Об утверждении Правил организации и проведения аукционов по продаже объектов приватизации коммунальной собственности и Положения о порядке продажи государственных пакетов акций на аукционе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации и проведения аукционов по продаже объектов приватизации коммунальной собственности и Положения о порядке продажи государственных пакетов акций на аукционе
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін және аукциондарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 290
- Қабылданған күні
- 29.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 29.12.1999 6407_258537.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00P0000314
- ЭКБ идентификаторы
- 6407
- Редакция идентификаторы
- 6407_258537
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:44
0 Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін және аукциондарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 10.08.200 № 487 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Жекешеленідіру туралы” 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы №2721 3аң күші бар Жарлығына және “Коммуналдық меншіктегі нысандарды Жекешелендіру мәселелері” туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі №1431 қаулысына сәйкес шешім етемін:
1. Коммуналдық меншіктеті жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастыру мен сату тәртібі бекітілсін (1 қосымша).
2. Аукциондарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатудың тәртібі туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
3. Осы шешімнің орындалуына бакылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.О.Рахметовке жүктелсін.
4 №1 қосымша
Облыс әкімінің 1999 жылғы
«29» 12 № 290 шешімімен бекітілсін
КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
ОБЪЕКТіЛЕРІН CATУ ЖӨНІНДЕГІ АУКЦИОНДАР
ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Коммуналдық меншіктегі жекешелендіру обьектілерін сату жөніндегі аукциондарды ұйымдастырудың және өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің ‘Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы № 2721 Заң куші бар Жарлығына және "Коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру мәселеларі туралы Казахстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі №1431 қаулысына сәйкес әзірленді және жекешелендіру объектілерін сатудың тәртібін, сондай-ак, аукционға катысушылардың құқыктары мен міндеттерін реттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.
1)«Жекешелемдіру объектісі» - мүлік кешен ретіндегі мемлекеттік коммуналдық меншіктегі кәсіпорын мен мекеме: тұйықдалған технологиялық айналымды бұзбай; одан бөлінген ендірістік бөлімшелер мен құрьлымдық бірліктер: сондай-ақ мүліктің барлық түрлері.
2)«Сатушы» - Маңғыстауоблысы Әкімінің коммуналдык, меншік; басқару жөніндегі депаргамені
3)«Ұйымдастырушы» -сатушы немесе делдал - жекешелендіру обьектілерін сату жөніндегі аукционның дайындалуы мен өткізуін ұйымдастыратын өзге заңды немесе жеке тұлга.
4)“Қатысушы - аукционға қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген
заңды немесе жеке тұлға.
5)“Объект бойынша сауда-саттықка қатысушы” - объект бойынша сауда- саттыққа қатысуға нөмірін көтеріп жариялы түрде келіскен Қатысушы.
6) "Сауда-саттық” - жекешелендіру обьектілерін сатудың аукциондық, нысаны.
7)“Сауда-саттыктың ағылшындық тәсілі - бастапқы баға, алдын ала хабарланған қадаммен неғүрлым ең жоғарғы баға ұсынған, бір Қатысушы қалған сәтке дейін көтерілген жағдайдағы саудаласу тәсілі.
8)«Сауда-саттықтың голландтық, тәсілі» - бастапқы баға хабарланған қадаммен хабарланған баға бойынша Қатысушылардың бірі обьектіні сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендеген жағдайдағы саудаласу тәсілі.
9) «Обьектінің ең аз бағасы» - обьектінің осыдан төмен сатылуы мүмкін емес баға.
10) «Обьектінің бастапқы бағасы» - әрбір обьект бойынша сауда-саттық басталатын баға.
11) «Сауда-саттықтағы жеңіп шыққан тұлға» - сауда-саттыққа объект ушін ең жоғарғы баға ұсынған Қатысушы.
12) "Сатып алушы" - сауда-саттықта жеңіп шыкқан, Сатушымен обьектіні сатып алу-сату шартын жасасқан тұлға.
13)“Екінші Сатып алушы” - сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі бойынша
жургізілген аукционда көлемі жөнінен екінші баға берген және осылайша құжатты ресімдеудің кез келген сатысында сауда-саттықта жеңіл шыққан Тұлға бас тарқан не объектінің құнын төлемеген жағдайда оларға ұсынылған баға бойынша объектіні сатып алуға өзінің ықыласын білдіріп, сауда-саттық, еткізу турапы хаттамаға қол қойған Қатысушы.
14)“Жеке тұлға” - Қазақстан Реепубликасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар.
2. Белгіленген тәртіппен сатуға тапсырылған мемлекеттік мүлікті
жекешелендіру объектісі болып табылады. Объектінің сақталуына және оны сақтағанға дейін жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына және қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қоюға жауапкершілік баланс ұстаушыға жүктеледі.
Жекешелендіру объектісін аукционға шығару туралы шешімді облыс әкімінің келісімі бойынша Сатушы қабылдайды.
3. Жеке тұрған ғимараттарда және қосалқы үй-жайларда орналасқан
жекешелендіру объектілері бойынша ұйымдастырылған аукциондарда объект тутастай, яғни ғимрат, үй-жай және объектінің барлық мемлекеттік мүлкі оған бөлінген жер учасксімен бірге сатылады.
Іштен сатылған үй-жайларда орналасқан жекешелендіру объектілері бойынша сату үшін жекешелендіру обьектісі орналасқан жер учаскесының бөлігін белу, егер участке жер заңдарына сәйкес бөліну разрядына жататын болса ғана жүргізіледі. Объект бөлінбейтін учаскеде орналасқан жағдайда сату шарты кезінде объектінің бөліктері жер участкесін жалпы пайдалану тәртібіне келісіледі.
4. Егер объект бірінші аукционда ағылшын тәсілімен сатылмаса, ол екінші және оданда кейінгі сауда-саттыққа голландтық, тәсілмен шығарылады.
5. Жекешелендіру объектісі аукционда сату туралы хабарламаның
жариялануы жекешелендірудің басталғаны туралы ресми хабар болып табылады.
6. Сатушы объектілерді сатуды қолданылып журген заңдарда жене осы Ережеде белгіленген тәртіптан жүзеге асырады.
