Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

Қаулы · № 511 · қабылданған 21.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67821/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда Күшін жойған Қаулы ·№ 511 ·21.08.2012
26.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда

Күшін жойған Қаулы ·№ 511 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
511
Қабылданған күні
21.08.2012
Көрсетілген редакция
26.03.2013 AI67821_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VD002675
ЭКБ идентификаторы
67821
Редакция идентификаторы
AI67821_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:32

0 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7232 нөмірімен тіркелді), Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалпы алаңының бір шаршы метріне ай сайынғы төлем мөлшері осы қаулының  қосымшасына сай белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары А.Т. Хосчановқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалпы алаңының бір шаршы метріне ай сайынғы төлем мөлшері

2012 жылғы 21 тамыздағы № 511
қаулысына қосымша
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
жалпы алаңының бір шаршы метріне ай сайынғы төлем мөлшері
Төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
А=Ц1 : Т : 12 ай + Р
ондағы:
А – кондоминиум объектiсiнің құрамына жатпайтын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері, айына 1 шаршы метр үшін теңге;
Ц1 – 20 жылдан астам пайдаланылған тұрғын үйлер үшін тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрінің құны, теңгемен;
Т – ғимараттың қызмет ету есептік мерзімі, жыл;
Р – тұрғын үйді (тұрғын ғимараты) күтуге қажетті төлемінің сомасы, айына 1 шаршы метр үшін теңге.
№ р/р
Үйдің мекенжайы
Төлем мөлшері
1
Островский көшесі, 86
39 (отыз тоғыз) теңге 85 (сексен бес) тиын

Қолданыстағы