Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по организации повышения квалификации педагогических кадров

Бұйрық · № 1 · қабылданған 04.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70768/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по организации повышения квалификации педагогических кадров Күшін жойған Бұйрық ·№ 1 ·04.01.2013
09.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по организации повышения квалификации педагогических кадров

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по организации повышения квалификации педагогических кадров
Атауы (қаз.)
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
04.01.2013
Көрсетілген редакция
09.07.2015 AI70768_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008287
ЭКБ идентификаторы
70768
Редакция идентификаторы
AI70768_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:02

0 Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 4 қаңтардағы
№ 1 бұйрығымен
бекітілген
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

1 1. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 38) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2

2. Нұсқаулық Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПШО) дайындаған үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі (бұдан әрі – Курстар) оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының курстарына іріктеудің және қабылдаудың тәртібін белгілейді.

3 3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрыннан алған кәсіби білімін, үйрете білуі мен дағдысын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту формасы;

2 2) сертификатталған тренер – Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесе отырып, «НЗМ» ДББҰ ПШО дайындаған деңгейлі бағдарламалар бойынша оқытудан өткен және Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесінің сертификатын алған педагог қызметкер.

4 4. Курстарды Қазақстан Республикасының мынадай білім беру ұйымдары өткізеді:

1 1) үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (ілгері) деңгейлердегі бағдарламалары бойынша – «НЗМ» ДББҰ ПШО және оның филиалдары;

2

2) үшінші (базалық), екінші (негізгі) деңгейлердегі бағдарламалары бойынша – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Өрлеу» БАҰО» АҚ), және оның «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Республикалық білім беру жүйесі басшылығы мен ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты» филиалы;

3 3) үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары.

5 5. Бірінші (ілгері) деңгейдегі курстардың ұзақтығы кемінде 464 сағатты құрайды:

1 1) аудиториялық оқыту – кемінде 200 сағат;

2 2) мектептегі тәжірибе – кемінде 144 сағат;

3 3) аудиториялық оқыту – кемінде 120 сағат.

Екінші (негізгі) деңгейдегі курстардың ұзақтығы кемінде 440 сағатты құрайды:

1 1) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат;

2 2) мектептегі тәжірибе – кемінде 120 сағат;

3 3) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат.

Үшінші (базалық) деңгейдегі курстардың ұзақтығы кемінде 416 сағатты құрайды:

1 1) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат;

2 2) мектептегі тәжірибе – кемінде 96 сағат;

3 3) аудиториялық оқыту – кемінде 160 сағат.

6 6. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

7 7. Курсты тиісті деңгей бойынша Кембридж университеті сарапшыларының қатысуымен «НЗМ» ДББҰ ПШО даярлаған сертификатталған тренерлер жүргізеді.

8 8. Сертификатталған тренерлер құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның тізімдері мен «НЗМ» ДББҰ тізімі негізінде құрылады.

9 9. Курсқа оқуға үміткер педагог кадрларға осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген талаптар белгіленеді.

10 10. Курсқа оқуға үміткер педагог қызметкер білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;

2 2) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсына сауалнама;

3 3) жекебас куәлігінің көшірмесі;

4 4) жұмыс орнынан лауазымы мен педагогикалық жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;

5 5) оқу мен қоғамдық өмірдегі табыстарын айғақтайтын грамота, дипломдардың, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (егер олар бар болса) көшірмелері.

11 11. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі:

1 1) жыл сайын 20 қыркүйекке дейін осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілгендей, Курста оқуға үміткер педагог қызметкерлердің өтініштерін қарайды;

2 2) жыл сайын 1 қазанға дейін осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасындағы нысанға сәйкес біліктілікті арттыру курстарына педагог кадрларды жолдау туралы Хаттама (бұдан әрі – Хаттама) рәсімделіп, педагог кадрларды курсқа жолдау туралы шешімді аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарына келісуге ұсынады.

12

12. Аудандық (қалалық) білім беру бөлімі Хаттаманы жыл сайын 1 қарашаға дейін қарайды және хаттамамен рәсімделген тыңдаушылардың тізімдерін Осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру ұйымдарын қоспай, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім беру басқармаларына бекітуге жолдайды.

13 13. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармалары жыл сайын 15 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға білім алушылардың бекітілген тізімін жолдайды.

