Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики расчета коэффициента зонирования

Бұйрық · № 239 · қабылданған 28.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-66849/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Методики расчета коэффициента зонирования Күшін жойған Бұйрық ·№ 239 ·28.06.2012
20.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики расчета коэффициента зонирования

Күшін жойған Бұйрық ·№ 239 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики расчета коэффициента зонирования
Атауы (қаз.)
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
239
Қабылданған күні
28.06.2012
Көрсетілген редакция
20.01.2016 AI66849_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007814
ЭКБ идентификаторы
66849
Редакция идентификаторы
AI66849_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:54

0 Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 406-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы К.Т.Ноғайбековке жүктелсін.

4 Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесі

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                    Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 239 бұйрығымен
бекітілген
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесі (әрі қарай - Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.о. 2011 жылғы 29 маусымдағы № 243 «Құнның қоры мен түрлері» бағалау стандартын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7114 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 406-бабына сәйкес салық салу мақсатында кәсіпкерлік қызметте қолданылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын есептеу кезінде қолданылатын аймаққа бөлу коэффициентін есептеуді регламенттейді.

3 3. Осы Әдістемеде келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

аймақтарға бөлу – жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлеумен анықтау;
аймаққа бөлу коэффициенті (К айм) – салық салу объектісінің елдiмекенде орналасуын есепке алатын коэффициент, жергіліктi атқарушы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленеді;
салық құны – Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасының негізінде есептелетін құн.

4 4. Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу бірқатар өзара байланысты сабақтасқан әрекеттердің орындалуын көздейді:

қала, аудан, кент, село (ауыл) аумағын бағалау учаскелеріне бөлу немесе жерді жергілікті өкілетті органдармен бекітілген аймаққа бөлу сызбасын алу;
жылжымайтын мүлік құнын және аталған факторлардың сандық мағынасын қалыптастыратын факторлар құрамын белгілеу;
бағаланатын әрбір учаске үшін факторлар әсерін белгілеу, бағалау учаскесіне факторларды қолдану және соңғылардың шекарасын нақтылау;
әрбір бағаланатын учаске үшін аумақтың қатыстылық құндылық коэффициентін есептеу.

5 5. Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу кезінде салық құнын анықтау үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында уәкілетті органның мұрағатындағы техникалық құжаттама материалдарын пайдалану керек, сондай-ақ пайдалануға рұқсат етіледі:

қаланың, елдімекеннің есептік тоқсандарының кадастрлық картасын;
мемлекеттік электрондық дерекқор мәліметтерін және өзге де материалдарды (құжаттарды);
қалалардың, аудандардың, кенттердің, селолардың (ауылдардың) жергілікті атқарушы органдарының жерді пайдалану, бағалау және салық салу мәселелері бойынша қаулыларын және шешімдерін.

2 2. Жылжымайтын мүліктің қатыстылық құндылық факторларының және төменгі факторларының атауы

6 6. Бағалау учаскелеріне аумақтың қатыстылық құндылық факторы қолданылады. Бұл ретте келесі факторлардың ықпал етуі ескеріледі:

1 1) халықтың қала, аудан, кент, село (ауыл) орталығына, қалалық, аудандық маңызы бар қызмет көрсету объектілеріне қол жетімділігі;

2 2) орталықтандырылған инженерлік жабдықпен және аумақтың көркейтілуімен қамтамасыз етілуі, көліктік қол жетімділігі;

3 3) аймақтың және өзге де жергілікті маңыздағы жоспарлы бірлік шегінде халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету саласының даму деңгейі;

4 4) ерекше құқықтық мәртебесі бар аймақтардың болуы;

5 5) қоршаған ортаның жай-күйі, санитарлық және микроклиматтық жағдайы;

6 6) құрылыстың инженерлік-геологиялық жағдайлары және табиғи немесе өзге де талқандаушылық әсерлерге душар болу дәрежесі.