7. Сатушының бірден-бір міндеттері мыналар болып табылады;
1)жеке аукциондар бойынша жекешелендіру объектілерінің тізбесін бекіту және оларды өткізу мерзімдерін белгілеу:
2)Қазақстан Рөспубликасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті аумақтық, органдарының жер учаскісінің құнын аяқтау жөніндегі жұмыстар жургізуді ресми хабарлауы:
3)объктілердің бастапқы және ең аз бағасын, кепілдік жарна мөлшерін
бекіту:
4)аукцион өткізу тәсілін анықтау:
5)Ұйымдастырушылармен бірге аукцион уйымдастыруға және өткізуге шарттар жасасу:
6)аукциондарды үйымдастырудың және жургізудің барысына бақылау жасауды жүзеге асыру:
7)сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлғалармен бірге сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындауына бақылау жасау:
8) жекешелендіру объектілерін екінші жене одан кейінгі ауциондарға шығарған кезде бөлу:
9) Қатысушылармен, Сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру;
8. Сатушы аукционды өз бетімен ұйымдастырады және жүргізеді, не
жекешелендіру объектілерін сату жөнінде аукционды ұйымдастыру мен өткізуге Ұйымдастырушымен шарт жасасады:
Сатушы осы Ереженің 7. тармағында атап көрсетілген міндеттерді басқаға беруге құқығы жоқ.
9. Жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыру
және өткізу шарты Сатып алушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша түрде жасалады және мыналарды қамтуы керек.
1)жекеленген аукциондар бойынша бөлінген жекеишелендіру
объектілерінің тізімі:
2)аукцион өткізудің шектеулі мерзімі:
3)әрбір объектіні сату кезінде сауда-саттық, өткізу тәсілі:
4)Ұйымдастырушыға берілетін әрбір объект бойынша құжаттардың
тізбесін:
5)аукционға дайындық пен өткізу барысы туралы Ұйымдастырушы
есебінің мерзімділігі мен нысанын:
6)тараптардың өзара міндетемелері мен мүліктік жауалкершілігін:
7)Ұйымдастырушы алатын сыйақының мөлшесі мен шартын және сатушымен өзара есеп айырысу тәртібін:
8)шарттың әрекет ету мерзімін және оны бұзудың шартын.
10. Ұйымдастырушыға беретін сыйақының мөлшері Сатып алушының осы Ереженің 44. тармағына сәйкес аванстық жасаған әрбір объектінің сату бағасының 5%-інен аспайтын мөлшерін құрайды.
11. Аукционға қатысуға осы Ережені 29 жене 30 тармақтарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен жеке тулғаға мемлекеттік емес заңды және шетелдік заңды тұлғаларға руқсат етіледі.
12. Аукционға мыналар қатыса алмайды:
1)жарғылық капиталының мемлекеттік меншігінің үлесі 20%-тен артық
құрайтын Ұйымдар:
2)аукционды ұйымдастырушылар:
3)Аукционшы:
4)Алдыңғы егкен сауда-саттыктарда жеңіп шықкан, бірақ сатыл алу-сату
шарттарын жасасу және орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерін орындамаған тұлғалар.
13. Аукционға барлық ниет білдірушілердің қатысуға құқығы бар.
2. Аукционды өткізуге дайындық
14. Аукционды өткізуге дайындық, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) аукционға шығарылатын объектілердің тізбесі анықталады:
2) әрбір объектіні сатудың тәсілі анықталады:
3)
объектілірдің бастапкы және ең аз бағалары анықталады:
4)келілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу тәртібі анықталады:
5)аукционды өткізудің уақытысы белгіленеді:
8)қажет болған жағдайда аукционды ұйымдастыру және өткізу үшін шара жасасу құкығына арналған тендер өткізу:
7) объекшіерде болудың тәртібі белгіленеді:
8)
аукиионды өткізу туралы хабарлама жарияланады және басқа да жарнамалық қызметтер жүзеге асырылады:
9)келілдік жарналар қабылданады:
10)Қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
15. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы жекешелендіру объектілерінің бағасын реттейтін қолданып жүрген нормативтік құкықтық актілерге сәйкес есептеледі.
16. Қажет болған жағдайда объектінің бастапқы бағасы негізгі қорлар (қаражаттар) құнының өсу коэффициентіне индекстеледі.
17. Ең аз баға саүда-саттықтың мынадай тәсілдеріне байланысты
анықталады:
1) сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі кезінде ең аз баға бастапкы бағаға тең болады
2)сауда-саттықтың голландтық тәсілі кезінде ең аз баға белгіленбеуі
мүмкін:
3)ең аз бағаны белгілеу кезінде оның көлемі сауда-саттықты жүргізу
туралы хабарапмада көрсетіледі.
18. Сауда-саттықты жеңіп шыққан жағдайда кепілдік жарна қатысушылардың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз еткен болып табылады:
1)сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою:
2)сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату
шартын жасасу:
3)сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді лайықты орындау
19. Аукционға арналған кепілдік жарна аукционға шығарылатын барлық
жекешелендіру объектілері үшін бірдей мөлшерде белгіленеді және мынадай әдіс бойынша есептеледі:
1)әрбір объект бойынша объектінің бастапқы бағасынан 5%-ті
анықталады:
2)осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған соманың орта
арифметикалық көлемі анықталады:
3)сауда-саттық ағылшындық тәсілі бойынша аукционға шығарылған обьектілердің арасынан объектінің ең аз бастапқы бағасы анықталады.
4)сауда-саттықтың голландтық тәсілі бойынша аукционға шығарылған
әрбір объектінің бастапқы бағасының 30% -не тең көлемнен ең төмені анықталады:
5)кепілдік жарнаның мөлшері осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларынан алынған көлемі жөнінен ең төмені қабылданады:
6)ең аз баға белгіленбестен голандық тәсіл бойынша сауда-саттыққа шығарылған өтімсіз объектілер бойынша кепілдік жарна мөлшерінің көлемі Сатушының қалауы бойынша белгіланеді.
20. Қатысушылар кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретге бір кепілдік жарна бір объектіні сатып алуға құқық береді. Ұйымдастырушының да, Сатушының да Қатысушыдан сауда-саттықта қандай объект бойынша қатысатындыгы туралы ақпарат талап етуге құқығы жоқ.