14 14. Білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 30 қарашаға дейін Курста оқуға үміткер педагог кадрлардың тізімдерін (бұдан әрі – Тізім) бекітеді және оны «НЗМ» ДББҰ ПШО-ға және «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ға (бұдан әрі – Ұйымдар) жолдайды:

1 1) облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармалары бекіткен Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары;

2 2) білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі бекіткен орта білім беретін республикалық жалпы білім беру ұйымдары;

3 3) «НЗМ» ДББҰ бекіткен Назарбаев Зияткерлік мектептері.

15 15. Ұйымдар кезекті күнтізбелік жылдың басында Курстарды өткізуді бастайды.

16 16. Курсқа тыңдаушыларды тіркеу Тізімдер негізінде Ұйымдардың бірінші басшыларының бұйрығымен рәсімделеді.

17 17. Курста оқудан өту кезеңінде тыңдаушыларға тиісті қаржы жылындағы республикалық бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде Стипендия төленеді.

18 18. Стипендия төлеу үшін негіздеме Курсқа тіркеу туралы Ұйымның бұйрығы болып табылады.

19 19. «НЗМ» ДББҰ ПШО мен оның филиалдары үшін стипендия мөлшерін «НЗМ» БДДҰ Қамқоршылық кеңесі бекітеді.

20 20. «Өрлеу» БАҰО» АҚ мен оның филиалдары үшін стипендия мөлшерін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар кеңесі бекітеді.

21 21. Стипендия төлеу шарттарын Ұйым дербес бекітеді.

22 22. Курстарды аяқтауы бойынша «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық өлшемдер орталығы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПӨО) білім алушыларға қорытынды бағалауды:

1 1) Курста оқу кезеңінде дайындалған портфолио;

2 2) қашықтықтан оқыту кезеңінде Ұйымда өткізілген сабақтар негізінде дайындалған таныстырылымдар;

3 3) тестілеу түрінде біліктілік емтиханын тапсыруды (жазбаша түрде) жүргізеді.

23 23. Қорытынды бағалаудың нәтижесі бойынша «НЗМ» ДББҰ ПӨО сертификаттауға ұсынылған тыңдаушылардың тізімін белгілейді және оны Ұйымға жолдайды.

24 24. Курстан өткен және біліктілік емтихандарын жақсы тапсырған тыңдаушыларға Ұйымдар тиісті деңгейдегі бағдарламалар бойынша сертификаттар береді:

1 1) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша;

2 2) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысанда екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша;

3 3) осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысанда бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша.

25 25. Сертификат бағдарламаның тиісті деңгейі берілгендігін растайды және берілген күнінен бастап 5 жыл бойы қолданысқа енеді. Көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша білім алушы қайталау Курсынан өтпей-ақ «НЗМ» ДББҰ ПӨО-ға біліктілік емтиханын тапсыру жолымен бағдарлама деңгейін растайды.

26 26. Сертификатқа Курсты өткізген Ұйымның басшысы қол қояды.

27 27. Сертификат ала алмаған Курстың тыңдаушыларына мынадай мүмкіндіктер беріледі:

1 1) өз қаражаты есебінен біліктілік емтихандарын қайта тапсыруға, бірақ қайталау Курстарынан өту бір жылда бір реттен артық емес;

2 2) белгілі себептерге байланысты растайтын құжаттарын ұсына отырып, үзілген Курстарды аяқтауға.

28 28. Оқудан шығарылған тыңдаушыларға Ұйым басшысының бұйрығына сәйкес және Ұйым құрған Курста білім алушылардың өтінімі мен арыз-шағымдарын қарау жөніндегі Комиссия шешімімен Ұйымға келтірілген шығындарды өтеу жүргізіледі.

1 Біліктілікті арттыру курсына жіберілетін педагог кадрларға қойылатын ТАЛАПТАР

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Біліктілікті арттыру курсына жіберілетін педагог кадрларға қойылатын ТАЛАПТАР
Үшінші (базалық) деңгей

