Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача электронных карточек к электронным (цифровым) тахографам"

Бұйрық · № 814 · қабылданған 26.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-69598/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача электронных карточек к электронным (цифровым) тахографам" Күшін жойған Бұйрық ·№ 814 ·26.11.2012
05.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача электронных карточек к электронным (цифровым) тахографам"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 814 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача электронных карточек к электронным (цифровым) тахографам"
Атауы (қаз.)
"Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
814
Қабылданған күні
26.11.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2015 AI69598_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008146
ЭКБ идентификаторы
69598
Редакция идентификаторы
AI69598_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:46

0 "Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 814 бұйрығымен
бекітілген
«Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрi – Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 13-бабының 21) тармақшасының, «Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2 2. Осы регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - алушы) – жеке (жеке кәсіпкер) және заңды тұлғалар;

2 2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрi - ҚФБ) – уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелер немесе жүйешелер;

3 3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті.

3

3. «Электрондық (цифрлы) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарымен (бұдан әрi – уәкілетті орган) Стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет:

1 1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 13-бабының 21) тармақшасы;

2 2) Стандарт;

3 3) Қағида негізінде көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды (бұдан әрі – карточка) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

7 7. Мемлекеттік қызмет өзге мемлекеттік органдардың қатысуысыз көрсетіледі.

8 8. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талаптары

9 9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО бөлімдерінде.

10 10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қосып алғанда көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгісі:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжай бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
ХҚКО ғимаратында орналасқан стенділерде;
call-орталықта 1414 орналастырылған.

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.

14 14. Алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.

ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда алушыға жетіспейтін құжаттар белгіленген қол хат беріледі.
Көліктік бақылау органы толтырылған құжаттардың қателерін анықтаған, Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық ұсынылмаған жағдайда құжаттар топтамасын алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде бас тартудың жазбаша негіздемесін ХҚКО-на жолдайды.
ХҚКО қызметкері оларды алғаннан кейін алушыға бір жұмыс күні ішінде хабарлайды және көліктік бақылау органның бас тарту туралы жазбаша негіздемесін береді.
Егер алушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбесе, ХҚКО оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етіп, содан кейін көліктік бақылау органына жолдайды.

15 15. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1 1) алушы ХҚКО-ға Стандартқа 3-5-қосымшаларға сәйкес өтініш береді;

2 2) ХҚКО қызметкері өтінішті және қажетті құжаттар тізімін қабылдайды, өтінішті тіркейді, жинақтаушы бөлімнің қызметкері құжаттарды көліктік бақылау органына курьер арқылы жолдайды;

ХҚКО–дан құжаттар пакетін уәкілетті органға жолдау фактісі мемлекеттік қызметті көрсету барысында құжаттар қозғалысын зерттеп отыратын штрихкод сканері көмегімен бекітіледі;

3 3) уәкілетті органның кеңсесінің қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді және оны уәкілетті органның басшысына не оның орынбасарына қарауға береді;

4 4) уәкілетті органның бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті органның бөлім бастығына қарауға береді;

5 5) уәкілетті органның бөлім бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар тізбесін қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, уәкілетті органның бөлімінің маманына береді;

6 6) уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарап, қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда құжаттарды әзірлеушіге электрондық карточканы даярлау үшін жолдайды немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;

7 7) әзірлеуші электрондық карточканы он жұмыс күні ішінде даярлайды және уәкілетті органға жолдайды;

8 8) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-ға жібереді;

9 9) ХҚКО алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін – электрондық карточканы немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жазбаша түрде береді.

16 16. ХҚКО-да мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүргізетін адамдардың ең аз саны бір адамды құрайды.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттамасы

17 17. ХҚКО құжаттарды қабылдау ХҚКО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.

ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған кезде алушыға:

1 1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;

2 2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

3 3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;

4 4) құжаттар берiлген күні (уақыт) мен орны;

5 5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегi, аты, әкесiнiң аты.

Уәкілетті органға түскен арыз жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына тіркеледі, осыған қоса қазақ тілінде төмендегі оң жақ бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі тіркейтін штампен басылады.

18 18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер:

1 1) ХҚКО қызметкері;

2 2) ХҚКО жинақтау бөлімшесінің қызметкері;

3 3) көліктік бақылау орган кеңсесінің қызметкері;

4 4) көліктік бақылау органының бастығы;

5 5) көліктік бақылау органы бөлімінің бастығы;

6 6) көліктік бақылау органы бөлімінің маманы;

7 7) уәкілетті органның кеңсесі;

8 8) уәкілетті органның төрағасы немесе оның орынбасарлары;

9 9) уәкілетті органның автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының маманы;

10 10) электрондық карточканың әзірлеушісі;

11 11) курьер.

19 19. Осы регламенттің 1-қосымшасында әр ҚФБ әкімшілік процедураларының әрекеттесуінің және олардың қисынды реттілігінің әрбір әкімшілік процедураларды орындаудың уақыты көрсетілген кестедегі жазбаша сипаттамасына көрсетілген.

20 20. Осы регламенттің 2-қосымшасында ҚФБ мен мемлекеттік қызметті көрсету процедурасындағы іс-әрекеттердің логикалық реттілгінің арасындағы өзара байланысының сызбасы келтірілген.