21. Кепілдік жарна сауда-саттықты өткізу туралы деректерде белгіленген нысан мен тәртіпте және қолданып жүрген заңдарға сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаның мөлшерін хабарлама жарияланғаннан кейін өзертуге жатпайды. Кепілдік жарнаны қабылдаушы Сатушы болып табылады.
22. Сауда-саттыққа жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан Тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебінен жатады.
Егер сату объктісінің құны кепілдік жарнасының сомасынан кем болған жағдайда, Сатушы олардың арасындағы айырмашылықты сауда-саттықта жеңіп шыққан тұлғаға 5(бес) банк куннен кешіктірмей қайтарады. Егер сауда- саттыққа Қатысушы енгізген кепілдік жарнаның мөлшері сауда-саттықта сатып алынған объектілердің санынан асса, пайдаланбаған кепілдік жарналар Қатысушыға сауда-саттық өткізген күннен бастап 5(бес) банк күнінен кешіктірмеи қайтарылады.
23. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда қайтармайды:
1)
аукционды өткізуге кемінде үш күн қалғанда оған қатысудан бас тартса:
2) сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға және Екінші Сатып алушы (сауда- саттықтың ағылшындық тәсілі кезінде) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартынан бас тартса:
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаса немесе
лайықты орындамаса:
4)оған осы Ережемен жене Қазақстан Республикасының заңдарымен қойылған талаптарға Қатысушының лайықты еместігін байқаса.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар аукцион аяқталған күннен бастап 5(бес) банк күнінен аслайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының шотына түссе, онда олардың түскен күнінен бастап 5(бес) банк күнінің ішінде қайтарылады.
24. Аукционды өткізу туралы хабарлама аукцион еткізгенге дейін кемінде
15(он бес) куннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде республикалық ресми басылымдарда жарияланады, сонымен қатар жергілікті баспасөзде қосымша жариялануы мүмкін.
25. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мыналарды қамтуы керек:
1)аукцион өткізетін кунді, орынды және кезеңді:
2)сауда-сагтыққа шығарылатын объектілер кызметінде, атауы мен негізгі
саласын:
3)әрбір объект бойынша сауда-саттықты жүргізу тәсілін:
4)сатуға шығарылатын объектілердің бастапқы бағаларын:
5)Сатушының кепілдік жарнасы мөлшерін және банктік шотын:
6)өтініштер қабылданатын орынды және мерзімді:
7)анықтама телефондары мен мекен-жайы:
8)Екінші Сатып апушының объектіні aлy мумкіндігін:
9)Сатушының шешімі бойынша басқа да қосымша акпаратты.
26. Жекешелендіру объектісі туралы басқа да ақпаратты (өнімді шығару көлемін, шикізат пен өткізу базарларын, негізгі қорлардың сипаттамасын және т.б.) қамтитын косымша Акпараттык бюллетень шығарылуы мүмкін.
27. Хабарлама жарияланғаннан кейін Ұйымдастырушы барлық ниет білдірушіге сатылатын объекті мен аукционды өткізу ережесі туралы акпаратқа еркін жол ашылуын қамтамасыз етуге міндетті.
28. Аукционға тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқтапады.
29. Аукционға Қатысушы ретінде тіркелу үшін мынапар тапсырылуы керек:
1)аукционға қатысу жөніндегі өтініш:
2)төлқұжат немесе түлғаны куәландыратын езге құжат:
3)кепілдік жарнасын енгізгендігін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі
4)өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат.
30. Заңды тұлғалар қосымша мыналарды тапсырады:
1)жарғының нотариалдық расталған көшірмесін және заңды тұлғаның
тіркелгені туралы куәлікті.
2)осы Ереженің 12. тармағына сәйкес жарғылық, капиталдағы мемлекеттің үлесі туралы ақпараты.
31. Сатушымен ұйымдастырушының мыналарды талап етуге құқығы жоқ:
1) Қатысушыдан аукционға шығарылатындардың ішінен сол немесе өзге
объектіні сатыл алу ниеті туралы ақларатты талап етуге:
2)
сауда-саттыққа дайындалудың және оны еткізудің барлық кезеңінде сауда-сатыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға:
3)осы Ереженің 29 және 30 тармақтарында аталған көрсетілгендерден басқа, қатысушы ретінде тіркеу ушін қосымша құжаттар берілуін.
32. Тіркеуден еткен Тұлға аукцион өткізетін күні, Қатысушының билетін аукциондық, нөмірге ауыстырады. Бұл ретте Ұйымдастырушының белгілі бір объектілерге бекітіліп берілген нөмірлерді тіркеуге құқығы жоқ. Баска тұлғаның сауда-саттық процесінде аукциондық нөмірді пайдалануына тыйым салынады.
3. Аукцион өткізу
33. Аукционды Аукционшы өткізеді. Аукцион оны өткізудің ережесін
жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалардың аукционный, барысына ықлал етуге немесе оны өткізудің ережесін бұзуға құкығы жоқ, басқаша жағдайда олар аукцион өткізілетін заңдану шығарылып жіберілуі мүмкін. Объектілердің сауда-саттыққа дәйәкті түрде шығарылуы туралы шешімді Аукционшы кабылдайды.
34. Әрбір объект бойынша сауда-саттық Аукционшының жекешелендіру
объектісінің атауын, оның қысқаша сипаттамасын, сауда саттықты өткізу тәсілін, бастапқы бағасы мен баға өзгерісінің қадамын жариялаудан басталады.
Аукционшы әрбір объект бойынша сауда-саттык, басталар алдында осы объект бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың санын тіркейді. Егер объект бойынша сауда-саттыққа Қатысушылардың саны екіден кем болса, жекешелендіру объектісі бір ғана Қатысушыға сатуы мүмкін үшінші және келесі сауда-саттықтардан басқасы, сауда-саттықтың етпегені болып есептеледі.
Аукционшы бұл турапы хабарлай отырып, сауда-саттық процесіндегі қадамдарды өзгертуге құқылы. Өзгерту қадамдары объектінің ағымдағы бағасының 5%-інен 10%-іне дейінгі мөлшерде белгіленеді, Аукционшының объект бағасын қайталап хабаралануы арасындағы үзіліс кемінде 10 секунд болуы керек.