Та­лап­тар
1
Пе­да­го­ги­ка­лық өті­лі үш жыл­дан кем емес жо­ға­ры пе­да­го­ги­ка­лық бі­лім, пе­да­го­ги­ка­лық өті­лі бес жыл­дан кем емес тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік (ор­та кә­сіп­тік) бі­лім
2
Мек­теп­тік, аудан­дық (қа­ла­лық) дең­гей­де­гі кә­сі­би кон­кур­стар­ға қа­ты­су нәти­же­ле­рі
3
Мек­теп­тік, аудан­дық (қа­ла­лық) дең­гей­де­гі пән­дік олим­пи­а­да­лар­дың, шы­ғар­ма­шы­лық кон­кур­стар­дың, ғы­лы­ми және спорт­тық жа­ры­стар­дың же­ңім­паз­да­рын, жүл­де­гер­ле­рін (қа­ты­су­шы­лар есе­бі­нен) дай­ын­дау
4
Оқу-тәр­бие үде­рі­сін­де ин­но­ва­ци­я­лық әді­сте­ме­лер­ді бі­лу және қол­да­ну
5
Аудан­дық (қа­ла­лық) кон­фе­рен­ци­я­лар, се­ми­нар­лар, фо­рум­дар және т.б. өт­кі­зу және дай­ын­дық ба­ры­сын­да жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін та­ра­ту (ба­сы­лым­дар, жи­нақ­тар, құ­рал­дар, ұсы­ным­дар, көр­ме ма­те­ри­ал­да­ры)
6
Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар (бұ­дан әрі – АКТ) са­ла­сын­да­ғы: MS Windows, MS Office, Internet, со­ның ішін­де элек­трон­дық по­шта­ның ба­за­лық бі­лі­мін иге­ру
Екінші (негізгі) деңгей

Та­лап­тар
1
Пе­да­го­ги­ка­лық өті­лі бес жыл­дан кем емес жо­ға­ры пе­да­го­ги­ка­лық бі­лім, пе­да­го­ги­ка­лық өті­лі же­ті жыл­дан кем емес тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік (ор­та кә­сіп­тік) бі­лім
2
Аудан­дық (қа­ла­лық), об­лы­стық дең­гей­де­гі кә­сі­би кон­кур­стар­ға қа­ты­су нәти­же­ле­рі
3
Аудан­дық (қа­ла­лық), об­лы­стық дең­гей­де­гі пән­дік олим­пи­а­да­лар­дың, шы­ғар­ма­шы­лық кон­кур­стар­дың, ғы­лы­ми және спорт­тық жа­ры­стар­дың же­ңім­паз­да­рын, жүл­де­гер­ле­рін (қа­ты­су­шы­лар есе­бі­нен) дай­ын­дау
4
Оқу-тәр­бие үде­рі­сін­де ин­но­ва­ци­я­лық әді­стер­ді бі­лу және қол­да­ну
5
Әді­сте­ме­лік құ­рал­дар­ды және оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын әзір­леу неме­се әзір­ле­у­ге қа­ты­су
6
Об­лы­стық (рес­пуб­ли­ка­лық) кон­фе­рен­ци­я­лар, се­ми­нар­лар, фо­рум­дар және т.б. дай­ын­дау және өт­кі­зу ба­ры­сын­да жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін та­ра­ту (ба­сы­лым­дар, жи­нақ­тар, құ­рал­дар, ұсы­ным­дар, көр­ме ма­те­ри­ал­да­ры)
7
АКТ тех­но­ло­ги­я­ла­рын, MS Windows, MS Office, элек­трон­дық по­шта, ин­тер­нет сер­ви­сте­рі са­ла­сын­да­ғы бі­лім­дер­ді мең­ге­ру
Бірінші (ілгері) деңгей
Та­лап­тар
1.
Пе­да­го­ги­ка­лық өті­лі же­ті жыл­дан кем емес жо­ға­ры пе­да­го­ги­ка­лық бі­лім, пе­да­го­ги­ка­лық өті­лі то­ғыз жыл­дан кем емес тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім (ор­та кә­сіп­тік)
2.
Аудан­дық (қа­ла­лық), об­лы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық (ха­лы­қа­ра­лық) дең­гей­де­гі кә­сі­би кон­кур­стар­ға қа­ты­су
3.
Аудан­дық (қа­ла­лық), об­лы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық (ха­лы­қа­ра­лық) дең­гей­де­гі пән­дік олим­пи­а­да­лар­дың, шы­ғар­ма­шы­лық кон­кур­стар­дың, ғы­лы­ми және спорт­тық жа­ры­стар­дың же­ңім­паз­да­рын, жүл­де­гер­ле­рін дай­ын­да­у­шы­лар
4.
Оқу-тәр­бие үде­рі­сін­де ин­но­ва­ци­я­лық әді­сте­ме­лер мен пе­да­го­ги­ка­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну
5.
Әді­сте­ме­лік құ­рал­дар мен оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын әзір­леу неме­се әзір­ле­у­ге қа­ты­су
6.
Пе­да­го­ги­ка­лық ба­сы­лым­дар­да­ғы жа­ри­я­ла­ным­дар
7.
Рес­пуб­ли­ка­лық (ха­лы­қа­ра­лық) кон­фе­рен­ци­я­лар, се­ми­нар­лар, фо­рум­дар және т.б. дай­ын­дау және өт­кі­зу ба­ры­сын­да жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін та­ра­ту (ба­сы­лым­дар, жи­нақ­тар, құ­рал­дар, ұсы­ным­дар, көр­ме ма­те­ри­ал­да­ры)
8.
Жас пе­да­гог­тер үшін тә­лім­гер бо­лып та­бы­ла­тын аудан­дық, об­лы­стық (қа­ла­лық), ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі оқы­ту се­ми­нар­ла­рын, тре­нинг­тер өт­кі­зу
9.
Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар, MS Office, элек­трон­дық по­шта, Internet қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы бі­лім­ді озық пай­да­ла­ну­шы дең­гей­ін­де мең­ге­ру. Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да жет­кі­лік­ті жо­ға­ры дең­гей­де­гі функ­ци­о­нал­дық са­у­ат­ты­лы­ғы­ның бар бо­луы, кә­сі­би, әле­умет­тік және же­ке мін­дет­тер­ді ше­шу үшін бі­лім бе­ру қыз­ме­т­ін­де АКТ негіз­ді қол­да­ну
Ескерту: ұсынылған талаптарға сай болу, ол мысалы мынадай құжаттармен бекітілуі мүмкін: ұсыным хаттар, сараптамалық қорытындылар, алқа органдарының шешімдері, өткізілген ашық сабақтарды талдау және бағалаудың материалдары мен нәтижелері, тәжірибені қорыту бойынша материалдар, қатысушылардың жетістіктері мен прогрестерін растайтын құжаттамалар, сауалнама жүргізудің және бақылаудың нәтижелері, әдістемелік бірлестіктермен, сонымен қатар ғылыми, пәндік, бос уақыттағы үйірмелер басшылары растайтын материалдар.

