Об утверждении Положения о порядке проведения открытых тендеров по продаже объектов приватизации коммунальной собственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о порядке проведения открытых тендеров по продаже объектов приватизации коммунальной собственности
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін ашық тендер арқылы сату тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 381
- Қабылданған күні
- 03.04.2000
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2000 6405_259522.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- S000000014_
- ЭКБ идентификаторы
- 6405
- Редакция идентификаторы
- 6405_259522
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:33
0 Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін
ашық тендер арқылы сату тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 10.08.2000 № 478 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығына және "Коммуналдық меншiктегi нысандарды жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркїйектегi № 1431 қаулысына сәйкес шешiм етемiн:
1. Коммуналдық меншiктегi жекешелендiру объектiлерiн ашық тендер арқылы сату тәртiбi жөнiндегi ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмнiң орынбасары Е.О. Рахметовке жүктелсiн.
3 Қосымша
Облыс әкімінің
2000 жылғы 04.04.
№ 381 шешімімен
бекітілген
Коммуналдық меншiктегі жекешелендiру объектiлерiн ашық тендер
арқылы сату тәртiбi жөнiндегi ереже
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығына және "Коммуналдық меншiктегi нысаналарды жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1431 қаулысына сәйкес әзiрлендi және коммуналдық меншiктегi жекешелендiру объектiлерiн сатудың ашық тендер өткізудi ұйымдастыру тәртiбiн реттейдi.
2. Ереже ашық тендердi ұйымдастыру мен өткiзудiң шартын, қатысушылардың ұсыныстарын қабылдау, тендерде жеңiп шыққан Тұлға туралы шешiм қабылдау жјне жекешелендiру нысаныныѕ меншiктiк құқығы мен жалпы тәртiбiн анықтайды.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұйымдар пайданылады:
"Сату объектiсi" - мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк коммуналдық меншiктегi кәсiпорын мен мекеме: тұйықталған технологиялық айналымды бұзбай, одан бөлiнген өндiрiстiк бөлiмшелер мен құрылымдық бiрлiктер: шаруашылық серiктестiктердiң және акционерлiк қоғамдардың жарғылық қорындағы мемлекеттiк үлестерi мен акциялары.
"Сатушы" - Маңғыстау облысы әкiмiнiң коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi.
"Қатысушы" - Тендерге қатысу үшiн бекiтiлген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға.
"Тендер" - жекешелендiру объектiлерiн белгілi бiр шартпен, ашық сауда-саттық бойынша сату.
"Коммерциялық тендер" - тендердiң барлық шартын орындауға келiскен, жекешелендiру объектiсiне ең жоғарғы баға ұсынған Қатысушыны жеңiмпаз деп танитын, Қатысушылар арасында өткiзiлентiн сауда-саттық.
"Инвестициялық тендер" - тендердiң шартына сәйкес ең жақсы бағдарлама ұсынған, комиссияның шешiмi бойынша Қатысушыны жеңiмпаз деп танитын сауда-саттық.
"Объектiнiң бастапқы бағасы" - тендерге қойылған кездегi объектінің бағасы.
"Тендердi жеңiп шыққан Тұлға" - коммерциялық тендерде ең жоғары баға ұсынған қатысушы немесе инвестициялық тендерде ең жақсы бағдарлама ұсынған қатысушы.
"Сатып алушы" - тендердi жеңiп шыққан және белгiлi бiр мiндет бойынша Сатушымен объектiнi сатып алу-сату шартына отырған Тұлға.
4. Объектiнi тендер арқылы сатуға шығару мен тендердiң түрiн анықтау туралы шешiмдi облыс әкiмiнiң келiсiмi бойынша Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiн басқару жөнiндегi Департаментi қабылдайды.
5. Тендердi өткiзу мен ұйымдастыруды қолданылып жүрген заңдармен анықталған және осы ережеге сәйкес Сатушы жүргізедi.
Сатушы:
1) тендер өткiзiлетiн жер мен уақытын белгiлейдi;
2) тендерлiк комиссияны жасақтайды;
3) тендердi ұйымдастыру мен жүргізудiң барысына бақылау жасайды;
4) тендерде жеңiп шыққан Тұлғамен сатып алу-сату шарттарына отырып және оның орындалуына бақылау жасайды;
5) Қатысушылармен, Сатып алушылармен есеп айрысуды жүзеге асырады.
Сатылатын объектінің бастапқы бағасын есептеуге, сонымен қатар тендердіѕ шарттарын анықтау үшiн Сатушы тәуелсiз консалтингалық фирманы тартуға құқылы.