7

7. Аталған факторлардың әрбір тобы жеткілікті көптеген ақпаратқа ие болады. Аймаққа бөлу коэффициентінен оның жылжымайтын мүлік (халық тұратын аумақты) объектілерінің құндылығына әсерін аса негізді анықтау мақсатында бірлі-жарым төменгі факторлар бөлініп шығады. Жылжымайтын мүліктің қатыстылық құндылығының топтары, факторлары мен төменгі факторлары және олардың мәні осы Әдістеменің қосымшасында келтірілген.

8 8. Бірінші топ факторларының әсері қала және қала маңындағы жолаушылар көлігі аялдамасының орындарына және қала мен аудан орталықтарына, оның ішінде қалалық және аудандық қоғамдық орталықтармен құрылған қызметтерді орналастыру орындарына жаяу қол жетімділікпен анықталады.

Екінші топ коэффициентінің факторлары мен төменгі факторларының маңызы қала, аудан, кент, село (ауыл) аумағының инженерлік жабдыққа (түрлері бойынша) шыққан шығындардың үлес салмағына сәйкес, сондай-ақ қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуді ескерумен қабылданады.
Үшінші топ коэффициентінің факторлары мен төменгі факторлары, екінші топ сияқты, яғни тұрғын үй құрылысының жалпы шығындарының құрамындағы күнделікті қолданылатын мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жеке түрлеріне шыққан шығындардың үлес салмағынан есептеледі.
Төртінші топ коэффициенті келесі бағалау аймақтарына қолданылады:
қорық аумағына немесе табиғатты қорғау, сауықтандыру, рекреациялық маңызы бар аумақтарға;
салыну құқықтары шектелген аймақтар шегінде және сәулет, тарихи, эстетикалық құндылықтарды құрайтын аумақтарға;
ландшафтты құндылықты құрайтын су объектілері, орман алабы және жасыл желектендірілген қоғамдық пайдалану аумақтарына.
Коэффициенттер осындай құндылықтар бар елдімекен учаскелеріне ғана қолданылады.
Бесінші және алтыншы топтардың факторлары мен төменгі факторлары коэффициенттерінің маңызы антропогендік үдерістердің, қоршаған орта жағдайының, санитарлық, микроклиматтық, инженерлік-геологиялық жағдайлардың, табиғи және өзге де талқандаушы әсерге душар болу дәрежесінің жағымсыз әсерінің факторлары ретінде анықталады.

3 3. Аймаққа бөлу коэффициенттерін есептеу

9 Кайм=К1+К2+К3+К4-К5-К6,

9. Факторларды және төменгі факторларды қолдану нәтижесінде бағалау учаскелерінің шекаралары түзетіледі. Алынған ақпараттың негізінде оның аумағында әрекет ететін әрбір фактордың маңызын бағалау аймағына беру үшін санамаланған әрбір факторды сипаттау орындалады.
Әрбір бағалау аймағы бойынша жылжымайтын мүліктің қатыстылық құндылығының аймақтау коэффициенті есептеледі және келесі формула бойынша анықталады:
Кайм=К1+К2+К3+К4-К5-К6,
ондағы:
К1, К2, К3, К4 – жоғары әсердегі маңыздар тобы;
К5; К6 - төменгі әсердегі маңыздар тобы.
Аймаққа бөлу коэффицентін
есептеу әдістемесіне Қосымша
Топ (К)

Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің қа­ты­сты­лық
құн­ды­лы­ғы­ның фак­тор­ла­ры мен тө­мен­гі фак­тор­ла­ры­ның ата­уы
Ма­ңы­зы
1.
Тұр­ғын­дар­дың қо­ғам­дық ор­та­лық­қа, жал­пы­қа­ла­лық, аудан­дық қыз­мет көр­се­ту объ­ек­ті­ле­ріне қол же­тім­ді­лі­гі.
0,80-1,20
2.
Ор­та­лық ин­же­нер­лік жаб­дық­пен және аумақ­тың көр­кей­ті­лу­і­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген­ді­гі, кө­лік­тік қол же­тім­ді­лі­гі:
0,05-0,10
2.1
Су құ­бы­ры
0,05
2.2
Кә­різ
0,05
2.3
Жы­лу
0,10
2.4
Электр­мен қам­та­ма­сыз ету
0,05
2.5
Га­з­бен қам­та­ма­сыз ету
0,10
2.6
Кө­ше­лер мен жол­дар­дың қат­ты жа­бы­ны
0,10
2.7
Қо­ғам­дық қа­ла­лық және қа­ла ма­ңын­да­ғы жо­ла­у­шы кө­лік­те­рі­нің аял­да­ма­ла­ры­на қол же­тім­ді­лік
0,10
3.
Ха­лық­тың мә­де­ни-тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту са­ла­сы­ның да­му дең­гейі мы­на­лар болған­да:
0,10-0,15
3.1
Мек­теп­ке дей­ін­гі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ме­ке­ме­лер
0,10
3.2
Жал­пы бі­лім бе­ру мек­теп­те­рі
0,15
3.3
Жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар са­уда, қо­ғам­дық та­мақ­та­ну және тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту кә­сі­по­рын­да­ры:
0,10
3.4
Ден­са­улық сақ­тау, мә­де­ни­ет, өнер, спорт ме­ке­ме­ле­рі
0,10
4.
Ерекше құқық­тық мәр­те­бе­сі бар ай­мақ­тар­дың бо­луы
0,50
5.
Қор­ша­ған ор­та­ның жай-күйі, са­ни­тар­лық және мик­ро­кли­мат­тық жағ­дай­ла­ры (ми­нус) тө­мен ко­эф­фи­ци­ент­пен ес­ке­рі­ле­ді:
0,10
5.1
Ауа ха­уы­зы­ның ла­ста­нуы, жо­ға­ры га­з­дан­ды­ры­лу, тү­т­ін­ден­ді­рі­лу
0,10
5.2
Аумақ­тың ла­ста­нуы: қо­қыс та­стай­тын жер­лер­дің бо­луы, өн­ді­рі­стік қал­дық­тар үй­ін­ді­ле­рі
0,10
5.3
Су объ­ек­ті­сі­нің ла­ста­нуы
0,10
5.4
Шуыл ре­жи­мі­нің бұ­зы­луы: те­мір­жол, трам­вай жол­да­ры­ның бо­луы, жо­ла­у­шы вок­зал­да­ры­ның, ай­лақ­тар­дың, ба­зар­лар­дың бо­луы, үл­кен жүк кө­лі­гі­нің және ав­то­кө­лік­ке то­лы жыл­дам жү­ру трас­са­сы­ның бо­луы (ба­ға­лау объ­ек­ті­сі­нен 50 м ас­пай­тын қа­шық­тық­та бо­луы), әуе­же­лі­ле­рі (ба­ға­лау объ­ек­ті­сі­нен 1000 м ас­пай­тын қа­шық­тық­та бо­луы)
0,10
6.
Құ­ры­лы­стың ин­же­нер­лік-гео­ло­ги­я­лық жағ­дай­ла­ры мен та­би­ғи және өзге де тал­қан­да­у­шы әсер­лер­ге ду­шар бо­лу дә­ре­же­сі
0,10
6.1
Элек­тро­маг­нит­тік өрі­стер­дің, ра­ди­а­ци­я­ның ке­рі әсе­рі (ра­дио­стан­ци­я­лар, ра­дио­те­ле­ви­зи­я­лық бе­рі­ле­тін және ра­дио­ло­ка­ци­я­лық бе­кет­тер, электр бе­ру же­лі­ле­рі­нің жо­ға­ры­вольт­ты әуе же­лі­ле­рі)
0,10
6.2
Су ба­су, бат­пақ­ты жер, жер асты су­ла­ры­ның жо­ға­ры жағ­дайы, сей­сми­ка­лы­лы­ғы, сел және өзге де та­би­ғи фак­тор­лар.
0,10

Қолданыстағы