О создании областного териториального центра медицины катастроф
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании областного териториального центра медицины катастроф
- Атауы (қаз.)
- Катастрофалардың облыстық аумақтық медициналық орталығын құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 252
- Қабылданған күні
- 24.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 24.12.1999 6521_388740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99S000129_
- ЭКБ идентификаторы
- 6521
- Редакция идентификаторы
- 6521_388740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:45
0 Катастрофалардың облыстық аумақтық медициналық орталығын құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2007.24.05 № 16 шешімімен
"Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметiн құру туралы" Министрлер Кабинетiнiң 27.09.94 жылғы № 1068 қаулысын, "Қазақстан Республикасының халқына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 31.12.1998 жылғы № 1382 Қаулысын орындау үшiн, төтенше жағдайлар туған жағдайда және оларды жою кезiнде халыққа жедел, шұғыл және жоспарлы-консультативтiк, дер уақытында көрсетiлетiн тығыз медициналық көмектердi қамтамасыз ету мақсаттарында ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Петропавл қаласының "Жедел және шұғыл медициналық көмек стансасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 2000 жылдың 1 қаңтарынан "Катастрофалардың Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық медициналық орталығы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Орталық туралы Ереже бекiтiлсiн.
3. Уәкiлеттi орган болып облыстық денсаулық сақтау департаментi
белгiленсiн.
4. Орталықты қаржыландыру 2000 жылға денсаулықты сақтауға бөлiнген
ассигнация шеңберiнде қалалық бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылсын.
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
В.П. Никандровқа жүктелсiн.
6 Облыс әкiмiнiң
24.12.1999 жылғы
шешiмiмен бекiтiлдi
Катастрофалар медицинасының облыстық
аумақтық орталығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Катастрофалар медицинасының Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық орталығы (iлгерiде Орталық) "Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасында Шұғыл медициналық көмек қызметiн құру туралы" Министрлер Кабинетiнiң 27.09.1994 ж. № 1068 Қаулысына, "Қазақстан Республикасының халқына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 31.12.1998 ж. № 1382 қаулысына, "Катастрофа медицинасының аймақтық және аумақтық орталықтарының сүлелiк ережелер мен құрылымдарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнің 09.03.1999 ж. № 121 бұйрығына сәйкес облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылады.
1.2. Орталық халыққа жедел, кезек күттiрмейтiн және жоспарлы-консультативтiк көмек көрсету және төтенше жағдайлар туындау кезiнде дер уақытында шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған оперативтi басқару құқындағы мемлекеттiк мекеме болып табылады.
1.3. Орталықтың заңды тұлға құқы, дербес балансы, банктiк есеп шоты, мемлекеттiк тiлдегi мөрi, мөртабаны, фирмалық бланкiсi болады.
1.4. Орталықтың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ульянов көшесi 98.
1.5. Орталық Петропавл қаласының жедел және кезек күттiрмейтiн медициналық көмектер станциясы коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының құрамына облыстық шұғыл және жоспарлы-консультациялық көмектер күшi мен Катастрофалар медицинасы орталығының құралдарын қоса алғандағы құқық иеленушi болып табылады.
1.6. Мыналар уәкiлеттi орган құзыретiне жатады:
- Орталық қызметiнiң негiзгі бағыттары мен мiндеттерiн айқындау;
- Орталықтың штаттық кестесiн облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң бұйрығымен орталық директорын тағайындау мен босату;
- Осы ережеге толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы ұсыныстар енгiзу.
1.7. Атқарылатын мiндеттер шеңберiндегi оперативтiк-тактикалық мәселелер бойынша Орталық төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарманың, Катастрофалар медицинасының орталық аймақтық Орталығының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң және облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң құжаттарын басшылыққа алады.
1.8. Орталық осы аумақтағы жұмыс iстеп тұрған басқару органдармен, құрылымдармен және қорғаныс министрлiгi мекемелерiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, темiр жол, медицина бөлiмшелерiмен және азаматтық қорғаныс бөлiмшелерiмен, тұрақты дайындықтағы апаттық құтқару құрылымдарымен, сондай-ақ облыстық емдеу-алдын алу ұйымдарымен және мекемелерiмен байланысты әрекет етедi.
