Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации микрофинансовых организаций, а также ведения и исключения из реестра микрофинансовых организаций

Қаулы · № 386 · қабылданған 24.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-70944/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации микрофинансовых организаций, а также ведения и исключения из реестра микрофинансовых организаций Күшін жойған Қаулы ·№ 386 ·24.12.2012
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации микрофинансовых организаций, а также ведения и исключения из реестра микрофинансовых организаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 386 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации микрофинансовых организаций, а также ведения и исключения из реестра микрофинансовых организаций
Атауы (қаз.)
Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
386
Қабылданған күні
24.12.2012
Көрсетілген редакция
01.01.2020 70944_434240.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008319
ЭКБ идентификаторы
70944
Редакция идентификаторы
70944_434240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:14

0 Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын бекіту туралы

"Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі Бас­қар­ма­сы­ның
2012 жы­л­ғы 24 жел­тоқ­сан­да­ғы
№ 386 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары
Осы Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Микроқаржы ұйымдары туралы»
2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан
әрі – Заң) сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару тәртібін айқындайды.

1 1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу (бұдан әрі – есептік тіркеу) – микроқаржы ұйымдарын Заңның 14-бабына және Қағидаларға сәйкес микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізу.

2 2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі – Филиал) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

1 1) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;

2 2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

3 3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);

4 4) мыналарды:

микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;
микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы) айқындамасын;
қызмет түрлерін (микрокредит беру, микрокредиттерді беру қызметіне байланысты мәселелер жөнінде консультациялық қызметтер көрсету және (немесе) Заңның 19-бабында көзделген қызметтің басқа түрі);
ағымдағы ахуалдың талдамасын, қызметтердің жарнамасын, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шараларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қалыптастыру және ынталандыру шараларын қамтитын маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын;
ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін (құрылтайшылар қаражаты, тартылған қаражат, гранттар немесе басқа қаражат) ашып көрсететін
бизнес-жоспар;

5

5) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтері (бар болса) туралы мәліметтер;

6 6) микроқаржы ұйымының жоғарғы органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесі;

7 7) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 06 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесі;

8 8) берілген микрокредиттер бойынша кірістерді және корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын көрсететін соңғы үш жыл ішіндегі салық декларациясының көшірмесі (микрокредиттік ұйымдарды қайта тіркеу немесе қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған микроқаржы ұйымдары ұсынады).

2-1 2-1. Микроқаржы ұйымы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беруге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті электрондық түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ұсынады.

Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттар электрондық түрде, Қағидалардың 2-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген құжаттар PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

3

3. Микроқаржы ұйымы өтініште көрсетілген орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Филиалға ұсынады.

4 4. Филиалдар микроқаржы ұйымдарының орналасқан жері бойынша Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізеді.

Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзімде Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы ақпарат жібереді және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы микроқаржы ұйымын хабардар етеді не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап жібереді.

4-1

4-1. Микроқаржы ұйымдарының тізіліміндегі тіркеу нөмірінде 9 (тоғыз) белгі болады және мынадай құрылымнан тұрады: ФФ.ЖЖ.ННН, мұндағы: ФФ – Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтарына сәйкес қойылатын Филиал коды;
ЖЖ – ағымдағы жылдың соңғы 2 (екі) цифры;
ННН – микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі.
Әрбір күнтізбелік жыл, микроқаржы ұйымын есептік тіркеудің реттік нөмірі 001-ден басталады. Есептік тіркеуді нөмірлеуді Филиалдар дербес жүргізеді.
Егер есептік тіркеудің реттік нөмірі үш таңбалы саннан (999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз)) асып кетсе, төрт таңбалы реттік нөмірді (НННН) пайдалануға жол беріледі.

5 5. Филиал Қағидалардың 4-тармағында көзделген ақпаратты Ұлттық Банкке Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген мерзім аяқталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

6 6. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 15-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізіледі.

Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға Заңның 15-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.

7 7. Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығаруды Филиал Заңның 16-бабында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.

Микроқаржы ұйымдарын тізілімнен шығару туралы жазбаша хабарламаны Филиал тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша микроқаржы ұйымына жібереді.

8

8. Филиал микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің интернет-ресурсына орналастыру үшін Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке жібереді.

9 9. Филиал есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

10 10. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4 және 9-тармақтарында көрсетілген мерзім он бес жұмыс күнін құрайды.

