Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил снятия показаний с приборов учета количества реализованного нестабильного конденсата по системе трубопроводов

Қаулы · № 847 · қабылданған 26.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66323/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил снятия показаний с приборов учета количества реализованного нестабильного конденсата по системе трубопроводов Күшін жойған Қаулы ·№ 847 ·26.06.2012
29.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил снятия показаний с приборов учета количества реализованного нестабильного конденсата по системе трубопроводов

Күшін жойған Қаулы ·№ 847 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил снятия показаний с приборов учета количества реализованного нестабильного конденсата по системе трубопроводов
Атауы (қаз.)
Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
847
Қабылданған күні
26.06.2012
Көрсетілген редакция
29.12.2018 66323_384499.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000847
ЭКБ идентификаторы
66323
Редакция идентификаторы
66323_384499
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:56

0 Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 245-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 17-тармағы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

3 Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 847 қаулысымен
бекiтiлген
Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі – автоматты және қолмен өңдеуге қолайлы нысанда өлшеу ақпаратының сигналдарын беруге арнаған өлшеу құралдарының, өлшеу нәтижелерін өңдеу, сақтау, индикация және тіркеу құрылғыларының, технологиялық және қосалқы жабдықтардың жиынтығы;

2 2) беруші тарап – тұрақсыз конденсаттың меншік иесі болып табылатын және оны құбыр жүйесі бойынша беру арқылы өткізуді жүзеге асыратын тарап;

3 3) қабылдаушы тарап – тұрақсыз конденсатты беруші тараптан құбыр жүйесі арқылы қабылдайтын тарап.

Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.

2 2. Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу тәртібі

3 3. Өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында есепке алу аспаптарына пломбалар салу жолымен пломбалау жүргізіледі.

Пломбалауды беруші тараптың жауапты тұлғаларының қатысуымен салық органының лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

4 4. Пломбаларды тұрақсыз конденсаттың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуына нақты қауіп болған не авариялық және өрт қаупі туындаған жағдайларды қоспағанда, тек салық органдары ғана өзгертеді немесе олардың рұқсатымен жойылады.

5 5. Беруші тарап салынған пломбалардың бүтіндігін бұзуға алып келген себептерді түсіндірумен авариялық жағдайларды жою жөнінде жұмыстар жүргізгені туралы салық органына жазбаша хабарлайды.

6

6. Бөлшектеуге және пломбалардың бүтіндігін бұзуға байланысты жабдықтарды ағымдағы не күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жүргізілген жағдайда, беруші тарап ол туралы осындай жұмыстар жүргізу басталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын осы жұмыстарды жүргізу күні мен ұзақтығын көрсете отырып салық органына жазбаша хабарлайды.

7 7. Пломбаларды салған және алған кезде салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес пломбалар салу (алу) туралы акт жасайды. Акті екі данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, екінші данасы беруші тарапта қалады.

8 8. Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу мақсаттары үшін тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу тіке және жанама әдістермен жүзеге асырылады.

9 9. Тіке әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі (бұдан әрі – ТКМӨЖ) пайдаланыла отырып, тікелей массаны өлшеу бірлігінде (тоннада, килограммда) жүзеге асырылады.

10 10. Жанама әдіс ТКМӨЖ ауытқыған жағдайда қолданылады. Бұл әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсаттың көлемін кейіннен оның тығыздығына көбейте отырып айқындау жолымен жүзеге асырылады.

11 11. Жанама әдіс бойынша есепке алу схмеасына көшу туралы шешім қабылданған жағдайда беруші тарап осындай шешім қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде салық органына жазбаша хабарлайды.

ТКМӨЖ ажыратқан (қосқан) кезде салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші және қабылдаушы тараптардың өкілдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесін өшіру (қосу) туралы акті жасайды. Акті жеті данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, қалған даналары беруші және қабылдаушы тараптарда қалады.

12 12. Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу күнтізбелік бір ай қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

13

13. Есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі есепке алу аспаптарында пломбалардың болуын және бүтіндігін алдын-ала тексеріп, құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алуды жүзеге асырады.

14 14. Пломбалардың бүтіндігінің бұзылғанын анықталған жағдайда, салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі еркін нысанда тиісті акті жасайды, одан кейін осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын пломбалау жүргізіледі.

15

15. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалар құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу актісін (бұдан әрі – акті) жасайды.

16 16. Актіге салық органының лауазымды тұлғасы мен беруші тараптың өкілі қол қояды, одан кейін 1 жұмыс күні ішінде қабылдаушы тараптың өкілдері қол қоюға береді.

