Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача архивных справок"

Қаулы · № 429 · қабылданған 27.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71296/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача архивных справок" Күшін жойған Қаулы ·№ 429 ·27.12.2012
03.04.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача архивных справок"

Күшін жойған Қаулы ·№ 429 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента электронной государственной услуги "Выдача архивных справок"
Атауы (қаз.)
"Мұрағаттық анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
429
Қабылданған күні
27.12.2012
Қолданысқа енгізілген күні
23.03.2013
Көрсетілген редакция
03.04.2014 71296_164760.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12G0001893
ЭКБ идентификаторы
71296
Редакция идентификаторы
71296_164760
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:09

0 "Мұрағаттық анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Болат Әлмұханұлы Исақовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
А. Жұмағалиев
20 қаңтар 2013 жыл

4 Жамбыл облысы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 429 қаулысымен бекітілді
«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Жамбыл облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы сондай-ақ баламалы негізде халықтың тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ «электронды үкімет» www.еgov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2 2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

4 4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.

5 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1 1) жеке сәйкестендіргіш нөмір – жеке кәсіпкерге жеке кәсіпкер ретінде өз қызметін іске асырушы, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін қалыптасқан бірегей нөмір (бұдан әрі – жеке сәйкестендіргіш нөмір);

2 2) бизнес-сәйкестендіргіш нөмір – бірлесіп қызметін жүзеге асырушы жеке кәсіпкер және заңды тұлға( бөлімше және өкілдік) үшін қалыптасқан бірегей нөмір (бұдан әрі – бизнес-сәйкестендіргіш нөмір);

3 3) транзакциялық қызмет – электрондық сандық қолтаңбаны қолданып, өзара ақпаратты алмасу арқылы электрондық ақпараттық қорды қолданушыға ұсыну қызметі;

4 4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – электрондық үкіметтің веб-порталы);

5 5) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электронды қызметті жүзеге асыру шеңберінде «электронды үкімет» ақпараттық жүйесін интеграциялау үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – электрондық үкіметтің шлюзі);

6 6) электрондық цифрлы қолтаңба – электрондық құжаттың нақтылығын және оған тиесілі мазмұнының айнымастығын дәлелдейтін және электрондық сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған электрондық сандық белгілердің жиынтығы (бұдан әрі – электрондық цифрлы қолтаңба).

7 7) электрондық құжат – электронды-сандық пішінде ұсынылған ақпараттар және электрондық сандық қолтаңба арқылы дәлелденген құжат;

8 8) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электронды пішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

9 9) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе (бұдан әрi – ақпараттық жүйе);

10

10) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – автоматты жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында жеке сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе мемлекеттік деректер қоры);

11

11) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – автоматты жинауға, сақтауға және ақпараттарды өңдеуге, Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіргішін енгізу мақсатында бизнес-сәйкестендіргіш нөмірінің Ұлттық реестрін құру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреті аясында мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олар туралы өзекті және нақты ақпарат ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры);

12 12) пайдаланушы – ақпараттық жүйеге оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект (алушы, қызмет көрсетуші);

13 13) «Электрондық үкіметтің» аймақтық шлюзі - арқылы көрсетілетін ішкі және сыртқы үдеріс арқылы электронды қызмет атқарудың ақпараттық жүйесі;

14 14) құрылымдық-функционалды бірлік – қызмет көрсету процесінде қатысатын бар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері, мекемелер немесе басқа да ұйымдар және ақпараттық жүйе тізімі (бұдан әрі – құрылымдық-функционалды бірлік);

15

15) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға), сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет ұсыну үрдісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі);

16 16) Автоматтандырылған жұмыс орны;

17 17) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

18 18) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариаттық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариаттық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе).