11 11. Филиал қайтадан берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

12

13

1 Өтініш

Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өтініш
Микроқаржы ұйымы ретінде есептік тіркеуден өткізуіңізді сұраймын
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
1. Өтініш берушінің орналасқан орны
____________________________________________________________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі)
____________________________________________________________________
(телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, бар болса интернет-ресурс)
2. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың тексерілгенін және дәйекті әрі толық болып табылатынын растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы ___________________________

2 Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Меншікті капиталдың ең аз мөлшерін сақтау туралы мәліметтер
Микроқаржы ұйымының атауы
Күні
Меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)

3 Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) ____________________________________________________________________

Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
3-қосымша
1-нысан
Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін) ____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)
____________________________________________________________________
(толық атауы)
Орналасқан жері
____________________________________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық пошта мекенжайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
Қазақстан Республикасының резиденті (бейрезиденті)
____________________________________________________________________
Қызметінің негізгі түрі
_________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өтініш берушінің жарғылық
капиталына қатысу үлесіне ақшаны енгізу алдындағы меншік капиталының мөлшері
және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне ақы төлеу үшін енгізілген сома
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың толық
атауларын және орналасқан жерлерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде
өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерлерін көрсете отырып, өтініш
берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы
топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар
туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
20 __ жылғы «____» _____________.
Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) басшысының қолы
_____________________________
2-нысан
Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) ____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Туған күні ___________________________________________________________
Азаматтығы
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(пошта индексі, мекенжайы)
Байланыс деректемелері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон нөмірі, бар болса электрондық пошта мекенжайы)
Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) заңды тұлғалардың толық
атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып, қатысушы, акционер ретінде
өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________;
5. Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау
жөніндегі уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім
қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын микроқаржы ұйымының
бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болғаны жөніндегі мәліметтер.
20__ жылғы «___»_____________
Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы _______________

4 Атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтер (болған кезде) туралы мәліметтер _______________________________________________________________

Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтер (болған кезде) туралы мәліметтер _______________________________________________________________
(микроқаржы ұйымы қызметкерінің лауазымы және микроқаржы ұйымының атауы көрсетіледі)

1 1. Жалпы мәліметтер:

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­қа то­лы­ғы­мен сәй­кес, те­гі, аты, әке­сі­нің аты өзгер­ген жағ­дай­да - олар қа­шан және қан­дай се­беп­пен өзгер­ті­л­ге­ні көр­се­тіл­сін)
Туы­л­ған кү­ні мен же­рі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Тұ­рақ­ты тұ­ра­тын же­рі, те­ле­фон нө­мір­ле­рі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(ел­ді-ме­кен­нің кодын қо­са ал­ған­да, то­лық ме­кен­жайы, қыз­мет­тік, үй, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры­ның нө­мір­ле­рі көр­се­тіл­сін)
Аза­мат­тығы
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың то­лық де­ректе­ме­ле­рі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Өтініш берушінің қатысушы, акционер ретінде басқа да заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәліметтер:

Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі
Заң­ды тұл­ға қыз­ме­ті­нің жар­ғы­лық түр­ле­рі
Ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сі, ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар са­ны және заң­ды тұл­ға­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на оның ак­ци­я­ла­ры­ның пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сы

2 2. Кәсіби деректер:

Бі­лі­мі, оның ішін­де жұ­мысы­ның ма­манды­ғы­на сәй­кес ке­ле­тін кә­сі­би бі­лі­мі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(оқу ор­ны­ның, фа­куль­те­ті­нің неме­се бө­лі­мі­нің ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі, оқу ке­зе­ңі, бе­рі­л­ген бі­лік­ті­лік, бі­лі­мі жө­нін­де­гі ди­плом­ның де­ректе­ме­ле­рі көр­се­тіл­сін)
Қо­сым­ша бі­лі­мі, оның ішін­де жұ­мыс іс­теп жүр­ген са­ла­да бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры, ғы­лы­ми дә­ре­же­ле­рі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(оқу ор­ны­ның ата­уы және ор­на­лас­қан же­рі, оқы­ған ке­зе­ңі, бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның де­ректе­ме­ле­рі, сер­ти­фи­кат, ку­ә­лік­тер көр­се­тіл­сін)
Қол жет­кіз­ген же­ті­стікте­рі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(осы мә­се­ле бой­ын­ша ақ­па­рат көр­се­тіл­сін, мы­са­лы, ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­да­ры­ның аты, ғы­лы­ми әзір­ле­ме­лер­ге, заң жо­ба­ла­ры­на қа­ты­суы және та­ғы бас­қа)
Осы мә­се­ле­ге қа­ты­сты бас­қа ақ­па­рат
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(кан­ди­дат­тың кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лі­гін си­паттай­тын ақ­па­рат көр­се­ті­ле­ді)
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұ­мыс ке­зе­ңі (ай, жыл)
Ұй­ым­ның ата­уы, ат­қар­ған ла­у­а­зым­да­ры және ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рі

