О рейтинговой системе оценки социально-экономического положения районов и г. Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О рейтинговой системе оценки социально-экономического положения районов и г. Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингтік бағалау жүйесі туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 17.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2000 6381_292107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00C000572_
- ЭКБ идентификаторы
- 6381
- Редакция идентификаторы
- 6381_292107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:35
0 Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингтік бағалау жүйесі туралы
Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін ұйымдастыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымша жасалған:
1) Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингтік бағалау жүйесін есептеу әдістемесі;
2) Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингтік бағалау жүйесі үшін өлшемдер (индикаторлар) тізбесі;
3) Ақтөбе қаласы мен аудандарға рейтинг жүргізу жөніндегі облыстық басқармалар мен комитеттердің өлшемдері бекітілсін.
2. Облыстық басқармалар мен комитеттер әр айдың 10-на дейін облыстық экономика басқармасына бекітілген өлшемдердің (индикаторлардың) тізбесі бойынша. Ақтөбе қаласы мен аудандардың көрсеткіштерін ұсынып отырсын.
3. Облыстық экономика басқармасы (Н. Қ. Әбдібеков) ұсынылған мәліметтердің негізінде тоқсан сайын Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингін анықтасын және есепті тоқсаннан кейінгі келесі айдың 20-на дейін облыс Әкімінің жанындағы аймақтық түйінді мәселелер жөніндегі кеңестің қарауына ұсынып отырсын.
4. Облыс Әкімінің 1999 жылғы 23 наурыздағы «Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің рейтингін анықтау үшін өлшемдер (индикаторлар) тізбесі туралы» № 38 шешімнің күші жойылды деп есептелінсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. Супрунға жүктелсін.
9 Облыс әкімінің 2000 жылғы
30 наурыздағы № 39
шешімімен бекітілді
Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингтік бағалау жүйесін есептеу әдістемесі
Рейтинг жүйесінде өлшемдер (индикаторлар) тізбесі қызметтердің салалары бойынша бес негізгі бөлімдері төмендегі өлшемдерден (индикаторлардан) тұрады:
1. Бюджеттік көрсеткіштер
2. Экономикалық көрсеткіштер
3. Кәсіпкерлікті дамыту
4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
5. Әлеуметтік сала және экология
Есептеу негізіне орын белгілеу әдістемесі алынды, көрсеткіштерді бағалау кезінде салыстырма үшін мағынаның өздері емес, яғни рангтік мағына немесе «орындар» пайданалатын болады.
Негізгі бағыттар бойынша аймақтардың жұмысын бағалау үшін әр бөлімге қосымша өлшемдер (индикаторлар) енгізілген.
Негізгі бағыттардың бөлімдері бойынша алдымен қосымша көрсеткіштер бойынша аймақтардың дәрежесі (орындары) анықталады. Содан кейін қосымша көрсеткіштердің дәрежелерін (орындарын) қосындылау жолымен негізгі бағыттардың бөлімдері бойынша рейтинг жиынтығы шығарылады.
Өлшемдер (индикаторлар) құрамындағы әр бөлімнің маңыздылық салмағын ескере отырып, төмендегідей жоғарылату коэффициенттері қолданылады; бюджеттік көрсеткіштер бойынша – 1,30; экономикалық көрсеткіштер бойынша – 1,25; кәсіпкерліктік дамыту – 1,15; халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамты – 1,20; әлеуметтік сала және экология көрсеткіштері бойынша – 1,10.
Осы коэффициенттер негізгі бөлімдер бойынша алынған қортындыларға көбейтіледі және рейтинг жиынтығын тәртіптеу жолымен аймақтардың орындарды анықталады. Содан кейін негізгі бағыттардың бөлімдері (блоктары) бойынша алынған орындардың маңыздылық қосындысы жинақталады және аймақтар бойынша оның қорытындысы шығарылады.
Негізгі көрсеткіштердің жалпы нәтижесі бойынша әр аймақтың рейтингі анықталады. Аймақтар арасындағы орындар ең аз нәтижеден бастап белгіленеді (1,2,3 және одан әрі).
15 Облыс әкімінің 2000 жылғы
30 наурыздағы № 39
шешімімен бекітілді
Ақтөбе қаласы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын рейтингтік бағалау жүйесі үшін өлшемдер (индикаторлар) тізбесі
№
Өлшемдердің (индикаторлардың) аттары
Өлшем бірлігі
Көрсеткіштерді ұсынуға жауаптылар
1. Бюджеттік көрсеткіштер
1.
Бюджетке салықтардың және басқа да төлемдердің түсуі
Болжамға % есебімен
Облыстық салық комитеті
2.
Жергілікті бюджетке табыстардың түсуі
Болжамға % есебімен
Облыстық қаржы басқармасы
3.
Бюджетке мерзімінде төленбеген алым
Жиналған салық көлеміне мерзімінде төленбеген алым сомасының ара қатысы, процент есебімен
Облыстық салық комитеті
4.
Жергілікті бюджеттердің несиелік (кредиторлық) борышы
Жыл басына процентпен
Облыстық қаржы басқармасы
5.
Бюджеттік ұйымдардың еңбекақы бойынша қарыздары
Айлық төлем қорына еңбекақы бойынша қарызының ара қатынасы, процентпен
Облыстық қаржы басқармасы
6.
Балаларға төленентін жәрдемақы бойынша қарыздар
Қарыз көлемінің айсайынғы төленетін сомаға ара қатынасы, процентпен
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, Облыстық қаржы басқармасы
2. Экономикалық көрсекіштер
77.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, салыстырмалы бағамен
1999 жылға процент есебімен
Облыстық статистика басқармасы
88.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі
1999 жылға процент есебімен
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
99.