2 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетушінің қызмет тәртібі

6 6. Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы қызмет көрсетушінің реттік іс-әрекеті (электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 1-диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:

1 1) алушы компьютерінің интернет-браузерiнде сақталып тұрған өзiнiң электрондық цифрлы қолтаңбасын тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен алушы электрондық үкіметтің веб-порталы тiркеудi жүзеге асырады (электрондық үкіметтің веб-порталына тiркелмеген алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2 2) 1 үдерiс – алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет-браузерiне бекiтуi, электрондық мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушының электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы парольдi енгiзу үдерісі (авторландыру үдерiсi);

3 3) 1 шарт – логин (жеке сәйкестендіргіш нөмір) және пароль арқылы тiркелген алушы туралы деректердiң дұрыстығын электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тексеру;

4 4) 2 үдерiс – алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты, электрондық үкіметтің веб-порталын авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;

5

5) 3 үдерiс – алушымен осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс формасы экранға шығару және Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды электрондық түрде бекiтумен алушының форманы оның құрылымдық және пішіндік талаптарына сай толтыруы (мәлімет енгізуі), сұраныс формасына қажетті құжаттардың электронды түрде қыстырумен, сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін алушымен электрондық цифрлық қолтаңбаны тiркеу куәлiгiн таңдауы;

6 6) 4 үдерiс – электрондық үкіметтің төлем шлюзі қызмет төлемақысын жасау, сосын бұл ақпарат қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына келiп түседi;

7 7) 2 шарт – қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына көрсетiлетін қызмет үшін төлеу фактісін тексеру;

8 8) 5 үдерiс – қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына көрсетiлетін қызмет үшiн төлемақының жоқтығына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

9 9) 6 үдерiс – алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшiн электрондық цифрлы қолтаңбасын тiркеу куәлiгiн таңдауы;

10

10) 3 шарт – электрондық үкіметтің веб-порталы электрондық цифрлы қолтаңбасын тiркеу куәлiгiнiң әрекет ету мерзiмiн және тiзiмде қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң болмауын, сондай-ақ сәйкестендірме деректерінің (сауал салуда көрсетілген жеке сәйкестендіргіш нөмір / бизнес-сәйкестендіргіш нөмір және электрондық цифрлы қолтаңбасын тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген жеке сәйкестендіргіш нөмір / бизнес-сәйкестендіргіш нөмір) сәйкестігін тексеру;

11 11) 7 үдерiс – алушының электрондық цифрлы қолтаңбасының шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

12 12) 8 үдерiс – алушының электрондық цифрлы қолтаңбасы көмегiмен сауалдың толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) және оған қызмет көрсетудiң электрондық түрде бекiтiлген құжаттарын куәландыруы (қол қоюы);

13 13) 9 үдерiс – қызмет көрсетушінің электрондық құжатты (алушының сауалын) тiркеу және қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына сауалды өңдеу;

14 14) 4 шарт – қызмет көрсетушінің алушының мұрағаттық анықтамаға апостиль қою үшін негiздерге сәйкестiгiн тексеруi;

15 15) 10 үдерiс – қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

16 16) 11 үдерiс – алушымен қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына қалыптастырылған апостиль мөртабанын басуға дайындығы туралы хабарламаны алуы. Хабарлама қызмет көрсетушінің уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлы қолтаңбасын пайдаланумен құрастырылады.

7 7. Қызмет көрсетушінің шешімі және реттік іс-әрекеті (қызмет көрсетуші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өзара функционалды әрекет етудің № 2-диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:

1 1) 1 үдерiс – қызмет көрсетуші қызметкерiнiң қызметтi көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына жеке сәйкестендіргіш нөмір / бизнес-сәйкестендіргіш нөмір және парольді енгізу үдерiсi (авторландыру үдерiсi);

2 2) 2 үдерiс – қызмет көрсетуші қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және алушының деректерiн енгiзуi;

3 3) 3 үдерiс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры алушының деректерi туралы сұрау салу;

4 4) 1 шарт – Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры алушы деректерiнiң болуын тексеру;

5 5) 4 үдерiс – Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры алушы деректерiнiң болмауына байланысты деректердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны құрастыру;

6

6) 5 үдерiс – қызмет көрсетуші қызметкерiнiң алушымен ұсынылған сауал салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгiлеу бөлiгiнде толтыруы, оларды сауал нысанына бекiтуi және қызмет көрсетуге толтырылған сауал салу нысанын (енгізілген деректерді) электрондық цифрлы қолтаңбасы арқылы куәландыруы;

7 7) 6 үдерiс – электрондық құжатты қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына тіркеу;

8 8) 2 шарт – қызмет көрсетушімен қоса берілген құжаттардың Стандартта көрсетілгенмен және қызметті көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру (өңдеу);

9 9) 7 үдерiс – алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

10 10) 8 үдерiс – алушымен қызмет нәтижесiн алуы (апостиль мөртаңбаны басу).

