Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации и проведении аукционов по продаже земельных участков и права постоянного землепользования

Өзге акт · № 95 · қабылданған 05.05.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-631/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об организации и проведении аукционов по продаже земельных участков и права постоянного землепользования Күшін жойған 05.05.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации и проведении аукционов по продаже земельных участков и права постоянного землепользования

Күшін жойған Өзге акт № 95 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и проведении аукционов по продаже земельных участков и права постоянного землепользования
Атауы (қаз.)
Жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95
Қабылданған күні
05.05.1997
Көрсетілген редакция
05.05.1997 631_233602.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97C000005_
ЭКБ идентификаторы
631
Редакция идентификаторы
631_233602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:07
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімінің 06.12.2004 № 12 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Заң күші бар, 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу – сату тәртібін бекіту туралы қаулысына сәйкес жер реформаларын жұзеге асыру жөнінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жерді ұтымды және тиімді пайдалану үшін барынша қолайлы жағдай туғызу, жерлер құқық қатынастары субъектілерінің жауапкершіліктері мен мүдделілігін арттыру, жылжымайтын мүлік рыногында дұрыс бәсекеге жағдай жасау, сондай-ақ жергілікті бағдарламаларды қаржыландыруға қосымша қаржы тарту және инвесторлардың жерге құқығын қорғау жөніндегі нақты кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында облыс Әкімі шешті:

1. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитетіне /мүдделік көрсету құқын беру/ қала әкіміне /аудан/ мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сату мәселелері бойынша өкілдік міндеттері жүктелсін.

2. «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін және жер пайдалану құқығын сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу туралы ережелер» бекітілсін.

3. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитетіне құқықтар берілсін:

3.1. Құрылыс, тұрғын үй және аумақта құрылыс салу жөніндегі облыстық басқармамен бірлесіп, аукциондық саудаларда сатуға комерциялық мүддесі бар жер учаскелерінің және тұрақты жер пайдалану құқығының тізбесін дайындап қала әкіміне /аудан/ ұсыну.

3.2. Қазақстан республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 бекітілген «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу – сату тәртібін бекіту туралы» қаулысына қатаң сәйкес сауданы ұйымдастыру және өткізу.

3.3. Қала Әкімі /аудан/ комитеттері мен бөлімдерінде бірінші кезекте келісіліп және дайындалатын әкімшілік жіне нормативті – құқықтық құжаттарда олардың инстанциялар бойынша жүруінің мерзіміне қатаң бақылау жасау.

3.4. Дұрыс бәсекені дамыту және сыбайластық келісім саудаға жол бермеу мақсаатында жер учаскелері және тұрақты жер пайдалану құқығы бойынша жарнама науғанын баламалы жүргізу.

4. Жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан түскен қаржының, аукцион ұйымдастыруға жұмсалғанынан басқасының жергілікті бюджет табысына түсуін тағайындау.

5. Аудан, қала Әкімдеріне, атқарушы органдар басшыларына осы шешімді міндеттеу, сауданы мерзімінде өткізуге жауапты лауазым иелеріне оны өткізу нәтижесі бойынша сыйлық беру.

10 «Бекітемін»

Облыс Әкімі
А. Мусин
«06» мардағы 1997 жыл.
Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөніндегі аукциондар өткізу туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Ереже «Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу – сату тәртібін бекіту туралы» қаулысымен сәйкес жасалынған және жер учаскелерін пайдалану құқын сату тәртібін, сонымен қатар аукционға құқықтары мен міндеттерін реттейді.

1.2. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатушылар жергілікті атқарушы органдар болып табылады, ол өзінің өкілі ауылшаруашылығы Министрлігінің жер ресурстары облыстық комитеті арқылы іс атқарады, ал жер ресурстары облыстық комитеті аукционды ұйымдастырушылармен, қатусушылармен және сатып алушылармен есеп айырысуды жүзеге асырады.

1.3. Сатып алушылар Қазақстан республикасының аумағында оның заңдарына сәйкес жеке меншік құқығындағы немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін иелене алатын жеке адамдар мен заңды ұйымдар болуы мүмкін.

1.4. Жер аукционында сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімін немесе тұрақты жер пайдалану құқығының тізбесін ауылшаруашылығы Министрлігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеті, құрылыс тұрғын үй, аумақта құрылыс салу жөніндегі облыстық басқармамен бірлесіп белгілейді және жергілікті атқарушы органдардың тиісті шешімдерімен бекітіледі.

