Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области оценочной деятельности

Бұйрық · № 354 · қабылданған 31.10.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-61689/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области оценочной деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 354 ·31.10.2011
04.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области оценочной деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 354 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области оценочной деятельности
Атауы (қаз.)
Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
354
Қабылданған күні
31.10.2011
Көрсетілген редакция
04.04.2016 AI61689_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1100007301
ЭКБ идентификаторы
61689
Редакция идентификаторы
AI61689_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:20

0 Бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабының 1-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған бағалау қызметі аясында жеке кәсіпкерлік саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялауын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауын қамтамасыз етсін.

3

3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6272 тіркелген және 24.11.2010 жылғы № 319 (26380) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 15 (Тиражға шыққан уақыты 25.11.2010 ж.) «Мүлікті бағалау бойынша қызмет саласындағы тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегi № 18 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегi № 139 бірлескен бұйрығының күші жойылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
Әділет министрі                  Экономикалық даму және
___________ Р. Түсіпбеков        сауда министрдің м.а.
___________ М. Құсайынов

9 ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2011 жылғы 31 қазандағы № 354 және
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрдің м.а.
2011 жылғы 21 қазандағы № 339
Бірлескен бұйрығымен бекітілген
нысан
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерісті тағайындау туралы акт ____________________________________
(№, күні)
Лицензиаттың атауы немесе А.Ә.Т. ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ЖСН/БСН (егер ол болса) _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы _______________________________________________
_____________________________________________________________________
N
Та­лап­тар ті­зі­мі
Ия
Жоқ
1.
Мү­лік­ті ба­ға­лау, зи­ят­кер­лік мен­шік­ті, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер құ­нын ба­ға­лау қыз­мет­те­рі­мен ай­на­лы­су ли­цен­зи­я­сы­ның бол­мауы
2.
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ба­ға­лау қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2000 жы­л­ғы 30 қа­ра­ша­да­ғы № 109 За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес, ба­ға­лау жүр­гі­зу шар­тын­да мы­на­лар қам­ты­лу­ға ти­іс:
1) ба­ға­ла­у­шы мен тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің рек­ви­зит­те­рі:
же­ке тұл­ға үшін (ЖК) — те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол бол­са), тұр­ғы­лық­ты же­рі;
заң­ды тұл­ға үшін - ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі (по­шта­лық ме­кен-жайы), банк­тік рек­ви­зит­те­рі;
2) ба­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі, ба­ға­лау тү­рі;
3) ба­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің тү­рі көр­се­тіл­сін;
4) ба­ға­лау жүр­гі­зу мер­зім­де­рі;
5) көр­се­ті­л­ген қыз­мет үшін тө­леу жағ­дай­ла­ры, тәр­ті­бі мен мөл­ше­рі;
6) та­рап­тар­дың құқық­та­ры, мін­дет­те­рі мен жа­у­ап­ты­лы­ғы;
7) ба­ға­лау объ­ек­ті­сіне тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың рек­ви­зит­те­рі, не ба­ға­лау ту­ра­лы шарт жа­са­у­ға тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге құқық бе­ре­тін өзге де негіз­дер;
8) мү­лік­ті ба­ға­лау бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­ның рек­ви­зит­те­рі (оны бер­ген ор­ган көр­се­ті­ліп, ли­цен­зи­я­ның бе­рі­лу кү­ні мен нө­мі­рі).
3.
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ба­ға­лау қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2000 жы­л­ғы 30 қа­ра­ша­да­ғы № 109 За­ңы­ның 9-ба­бы­на сәй­кес, ба­ға­лау ту­ра­лы есеп­те мы­на­лар көр­се­ті­лу­ге ти­іс:
1) ба­ға­ла­у­шы­ның ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол бол­са);
2) мү­лік­ті ба­ға­лау бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні;
3) есеп­тің жа­сал­ған кү­ні және ба­ға­лау кү­ні;
4) ба­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің (объ­ек­ті­ле­рі­нің) ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі және си­патта­ма­сы;
5) ба­ға­лау жүр­гі­зу ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын ба­ға­лау тә­сіл­де­рі мен ба­ға­лау әді­сте­рі;
6) үш тә­сіл­дің, әді­стер­дің мәнін қы­сқа­ша жа­зу және осы есеп­те қол­да­ны­л­ған тә­сіл­дер­ді тал­да­уды негіз­деу.
Есеп­тің си­патта­ма бө­лі­мін­де көр­се­ті­луі ти­іс:
7) ба­ға­лау объ­ек­ті­сін бай­қау кү­ні;
8) объ­ек­ті­нің си­патта­ма­сы мен жағ­дайы;
9) объ­ек­ті­нің құ­ра­мы;
10) ба­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің ны­са­на­сы мен ағым­да­ғы пай­да­ла­ны­луы;
11) ба­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі­нің си­патта­ма­сы;
12) олар­дың құ­ра­мы ти­е­сі­лі стан­дарт­тар­да бе­кі­ті­л­ген ба­ға­ла­на­тын объ­ек­ті­нің негіз­гі си­патта­ма­ла­ры­ның си­патта­ма­сы;
13) объ­ек­ті­ні ба­ға­лау мақ­са­ты, мү­лік­тік құқық­тар мен шек­те­улер­дің си­патта­ма­сы, ба­ға­лау тү­рі;
14) ба­ға­лау әді­сте­рін таң­дау негіз­де­рі және ба­ға­ла­на­тын объ­ек­ті­нің на­рық­тық неме­се өзге құ­нын бел­гі­леу үшін пай­да­ла­ны­ла­тын әр­бір әді­стің мәнін қы­сқа­ша жа­зу
15) ба­ға­лау стан­дарт­та­ры, со­ның ішін­де ха­лы­қа­ра­лық ба­ға­лау стан­дарт­та­ры (БҚЗ 2б. 2т.) және ба­ға­лау жүр­гі­зу ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын бас­қа да нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер;
16) ба­ға­лау нәти­же­ле­рін ке­лі­сім­ге бе­ру және ба­ға­ла­на­тын объ­ек­ті­нің қо­ры­тын­ды құ­нын анық­тау;
17) Есеп­тің қо­ры­тын­ды бө­лі­мін­де объ­ек­ті құ­ны­ның ша­ма­сы ту­ра­лы ба­ға­лау кү­нін­де­гі жағ­дайы бой­ын­ша қо­ры­тын­ды ше­шім бо­луы ти­іс.
4.
Ба­ға­ла­у­шы­ның тәу­ел­сіз­дік та­лап­та­рын сақ­та­уы:
1) ба­ға­ла­у­шы заң­ды тұл­ға-тап­сы­рыс бе­ру­ші үшін ак­ци­о­нер, құ­ры­л­тай­шы, қыз­мет­кер, мен­шік ие­сі, қа­ты­су­шы, несие бе­ру­ші, де­би­тор, де­ме­у­ші бо­лып та­был­мауы ти­іс;
2) ба­ға­ла­у­шы же­ке тұл­ға-тап­сы­рыс бе­ру­ші үшін жа­қын туы­сы неме­се жек­жа­ты бо­лып та­был­мауы ти­іс;
3) ба­ға­ла­у­шы – заң­ды тұл­ға бас­шы­сы не ол уәкі­лет­тік бер­ген адам тап­сы­рыс бе­ру­ші - же­ке тұл­ға­мен және (неме­се) заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­сы­мен не ол уәкі­лет­тік бер­ген адам­мен жа­қын туы­стық неме­се жек­жат­тық қа­рым-қа­ты­на­ста бол­са, ба­ға­ла­уды жүр­гі­зе ал­май­ды.
5.
Объ­ек­ті­ні ті­ке­лей зерт­те­уді жү­зе­ге асы­ру және тап­сы­рыс бе­ру­ші­ге ба­ға­лау ту­ра­лы есеп­ті бе­ру
6.
Ба­ға­лау жүр­гізу­ге хро­но­ло­ги­я­лық тәр­тіп­те шар­ттар­дың нө­мір­ле­рі көр­се­ті­л­ген ба­ға­лау ту­ра­лы есеп­тер­ді тір­кеу кі­та­бы­ның бо­луы
7.
Жа­сал­ған ба­ға­лау ту­ра­лы есеп­тер­ді 5 жыл ішін­де сақ­тау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ды сақ­тау
8.
Бір ба­ға­ла­у­шы­лар па­ла­та­сын­да мү­ше­лік­ті рас­тау
9.
Зи­ят­кер­лік мен­шік­ті, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­дің құ­нын ба­ға­лау және мү­лік­ті (зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­ле­рін, ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­дің құ­нын қо­с­па­ған­да) ба­ға­лау бой­ын­ша қыз­мет­тің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­лі­гі:
1) заң­ды тұл­ға шта­тын­да мү­лік­ті ба­ға­лау бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­сы бар екі­ден кем емес қыз­мет­кер­дің бо­луы
10.
Ба­ға­ла­у­шы­ның аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гі­нің сақ­тан­ды­руы­ның бо­луы
Лауазымды тұлғалар:
____________________________________ ___________ ___________________
(Аты-жөні, лауазымы)              (қолы)        (аты-жөні)
____________________________________ ___________ ___________________
(Аты-жөні, лауазымы)              (қолы)        (аты-жөні)
Лицензиат:
_______________________________________________  ___________________
(Аты-жөні, лауазымы)                               (қолы)

Қолданыстағы