Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объекта скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования"

Бұйрық · № 144 · қабылданған 24.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69304/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объекта скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования" Күшін жойған Бұйрық ·№ 144 ·24.08.2012
10.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объекта скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 144 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента оказания государственной услуги "Выдача разрешения на сжигание в факелах попутного и (или) природного газа при испытании объекта скважин, пробной эксплуатации месторождения, технологически неизбежном сжигании газа при пусконаладке, эксплуатации, техническом обслуживании и ремонтных работах технологического оборудования"
Атауы (қаз.)
"Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
144
Қабылданған күні
24.08.2012
Көрсетілген редакция
10.02.2014 AI69304_2.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008083
ЭКБ идентификаторы
69304
Редакция идентификаторы
AI69304_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:30

0

"Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету регламентін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. Қоса беріліп отырған «Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi төрағасына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
_____________ С. Мыңбаев
2012 жылғы 24 тамыз
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
______________ Ә. Исекешев
2012 жылғы 9 қазан
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
_______________ В. Божко
2012 жылғы 25 тамыз

0 «Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2012 жылғы 24 тамыздағы № 144,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 9 қазандағы № 368
және Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 16 қазандағы № 465
бірлескен бұйрығына
қосымша
«Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1

1. Осы «Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Регламентте мына ұғымдар қолданылады:

1 1) жауапты орындаушы – міндетіне рұқсат алуға өтініштерді және қоса беріліп отырған құжаттарды қарау кіретін лауазымды тұлға;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;

3 3) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген заңды тұлға;

4 4) мүдделі уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi.

2 2. Жалпы ережелер

3 3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік бақылау комитеті(бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

4 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

5

5. Мемлекеттiк қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 85-бабы, «Iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1009 қаулысымен бекітілген «Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.

6

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға берілетін, жағылатын газдың көлемі мен қолданылу мерзімі көрсетілген рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдар:

1 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті – рұқсаттың жобасын келісу;

2 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi – рұқсаттың жобасын келісу.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

8 8. Мемлекеттік қызметті Комитет: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0505 А кабинеті мекенжайы бойынша көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

9 9. Мемлекеттiк қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mgm.gov.kz ресми интернет-ресурсындағы «Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті» бөлімінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу барысы туралы ақпарат 8 (7172) 97-68-64 телефоны бойынша беріледі.

10 10. Қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдарға жүгіну талап етілмейді.

11 11. Мемлекеттiк қызмет стандарттың 7-тармағына сәйкес мерзімде көрсетіледі.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

13 13. Жер қойнауын пайдаланушының стандарттың 11 және 12-тармағында көзделген талап етілетін құжаттардың барлығын бермеуі жер қойнауын пайдаланушы хабардар етілген күннен бастап олар берілген күнге дейін өтінішті қарауды тоқтатуға әкеп соғады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден стандарттың 16-тармағы негізінде бас тартылады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1 1) өтінішті тіркеу;

2 2) өтінішті алдын ала қарау:

рұқсаттың қарастыру мерзімін тоқтату немесе беруден бас тарту туралы негіздер болмаған жағдайда, өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттарды мүдделі уәкілетті органдарға жіберу;
мемлекеттік қызметті алушыға рұқсаттың қарау мерзімін тоқтату туралы хабарламасын жіберу;
мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу;

3 3) мүдделі уәкілетті органдардың рұқсат алуға өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарды қарағаны туралы хатын тіркеу;

4 4) мүдделі уәкілетті органдардың хаттарын және өтініші мен қоса беріліп отырған құжаттарын қарау:

рұқсаттарды ресімдеу;
мүдделі уәкілетті органдардың бас тартуы негізінде рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелді жауабын жіберу.
Мемлекеттік қызметті алушының ескертулерді жою және қарау мерзімдерін қалпына келтіруі кезінде өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттар мүдделі уәкілетті органдарға жіберіліп, осы тармақтың 3) және 4) кезеңдері орындалады.