8 8. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсетушінің реттік іс-әрекеті (электронды мемлекеттік қызметтің халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы көрсету кезінде өзара функционалдық әрекет етудің № 3-диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген:

1 1) 1 үдерiс – қызметті көрсету үшін Орталықтың операторымен халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі автоматтандырылған жұмыс орнына логинді және парольді енгізу үдерiсi (авторландыру үдерiсi);

2

2) 2 үдерiс – Орталықтың операторымен осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал салу нысанын экранға шығаруы және Орталықтың операторымен алушының деректерiн, сондай-ақ алушының сенімхат бойынша өкілінің деректерін (нотариальды куәландырылған сенімхат болса, сенімхатты өзге түрде куәландырылған кезде – сенімхаттың деректері толтырылмайды) енгізуі;

3 3) 3 үдерiс – электрондық үкіметтің шлюзі арқылы Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры алушының деректерi, сондай-ақ бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – алушының сенімхат бойынша өкілінің деректері туралы сұрау салу;

4 4) 1 шарт – Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры алушы деректерiнiң, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі сенімхат деректерінің болуын тексеру;

5 5) 4 үдерiс – Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры алушы деректерiнiң, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарламаны құрастыру;

6

6) 5 үдерiс – Орталықтың операторымен алушымен ұсынылған сауал салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгiлеу бөлiгiнде толтыруы және құжаттарды сканерлеуi, оларды сауал салу нысанына бекiтуi және қызмет көрсетуге толтырылған сауал нысанын (енгізілген деректерді) электрондық цифрлы қолтаңбасы арқылы куәландыруы;

7

7) 6 үдерiс – Орталық операторының электрондық цифрлы қолтаңба куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) электрондық үкіметтің шлюзі арқылы қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына сондай-ақ Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды Орталықтың курьері арқылы қызмет көрсетушіге жолдауы;

8 8) 7 үдеріс – электрондық құжатты қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына тіркеу;

9 9) 2 шарт – қызмет көрсетушімен қосылған құжаттардың Стандартта көрсетілгенмен және қызметті көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру (өңдеу);

10 10) 8 үдерiс – алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

11 11) 9 үдерiс – алушымен Орталықтың операторы арқылы қызметтің нәтижесiн алуы (апостиль мөртаңбаны басу).

9 9. Электрондық мемлекеттік қызметті арқылы алған жағдайда сауал салуды толтырудың экрандық нысандары және электрондық мемлекеттік қызмет өтінімінің нысаны «электрондық үкіметтің» веб-порталында ұсынылған www.e.gov.kz.

10 10. Алушымен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұраныстың орындалу мәртебесін тексеру әдісі: «электронды үкімет» порталында «қызмет алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ мемлекеттік мекемесі / халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде.

11 11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету туралы қажетті ақпаратты және кеңесті электрондық үкіметтің веб-порталының сall – орталық (1414) телефоны арқылы алуға болады.

3 3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезіндегі өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

12 12. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалды бірлік:

1 1) Қызмет беруші;

2 2) орталық операторы;

3 3) электрондық үкіметтің веб-порталы

4 4) электрондық үкіметтің шлюзі;

5 5) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі;

6 6) Заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры;

7 7) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе;

8 8) автоматтандырылған жұмыс орны.

13 13. Әр іс-қимылдың орындалу (процедура, функция, операция) әрекетінің жүйелілігі мен мерзімі көрсетілген тақталы мәтіндік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

14 14. Осы Регламенттің 1 қосымшасында іс-әрекеттер (1, 2, 3 диаграммалар) іс-қимылының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар берілген.

15 15. Осы Регламенттің 3-5 қосымшаларында электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері көрсетілген.

16 16. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 6 қосымшасына сәйкес, сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

17 17. Алушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1 1) тұтастық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттардың өзгеруінен қорғау);

2 2) қол жетімділік (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттар мен қорларды ұстаудан қорғау).

3 3) құпиялық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттарды алудан қорғау);

18 18. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің техникалық талаптары:

1 1) Ғаламторға шығу;

2 2) электрондық үкіметтің веб-порталын авторластыру;

3 3) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланушыда болуы.

