Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении "Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством домостроений на дачных и садовых участках"

Ереже · № 7-211 · қабылданған 06.07.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7038/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении "Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством домостроений на дачных и садовых участках" Күшін жойған 06.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении "Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством домостроений на дачных и садовых участках"

Күшін жойған Ереже № 7-211 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении "Положения о порядке приемки в эксплуатацию законченных строительством домостроений на дачных и садовых участках"
Атауы (қаз.)
"Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу тәртібі жөніндегі" Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-211
Қабылданған күні
06.07.2000
Көрсетілген редакция
06.07.2000 7038_240552.kaz
Соңғы өзгеріс
06.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00D000174_
ЭКБ идентификаторы
7038
Редакция идентификаторы
7038_240552
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:22
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу тәртібі жөніндегі" Ережені бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
Алматы облысының аумағында және Алматы қаласына жақын аумақтарда учаскелерінде салынып және пайдаланып отырған үйлер мен қора-жайлары бар көптеген бағбандар қоғамы (Серіктестікте) бар. Пайдаланып тұрған саяжай үйлерін қабылдау бұрын жүргізілмеген.
Алдағы уақытта құрылысы біткен саяжай үйлерін пайдалануға қабылдау жұмыстарын тәртіпке келтіру, сондай-ақ құрылыс салу қалыптары мен ережелері талабына сәйкес келетін саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде салынған үйлерді жеке тұрғын үй ретінде меншіктеуге құқығы бар азаматтарға қайтадан рәсімдеуге мүмкіншілік беру мақсатында Алматы облысының Әкім шешім қабылдады:

1. "Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу тәртібі жөніндегі" Ереже бекітілсін.

2. Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы (І. Разақов) жылжымайтын

мүлікті тіркеу кезінде және саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде үй
салушылардың иелерінен мүлік салығын есептегенде осы Ережені басшылыққа алатын болсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы С. Фазыловқа жүктелсін.

4 Алматы облысы Әкімінің

2000 жылғы 7 шілдедегі N 7-211
шешіміне қосымша
Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде
құрылысы біткен үйлерді қабылдап алу туралы
Ережелер

1. Жалпы Ережелер

1.1. "Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу туралы Ережелер" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қазандағы N 3200 "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қала құрылысы туралы" Заңға Алматы облысы Мәслихатының 1998 жылғы 30 қазандағы N 23-177 шешімімен бекітілген "Алматы облысының қалалары мен елді мекендерінде құрылыс салудың жалпы Ережелеріне" және Қазақстан Республикасы Құрылыс Министрлігі алқасының 1995 жылғы 28 ақпандағы N 2-2 Қаулысымен бекітілген "Бағбандық қоғамдардың (серіктестіктердің) жерлерінде құрылыс салуды жоспарлау Ережелеріне" сәйкес жасалған.

1.2. Бұл Ережелер саяжай және бау-бақша учаскелеріндегі құрылысы біткен үйлерді қабылдап алу тәртібін анықтайды.

1.3. Бұл Ережелерді қабылдап алу комиссиялары, жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі аймақтық орындары, сол сияқты саяжай және бау-бақша учаскелері бар барлық заңды және жеке тұлғалар басшылыққа алуы міндетті.

2. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлері пайдалануға қабылдап алу тәртібі

2.1. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу құрылысты монтаждау мен бөлінген жер учаскелерінің аумағын көркейту жұмыстарының барлығы орындалған соң жүргізіледі.

2.2. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу жеке үй құрылыстарына заңды құқығы бар азаматтардың жазбаша берген арызы негізінде жүргізіледі.

2.3. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді қабылдап алу аудандық, қалалық әкімшіліктердің тағайындауымен құрылған қабылдап алу комиссиялары жүргізеді. Қабылдап алу комиссиясы аудан немесе қалада тұрақты түрде немесе жылдық күн тізбек бойынша іс-қимыл жасайды.

2.4. Қабылдап алу комиссиясының құрамына: аудандық немесе қалалық әкімнің орынбасары - төраға, облыстық мемлекеттік сәулет құрылысы инспекциясының өкілі - төрағаның орынбасары; комиссия мүшелері: аудандық, қалалық сәулет органдарының, аудандық немесе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің, аудандық немесе қалалық өртке қарсы қызметінің өкілдері, облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы және үй құрылысының иелері енгізіледі.

2.5. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үйлерді пайдалануға қабылдап алу облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы белгілеген үлгіде аудандық, қалалық әкімдердің бекітуімен қабылдау комиссиясының актілерімен рәсімделінеді.

2.6. Қабылдап алу комиссиясының актісінде төмендегі негізгі мәліметтер көрсетіледі:

- қабылдап алу комиссиясын құру жөніндегі негізгі құжаттар;
- қабылдап алу комиссиясы мүшелерінің тізімі, қызметі, ұйымы;
- пайдалануға қабылданатын үй құрылысының құрылымы туралы негізгі мәліметтер, оның жер сілкінісіне қарсы беріктігі.

2.7. Қабылдап алу комиссиясының актісіне төмендегі құжаттарды қоса тапсыру қажет:

- аудан немесе қала әкімінің жер учаскесін бөлу жөніндегі шешімі;
- саяжай немесе бау-бақша учаскесінің бас жоспарындағы 1:500 ауқымдағы, барлық көлемін көрсету;
- үй құрылысының жоспарын, алдыңғы жағы мен қиығын 1:50 немесе 1:20 ауқымдағы белгіде барлық көлемін көрсету.

2.8. Жеке тұлғалар өз тілектері мен саяжай учаскелеріндегі үй құрылысын белгіленген тәртіп, бойынша жеке тұрғын үй ретінде пайдалануға берілген нысанның қабылдап алу актісі және нақты жобасы бар болса ғана аудан немесе қала әкімінің келісілген шешіміне сәйкес рәсімдей алады.

2.9. Қабылдап алу комиссиясының актісі облыстық жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының филиалдарына мүлікті жекешелендіруге құқық беретін тіркеу куәлігін беруге негіз болады.

3. Жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

3.1. Саяжайлар мен бау-бақша учаскелерінде құрылысы біткен үй құрылыстарын пайдалануға қабылдап алудың белгіленген тәртібін бұзған жеке және заңды тұлғалар қолданылып жүрген заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

3.2. Саяжай және бау-бақша учаскелеріндегі салынған үй құрылыстарының сапасына құрылыс жұмыстарын атқарушылар жауап береді.

3.3. Құрылыс шарттары мен ережелеріне және талаптарына сәйкес келмейтін саяжай және бау-бақша учаскелеріндегі үй құрылыстарын пайдалануға қабылдап алғандары үшін, қабылдап алу комиссиясының мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.