3 3. Басқа мәліметтер:

Өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы
Иә/жоқ
(егер иә бол­са, он­да қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту жө­нін­де­гі үкім­нің кү­ні мен нө­мі­рі, 1997 жы­л­ғы 16 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің не 2014 жы­л­ғы 3 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қыл­мыстық ко­дек­сі­нің ба­бы көр­се­тіл­сін)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бұз­ға­ны үшін қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­тік мін­дет­те­рін ат­қа­ру­дан шет­те­туі ту­ра­лы де­ректер­дің бо­луы
Иә/жоқ (егер иә бол­са, он­да осы ша­ра­ны қол­дан­ған ор­ган­ның ата­уы және кү­ні көр­се­тіл­сін)
Қар­жы на­ры­ғы мен қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган осы мик­ро­қар­жы ұй­ы­мын ті­зі­лім­нен шы­ға­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­ған­ға дей­ін бір жыл­дан ас­пай­тын ке­зең­де бұ­рын мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның бі­рін­ші бас­шы­сы неме­се құ­ры­л­тай­шы­сы болғанды­ғы
Ұй­ым­ның ата­уы, ла­у­а­зы­мы, жұ­мыс ке­зе­ңі
Мик­ро­қар­жы ұй­ы­мы­ның бас­шы­сы бо­лып жа­у­ап­кер ре­т­ін­де қар­жы­лық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша сот­та іс­ті қа­ра­у­ға тар­тыл­ды ма
(сот­та іс­ті қа­рау кү­ні, жа­у­ап­кер-ұй­ым­ның ата­уы, қа­ра­ла­тын мә­се­ле және сот ше­ші­мі көр­се­тіл­сін)
Осы мә­се­ле­ге қа­ты­сты бас­қа да ақ­па­рат
(ер­кін түр­де көр­се­ті­ле­ді)
Мен, _________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
осы ақпаратты тексергенімді және ол дәйекті әрі толық болып
табылатынын растаймын, ____________________
(қолы, күні)

4 Микроқаржы ұйымдарының тізілімі 20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Микроқаржы ұйымдарының тізілімі 20__ жылғы «___» _________ жағдай бойынша

Берілген тіркеу нөмірі
Микроқаржы ұйымының атауы
Микроқаржы ұйымының бизнес сәйкестендіру нөмірі
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Мекенжайы
Телефон нөмірі, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса)
Тізілімге енгізілген күні

6 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтары

Микроқаржы ұйымдарының
есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
6-қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Филиалдарының микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің фи­ли­а­лы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық Бан­кі фи­ли­а­лы­ның
ко­ды
1
2
3
1
Ор­та­лық фи­ли­ал (Аста­на қа­ла­сы)
53
2
Ал­ма­ты қа­ла­лық фи­ли­а­лы
05
3
Ал­ма­ты об­лы­стық фи­ли­а­лы
41
4
Ақ­мо­ла фи­ли­а­лы
24
5
Ақ­тө­бе фи­ли­а­лы
03
6
Аты­рау фи­ли­а­лы
12
7
Шы­ғыс Қа­зақ­стан фи­ли­а­лы
09
8
Жам­был фи­ли­а­лы
14
9
Ба­тыс Қа­зақ­стан фи­ли­а­лы
49
10
Қа­ра­ған­ды фи­ли­а­лы
18
11
Қо­ста­най фи­ли­а­лы
27
12
Қы­зы­лор­да фи­ли­а­лы
21
13
Маң­ғы­стау фи­ли­а­лы
29
14
Пав­ло­дар фи­ли­а­лы
32
15
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан фи­ли­а­лы
36
16
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан фи­ли­а­лы
58

7 Микроқаржы ұйымдарының

есептік тіркеуден өту, сондай-ақ
микроқаржы ұйымдарының
тізілімін жүргізу және
тізілімнен шығару қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Берілген тіркеу нөмірі
Микроқаржы ұйымының атауы
Микроқаржы ұйымының бизнес сәйкестендіру нөмірі
Мекенжайы
Тізілімнен шығарылған күні
Негіз

Қолданыстағы