2. Тендерлiк комиссия
6. Тендерді дайындау мен өткізу үшін Сатушы құрамында Сатушының, облыстық қаржы басқармасының, облыстық экономика басқармасының, салық комитетiнiң және Сатушының қалауы бойынша басқада мүдделiлiк бiлдiретiн мекемелердiң өкiлдерiнен тұратын комиссия жасақтайды. Комиссия құрамының саны 5 адамнан кем болмауы тиiс.
Комиссияның төрағасы Сатушының өкiлi болады. Комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып есептеледi.
7. Комиссия:
1) өз бетiмен өздерiнiң жұмыс уақытын жасақтайды және оны бекiтедi;
2) тендердiң шартын және тәсiлiн анықтап бекiтедi;
3) тендердегi объектiнiң бастапқы бағасын бекiтедi;
4) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн белгiлейдi;
5) аппарат хабарды Жариялау туралы шешім қабылдайды;
6) тендер өткізеді;
7) тендерде жеңіп шыққан Тұлғаны хабарлайды.
8. Тендер өткізуді дайындауды тендер өткізу туралы ақпарат хабарларды өз уақытында жариялауды, қатысушыларды тендердің талаптарымен таныстыруды, қатысушыларды тіркеу жјне өтінім қабылдауды қамтамасыз ететін Сатушының қызметкерлері арасынан құралған жұмысшы тобы жүзеге асырады, түскен құжаттарды комиссияның қарауына береді.
3. Тендердi ұйымдастыру және өткiзу
9. Тендердің талаптары мынадай болуы мүмкiн:
1) өндіріс көлемінің, шығарылған өнімнің түрлерінің немесе көрсететін қызметтің белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету;
2) өнімдерді белгілі бір тұтынушыға жеткізу;
3) баға қоюдың, соның ішінде бағаның ең шекті деңгейі бойынша шектеу шарттары;
4) табиғатты қорғау шараларын жүргiзу;
5) жаға жұмыс орындарын ашу немесе сақтау;
6) өндірістік объектілерді және әлеуметтік инфрақұрылымдарды пайдаланудың бұрыннан қолданылып келген тәртiбi мен шарттарын сақтау;
7) сату бағасы;
8) объектіге берiлетiн инвестицияның көлемi, түрi мен мерзiмi жөнiндегi міндеттерi;
9) белгiленген мерзiмде кредиторлық берешектi өтеу;
10) еңбек ақы бойынша берешектi өтеу;
11) мәмiле жасауды шектеу (қайта сату, кепiлдiкке, басқаруға беру және басқалар) және/немесе белгiленген уақыт арасында объектiге байланысты белгілі бiр iс-қимыл жасауға тыйым салу;
12) Комиссияның шешiмi бойынша басқа да шарттар.
10. Комиссия тендердiң шарттарын, объектiнiң бастапқы бағасын бекiтеді, кепiлдiк жарнаның мөлшерiн белгiлейдi, кейiнде қалдырып төлеу мүмкiндігiн және басқада тендердi ұйымдастыру қызметтерiн бекiтедi.
Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна объектiнiң бастапқы бағасынан 5%-15% аралығында белгiленедi.
11. Тендер өткiзу жөнiндегi ақпарат хабарлар, қатысушыларды оған жiберу Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығы мен тиiстi нормативтiк актiлерге сәйкес реттеледi.
12. Тендерге қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендердiң өтуiне 3 (үш) күн қалғанда аяқталады. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген Тұлғаның комиссияға өтiнiмдi қабылдау уақытын ұзартуға тiлек бiлдiрiп өтiнiш етуге құқығы бар. Егер комиссия белгiлеген уақытты ұзартуға келiскен жағдайда ол бәрiне бiрдей тарайды.
13. Тендерге қатысу өтiнiмдерiне тендердi еткiзу туралы ақпараттық хабарда көрсетiлген тәртiппен объектiнi сатып алу-сату шартына отыратындығын бiлдiретiн жеке және Заңды Тұлғалардың жазбаша түрдегi мiндеттемесi кiредi.
Коммерциялық тендерге қатысу өтiнiмдерiне объектiнi сатып алу бағасы бойынша коммерциялық ұсыныс жалғанады.
Инвестициялық тендерге қатысу өтiнiмдерiне тендердiң шарттарына сәйкес жасалған бағдарлама және объектiнiң бағасына ұсыныс тiркеледi.
Тендерге қатысуєа ниет бiлдiрген Тұлғалардың құжаттары арнаулы журналға тiркелгеннен соң, тендер өтетiн күнге дейiн арнаулы сейфте сақталады.
14. Талап етiлген құжаттардың толық жинағы тапсырылған кезде, өтiнiмдер қабылданып, тендерге қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi.