1.5. Сатушының қызметі мыналар:

объектілердің бастапқы және ең төменгі бағасын, кепілдеме жарналарының мөлшерін бекіту;
ұйымдастырушылармен аукцион ұйымдастыруға және өткізуге шарттар жасасу;
аукцион ұйымдастырудың және өткізудің барысына бақылауды жүзеге асыру;
саудада жеңіп шыққан адамдармен сатып алу-сату шарттарын жасау;
қатысушылармен, сатып алушылармен және ұйымдастырушылар мен есеп айырысуды жүзеге асыру болып табылады.

1.6. Сатушы дербес түрде аукцион ұйымдастырады және өткізеді немесе делдалдармен /ұйымдастырушылармен/ - аукционды әзірлеп, өткізуді ұйымдастырушы өзге заңды ұйымдармен және жеке адамдармен шарттар жасасады.

1.7. Ұйымдастырушыға сылық беру мөлшері әрбір объектіні сату бағасының 5 процентінен аспайтынын құрайды.

1.8. аукционға қатысуға тіркеуден өткен жеке адамдар, мемлекеттік емес заңды ұйымдар және шет елдік азаматтар мен заңды ұйымдар қатыса алады.

1.9. Аукционға мыналар:

21 а. мемлекеттік заңды ұйымдар;

22 б. аукционды ұйымдастырушы;

23 в/ аукцион жүргізуші;

24 г/ бұрынғы жер аукциондарының саудасында жеңіп шыққан, бірақ алған жер учаскесі /тұрақты жер пайдалану құқығы/ үшін жасалған шарттардың жағдайларына сәйкес есеп айырыспаған адамдар қатыса алмайды.

2. Аукцион өткізуге дайындық

2.1. Объектінің ең төмен бағасы сәйкес белгіленген жер учаскесін /тұрақты жер пайдалану құқығы/ бағалау құнынан төмен болмауы тиіс.

2.2. бастапқы бағасы сату әдісіне байланысты белгіленеді:

28 а/ ағылшынша сату әдісі кезінде бастапқы баға ең төменгі бағаға тең болады;

29 б/ голландиялық сату әдісі кезінде бастапқы баға ең төменгң бағадан кем дегенде жүз есе артуға тиіс.

2.3. Аукционға қатысуға арналған кепілдік жарна аукционға шығарылатын барлық объектілер үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және әр объект бойынша объектінің бастапқы бағасының 10 проценті бойынша есептеледі.

31 б/ осы тармақтың «а» тармақшасына сәйкес алынған қорытындылардың орташа арифметикалық шамасы анықталады;

32 в/ ағылшынша сату әдісі бойынша аукционға шығарылатын әрбір объектінің бастапқы бағасының 50 процентіне тең шамалардың ең төмен бағасы анықталады.

33 д/ кепілдік жарналарының мөлшері осы тармақтың «б», «в» және «г» тармақшаларынан алынған қорытындылардың ең аз мөлшеріне тең етіп қабылданады.

2.4. Қатысушылар кепілдік жарналарының кез келген санын енгізуге құқықты, мұнда бір кепілдік жарнасы бір объект сатып алу құқығын береді.

2.5. Кепілдік жарнасы сауда өткізу туралы мәлімдемеде белгіленген нысан мен тәртіпте және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгізіледі, Кепілдік жарнасының мөлшері мәлімдемеде жарияланғаннан кейін өзгертілмеуі мүмкін.

Кепілдік жарнасын кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға қатысушының атынан енгізуі мүмкін. Сатушы кепілдік жарнасын алушы болып табылады.

2.6. Сауда-саттықты ұйымдастырушы сатушыдан алынған мәліметтер негізінде сатуға ұсынылатын жер учаскесі туралы ақпараттық хабарлама жасайды және оны хабарланған сауда өткізу күніне дейін 15 күннен кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде республикалық және жергілікті баспасөзде жариялайды.

Ақпараттық хабарламаға:
жер учаскесінің (жоспары, учаскенің мекен-жайы мен жер жағдайы оның алаңы жәңе жер учаскесін сату шарттары;
неліктен алынатын құқықтың түрі /меншік немесе тұрақты жер пайдалану құқығы:
аукцион өткізу кезінде жер учаскесіне түсетін барлық белгілі қиындықтар /шектеулер/ тізбесі;
жер салығының мөлшері, сауда өткізу күні, уақыты, орны мен жағдайлары;
бастапқы бағасы, нысаны мен шарттары;
саудаларға қатысу өтініміне қоса берілетін сатып алушы құжаттарының тізбесі;
өтінімдер қабылдаудың ақырғы мерзімі;
кепілдік жарналар сомасы мен оларды енгізу тәртібі, сондай-ақ сатушының депозиттік шоты енгізілуі тиіс.

2.7. Аукционға қатысушыларды тіркеу мәлімдеме жариялаған күннен бастап жүргізіледі және аукционның басталуынан бір сағат бұрын аяқталады.

