2-қосымша
Тағам шикізатынан өндірілген этил спиртінің баллдық бағалануы
1. Этил спиртінің органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
2. Этил спирті сапасының көрсеткіші:

Са­па көр­сет­кі­ші
Ор­га­но­леп­ти­ка­лық си­патта­ма­сы
Балл­дық ба­ға­ла­нуы
Дәм ай­ы­ру­шы­ның (ко­мис­си­я­ның) қо­ры­тындысы
1.
Сырт кө­рі­ні­сі
Түс­сіз, мөл­дір сұй­ық­тық
2,0 (өте жақ­сы, жақ­сы)
Же­ңіл опа­лес­цен­ци­я­сы бар, түс­сіз сұй­ық­тық
1,8 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Мөл­дір емес, лай­сан сұй­ық­тық
1,8-ден тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
2.
Иісі
Сәй­кес ши­кі­заттан өн­ді­рі­л­ген, осы спирт­тің тү­ріне ар­нал­ған си­патта, бө­тен иісі жоқ
3,8-4,0 (өте жақ­сы)
Сәй­кес ши­кі­заттан өн­ді­рі­л­ген, осы спирт­тің тү­ріне ар­нал­ған си­патта, бі­рақ жет­кі­лік­сіз ай­қын­дал­ған
3,5-3,7 (жақ­сы)
Осы спирт­тің тү­ріне ар­нал­ған си­патта, бі­рақ әл­сіз ай­қын­дал­ған
3,2-3,4 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Осы си­патқа ие емес, бө­тен иісі бар
3,2-ден тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
3.
Дәмі
Осы спирт­тің тү­ріне ар­нал­ған си­патта, жұм­сақ
3,8-4,0 (өте жақ­сы)
Осы спирт­тің тү­ріне ар­нал­ған си­патта, бі­рақ аз ға­на шы­мыр
3,5-3,7 (жақ­сы)
Осы спирт­тің тү­ріне ар­нал­ған си­патта, бі­рақ шы­мыр, тіл үй­і­рер
3,2-3,4 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Осы спирт­тің тү­ріне ар­нал­ған си­патқа ие емес, бө­тен, дө­ре­кі өзіне сәй­кес кел­мей­тін дәмі бар
3,2-ден тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
3. Этил спирті сапасының жалпы баллдық бағалануы:

қ/қ
Ба­ға­ла­нуы
Жал­пы балл
Бұй­ым­ның осы ба­ға­ла­ну­ды алу ке­зін­де­гі та­лап­та­ры
1.
"Өте жақ­сы"
9,2 - 10,0
Бар­лық көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша "өте жақ­сы" ба­ға­ла­нуы­на ие
"Жақ­сы"
8,6-9,1
"Жақ­сы" және "өте жақ­сы" ба­ға­ла­ну көр­сет­кіш­те­ріне ие
2.
"Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық"
8,2-8,5
"Жақ­сы", "өте жақ­сы" және "қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық" көр­сет­кіш­те­ріне ие
3.
"Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық емес"
8,2 - ден тө­мен
Егер, ең ке­мін­де бір көр­сет­кі­ші "Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық емес" ба­ға­ла­нуы­на ие бол­са

62 Ликер-арақ бұйымдарының баллдық бағалануы

Дәмін айыру қағидасына
3-қосымша
Ликер-арақ бұйымдарының баллдық бағалануы
1. Ликер-арақ бұйымдарының органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
2. Ликер-арақ бұйымдары, коктейльдер, аперитивтер және бальзамдар сапасының көрсеткіші:

Са­па көр­сет­кі­ші
Ор­га­но­леп­ти­ка­лық си­патта­ма­сы
Балл­дық ба­ға­ла­нуы
Дәм ай­ы­ру­шы­ның (ко­мис­си­я­ның) қо­ры­тындысы
1
Мөл­дір­лі­гі және тү­сі
Нұр­лы, мөл­дір сұй­ық­тық, осы түр­ге ар­нал­ған си­патқа ие, тү­сі анық ай­қын­дал­ған
2,0 (өте жақ­сы, жақ­сы)
Нұ­ры жоқ, мөл­дір сұй­ық­тық, тү­сі ай­қын­дал­ған
1,8 (өте жақ­сы)
Нұ­ры жоқ, мөл­дір сұй­ық­тық, тү­сі жет­кі­лік­сіз ай­қын­дал­ған
1,6 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Лай­саң, бө­тен қо­с­па­ла­ры бар, тү­сі осы түр­ге сәй­кес кел­мей­ді
1,6-дан тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
2.
3,8 - 4,0 (өте жақ­сы)
3,5-3,7 (жақ­сы)
3,2 - 3,4 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
3,2 - ден тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
3.
Дәмі
Үй­ле­сім­ді, ке­лі­сті­рі­л­ген, осы түр­ге ар­нал­ған си­патта
3,8-4,0 (өте жақ­сы)
Жақ­сы, та­за, осы түр­ге ар­нал­ған си­патта
3,5-3,7 (жақ­сы)
Жет­кі­лік­ті то­лық ай­қын­дал­ма­ған, осы түр­ге ар­нал­ған си­патта
3,2-3,4 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Бө­тен дәм­ге ие, осы түр­ге ар­нал­ған си­патқа ие емес
3,2-ден тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
3. Ликер-арақ бұйымдары, коктейльдер, аперитивтер және бальзамдардың жалпы баллдық бағалануы:

қ/қ
Ба­ға­ла­нуы
Жал­пы балл
Бұй­ым­ның осы ба­ға­ла­ну­ды алу ке­зін­де­гі та­лап­та­ры
1.
"Өте жақ­сы"
9,2-10,0
Бар­лық көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша "өте жақ­сы" ба­ға­ла­нуы­на ие
2.
"Жақ­сы"
8,6-9,1
"Жақ­сы" және "өте жақ­сы" ба­ға­ла­ну көр­сет­кіш­те­ріне ие
3.
"Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық"
8,0-8,5
"Жақ­сы", "өте жақ­сы" және "қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық" көр­сет­кіш­те­ріне ие
4.
"Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық емес"
8,0-ден те­мен
Егер, ең ке­мін­де бір көр­сет­кі­ші "Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық емес" ба­ға­ла­нуы­на ие бол­са

63 Арақтардың баллдық бағалануы

Дәмін айыру қағидасына
4-қосымша
Арақтардың баллдық бағалануы
1. Арақтардың органолептикалық бағалануы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
2. Арақтар сапасының көрсеткіші:

Са­па көр­сет­кі­ші
Ор­га­но­леп­ти­ка­лық си­патта­ма­сы
Балл­дық ба­ға­ла­нуы
Дәм ай­ы­ру­шы­ның (ко­мис­си­я­ның) қо­ры­тындысы
1.
Сырт кө­рі­ні­сі
Тү­сі жоқ, мөл­дір нұр­лы сұй­ық­тық
2,0 (өте жақ­сы, жақ­сы)
Тү­сі жоқ, мөл­дір, бі­рақ нұ­ры жоқ сұй­ық­тық
1,8 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Лай­саң неме­се бо­я­л­ған сұй­ық­тық
1,8-ден тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
2.
Иісі
Анық ай­қын­дал­ған, осы түр­ге ар­нал­ған си­патта
3,8-4,0 (өте жақ­сы)
Жақ­сы, осы түр­ге ар­нал­ған си­патта
3,5-3,7 (жақ­сы)
Әл­сіз ай­қын­дал­ған, осы түр­ге ар­нал­ған си­патта
3,2-3,4 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Бө­тен дө­ре­кі иісі бар, осы түр­ге ар­нал­ған си­патқа ие емес
3,2-ден тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
3.
Дәмі
Та­за, жұм­сақ, осы түр­ге ар­нал­ған си­патта
3,9-4,0 (өте жақ­сы)
Осы түр­ге ар­нал­ған си­патта, бі­рақ аз ға­на шы­мыр
3,6-3,8 (жақ­сы)
Осы түр­ге ар­нал­ған си­патта, бі­рақ шы­мыр, тіл үй­і­рер
3,3-3,5 (қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық)
Бө­тен дө­ре­кі дәм­ге ие, осы түр­ге ар­нал­ған си­патқа ие емес
3,3-тен тө­мен
Дәм ай­ы­ру­дан алы­нып та­ста­ла­ды
3. Арақтардың жалпы баллдық бағалануы:
N
қ/қ
Ба­ға­ла­нуы
Жал­пы балл
Бұй­ым­ның осы ба­ға­ла­ну­ды алу ке­зін­де­гі та­лап­та­ры
1.
"Өте жақ­сы"
9,2-10,0
Бар­лық көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша "өте жақ­сы" ба­ға­ла­нуы­на ие
2.
"Жақ­сы"
8,6-9,1
"Жақ­сы" және "өте жақ­сы" ба­ға­ла­ну көр­сет­кіш­те­ріне ие
3.
"Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық"
8,3-8,5
"Жақ­сы", "өте жақ­сы" және "қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық" көр­сет­кіш­те­ріне ие
4.
"Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық емес"
8,3-ден тө­мен
Егер, ең ке­мін­де бір көр­сет­кі­ші "Қа­на­ғат­тан­ды­рар­лық емес" ба­ға­ла­нуы­на ие бол­са

64 Вино шаруашылығы өнімінің баллдық бағасы

Дәмін айыру қағидасына
5-қосымша
Вино шаруашылығы өнімінің баллдық бағасы
1. Вино шаруашылығының өнімін органолептикалық бағасы 10-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.
2. Өнім сапасының жалпы баллдық бағасы
N
р/с
Өнім­нің ата­уы
Балл­дық ба­ға
Қо­ры­тын­ды
1
2
3
4
1.
Жү­зім ша­рап­та­ры, же­ке­ле­ген және өң­дел­ген ша­рап ма­те­ри­ал­да­ры ке­мін­де
8,0
8,0-ден кем
"қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз"
2.
Ви­но ша­рап­та­ры мен өң­дел­ген ви­но ма­те­ри­ал­да­ры
- мар­ка­лық ке­мін­де
- жиын­тық­тық ке­мін­де
8,8
9,2
8,8-ден кем
және 9,2
"қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз"
3.
Шам­пан және шы­мыр­ла­ма ша­рап­тар ке­мін­де:
- ұста­лын­ған­да­ры
9,0
- же­ке­ле­ген­де­рі
8,6
Ко­ньяк­тар ке­мін­де:
- же­ке­ле­ген­де­рі
8,4
- "KB" то­бы
8,8
- "КВВС" то­бы
9,2
- "КС" то­бы
9,5

Қолданыстағы