35. Сауда-саттық төменде сипатталған тәсілдердің екеуінің бірі бойынша
жүргізіледі:
1)Сауда-саттықтың ағылшындық, тәсілі:
Аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа Қатысушылар нөмірді қөтере отырып, бастапқы бағаны көтере түседі, бірақ оның мөлшері жарияланған қадамнан кем болмауы тиіс. Қолайлы болу ушін Аукционшы объектінің бағасын ағымды кадамының 1/2 аспайтын көлемге дөңгелектей алады. Аукционшы объект бойынша сауда-саттықта катысушы аукциондық нөмірлерді хабарлайды, бағаны бекітеді жене оны жоғарлатуды усынады. Объект бойынша сауда- саттық ең жоғары ұсынылған бағаға дейін жүргізіледі. Аукционшы объектіге неғұрлым жоғары бағасынған Қатысушыны жариялайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасы үш рет хабарлайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда, бағаны соғу аркылы бұл объектінің сатылғандығы туралы хабарлайды.
Сауда-саттықта жеңіп шыккан тұлға айкындалғаннан кейін, сауда- саттықта жеңіп шыққан Тұлға рәсімдерді және шарт жасасу жөніндегі, сондай- ақ сатып алут сату шартын орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Сатушы объектіні сатып алу құқығын осы объект үшін көлемі жөнінен екінші баға берген Қатысушыға (Екінші Сатып алушыға) беруі керек.
2)Сауда-саттыктың голландтық, тәсілі:
Аукционшы объктінің бастапкы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлімделген қадам бойынша төмендетіп отырады. Аукционшы жарияланған бағада аукциондык нөмірін бірінші кетерген Қатысушының нөмірін атайды және балғаны ұрып, оны осы объект бойынша сауда-саттыкта жеңіп шыққан Тұлға деп жариялайды.
Егер баға жарияланған сәтте усынылған бағамен келісетін Қатысушылар екі және одан көп болған жағдайда, Аукционшы бағаны сауда-саттықты жеңіп шыққан Тұлғаны анықтаған сәтке дейін, тіркелеген қадамның мөлшерінде көтере бастайды.
Сауда-саттықтың бул тәсілі электрондық жүйені одан отырып іске асырылуы мүмкін.
36. Бір аукционда сауда-саттықтың екі тәсілін жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте ең алдымен сауда-саттықтың голландтық тәсілі жургізіледі.
37. Әрбір сатылған объект бойынша сауда-саттықтың нәтижелері хаттамамен рәсімделаді.
Хаттамаға қол қою үшін Аукционды сауда-саттықты жеңіп шыққан тұлғаны, Екінші сатып алушыны (сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі кезінде) шақырады. Хаттама Сатушы, Сатып алушы, Ауыл шаруашылық министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтык, комитеті және Ұйымдастырушы үшін бір-бірден төрт дана етіп жасалынады. Ұйымдасгырушы аукцион өткізген күннен кейінгі бір күннен кешіктірмей сауда-саттықтың нәтижелері туралы хатгаманың бір данасын Сатушыға тапсыруға міндетті.
38. Сауда-саттыұтың нәтижелері туралы хаттама сауда-саттықтың нәтижелерін және сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлғаның Сатушының сауда- саттықтың барысында белгіленген баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын жасауды тіркейтін құжат болып табылады.
39. Сауда-саттықтан кейінгі бес күнтізбек күннің ішінде сатыл алынған объектіні және оның мүлкін сауда-саттықта жеңіп шыкқан Тұлғаға беру жүргізіледі. Бұл сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға, жекешелендірілген объектінің басшысы, Сатушының өкілі обьектіні қабылдау-тапсыру актісін, одан осы объектінің каржылық активтері пассивтерінің құнын көрсете отырып (өтімсіз объект жекешелендірілген жағдайда, қаржылык; активтер мен пассивтер қабылдау-тапсыру актісіне енгізілмейді және оларды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады жасайды. Объектінің мүлкін сақтау жағдайында сауда-саттықты жеңіл алған Тұлғаға табыс етіледі бұл туралы Сатушы қабылдау-тапсыру актісіне белгі қояды. Қабылдау-тапсыру актісін Сатушы бекітеді.
40. Сауда-саттық аяқталған соң 10(он) күнтізбелік күннен кешіктірілмей, қабылдау-тапсыру актісі деректерінің және сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың негізінде Сатып алушы мен Сатушы сатыл алу-сату шартына қол қояды. 10(он) күнтізбелік күн өткен соң бұл құқық жойылады.
41. Объектіні қабылдау тапсыру актісін рәсімдеудің және сатып алу-сату шартын жасасудың осы Қағидамен белгіленген мерзімі Екінші Сатып алушы үшін оның объектіні сатып алу құқығы пайда болған сәттен бастап, бірақ оған хабарланғаннан кейін үш күннен кешіктірмей есептеледі.
42. Егер объект-аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукционға
шығарылады.
Егер объект белгіленген тәртіппен сатута талсырылғаннан кейінгі алты айдың ішінде сатылмаса, Сатүшы объектіні иесіне қайтарады немесе оны одан әрі пайдалану немесе есептен шығару жөнінде шешім қабылдайды.
4. Сатып алушылармен есеп айырысу және меншік құқығын ресімдеу тәртібі
43. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты шарттың мәні, тараптайдың құқықтары мен міндеттері, объектінің құны, төлем нысаны мен мерзімі көрсетілген Сатушы мен Сатып алушы арасында жазбаша турде жасалады.
44. Сатыл алу-сату шарты бойынша есеп айырысу Сатушы мен Сатып алушы арасында жүргізіледі, бул ретте Сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап
бес банктік күннен кешіктірілмей сауда-саттық барысында белгіленген
бағадан 50% -тен кем емес мөлшерде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі:
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізілуі керек.
45. Аванстық және ақырғы төлемнің мерзімі өткен жағдайда, Сатушы
біржақты тәртіппен шартты бузады және Caтушыдан кепілдік жарнаның орны жабылмаған және шартта белгіленген айыпақы белігінде нақты шығындарды қайтарып алуды тапал етуге құқылы.