2 ӨТІНІШ

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
нысан
Оқу орнының басшысына
аты-жөні, тегі
Тегі _____________________
Аты ______________________
Әкесінің аты _____________
Лауазымы _________________
ӨТІНІШ
Мен, ________________________________ Қазақстан Республикасының
аты-жөні, тегі
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру аясындағы ______________
тілінде оқытылатын .......топта деңгейлік бағдарлама бойынша ________
деңгейдегі курсқа қатысу үшін менің кандидатурамды қарастыруыңызды сұраймын.
______________________
«____» _______________
(қолы) (өтініш берген күні)

3 Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына қатысу САУАЛНАМАСЫ

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарына қатысу САУАЛНАМАСЫ
Аты-жө­ні, те­гі
Ту­ған кү­ні, айы, жы­лы
Ла­у­а­зы­мы
Бі­лі­мі
Бі­лік­ті­лік са­на­ты
(жа­рам­ды­лық мер­зі­мі)
Жал­пы ең­бек өті­лі
Пе­да­го­ги­ка­лық ең­бек өті­лі
Кур­стар­да оқу ті­лі
Ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар­ды мең­ге­руі
Жа­ри­я­ла­ным­да­ры
(та­қы­рып­та­ры)
Тұ­ра­тын ме­кен­жайы
Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
e-mail
Алдындағы біліктілік арттыру курстары

Курс түр­ле­рі және та­қы­ры­бы
Өт­кі­зі­л­ген ор­ны
Кур­стың ұз­ақ­тығы

4 Аудандық (қалалық) білім беру бөліміне

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Аудандық (қалалық) білім беру бөліміне
Біліктілікті арттыру курсына педагог кадрларды жіберу туралы ХАТТАМА
Педагогикалық кеңестің 20__ жылғы «___» ______________ № ____________
шешіміне сәйкес _____________________________________________________
(жолдаушы ұйымның атауы)
_____ деңгейдегі бағдарлама бойынша 201__ жылғы ________ бастап
__________________ аралығындағы мерзімге біліктілікті арттыру курсына
_____________________________________________________________________
(Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыратын
мекеменің атауы)
_____________________________________________________ жолдама береді.
(аты-жөні толығымен)
_______________________________________________ ____________________
Жіберетін ұйымның басшысы (Қолы) МО Күні
_______________________________________________ ____________________
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің басшысы (Қолы) МО Күні
_______________________________________________ ____________________
Облыстық, Астана және Алматы қалалары (Қолы) МО Күні
білім беру басқармаларының басшысы

