О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 30.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2015 AI61776_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007314
- ЭКБ идентификаторы
- 61776
- Редакция идентификаторы
- AI61776_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:31
0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті беру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Статистика агенттігі
Төраға Смаилов Ә.А.
2011 жылғы 26 қазанда
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)
0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 30 қыркүйек
№ 118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2
2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 327қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3343 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - тіркеуші) есептілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.»;
1-қосымшаның «Өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп» деген кестесінде:
8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:
»;
10-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«
Өзгерістері пайданың немесе шығынның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар, оның ішінде:
»;
12-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«
Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде), оның ішінде:
».
3 3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4 4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5 5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6 6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне енгізілетін өзгерістер
тізбесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне енгізілетін өзгерістер
тізбесіне 2-қосымша