46. Жекешелендіру объектісін толық төлегеннен кейін сатып алу-сату шартында сатылған объектіге меншік иесінің өзгергендігі туралы мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін негіз болып табылатын тиісті белгі қойылады.
47. Сатып алу-сату шарты бойынша жекешелендіру объектісіне және жер учаскесіне меншік құқығы Сатып алушыдан Қазакстан Республикасы Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасы Президентінің “Жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілеге берілетін құқықты мемлекеттік тіркеу туралы” 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күші бар Жарлығында көзделген тәртіппен мәмілені тіркеу сәтінен бастап пайда болады.
48. Ақырғы төлем жүргізілмеген жекешелендіру объектілері қайталама аукциондарға шығарылады.
5. Жекешелендіру объектілерін сатудан түскен қаражаттар
49. Жекешелендіру объектілерінен сатудан түскен қаражаттар, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалған шығындарды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
139 №2 қосымша
Облыс әкімінің 1999 жылғы
29.12. № 290
шешімімен бекітілген
АУКЦИОНДАРДА АКЦИЯЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ПАКЕТТЕРІН САТУДЫҢ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің “Жекешелендіру туралы” 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы № 2721 Заң куші бap Жарлығына және “Коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру мәселелері” туралы Қазақстан Реслубликасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі №1431 қаулысына сәйкес әзірленді және ауциондарда акционерлік қоғамдардың коммуналдық меншікке берілген акцияларының, мемлекеттік: пакеттерін сатудың тәртібін реттейді.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Ережеде мынадай негізгі үғымдар пайдаланылады:
1)“Сатушы” - Маңғыстау обпысы Әкімінің коммуналдық меншікті басқару жөніндегі департаменті;
2)“Ұйымдастырушы" - сатушы немесе акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату жөніндегі аукционды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын өзге заңды немесе жеке тұлға;
3)“Қатысушы” - аукционға қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген заңды немесе жеке тұлға;
4)“АҚ- акционерлік қоғам.
5)“Сауда-саттық лоттарды сатудың аукциондық нысаны;
6)“Сауда-саттықтың ағылшындық тәсілі” - бастапқы баға, алдын ала хабарланған қадаммен неғурлым ең жоғарғы баға ұсынған, бір Қатысушы қалған сәтке дейін көтерілғен жағдайдағы саудаласу тәсілі;
7)“Сауда-саттықтың голландтық тәсілі” - бастапқы баға хабарланған қадаммен хабарланған баға бойынша Қатысушылардың бірі объектіні сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендеген жағдайдағы саудаласу тәсілі;
8)“Лот“ - сауда-саттыққа ұсынылған белгілі бір акционерлік қоғамның бүтін саннан тұратын акциялары;
9)“Лоттың ең аз бағасы" - лоттың осыдан төмен сатылуы мүмкін емес бағасы;
10)“Лоттың бастапқы бағасы” - әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын баға;
11)“Сату бағасы”- сауда-саттықтың қортындысымен белгіленген лоттың ең соңғы бағасы;
12)Сауда-саттықтағы жеңіп шыққан тұлға” - сауда-саттықта лот үшін ең жоғарда баға ұсынған Қатысушы;
13) “Сатып алушы” - сауда-саттықта жеңіп шыққан, Сатушымен акцияларды сатып алу-сату шартын жасасқан тұлға;
14) “Жеке тұлға” - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғапар.
2. Сату нысаны коммунапдық меншікті басқару жөніндегі Департаменте сатуға берілген АҚ-дың акцияларының мемлекеттік пакеттері және серіктестіктердің мемлекеттік үлестері болып табылады.
Сауда-саттыққа шығару жөніндегі шешімді облыс әкімінің келісімі бойынша Сатушы қабылдайды.
3. АҚ-ның қоммуналдық, меншікке берілген акциялардың мемлекеттік
пакеті аукционға бір лотпен бүтіндей қойлады және сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік акция аукционға екінші рет және одан кейінгі аукциондарға шығарған кезде ол голландтық тәсілмен жузеге асырылады. Одан кейінгі голландтық тәсілмен сауда-сатыққа қойыпған кеэде лоттарды бөлу турасындағы мәселені, оның орындалуы мен басқа да шаттарын ескере отырып Сатушы шешеді.
4. Аукциондарға АҚ-ның қолданудағы заңдармен белгіленген тәртіпте эмиссиясы тіркеуден өткен акциялардың мемлекеттік пакет шығарылады.
5. Акциялардың мемлекеттік пакетін сату кезінде бағалы қағаздармен мәмле жасауға қолданудағы заңдар қоятын талалтардың барлығы сақталуы тиіс.
6. Сатушы акциялардың мемлекттік пакеттерін атуды, заңдармен және осы ережемен бекітілген тәртіппен жузеге асырады.
7. Сатушының ерекше функциясы мыналар болып табылады:
1)Акциялардың мемлекегтік пакеттері аукционға шығарылатын АҚ
тізбесін анықтау;
2)АҚ- ды жеке аукциондарға бөлу және олардың өткізу мерзімдерін
белгілеу;
3)лоттың бастапқы және ең аз бағасын анықтау;
4)кепілдік жарнамаларды қабылдау;
5)Ұйымдастырушылармен бірге аукцион ұйымдастыруға және еткізуге
шарттарға отыру;
6)аукциондарды уйымдастырудың және жүргізудің барысына бақылау
жасауды жузеге асыру;
7)сауда-саттық Жеңімпазымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуына бақылау жасау;
8)лоттарды екінші және одан кейінгі аукциондарға шығарған кезде акциялардың пакетін бөлу;
9)Қатысушылармен, сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есеп айырысуды жүзеге асыру;
8. Сатушы аукционды өз бетімен ұйымдастырады және жүргізеді, не акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату жөнінде аукционды уйымдастыруға және өткізуге, бағалай қағаз нарығында кәсіби қызметін жүзеге aсыpy қққығымен бірінші кагегориялы лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады (брокерлік және диллерлік қызметпен айналысатын)
Сатушы осы Ереженің 7. тармағында атап көрсетілген міндеттерді шарт бойынша беруге құқығы жоқ.
9. Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыру және өткізу шарты Сатып алушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша түрде жасалады және мыналарды қамтуы керек:
1)Ұйымдастырушының лицензиясының номері, берілген уақыты және әрекет ету мерзімі;
2)акциялардың мемлекеттік пакеттерін жеке аукциондарға бөлінген тізбесі;
3) аукцион өткізудің соңғы мерзімі;
4) әрбір акционерлік қоғамдағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің мөлшері;
5) лоттың саны;
6) әрбір лотты сату кезінде сауда-саттық, өткізу тәсілі;
7)әрбір лоттың бастапқы және ең төменгі бағасы;
8)кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізудің тәтібі;
9)Ұйымдастырушыға берілетін әрбір акционерлік қоғам бойынша
құжаттарының тізбесін;
10)аукционға дайындық пен өткізу барысы туралы Ұйымдастырушы
есебінің мерзімділігі мен нысанын;
11)Ұйымдастырушы алатын сыйақының мөлшері мен шартын және
Сатушымен өзара есеп айырысу тәртібін;
12)тараптардың өзара міндетемелері мен мүліктік жауапкершілігін;
13)шарттың әрекет ету мерзімін жөне оны бұзудың шартын.
10. Ұйымдастырушыға беретін сыйақының мөлшері Сатып алушы осы
Ереженің 39. тармағына сәйкес аванстық төлем жасаған әрбір лоттың сату бағасының 5%-тен аспайтын көлемде құрайды.
11. Аукционға қатысуға осы Ереженің 31 тармағында белгіленген тәртіппен
тіркеуден өткен жеке тулға, мемлекеттік емес занды жіне шетелдік заңды тұлғаларға рұқсат етіледі.
12. Аукционға мыналар қатыса алмайды:
1)жарғылық қорында мемлекеттік меншігінің үлесі 20%-тен артық
құрайтын Шаруашылық серіктестігі;
2) аукционды Ұйымдастырушы;
3)акциялары сатуға қойылған АҚ;
4)Алдыңғы өткен сауда-саттықтарды жеңісі шыққан, бірак, сатып алу-
сату шарттарын жасасу және орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерін орындамаған Жеңімпаздар.
13. Акциялардың мемлекеттік пакетін сату кезінде, Сатып алушы- акционерлік қоғам, егер соңғысы Сатып алушының акциясын иеленсе, онда акционерлік қоғам акциясының 25%-артығын иемдене алмайды.
14. Аукционға барлық ниет білдірушілердің қатысуға құқығы бар.
2. Аукционды өткізуге дайындық
15. Аукционды өткізуге дайындық мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1)лоттарды жасақтайды
2)лоттың бастапкы және ең аз бағалары анықталады:
3)әрбір лотты сатудың тәсілі анықталады:
4)лоттар аукционның әр тізбектеріне бөлінеді;
5)кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу тәртібі анықталады:
6)аукционды өткізудің мерзімі белгіленеді;
7)қажет болған жағдайда акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату жөніндегі аукционды ұйымдастыру және өткізу шартын жасасу құқығына арналған тендер өткізіледі;
8)АҚ ақпараттық парағы, аукциондық картасы, онда болу кестесі және сатылу проспектісінің тізімін жасақталады,
9)аукционды өткізу туралы хабарлама жарияланады және баска да жарнамалық қызметтер жүзеге асырылады:
10)кепілдік жарналар қабылданады:
11)Қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.
16. Акциялардың мемлекеттік пакеті, егер оған ең аз баға қойылса, акцияның бағалауды реттейтін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталған есептік бағасының 10% құрайтын ең аз бағадан төмен акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатуға болмайды. Голландтық тәсілімен жүргізілген кезде ең аз баға қойылмауы мумкін.
17. Акциялардың мемлекеттік пакетін ағылшын тәсілмен сауда-саттыққа шығарған кезде оның бастапқы бағасы акциялардың мемлекеттік пакетінің есептік ең төменгі бағасына тең болады.
18. Акциялардың мемлекеттік пакетін голландтық тәсілмен сауда-саттыққа шығарған кезде оның бастапқы бағасы нормативті-құқықтык актілерге сәйкес
анықталған есептік бағаны көтерме коэффициента көбейту арқылы анықтайды. Бұл коэффициентті Сатушы белгілейді, бірақ 10-нан төмен болмауы тиіс.
19. Кепілдік жарна Қатысушылардың мынадай міндеттемелерін
қамтамасыз етеді:
1) Сауда-саттықта жеңіп шықкдн жағдайда сауда-саттықтың нәтижелері
туралы хаттамаға қол қоюға;
2)сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес атып алу-сату
шартын жасасуға;
3)сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді лайықты орындауға.
20. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна аукционға шығарылатын барлық
акциялардың мемлекеттік пакеттері (лоттары) үшін /бірдей мелшерде белгіленеді және мынадай әдіс бойынша есептеледі:
1)Әрбір лот бойынша 5 тен 15%-ке дейінгі шамасы анықталады
(Сатушының қалауы бойынша):
ағылшын тәсілі бойынша-лоттың бастапқы бағасынан;
голландтық тәсіл бойынша-қолданылып жүрген нормативті-құқықтық, актілерге сәйкес анықталған лоттың есептік бағасы бойынша.
2)Осы тармақтың 1) тармақшасы бойынша алынған соманың орта
арифметикалык шамасы анықтапады.
3)Аукционға қойылған лоттардың ішінен ең аз бастапқы не ең аз төменгі
баға анықталады
4)Кепілдік жарнаның мөлшері осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларынан алынған төменгі шараларына тең етіп қабылданады.
21. Қатысушылар кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, бұл ретте бір кепілдік жарна бір лоттық сатып алуға қүқық береді.
22. Келілдік жарна сауда-саттық өткізу туралы деректерде белгіленген нысан мен тәртіпте және қолданып жүрген заңдарға сәйкес енгізледі. Кепілдік жарнаның мөлшерін хабарлама жарияланғаннан кейін өзертуге жатпайды. Кепілдік жарнаны Қатысушының атынан кез-келген басқа да жеке және заңды тұлға енгізе алады. Кепілдік жарнаны қабылдаушьі Сатушы болып табылады.