2.3. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін:

аукционға қатысу туралы өтінімді:
жеке басын куәландыратын құжатты;
кепілдік жарнасын енгізгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
өкілдік өкілеттігін куәландыратын құжаттарды беру қажет.
Заңды тұлғалар бұларға қоса жарғы мен заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің нотариуспен куәландырылған көшірмелерін береді.

2.9. Сатушы мен ұйымдастырушы құқылы емес:

қатысушыдан аукционға шығарылғандардың ішінен осы немесе басқа объект сатып алу ниеті туралы ақпаратты талап етуге;
барлық сауда- саттыққа даялану және оны өткізу кезеңі ішінде-саудаға қатысушыларға қатысы бар ақпараттарды жариялаута;
қатысушы ретінде тіркеу үшін осы Тәртіптің 39-тармағында аталғандардың басқа, қосымша құжаттар беруін талап етуге.

2.10. Тіркеуден өткен тұлға қатысушы билетін алады, ол аукцион болатын күні аукциондық нөмірмен алмастырылады.

Мұнда ұйымдастырушы берілетін нөмірлерді белгіленген объектілерге бекіте отырып тіркеуге құқыкты емес. Сауда процесінде басқа тұлғалардың аукцион нөмірлерін пайдалануын тыйым салынады.

3. Сауда-саттыкты өткізу

3.1. Аукционды аукцион өткізуші жүргізеді. Аукционға аукцион өткізу тәртібін хабарлаудан басталады. Қатысушылар мен катынасушы тұлғалар сауда өткізу ережелерін бұзған жағдайда аукцион өткізуші оларды аукцион өтіп жатқан

жерден аулақтатуы мүмкін. Объектілерді сатуға шығару жүйелілігі туралы шешімді аукцион өткізуші қабылдайды.

3.2. Әрбір объектідегі сауда аукцион өткізушінің объект атауын, оның қысқаша сипаттамаө сын, сауданың өткізілу әдісін бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамдарын хабарлаудан басталады. Аукцион өткізуші сауда процесінде қадамдарды хабарлай отырып, өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамы объектінің осы бағаларының 5 процентінен 10 процентіне
дейінгі шектерде белгіленеді.

3.3. Сауда төменде баяндалған екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.

3.4. Ағылшынша сату әдісі. Аукцион өткізуші объектінің бастапқы бағасы мен бағалардын ұлғаю қадамын хабарлайды.

Саудаға қатысушылар нөмірдің көтерілуіне байланысты старттық бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Қолайлы болу үшін аукцион өткізуші объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектеуі мүмкін. Аукцион өткізуші объект бойынша саудаға қатысушы аукцион нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және өсіруді ұсынады. Объект бойынша сауда-ұсынылған ең жоғары бағада дейін жүреді. Аукцион өткізуші объект үшін ең жоығары баға берген қатысушыны хабарлайды. Аукцион өткізуші объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды, басқа көтеріген нөмірлер жоқ болса, онда балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғанын хабырлайды.
Объектілер бойынша саудаға қатысушылар саны оның екіден кем-бөлігі болмаған жағдайда ғана объектілер саудасы болған деп есептеледі.
Сауда да ұтқан тұлға анықталғаннан кейін-ұтыс иесі сауда өткізу рәсімдері мен қорытынды бойынша тиісті міндетте сондай-ақ сатып алу- сату шартының жағдайларын орындамаған жағдайда сатушы саудада осы объект үшін мөлшеріне қарай екінші баға берген қатысушыға /екінші сатып алушы/ объектіні сатып алу құқығын беруте тиіс.

3.5. Голландиялық сату әдісі. Аукцион өткізуші объектінің бастапқы бағасын хабарлайды және жаңа бағаны хабарлай отырып мәлімденген қадам арқылы оны төмендетеді. Аукцион өткізуші баға хабарланған кезде аукцион нөмірін бірінші көтерген қатысушының нөмірін атайды және балға соғу арқылы оны осы объект саудасында ұтысқа ие болған тұлға деп жариялайды.
Егер екі немесе одан да көп нөмірлер бір мезгілде көтерілген жағдайда аукцион өткізуші нөмірді кім бірінші көтерсе, соған шешім қабылдайды қатысушылар оған таласуға құқылы емес. Ерекше жағдайларда аукцион өткізуші жеребе тастау рәсіміне жүгінуге құқылы.
Егер бастапқы баға баға хабарланған сәтте ұсынылған бағаға келісетін икі, не одан да көп қатысушылар болған жағдайда аукцион өткізу саудада ұтатын адам анықталғанша бағаны белгіленген қадам мөлшеріне дейін көтере бастайды.
Егер аукцион өткізуші объектінің ең төмен бағасын хабарлаған кезде қатысушылардың бірде-біреуі аталған объектіні сатып алуға тілек білдірмесе, онда объект саудадан алынады.