15 15. Құжаттар Министрліктің кеңсесінде кезек бойынша алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, А блогы, 0305 А кабинетінде қабылданады.

Министрлік кеңсесінің жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Ғимаратқа кіру рұқсаттама бюросы берген рұқсаттама қағазы бойынша жүзеге асырылады. Рұқсаттама бюросының жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген мереке және демалыс күндерінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

16 16. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш Министрліктің кеңсесінде Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің тіркелгені туралы Комитеттің қызметкерлері телефон арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарлайды.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай ҚФБ қатысады:

1 1) Министрлік кеңсесі;

2 2) Комитет басшылығы;

3 3) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

4 4) Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;

5 5) мүдделі уәкілетті органдар.

18 18. Әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін мәтіндік кесте сипатында көрсеткен әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің сипаттамасы және өзара іс-қимылы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

19 19. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін схемалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

1 Әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара іс-қимылдардың сипаттамасы

«Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы
пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау,
пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық
ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды
алау етiп жағуға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдар (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара іс-қимылдардың сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы.
Негіз­гі про­це­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
2
3
4
2
ҚФБ ата­уы
Ми­ни­стр­лік кең­се­сі
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау
Ко­ми­тет­тің жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сін бел­гі­леу
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сын бел­гі­леу
Өті­ніш және қо­са бе­рі­ліп отыр­ған құ­жат­тар­ды қа­рау және мы­на іс-қи­мыл­дар­дың бі­ре­уін орын­дау
Мүд­де­лі уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға жі­бе­ру
Қа­рау мер­зі­мін тоқ­та­та тұ­ру
Рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім)
Бі­рың­ғай элек­трон­дық құ­жат ай­на­лы­мы жүй­е­сін­де тір­кеу
Бұ­ры­шта­ма қою, Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы­на жі­бе­ру
Бұ­ры­шта­ма қою, Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы­на жі­бе­ру
Рұқ­сат жо­ба­сы және өті­ніш пен қо­са бе­рі­ліп отыр­ған құ­жат­тар­ды мүд­де­лі уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға жі­бе­ру
Рұқ­сат­ты қа­рау мер­зі­мін тоқ­та­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жі­бе­ру
Рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жі­бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут
Кү­ніне
4 рет­тен кем емес
Кү­ніне 4 рет­тен кем емес
5 жұ­мыс кү­ні
Негіз­гі про­це­стің іс-қи­мыл­да­ры (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
Іс-қи­мыл­дар­дың № (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
5
6
7
8
9
2
ҚФБ ата­уы
Мүд­де­лі уәкі­лет­ті ор­ган­дар
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
3
Іс-қи­мыл­дар­дың (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Рұқ­сат бе­ру­ді ке­лі­су неме­се ке­лі­су­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Мүд­де­лі уәкі­лет­ті ор­ган­дар­дың хат­та­рын қа­рау және мы­на іс-қи­мыл­дар­дың бі­ре­уін орын­дау
Рұқ­сат­пен неме­се рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­пен ке­лі­су
Рұқ­сат­қа неме­се рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­қа қол қою
Рұқ­сат­тар­ды тір­кеу жур­на­лын жүр­гі­зу
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­дық-өкім­дік ше­шім)
Рұқ­сат бе­ру­мен ке­лі­су ту­ра­лы неме­се рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы бар хат
Рұқ­сат­ты ре­сім­деу
Рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жі­бе­ру
Ке­лі­су па­ра­ғы­на қол қою
Рұқ­сат­қа қол қою
Рұқ­сат­тар­ды тір­кеу жур­на­лы­на жа­зу және рұқ­сат­ты бі­рін­ші бас­шы­ға неме­се заң­ды тұл­ға­ның се­нім­ді өкі­ліне бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс кү­ні
4 са­ғат
4 са­ғат
15 ми­нут
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс.
1-ҚФБ
Ми­ни­стр­лік кең­се­сі
2-ҚФБ
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы
3-ҚФБ
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
4-ҚФБ
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
5-ҚФБ
Мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар
№ 1-іс-қи­мыл
Өті­ніш­ті қа­был­дау, та­лон бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, өті­ніш­ті Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
№ 2-іс-қи­мыл
Орын­дау үшін Ко­ми­тет­тің жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сін анық­тау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 3-іс-қи­мыл
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сын анық­тау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 4-іс-қи­мыл
Өті­ніш­ті және ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рау, өті­ніш­тің жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы за­ңы­на сәй­кест­і­гін анық­тау, ке­лі­су үшін мүд­де­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға жі­бе­ру
№ 5-іс-қи­мыл
Өті­ніш­тер­ді және ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рау, рұқ­сат бе­ру­мен ке­лі­су ту­ра­лы хат жі­бе­ру
№ 6-іс-қи­мыл Рұқ­сат­ты бе­ру­мен ке­лі­су ту­ра­лы хат­ты тір­кеу
№ 7-іс-қи­мыл
Бұ­ры­шта­ма қою
№ 8-іс-қи­мыл Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сын бел­гі­лей­тін бұ­ры­шта­ма қою
№ 9-іс-қи­мыл
Рұқ­сат­ты ре­сім­деу
№ 11-іс-қи­мыл Рұқ­сат­қа қол қою
№ 10-іс-қи­мыл
Рұқ­сат­ты ке­лі­су
№ 12-іс-қи­мыл Рұқ­сат­ты тір­кеу жур­на­лын тол­ты­ру және рұқ­сат­ты бі­рін­ші бас­шы­ға неме­се заң­ды тұл­ға­ның се­нім­ді өкі­ліне бе­ру
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.
1-ҚФБ
Ми­ни­стр­лік кең­се­сі
2-ҚФБ
Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы
3-ҚФБ Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің бас­шы­сы
4-ҚФБ
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы
5-ҚФБ
Мүд­де­лі уәкі­лет­ті ор­ган­дар
№ 1-іс-қи­мыл
Өті­ніш­ті қа­был­дау, та­лон бе­ру, өті­ніш­ті тір­кеу, өті­ніш­ті Ко­ми­тет бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
№ 2-іс-қи­мыл
Орын­дау үшін Ко­ми­тет­тің жа­у­ап­ты құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сін анық­тау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 3-іс-қи­мыл
Ко­ми­тет­тің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сын анық­тау, бұ­ры­шта­ма қою
№ 4-іс-қи­мыл
Өті­ніш­ті қа­рау, өті­ніш­тің жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы за­ңы­на сәй­кест­і­гін анық­тау,өті­ніш­ті қа­рау мер­зі­мін тоқ­та­та тұ­ру ту­ра­лы неме­се рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жі­бе­ру, егер өті­ніш жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы за­ңы­на сәй­кес бол­са рұқ­сат жо­ба­сы мен құ­жат­тар­ды мүд­де­лі уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға жі­бе­ру
№ 5-іс-қи­мыл Өті­ніш пен қо­са бе­рі­ліп отыр­ған құ­жат­тар­ды қа­рау, рұқ­сат бе­ру­ді ке­лі­су­ден бас тар­ту ту­ра­лы жа­у­ап­ты жі­бе­ру
№ 6-іс-қи­мыл Рұқ­сат­ты бе­ру­ді ке­лі­су­ден бас тар­ту ту­ра­лы хат­ты тір­кеу
№ 7-іс-қи­мыл Мүд­де­лі уәкі­лет­ті ор­ган­ның ке­лі­су­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­ты негі­зін­де рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты жі­бе­ру

2 Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін схемалар

«Ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орнын сынамалы
пайдалану, технологиялық жабдықты iске қосу-баптау,
пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жұмыстары жағдайында газды технологиялық
ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды
алау етiп жағуға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік
қызметті көрсету регламентіне
2-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты бейнелейтін схемалар
Функционалдық іс-қимылдардың диаграммасы

Қолданыстағы