Тендерге қатысушыларды тiркеу аяқталєан күнi, тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлєаларды қабылдау жөнiндегi жұмысшы тобының хаттамасын комиссия мүшелерiне бередi.
15. Тендерге қатысушыларды тiркеу хаттамасы комиссияда қаралады және бекiтiледi.
Хаттама мынадай мазмұнда болуы тиiс:
өтiнiмдi қабылдау орыны және уақыты;
тендердi өткiзетiн уақыты және орыны;
тендерге шығарылатын объектiлердiң атауы;
тендерлiк комиссиядаєы жұмысшы топтың құрамы;
тендерге қатысуға жiберiлмеген қатысушы туралы ақпарат, бұндай шешiмнiң негiздемесi;
тендерге жiберiлген қатысушылар туралы ақпарат;
тiркеуден өткен Тұлға, тендерге Қатысушы мәртебесiне ие болады.
16. Егер теңдерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден кем болса, жекешелендiру объектiсi бiр ғана Қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және келесi тендерлерден басқасы, тендердiң өтпегенi болып есептеледi.
17. Комиссия отырысында Қатысушылардың өтiнiмдерi олардың ұсыныстарымен қатар зерттеледi және салыстырылады. Комиссия талап етiлген құжаттар мен мәлiметтердiң бар екенiн анықтап, барлық заңды талаптардың сақталғандығын тексередi. Комиссия барлыќ мүшесi әрбiр Қатысушының ұсынысымен танысуы тиiс.
18. Коммерциялық тендер өткiзiлген кезде Комиссия, тендердiң шартын қанағаттандырған және объектi үшiн ең жоғарғы баға ұсынған Қатысушыны тендердi жеңiп шыққан Тұлға деп жариялайды.
Егер коммерциялық тендерде, екi және одан да көп Қатысушылардың ұсыныстары тендердiң шартын қанағаттандырып және бiрдей баға ұсынған жағдайда, Жеңiмпазды анықтау үшiн объектiнiң бағасы бойынша сауда-саттық жүргiзiледi.
19. Инвестициялық тендер өткiзген кезде, қатысушылардың бағдарламасын комиссия қарайды. Комиссия белгiлеген жеңiмпазды анықтау өлшемдерi бойынша тендердi жеңiп алған Тұлғаны комиссия анықтайды.
Тендердiң шарттарын қанағаттандырған және ең жақсы бағдарлама ұсынған қатысушыны, Комиссия тендердi жеңiп шыққан Тұлға деп жариялайды.
Егер инвестициялық тендерде, екi және одан да көп Қатысушылардың инвестиция бойынша ұсыныстары және басқада факторлары бiрдей мағынада болса, онда Жеңiмпазды анықтау үшiн объектiнiң бағасы бойынша сауда-саттық жүргізiледi.
20. Комиссия шешiмi хаттамамен рәсiмделедi, оған комиссия мүшелерi және төраға қол қояды. Комиссия мүшесiнiң хаттамаға жазбаша түрде өзiнiң ерекше пiкiрiн жазуға және оны хаттамаға тiркеуге құқығы бар.
Тендер аяқталғаннан кейiнгi бiр күннен кешiктiрiлмей комиссия тендердiң қорытындысын жариялайды.
21. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттама тендердiң нәәтижелерiн, сонымен қатар тендердi жеңiп шыққан Тұлға мен Сатушының арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша көрсетiлген талаптар мiндеттерiн тiркейтiн құжат болып есептеледi.
Тендер аяқталєан соң 10 (он) күнтiзбек күннен кешiктiрiлмей, қабылдау-тапсыру актiсi деректерiнiң және тендер нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде Сатып алушы мен Сатушы сатып алу-сату шартына қол қояды.
22. Егер объект тендерде сатылмаған жағдайда Сатушы оны сатудың тәсiлi туралы шешiм қабылдайды.
4. Сатып алушылармен есеп айрысу және меншiк құқығын рәсiмдеу тәртiбi
23. Жекешелендiру объектiлерiн сатып алу-сату шарты, шартының мәні, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, объектiнiң төлем құны, нысаны мен мерзiмi көрсетiліп, Сатушы мен Сатып алушы арасында жазбаша түрде жасалады.
24. Бағдарлама бойынша мiндеттемелердi орындамаған, алдын-ала және ақырғы төлем ақыны кiдірткен жағдайда бағдарламаға сәйкес Сатушының шартты бiр жақты түрде бұзуға құқы бар.
25. Сатып алу-сату шарты бойынша жекешелендiру объектiсiне және жер бөлiгіне меншiк құқығы, Сатып алушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жырығы 25 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығында көзделген тәртiппен мәмiленi тiркеу сәтiнен бастап пайда болады.