Акті жеті данада жасалады, оның біреуі салық органында сақталады, қалған даналары осы актіге қол қойған тұлғаларда қалады.

3 3. Өтпелі ережелер

17

17. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін растау үшін салық салу мақсатында кеден органының лауазымды тұлғасының қатысуымен жүзеге асырылған, еркін нысанда жасалған құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу актісі пайдаланылады.

1 20___ жылғы «____»____________ пломбалар салу (алу) туралы акті

Құбыр жүйелері арқылы
өткізілген тұрақсыз конденсат
мөлшерін есепке алу аспаптарынан
көрсеткіштер алу қағидаларына
1-қосымша
20___ жылғы «____»____________ пломбалар салу (алу) туралы акті
Біз, төменде қол қойған _______________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
___________________________________________________ пломбалар
салудың (алудың) жүргізілгені туралы осы актіні жасадық.
Ата­уы
Ас­пап тү­рі және дәл­ме-дәл­дік са­на­ты
Плом­ба са­лу сәт­ін­де­гі ас­пап­тың көр­сет­кі­ші
Са­лын­ған плом­ба­ның нө­мі­рі (неме­се бе­де­рі)
Плом­ба­ны алу сәт­ін­де­гі ас­пап­тың көр­сет­кі­ші
Алын­ған плом­ба­ның нө­мі­рі (неме­се бе­де­рі)
Плом­ба­лар­дың са­ны (са­лын­ған / алын­ған)
1
2
3
4
5
6
7
_________________________________ ___________ _______________________
(салық органы маманының лауазымы)  (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________ _____________ _______________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы)    (қолы)  (тегі, аты, әкесінің аты)

2 20___ жылғы «____»____________ тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесін (ТКМӨЖ) өшіру (қосу) туралы акті

Құбыр жүйелері арқылы
өткізілген тұрақсыз конденсат
мөлшерін есепке алу аспаптарынан
көрсеткіштер алу қағидаларына
2-қосымша
20___ жылғы «____»____________ тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесін (ТКМӨЖ) өшіру (қосу) туралы акті
Біз, төменде қол қойған _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________ 20___ жылғы «____»___
Мәскеу уақыты бойынша __ сағат __ минутта ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________ (кейін) байланысты есепке алу
операциясынан(ларынан) ТКМӨЖ өшіру (қосу) жөніндегі осы актіні жасадық
ТКМӨЖ өшіру (қосу) сәтінде тіркелген жұмыс желілеріндегі (RFT-де) массалық шығын өлшеуіштерінің көрсеткіштері мыналарды құрайды (тоннада):
1-же­лі -
6-же­лі -
2-же­лі -
7-же­лі -
3-же­лі -
8-же­лі -
4-же­лі -
9-же­лі -
5-же­лі -
ТКМӨЖ өшіру (қосу) сәтінде резервті өлшеу торабының көрсеткіштері мыналарды құрайды (тоннада):
Н-01-01 -; Н-01-02 -; Н-01-03 -; Н-01-04 -;
Ескерту: RFT – жұмыс жағдайында тұрақсыз конденсаттың массалық шығын
мәнін көрсететін дисплейлі RFT 9739 типті микропроцессорлық өлшеуіш
түрлендіруші.
__________________________________ _________ ________________________
(салық органы маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________ _________ ________________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________ _________ ______________________
(қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

3 20___ жылғы «____»____________ құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу актісі

Құбыр жүйелері арқылы
өткізілген тұрақсыз конденсат
мөлшерін есепке алу аспаптарынан
көрсеткіштер алу қағидаларына
3-қосымша
20___ жылғы «____»____________ құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу актісі
Кү­ні (ай­дың 1-нен соң­ғы кү­ні ара­лы­ғы)
өт­кі­зі­л­ген тұ­рақ­сыз кон­ден­сат­тың са­ны (тон­на­да)
өт­кі­зі­л­ген тұ­рақ­сыз кон­ден­сат­тың жал­пы мөл­ше­рі (тон­на­да)
№ 1 же­лі
№ 2 же­лі
№ 3 же­лі
№ 4 же­лі
№ 5 же­лі
№ 6 же­лі
№ 7 же­лі
№ 8 же­лі
№ 9 же­лі
Бір ай­да
бар­лы­ғы
__________________________________ _____________ ____________________
(салық органы маманының лауазымы)    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________ ______________ ___________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы)     (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________ ______________ ____________________
(қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Қолданыстағы