2. Катастрофалар медицинасының облыстық аумақтық орталығына мына мiндеттер мен функциялар жүктеледi.
2.1. Күнделiктi қызмет режимiнде облыстық қалалары мен аудандары халқынан шұғыл шақыруларды қабылдау және тiркеу жөнiндегi тәулiк бойы диспетчерлiк қызмет ұйымдастыру, сондай-ақ шұғыл немесе жоспарлы-консультациялық көмектер көрсету үшiн облыс аудандарына шыққан санитарлық авиация отрядының командованиясымен, дәрiгер-консультанттармен тұрақты байланыстарды жүзеге асырады.
- Шақыруды алғаннан кейін барынша қысқа мерзiм аралығында Петропавл қаласының ересек тұрғындары мен балаларға, оқиға болған жерде және стационарға жеткiзу кезiнде ауырғандарға жедел медициналық көмек көрсету.
- Жұқпалы аурумен ауыратындардан басқаларға дәрiгерлермен емдеу-алдын алу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң тапсырыстары бойынша шұғыл көмектi тiлейтiн ауруларды, жаңа туған, шала туған балаларды олардың аналарымен бiрге тасымалдау.
- Шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз ету: аурудың өмiрiне қауiп төндiретiн кенет ауырған ауруларды; бақытсыздық жағдайларға ұшырағандар; мамандандырылған бөлiмшелер мен мекемелерден тыс болған босанулар кезiнде; жаппай катастрофалар мен стихиялық бақытсыздықтарға ұшырағанда.
- Түрлi созылмалы аурулардың ушығуы, сондай-ақ түйiлiп ауру барысында, әсiресе бiр жасқа дейiнгi балаларға кезек күттiрмейтiн көмектер көрсету.
- Дәрiгерлер мен орта медперсоналдардың шақырулары, сондай-ақ электр тоғы соққан, ауыр жарақат, қан көп кеткен, механикалық асфиксия жағдайларында тiкелей халықтан түскен шақырулары бойынша интенсивтi терапия бригадасын жiберудi жүзеге асыру.
- Облыс аудандарының халқына дер уақытында санитарлық авиация немесе жерде жүретiн көлiк құралымен қамтамасыз ету.
- Облыс аудандарына аурулардың өмiрiн сақтау үшiн қажеттi медициналық жүктердi жедел жеткiзудi қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
- өұлақтандыру жүйесiн тұрақты дайындықта ұстау.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттiк облыстық функционалдық медициналық кiшi жүйелердi басшылыққа алу.
- Төтенше жағдайларды жою барысында басқару органдарының, облыстық Катастрофалар медицинасы қызметiнiң құрылымдары мен мекемелерiн құру, жарақтандыру және жұмысқа дайындау.
- Облыстық Катастрофалар медицинасы құрамына енетiн басқару органы құрылымдары, мекемелерi және ұйымдарымен байланысты әрекеттердi ұйымдастыру және қолдау.
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттiк жүйесiнiң облыстық функционалды медициналық кiшi жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету.
- Облыстық Катастрофалар медицинасы қызметiнiң басқару органдарымен, құрылымдарына және мекемелерiн ұйымдастыру, бақылау қою және көмек көрсету.
- Оның дайындығын арттыру және төтенше жағдайларда емдеу-алдын алу ұйымдарын тұрақты басқаруды қамтамасыз ету мақсаттарында Орталықтың күнделiктi қызметтерiндегi ағымдағы жұмыстарды жоспарлау.
- Облыстық Катастрофалар медицинасы қызметiнiң құрылымдары мен мекемелерiн жарақтандыру үшiн медициналық, санитарлық-шаруашылық және арнайы мүлiктер резервiн құру, оларды сақтау мен жаңартып отыруды ұйымдастыру.