5 СЕРТИФИКАТ _______________________________

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
нысан
ПЕДАГОГ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КАДРЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
БІЛІКТІЛІГІН МИНИСТРЛІГІ
АРТТЫРУ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
ДЕҢГЕЙЛІ И НАУКИ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
УРОВНЕВЫЕ
ПРОГРАММЫ
ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
КАДРОВ
СЕРТИФИКАТ _______________________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы пе­да­гог
кадр­ла­ры­ның бі­лік­ті­лі­гін
арт­ты­ру­дың дең­гей­лі
бағ­дар­ла­ма­ла­ры ая­сын­да үшін­ші
(ба­за­лық) дең­гей бағ­дар­ла­ма­сы
бой­ын­ша мұ­ға­лім­дер­ді оқы­ту
кур­ста­рын аяқ­та­ды
окон­чил(а) кур­сы обу­че­ния
учи­те­лей по про­грам­ме тре­тье­го
(ба­зо­во­го) уров­ня в рам­ках
уров­не­вых про­грамм по­вы­ше­ния
ква­ли­фи­ка­ции пе­да­го­ги­че­ских
кад­ров Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации
Ұйымның жетешісі ____________________________________________________
Руководитель организации
Ш № 000000
III
Берілген күні: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

6 СЕРТИФИКАТ _______________________________

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
нысан
ПЕДАГОГ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КАДРЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
БІЛІКТІЛІГІН МИНИСТРЛІГІ
АРТТЫРУ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
ДЕҢГЕЙЛІ И НАУКИ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
УРОВНЕВЫЕ
ПРОГРАММЫ
ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
КАДРОВ
СЕРТИФИКАТ _______________________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы пе­да­гог
кадр­ла­ры­ның бі­лік­ті­лі­гін
арт­ты­ру­дың дең­гей­лі
бағ­дар­ла­ма­ла­ры ая­сын­да екін­ші
(негіз­гі) дең­гей бағ­дар­ла­ма­сы
бой­ын­ша мұ­ға­лім­дер­ді оқы­ту
кур­ста­рын аяқ­та­ды
окон­чил (а) кур­сы обу­че­ния
учи­те­лей по про­грам­ме вто­ро­го
(ос­нов­но­го) уров­ня в рам­ках
уров­не­вых про­грамм по­вы­ше­ния
ква­ли­фи­ка­ции пе­да­го­ги­че­ских
кад­ров Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации
Ұйымның жетешісі ____________________________________________________
Руководитель организации
II № 000000
II
Берілген күні: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

7 СЕРТИФИКАТ _______________________________

Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
нысан
ПЕДАГОГ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КАДРЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
БІЛІКТІЛІГІН МИНИСТРЛІГІ
АРТТЫРУ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
ДЕҢГЕЙЛІ И НАУКИ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
УРОВНЕВЫЕ
ПРОГРАММЫ
ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ
КАДРОВ
СЕРТИФИКАТ _______________________________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы пе­да­гог
кадр­ла­ры­ның бі­лік­ті­лі­гін
арт­ты­ру­дың дең­гей­лі
бағ­дар­ла­ма­ла­ры ая­сын­да бі­рін­ші
(іл­ге­рі) дең­гей бағ­дар­ла­ма­сы
бой­ын­ша мұ­ға­лім­дер­ді оқы­ту
кур­ста­рын аяқ­та­ды
окон­чил (а) кур­сы обу­че­ния
учи­те­лей по про­грам­ме пер­во­го
(про­дви­ну­то­го) уров­ня в рам­ках
уров­не­вых про­грамм по­вы­ше­ния
ква­ли­фи­ка­ции пе­да­го­ги­че­ских
кад­ров Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
Ұйымның атауы _______________________________________________________
Наименование организации
Ұйымның жетешісі ____________________________________________________
Руководитель организации
I № 000000
I
Берілген күні: 20__ ж. “__” _______ Дата выдачи: “__” _______ 20__ г.

Қолданыстағы