23. Сауда-саттықта жеңіп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан Тұлғаның кепілдік жарнары сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады
24. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда қайтармайды:
1)аукционды өткізуге кемінде үш күн қалғанда оған қатысудан бас
тартса;
2)сауда-саттықта жеңіп шыққан Тұлға сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, не сатып алу-сату шартынан бас тартса;
3)сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамаса немесе лайықты орындамаса;
4)оған осы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңдарымен қойылған талаптарға
Қатысушының лайықты еместігін байқаса.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарналар аукцион аяқталған күннен бастап 5(тес) банк күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының шотына түссе, онда олардың түскен күнінен бастап 5(бес) банк күнінің ішінде қайтарылады.
25. Аукционды өткізу туралы хабарлама аукцион өткізегенге дейінгі кеміңде 30 (отыз) күннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде республикалық ресми басылымдарда және облыстық баспасөзде жарияланды.
26. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мыналарды қамтуы керек:
1) аукцион өткізетін күнді, орынды және кезеңді:
2)акциясы сауда-саттыққа шыққан АҚ-ның атауы, негізгі қызметінің бағыты және мекен жайы;
3)әрбір АҚ-ның қойылатын лоттарының мөлшерін (жарғылық; қор бойынша проценті);
27. Ақпарат хабар басылымға шыққанға дейiн әрбiр АҚ бойынша мыналар дайын болуы тиiс:
1) Сату проспектiсi, АҚ жөнiндегi ақпараттық хабар, болашақ инвесторларға АҚ-ның қаржылық-экономикалық жағдайларын бағалау үшiн және оның бағалы қағаздарына қолайлы капитал беруге қажеттi шешiм қабылдау үшiн бағалауға көшiрмеден тұратын:
құрылтай құжаттары;
акциялардың проспект эмиссиясы және заңды тұлғаның тiркеуден өткенi туралы куәлiгi;
аукционға қойылатын осы АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн қою туралы сатушының шешiмi шыққан күнге дейiнгi соңғы есептiк кезеңдегi барлық қосымшалармен бiрге бухгалтерлiк балансы.
Сату проспектiсiнде басқа да қосымша мәлiметтер болуы мүмкiн (инвестордың тәуекел фактiлерiнiң талдау, мекеменiң техникалық жасақтау мүмкiндiгi, қайта жасақталғаннан кейiнгi пайда есебi, өндiрiске берiлетiн қажеттi инвестиция көлемiн бағалау, өндiрiлген өнiмнiң әлемдiк және iшкi нарықтардағы және т.б. келешегiн бағалау).
2) Ақпараттық парақта, ақпараттық хабарда көрсетiлген барлық негiзгi мәлiметтер және АҚ туралы басқа да қосымша хабарлар жазылады (өнiмдi шығару көлемi, шикiзат пен өткiзу рыноктары, негiзгi қорлардың сипаттамасы және т.б). Бюллетень ақпараттық хабар жарияланғанға дейiн Сатушының белгiлеген мiндеттi түрде таратып жiберу тiзiмiне сәйкес таратылады.
3) Аукционға шығарылатын лоттарды бөлшектеп жазылған тiзбесiнен тұратын аукциондық карта, тiркеу кезiнде әрбiр Қатысушыға берiледi.
4) АҚ-да болу кестесi.
28. Хабарлама жарияланғаннан кейiн, Ұйымдастырушы, барлық ниет бiлдiрушiге сатылатын АҚ объектiсi мен аукционды өткiзу ережесi туралы ақпаратқа еркiн жол ашылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
29. Жарнаманың басқа түрлерi еркiн түрде жасалынады және Қатысушыларды кеѕ көлемде тартатын бағытта жүргiзiлуi тиiс.
30. Қатысушыларды аукционға тiркеу, ақпарат хабарлар жарияланєан күннен бастап жүргiзiледi және аукцион басталуға бiр сағат қалғанда аяқталады.
31. Аукционға Қатысушы ретiнде тiркелу үшiн мыналар тапсырылуы керек:
1) аукционға қатысу жөнiндегi өтiнiш;
2) төлқұжат немесе тұлғаны куәландыратын өзге құжат;
3) Кепiлдiк жарнасын енгiзгендігiн растайтын төлем құжатының
түпнұсқасы мен көшiрмесi;
4) өкiлдiң уәкiлеттiгiн куәландыратын құжат;
Заңды тұлғалар қосымша мыналарды тапсырады.
5) жарғының және заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы куәлiктiң
нотариалдық расталған көшiрмесi.
АҚ қосымша қоғамның жарғылық қорындағы акциялардың мемлекеттiк үлесi жөнiндегi және оны иеленген АҚ туралы хабар беретiн акционерлердiң тiзбесiн ұсынады (ақпараттық хабарды жарияланған кездегi).
32. Сатушы мен Ұйымдастырушының мыналарды талап етуге құқығы жоқ:
1) Қатысушыдан аукционға шығарылатындардың iшiнен сол немесе өзге лотты сатып алу ниетi туралы ақпаратты талап етуге;
2) сауда-саттыққа дайындалудың және оны өткiзудiң барлық кезеңiнде сауда-саттыққа Қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға;
3) осы Ереженiң 31 тармағында атап көрсетiлгендерден басқа, Қатысушы ретiнде тiркеу үшiн қосымша құжаттар беруiн.
33. Тiркеуден ґткен Тұлға аукцион өткiзетiн күнi, Қатысушының билетiн аукциондық нөмiрге ауыстырады. Басқа тұлғаның сауда-саттық процесiнде аукциондық нөмiрдi пайдалануына тыйым салынады.
3. Аукцион өткiзу
34. Аукционды өткiзедi. Аукцион, оны өткiзу ережесiн жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған тұлғалардың аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткiзу ережесiн бұзуға құқығы жоқ, басқаша жағдайда олар аукцион өткiзiлетiн залдан шығарылып жiберiлуi мүмкiн. Лоттардың сауда-саттыққа дәйектi түрде шығарылуы туралы шешiмдi Аукционшы қабылдайды. Бұл тәртiп аукциондық картада көрсетiлген тәртiпке сәйкес келмеуi мүмкiн.