- Катастрофалар медициналық кадрлерiн даярлауды ұйымдастыру.
- Халыұты және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бiрынғай жүйесiнiң апаттық-құтқару құрылымдарының жеке құрамын алғашқы медициналық көмек көрсетуге даярлауға қатысу.
- Төтенше жағдайлардағы катастрофалар медицинасы қызметiнiң жұмысын зерделеу және талдау, есепке алу және есеп берудi жүргiзу.
- Орталықты төтенше жағдайлардағы әрекеттерге дайындау.
2.2. Жоғары дайындық режимінде:
- Жоғары дайындық режимiн енгiзу туралы билiк сигналын алу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттiк жүйесiнiң облыстық функционалдық медициналық кiшi жүйесiнiң басшысына баяндау оның нұсқауы бойынша төтенше жағдайлардағы медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жоспарының сәйкес тарауын iске қосу.
- Басқару органдарының, мекемелерiн, ұйымдары мен құрылымдарды құлақтандыру (жоспарға сәйкес), жоғары дайындық режимiн енгiзу.
- Оперативтiк диспетчерлiк бөлiмдi күшейту, қажет болған жағдайда Орталық қызметкерлерiн (толықтай немесе жартылай) тәулiктiк жұмысқа көшiру, оперативтiк топтарды құру тәртiбiн және оның құрамын нақтылау, олардың мiндеттерiн айқындау.
- Жоғары дайындық режимiн енгiзуден туындаған мәлiметтердi жинау, єорытындылау жЎне талдау, жа¬дайды¦ даму мЇмкiндiгiн болжау, тЈтенше жа¬дайларды¦ алдын алу және жою мемлекеттiк мекемесiнiң облыстық фукнционалдық медициналық кiшi жүйесiнiң бастығына ұсыныс дайындау және баяндау.
- Облыстық Катастрофалар медицинасы қызметiнiң құрылымдар мен мекемелерiне жоғары дайындық шараларын ұйымдастыру және атєару, олардың атқарылуын тексеру және көмектер көрсету.
- Төтенше жағдайларда халықты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жоспарларын нақтылау және қосымша әкiмдер дайындау.
- Жағдайға сәйкес өткiзiлетiн санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды үйлестiру.
- Медициналық, санитарлық-шаруашылықтың және арнайы мүлiктердiң пайдалануға дайындығын тексеру.
- Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармамен, Катастрофалар медицинасы орталық аймақтық орталығымен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен, төтенше жағдайлардағы Катастрофалар медицинасы қызметiмен байланысты әрекеттер жасайтын органдарымен және мекемелерiмен тұрақты байланыс ұстау.
2.3. Төтенше жағдайлар режимiнде:
- Төтенше жағдайлар енгiзу туралы белгi (әкiм) алу, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою мемлекеттiк жүйесiнiң облыстық функционалдық медициналық кiшi жүйесiнiң басшысына баяндау, оның нұсқауы бойынша сәйкес құжаттарды, халықты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жоспарын күшiне енгiзу.
- Төтенше жағдайлар аймағына Орталықтың оперативтi тобын жылжыту.
- Басқару органдарын, құрылымдар мен мекемелердi төтенше жағдайлар режимi енгiзiлетiндiгi туралы құлақтандыру (жоспарға сәйкес).
- Жағдай туралы ақпарат жинауды жандандыру, оны бағалау және облыстық денсаулық сақтау департаментiне баяндау.
- Халықты медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар ұйымдастыру, атқарушыларға сәйкес әкiмдердi жеткiзу.
- Төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстар үшiн Катастрофалар медицинасы қызметi құрылымдарын жылжыту.
- Төтенше жағдайларды жою барысында емдеу-эвакуациялық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы қамтамасыз етудi, сондай-ақ халықты, апаттық құтқару құрылымдарының қызметкерлерiн медициналық қорғау жөнiндегi шараларын ұйымдастыру.
- Төтенше жағдайларда Катастрофалар медицинасы қызметтерiнiң мекемелерi мен құрылымдарын медициналық, материалдық-техникалық жабдықтауды µйымдастыру.
- Төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарды жоюға қатысатын Катастрофалар медицинасы қызметiнiң құрылымдары мен мекемелерiн басқаруды ұйымдастыру.
- Төтенше жағдайларға қатысатын апатты-құтқару құрылымдарының жеке құрамын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
- Төтенше жағдайларда Катастрофалар медицинасы қызметi жөнiндегi есеп-есепке қою құжаттарын енгiзу және оларды дер кезiнде өңдеу.
- Төтенше жағдайлар аймағынан эвакуацияланатын халықты медициналық санитарлық қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
- өлгендер мен тiрiлерге соттық-медициналық сараптама ұйымдастыру және өткiзу (сәйкес органдармен байланыса отырып).
3. Катастрофалар медицинасы облыстық аумақтық орталығының құқықтар мен мiндеттерi.
3.1. Орталық өзiнiң мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн:
- төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл медициналық көмектердi ұйымдастыру ауруларды, зардап шеккендердi госпитализациялау мәселелерi бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияға өтiнiм беруге, азаматтық қорғаныс штабына күштер мен құралдарды тасымалдауға және зардап шеккендердi эвакуациялауға әкiмдер мен нұсқаулар беруге;
- халық шаруашылығында апаттар мен катастрофалардың, экономикалық дағдарыстардың алдын алуға қауiптi өндiрiстің алдын алуға және халық шаруашылығының және әлеуметтiк салалардың болуы мүмкiн қолайсыз әсерлерге қатысты тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
- Заңдарға қайшы келмейтiн басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
3.2. Орталық мыналарға мiндеттi:
- осы ереженiң шарттарын сақтау;
- өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына сәйкес жүзеге асыруға;
- медициналық қызметтерге облыстық денсаулық сақтау департаментiнен лицензия алуға;
- халыққа жедел, кезек күттiрмейтiн, шұғыл және жоспарлы-консультативтiк медициналық қызметтер көрсетуге;
- бейбiт және соғыс уақыттарындағы шұғыл және төтенше жағдайлар кезiнде халықты медициналық қамтамасыз етудiң жоспарын әзiрлеуге;
- жұмысқа жаңа прогрессивтi және ұтымды әдiстердi, диагностикалау мен емдеудiң барынша тиiмдi құралдарын зерделеуге, қорытындылауға және ендiруге;
- Заңды тәртiпте белгiленген медициналық тіркеу-есеп беру, бухгалтерлік, қаржылық бекiтiлген құжаттарды жүргiзуге;
- өз қызметтерiн талдауға және мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысандарына сәйкес жоғары тұрған басқару органдарына есептер беру.
4. Төтенше жағдайларда халықты медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жоспарлау.
4.1. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою барыстарында Орталықтың және оның жұмыстарының негiзгi құжаттары болып бейбiт уақыттағы Орталықтың Азаматтық қорғаныс орталығы болып табылады. Оны жою үшiн облыстық Катастрофалар медицинасы қызметiнiң күштерi мен құралдарын тартуға қажеттi түрлi төтенше жағдайларға байланысты әзiрленедi.
4.2. Бейбiт уақыттағы Орталық жоспарына Орталық директоры қол қояды, облыстық Катастрофалар медицинасы қызметiнiң бастығымен бекiтiледi, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармамен бекiтiледi.
5. Облыстық аумақтық Катастрофалар медицинасы орталығының күнделiктi қызметiн жоспарлау және басқару.
5.1. Орталық өз қызметiн денсаулық сақтау iсi жөнiндегi Қазақстан Республикасы агенттiгiнiң, Орталық аймақтық Катастрофалар медицинасы орталығының, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарманың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттiк жүйесiнiң облыстық аумақтық кiшi жүйесiнiң, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттiк жүйесiнiң облыстық функционалдық медициналық кiшi жүйесiнiң нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарымен айқындалған мiндеттерге сәйкес жоспарлайды.