1 Электрондық (цифрлы) тахографтарға

электрондық карточкалар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымшасы
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.
Негіз­гі үде­ріс қыз­ме­ті
1
Іс-қи­мыл №
1
2
3
4
5
6
2
ҚАБ ата­уы
ХҚО қыз­мет­ке­рі
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның кең­се­сі
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бас­шы­сы
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бө­лім ба­стығы
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бө­лім ма­ма­ны
Элек­трон­ды (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­лар дай­ын­да­у­шы
3
Іс-қи­мыл ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­лар­ды алу­ға ти­іс­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін және өті­ніш, өті­ніш­ті қа­рас­ты­ру; өті­ніш­ті және то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін кө­лік­тік ба­қы­лау ор­ган­да­ры­на жол­дай­ды
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын алу ары­зын және ти­іс­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін қа­был­дау
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын алу ары­зда­рын қа­ра­ту
Жі­бе­рі­л­ген құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап­қа сәй­кест­і­гіне қа­ра­ту
Уәкі­лет­ті ор­ган бө­лі­мі­нің ма­ма­ны­на ары­зды қа­рас­ты­ру ба­ры­сын­да ХҚКО-дан ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды бес күн ішін­де құ­жат­тар­дың та­лап­қа сәй­кест­і­гін қа­рап элек­трон­ды кар­точ­ка жа­са­у­шы­ға жол­дай­ды неме­се ұсы­ну­дан бас тар­ту дәлел жа­у­а­бын бе­ре­ді
Да­яр­ла­у­шы элек­трон­ды (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­лар­ды да­яр­лап уәкі­лет­ті ор­ган­ға жол­дай­ды
5
Орын­дау мер­зі­мі
20 мин.
1-күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға өті­ніш­тің ке­ліп тү­су кү­ні­нен ба­стап
1-күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға өті­ніш­тің ке­ліп тү­су кү­ні­нен ба­стап
1-күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға өті­ніш­тің ке­ліп тү­су кү­ні­нен ба­стап
5-күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға өті­ніш­тің ке­ліп тү­су кү­ні­нен ба­стап
10-күн ішін­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға ары­здың ке­ліп тү­су кү­ні­нен ба­стап
6
Ке­ле­сі әре­кет нө­мі­рі
12
11
10
9
8
7
7
Іс-қи­мыл ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын жі­бе­ру
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын ХҚКО ұсы­ну
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын уәкі­лет­ті ор­ган­ға кел­ген күн­нен ба­стап 10 күн ішін­де ұсы­ны­ла­ды
8
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын ұсы­ну
9
Орын­дау мер­зі­мі
20 мин.
алу кү­ні
Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негіз­гі үде­ріс
1
2
3
4
5
6
ХҚО қыз­мет­ке­рі
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­ган кең­се­сі
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бас­шы­сы
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бө­лім ба­стығы
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бө­лім ма­ма­ны
Элек­трон­ды (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­лар да­яр­ла­у­шы
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­лар­ды алу­ға ти­іс­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін және қа­был­дау өті­ні­ші, өті­ніш­ті қа­рас­ты­ру; тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, ары­зды және то­лық құ­жат­тар тіз­бе­сін уәкі­лет­ті ор­ган­ға жол­дай­ды
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын алу өті­ні­шін және ти­іс­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін қа­был­дау, тір­кеу жур­на­лы­на өті­ніш­ті тір­кеу, осы­ған қо­са қа­зақ ті­лін­де тө­мен­гі оң жақ бұ­ры­шы­на түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рі тір­кей­тін штам­пен ба­сы­ла­ды
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын алу өті­ніш­те­рін қа­ра­ту
Жі­бе­рі­л­ген құ­жат­тар тіз­бе­сін та­лап­қа сәй­кест­і­гіне қа­ра­ту
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ма­ма­ны өті­ніш­ті қа­рас­ты­рып бес жұ­мыс кү­ні ішін­де ары­здың түс­кен кү­ні­нен ба­стап, элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын дай­ын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын дай­ын­дай­ды
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын жол­дау
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын ХҚКО қа­был­дау кү­ніне ұсы­ну
Элек­трон­дық (цифр­лы) та­хо­граф­тар­ға элек­трон­ды кар­точ­ка­ла­рын дай­ын­дай­ды және уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға он жұ­мыс кү­ні ішін­де

2 Электрондық (цифрлы) тахографтарға

электрондық карточкалар беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымшасы
Функционалды өзара іс-қимыл диаграммасы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үр­ді­сі
1
2
3
4
5
6
ХҚО
қыз­мет­ке­рі
Кө­лік­тік ба­қы­лау
уәкі­лет­ті ор­ган
кең­се­сі
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бас­шы­сы
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бө­лім ба­стығы
Кө­лік­тік ба­қы­лау уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның бө­лім ма­ма­ны
Элек­трон­ды
(цифр­лы)
та­хо­граф­тар­ға
элек­трон­ды
кар­точ­ка­лар
да­яр­ла­у­шы

Қолданыстағы