35. Әрбiр лот бойынша сауда-саттық Аукционшының сатылатын объектiнiң атауын, оныҢ қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткiзу түсiлiн, бастапқы бағасы мен баға өзгерiсiнiң қадамын жариялаудан басталады. Аукционшы бұл туралы хабарлай отырып, сауда-саттық процесiндегi қадамдарды өткiзуге құқылы. Өзгерту қадамдары лоттың ағымдағы бағасының 5%-iнен 10%-iне дейiнгi мүлшерде белгiленедi. Аукционшының объект бағасын қайталап хабарлауы арасындаєы үзiлiс кемiнде 10 секунд болуы керек.
36. Сауда-саттық төменде сипатталған тәсiлдердiң екеуiнiң бiрi бойынша жүргiзiледi:
1) Сауда-саттықтың ағылшындық тәсiлi:
Аукционшы лоттың бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа Қатысушылар нөмiрдi көтере отырып, бастапқы бағаны көтере түседi, бiрақ оның мөлшерi жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы лот бойынша сауда-саттықта қатысушының аукциондық нөмiрiн хабарлайды, бағаны бекiтедi және оны жоғарлатуды ұсынады, лот бойынша сауда-саттық ең жоғары ұсынылған бағаға дейiн жїргiзiледi. Аукционшы лотқа неғұрлым жоғары баға ұсынған Қатысушыны жариялайды. Аукционшы лоттың соңғы бағасын үш рет хабарлайды және басқа көтерiлген нөмiрлер болмаған жағдайда, балғаны соғу арқылы бұл лоттың сатылғандығы туралы хабарлайды. Сауда-саттық тек қана мынадай жағдайларда үйлеседi, егер кемiнде екi қатысушы лоттың бастапқы бағасын кемiнде екi қадамға көтерген жағдайда.
2) Сауда-саттықтың голландтық тәсiлi:
Аукционшы лоттық бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлiмделген қадам бойынша төмендетiп отырады. Аукционшы жарияланған бағада аукциондық нөмiрiн бiрiншi көтерген Қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны ұрып, оны осы лот бойынша сауда-саттықта жеңiп шыққан Тұлға деп жариялайды. Егер Аукционшы лотты ең төменгi бағамен хабарлақан кезде, Қатысушылар сұраныс туғызбаса, лот сауда-саттықтан алынады.
Егер баға жарияланєан сәтте ұсынылған бағамен келiсетiн Қатысушылар екi және одан көп болған жағдайда, Аукционшы бағаны сауда-саттықты жеңiп шыққан Тұлғаны анықтаған сәтке дейiн, тiркелген қадамның мөлшерiнде көтере бастайды.
Сауда-саттық лот бойынша, өткiзу кезiнде қолданылмаған кепiлдiк жарнасы бар бiр қатысушы қалған, сауда-саттықтың їшiншi және келесi сатылу кезiндегi лоттың бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн жағдайды қоспағанда жүзеге аспайды.
Сауда-саттықтың бұл тәсiлi электрондық жүйенi қолдана отырып iске асырылуы мүмкiн.
37. Әрбiр сатылған лоттар бойынша сауда-саттықтың нәтижелерi хаттамамен рәсiмделедi, әрбiр лоттың хаттамасына Үйымдастырушы, Аукционшы, сауда-саттыөта жеңiп шыққан Тұлға қол қояды. Аукционшы хаттамаға қол қою үшiн үзiлiс жариялауға құқығы бар. Хаттама үш данадан тұрады. Сатушыға, Сатып алушыєа және Ұйымдастырушыға бiр-бiр данадан берiледi. Ұйымдастырушы аукцион өткiзген күннен бiр күн кешiктiрмей сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын Сатушыға тапсыруға мiндеттi.
38. Сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттықтың нәтижелерiн жјне сауда-саттықта жеңiп шыққан Тұлға мен Сатушының сауда-саттықтың барысында белгiленген баға бойынша акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатып алу-сату шартын жасауды тiркейтiн құжат болып табылады. Сатып алу-сату шартын хаттамаға қол қойған күннен бастап 10 (он) күнтiзбек күннен аспайтын уақыт iшiнде отыруға құқығы бар, бұл уақыт өткен соң құқық күшiн жояды.
39. Егер лат аукционда сатылмаған жағдайда осы ереженiң үшiншi тармағына сәйкес келесi аукционға шығарылады.
4. Сатып алушылармен есеп айырысу және меншiк құқығын ресiмдеу тәртiбi
40. Акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатып алу-сату шарты Сатушы мен Сатып алушының арасында жазбаша түрде жасалынады және шартқа отыруға негiз болатын сауда-саттықтың қорытындысы туралы хаттамада көрсетiлуi тиiс.
41. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу Сатушы мен Сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте Сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртiппен жүргiзедi:
1) аванстық төлем акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатып алу бағасының кемiнде 15% көлемiнде сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 5 (бес) банктiк күннен кешiктiрмей енгiзу тиiс. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтiзбек күннен кешiктiрiлмей енгiзiлуi тиiс.
42. Төлем мерзiмi 5 (бес) банктiк күннен өткен жағдайда, Сатушы бiр жақты тјртiппен шартты бұзуға және Сатып алушыдан кепiлдiк жарнасыныѕ орны жабылмаған нақты шығындардың бөлiгiн толтыруды талап етуге құқылы.
43. Акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң күны толық төленгеннен кейiн Сатушы тәуелсiз тiркеушiге немесе эмитент тiркеушiге, өз шотынан Сатып алушының шотына баєалы қағаздарды қайта тiркеу туралы бұйрық беруi тиiс. АҚ-ның бағалы қағаз тiзбесiн жүргiзушiге берiлген бұйрық оны тiркеуге негiз болады, бұйрық ұсынылған күннен бастап 3 (їш) кїн iшiнде тiркеу
журналына ґзгерiспен енгiзiлуi тиiс.
44. Сатып алушыға акцияның меншiк құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар айналымы туралы" Заңында көрсетiлген
тәртiп бойынша тiркеуден ґткен сәттен бастап пайда болады.