3.6. Бір аукционда екі сату әдісін жүргізуге рұқсат етіледі. Мұнда бірінші кезекте голландиялық сату әдісі жүргізіледі.

3.7. Әрбір сатылған объект бойынша сату қорытындылары хаттамамен рәсімделеді.

Хаттамаға қол қою үшін аукцион өткізуші саудада ұтқан тұлғаны, екінші сатып алушыны шақырады /ағылшынша сату әдісі кезінде/. Хаттама сатушы, сатып алушы және ұйымдастырушы үшін үш дана етіп жасалады. Ұйымдастырушы сауда қорытындылары туралы хаттаманың бір данасын аукцион өткен күннің ертеңіне-ақ сатушыға беруге міндетті.

3.8. Сауда қорытындылары туралы хаттама сауда қорытындылары және саудада ұтқан тұлғаның міндеттемелері мен сатушының сату барысында белгіленген баға бойынша объектіні сатып алу-сату жайында жасаған шарттарын жазып отыратын құжат болып табылады.

3.9. Егер объект бірінші аукционда сатылмаса, онда екінші және одан кейінгі аукциондарға үлкен аралықта, арасына 30 күн салып шығарылады.

Объект бірінші және екінші аукциондарға шығарылады және ол ағылшынша сату әдісімен, үшінші және кейінгі аукциондар голландиялық сату әдісімен өткізіледі.

4. Есептесу тәртібі

4.1. Сатушы сату аяқталған сәттен бастап 10 күнтізбелік күннен артық емес мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоюға міндетті.

Жер аукционының жеңімпазы сауда хаттамасына қол қойылған күннен бастап 30 күн /күнтізбелік/ ішінде сатып алу-сату шарты жасалатын соманы аукционға қатысушылар мен есептесу жайындағы міндеттерді жүзеге асыратын ұйымдастырушы есебіне аударады.
Сатып алу-сату шарттарының жағдайлары ақпараттық хабарламада көрсетілген сату шарттарына қайшы келмеуі тиіс.
Саудада жер учаскелерін жеке меншікке немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алған кезде сатып алушы енгізген кепілдік жарнасының сомасы оның сатып алу-сату шарты жөніндегі төлемінің сомасына қосылады.
Егер сату объектілерінің құнын кепілдік жарнасының сомасынан аз болып көрінген жағдайда, олардың арасындағы айырмашылық 5 банк күнінен кешіктірілмей саудада ұткан тұлғаға қайтарылады. Егер саудаға қатысушы енгізген кепілдік жарналарының саны саудаларда сатып алынған объектілер санынан көп болып көрінсе, онда пайдаланылмаған кепілдік жарналары аукцион аяқталған күннен бастап 5 банк күн ішінде қатысушыға қайтарылады.
Саудаға қатысушылардың кепілдік жарналары сомасынан саудаларды ұйымдастыру жөніндегі шығындарды өтеуге қажетті қаражаттар алынады. Кепілдік жарнасының қалған сомасы аукцион аяқталған күннен бастап 5 банк күнінен артық емес мерзімде барлық аукционға қатысушыларға қайтарылып беріледі, егер ақшалар аукционнан кейін, не олардың түскен күнінен бастап 5 банк күн ішінде сатушы есебіне түссе де оларға қайтарылып беріледі.
Сатушы саудада ұтқан тұлғаның осы Тәртіптің 30-тармағындағы талаптарға жауап бермеу жағдайларынан басқа, сауда қорытындылары немесе саудада ұтқан тұлғамен жасалған сатып алу-сату шарты туралы хаттамаға қол қоюдан жалтаруға құқықты емес.
Соңғы төлемнің мерзімі 5 банк күнінен асқан жағдайда, егер бұл жағдай шартта ескертілген болса, онда сатушы шартты бір жақты тәртіп бойынша бұзуға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сатып
алушыдан шығындарды өтеуді талап етуге құқылы /жалпы бөлім/.

4.2. Сатушы:

тұлға аукцион өткізуге кем дегенде үш күн қалғанда аукционға қатысудан бас тартқанда;
Саудада үтқан тұлға және екінші сатып алушы /ағылшынша сату әдісі кезінде/ сауда қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасаудан бас тартқанда;
сатып алу-сату шарты жөніндегі міндеттемелерді орындамағанда немесе оларды тиіссіз орындағанда кепілдік жарнасын қайтарып бермейді.

4.3. Белгіленген аукцион өткізу тәртібі бұзылған жағдайда оның нәтижелері жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Жер аукциондарының нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен каралады.