5.2. Орталықты басқару Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына және осы Ережеге сәйкес облыстық денсаулық сақтау бастығымен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын орталық директорымен жүзеге асырылады. Орталық директоры осы Ережеге сәйкес уәкілеттiгi шеңберінде мекеме әкiмшiлiгi қызметiн атқарады.
Директор барлық мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының Заңдылықтарымен оның құзыретiне жатқызылған, дара басшылық принциптерiнде әрекет етедi.
6. Катастрофалар медицинасы облыстық аумаєтық орталығының мүлiк және қаржылары.
6.1. Орталық мүлкi мемлекеттiк коммуналдық меншiк құқық нысаны болып табылады.
6.2. Орталық мүлкiн негiзгi қорлармен айналым қаржысы, сондай-ақ орталықтың дербес балансында құны көрсетiлетiн құндылықтар құрайды.
6.3. Орталық мүлкi оларға оперативтiк басқару құқында бекiтiлген мемлекеттiк меншiк болып табылады. Мүлiк жалға беруге, уақытша пайдалана тұруға және оның салдарынан мүлiктi үшiншi тұлғалардың пайдасына аластатуға жол беретiн кепiлдiкке беруге, кепiлдiкке салуға жол берiлмейдi.
6.4. Орталық мүлкi мыналар есебiнен қалыптастырылады:
- оларға мемлекет берген мүлiктен;
- өзiндiк қызметтер нәтижесiнде сатып алған мүлiктен;
- Заңдармен тыйым салынбаған басқа көздерден түскен мүлiктен.
Орталық мүлкiнiң құрамына оның қызметi үшiн тағайындалған, үй, ғимарат, жабдықтар, мүкәмәл, көлiк, жер телiмiне құқықтарды қоса алғандағы барлық мүлiк кiредi.
6.5. Орталық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандағы өзара есеп айырысу арқылы жұмыс iстейдi.
6.6. Орталықты қаржыландыру атқарушы үкiмет органдарымен бекiтiлген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
6.7. Мыналар Орталықтың қаржы көздерi болып табылады:
- жарғылық қызметтерiнiң нәтижесiнде алынған қаржыдан, соның iшiнде мемлекеттiк тапсырыстар бойынша;
- ерiктi жарналардан және азаматтар мен заңды тұлғалардың қайырымдылық қаржысынан;
- Заңдарда тыйым салынбаған басқа көздерден.
6.8. Орталық үшiн мемлекеттiк тапсырысты орындау мiндеттi болып табылады. Орталықта мемлекеттiк тапсырысты қолданылып жүрген Заңдарда белгiленген тәртiпте уәкiлеттi орган бередi.
6.9. Уәкiлеттi орган Орталық мүлкiн алып қоюға, болмаса єолданылып жүрген Заңдарға сәйкес оны заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
7. Еңбек және жалақы.
7.1. Әкiмшiлiктiң орталық қызметкерлерiмен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына сәйкес айқындалады.
7.2. Орталықтың жалақы қоры мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiне жалақы
төлеу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық кесiмдерге сәйкес уәкiлеттiк
органмен белгiленедi.
7.3. Орталық жұмысының режимi еңбек туралы Заңда көзделген
кепiлдiктердi ескере отырып белгiленедi.
8. Катастрофалар медицинасы облыстық аумақтық орталығының
қызметiн бақылау және бағалау.
8.1. Орталық қызметi бақылау мен бағалауды Солтүстiк Қазақстан
облысының денсаулық сақтау департаментi, Катастрофалар медицинасы Орталық
аймақтық Орталығымен, сондай-ақ қолданылып жүрген Заңдармен Қазақстан
Республикасының Заңды кесiмдерiмен мемлекеттiк мекемелер қызметтерiн
тексеру жүктелген құқық қорғау және де басқа органдармен өз құзыреттерiне
сәйкес жүзеге асырылады.
9. Халықаралық ынтымақтастық.
9.1. Орталық белгiленген тәртiпте халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
10. Катастрофалар медицинасы облыстық аумақтық орталығын қайта
ұйымдастыру және жою.