Мал басының барлық түрінің өсу (азаю) қарқыны
1999 жылға процент есебімен
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
110.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылай сауақтыру және реформалау
Өлшем бойынша аймақтардың дәрежелері анықтаталады
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
111.
Жер қатынастарының мәселері
Өлшем бойынша аймақтардың дәрежелері анықтаталады
Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет
3. Кәсіпкерлікті дамыту
12.
Қызмет жасайтын субъектілерідің саны (заңды тұлғалар)
Жұмыс жасайтын субъектілердің тіркелген субъектілерге ара қатынасы, процент есебімен
Шағын кәсіпкерлік Департаменті
13.
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны
1.01.2000 жылға процент есебімен
Шағын кәсіпкерлік Департаменті, Облыстық статистика басқармасы
14.
Өндірілген өнімдердің көлемі (жұмыстар, қызметтер)
1999 жылға процент есебімен
Шағын кәсіпкерлік Департаменті, Облыстық статистика басқармасы
15.
Салықтық төлемдердің бюджетке түсуі
1999 жылға процент есебімен
Шағын кәсіпкерлік Департаменті
4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
16.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілген әлеуметтік көмектің көлемі (барлық қаржыландыру көзі есебінен)
1999 жылға процент есебімен
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
17.
Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша өтініш
Өтініш жасағандардың арасынан процент есебімен
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
18.
Жұмыссыздардың арасынан қоғамдық жұмысқа жіберілген
Жұмыссыздардың санына процент есебімен
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
5. Әлеуметтік сала және экология
19.
Білім берудің жағдайы
Өлшем бойынша аймақтардың дәрежелері анықталады
Облыстық білім басқармасы
20.
Денсаулық сақтаудың жағдайы
Өлшем бойынша аймақтардың дәрежелері анықталады
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
21.
Мәдениет қолдау
Өлшем бойынша аймақтардың дәрежелері анықталады
Облыстық мәдениет басқармасы
22.
Экология мәселері
Өлшем бойынша аймақтардың дәрежелері анықталады
Облыстық қоршалған органы қорғау басқармасы
23.
Қылмыс деңгейі
1999 жылға процент есебімен
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық және әскери жұмылдыру бөлімі
24.
Төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Өлшем бойынша аймақтардың дәрежелері анықталады
Облыстық төтенше жағдай жөніндегі басқармасы
16 Облыс әкімінің 2000 жылғы
30 наурыздағы № 39
шешімімен бекітілді
Ақтөбе қаласы мен аудандардың рейтингін өткізу жөніндегі облыстық басқармалар мен комитеттердің өлшемдері (критерий)
1. Ауыл шаруашылығының реформалау және қаржылай сауықтыру:
1) Ауыл шаруашылығы құрылымдарының несиелік (кредиторлық) қарыздарының қозғалысы, қаралып отырған кезеңнің аяғындағы жыл басына қатынасы бойынша % есебімен;
2) Бір шаруашылық есептегендегі ауыл шаруашылық дамыту үшін тартылған инвестициялар (негізгі құрал-жабдықтарды, асыл тұқымды малдарды, таңдаулы элита тұқымдарды сатып алу), қаралып отырған кезеңнің соңына;
3) Ауыл шаруашылығы техникаларының маусымдық далалық жұмыстарға дайындығы өткен кезеңнің тиісті кезеңіне салыстырмалы процент есебімен;
4) Машина-технологиялық стансалар санының өсу қозғалысы процент есебімен және олардың жыл басындағы көрсеткен қызметтерінің көлемі процент есебімен;
5) Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бірлестіктіктерінің санының өсу қозғалысы;
6) процент есебімен және олардың жылдың басталу қарсанындағы көрсеткен қызметтерінің процентке шаққандағы көлемі;
7) Жыл басындағы көрсеткіштерге процентке шаққандағы сауда сатып алу кооперативтерінің көрсеткішке процентке шақандағы ақпараттық-маркетинг желілерінің санының өсу қозғалысы.
2. Жер қатынастарының мәселелері
1) Салық базасын ұлғайту мақсатында тыңайған жерлерді егістікке тарту, жер көлемі мың гектар есебімен және жерге төлем процент болжамға;
2) Жер учаскелерінің иелеріне және жер пайдаланушыларға жеке меншіктік немесе жерді пайдалануға құқықтық актілерін беру, берілген тапсырманың орындалуы процент есебімен;
3) Жер учаскелерін сатуға, жалға, ипотекалық несие алуға кепілдікке беруге бағалау жүргізу, болжамының орындалуы процент есебімен;
4) Елді мекендердің шекарасындағы жер-шаруашылығы құрылымын анықтау, орындалған жобаның саны;
5) Жер үлестерінің дербестік құрамын анықтау, жоспардың орындалуы процент есебімен;
6) Бұзылған жерлерді қайта өндеу, жоспардың орындалуы процент есебімен.
3. Білім берудің жағдайы:
1) Жаппай білім беру;
2) Білім берудің мазмұны;
3) Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстары;
4) Кадрлардың сапалық құрамы және қайта дайындау;
5) Мектептердің материалдық базалары;
6) Қаржылық-атқарушылық тәртіп;
7) Жазғы кезендегі оқушыларды қамту деңгейі;
8) Лицензиялық жиынның жоспарының орындалуы.
Рейтинг 5 балдық жүйемен есептеліп аймақтардың білім беруден орны анықталады.