4 4) қызмет көрсететін тұлғаның жеке сәйкестендіргіш нөмір / бизнес-сәйкестендіргіш нөмір болуы.

96 № 1 Диаграмма электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің функционалдық өзара әрекеті

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 1 қосымша
№ 1 Диаграмма электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің функционалдық өзара әрекеті
№ 2 Диаграмма қызмет көрсетушінің қызмет көрсету арқылы электронды мемлекеттік қызметтің функционалдық өзара әрекеті
№ 3 Диаграмма халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі мемлекеттік қызмет көрсетудің функционалдық өзара әрекеті
Кесте. Шартты белгілер
Бастапқы хабар
Соңғы хабар
Аралық хабар
Соңғы жай оқиғалар
Қате
Оқиғалар-таймерлер
Ақпараттық жүйе
Процесс
Шарты
Хабарлар ағыны
Басқару ағыны
Соңғы тұтынушыға берілетін электрондық құжат

97 1-кесте. Электрондық үкіметтің веб-порталы және құрылымдық-функционалды бірлік арқылы іс-қимылдарды бейнелеу

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 2 қосымша
1-кесте. Электрондық үкіметтің веб-порталы және құрылымдық-функционалды бірлік арқылы іс-қимылдарды бейнелеу
1
Іс-әрект № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
2
құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­ды
бір­лік ата­уы
Тұ­ты­ну­шы
элек­трон­дық үкі­мет­тің веб-пор­та­лы
Тұ­ты­ну­шы
элек­трон­дық үкі­мет­тің веб-пор­та­лы
3
Іс-әре­кет ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы элек­трон­дық үкі­мет­тің веб-пор­та­лы, же­ке сәй­кестен­дір­гіш но­мер және па­роль бой­ын­ша ав­то­ри­за­ци­я­ла­на­ды
Тұ­ты­ну­шы­ның де­ректерiн­де­гi бұ­зу­шы­лық-тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Тұ­ты­ну­шы элек­трон­дық цифр­лы қол­таң­ба таң­дау ке­зін­де қыз­мет­ті­таң­дап сұ­ра­ныс мә­лі­мет­те­рін әзір­лей­ді
Тұ­ты­ну­шы­ны­ңЭлек­трон­дық­цифр­лы қол­таң­ба де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Сұ­ра­ны­сты қа­лып­та­сты­ру­дың сәт­ті аяқ­та­луы
Элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті сұ­ра­ту ке­зін­де бас тар­ту жө­нін­де ха­бар­ла­уды қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­стың ба­ғы­ты
Элек­трон­дық мем­ле­кет­тікқыз­мет­ті сұ­ра­ту ке­зін­де бас тар­ту жө­нін­де ха­бар­ла­уды қа­лып­та­сты­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
30 се­кунд – 1 ми­нут
30 се­кунд
1,5 ми­нут
1,5 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің орын­да­луы
тұ­ты­ну­шы­ның мә­лім­де­ме­сін­де қа­те­лік бол­са-2; ав­то­ла­сты­ру сәт­ті өт­се-3

тұ­ты­ну­шы­ның мә­лім­де­ме­сін­де қа­те­лік бол­са-2; ав­то­ла­сты­ру
сәт­ті өт­се-3; егер қа­те­лік бол­ма­са-5;
-
кестенің жалғасы:
1
Іс-әрект № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
5
6
7
8
2
құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­ды бір­лік ата­уы
Тұ­ты­ну­шы
Элек­трон­дық үкі­мет­тің ай­мақ­тық шлю­зі Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны элек­трон­дық үкі­мет­тің
веб-пор­та­лы
Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны Элек­трон­дық үкі­мет­тің ай­мақ­тық шлю­зі
3
Іс-әре­кет ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
Тұ­ты­ну­шы элек­трон­дық цифр­лы қол­таң­ба ар­қы­лы ку­әлан­ды­ра­ды (қол қо­яды) және сұ­ра­ны­сты Элек­трон­дық үкі­мет­тің ай­мақ­тық шлю­зі Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны­на жол­дай­ды
Құ­жат­ты тір­кеу
Алушы­ның құ­жат­та­рын­да бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны­қа­лып­та­сты­ру
Алушы­мен қыз­мет­тің нәти­же­сін алуы (элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы мұ­ра­ғат­тық анық­та­ма­ның дай­ынды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма)
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Сұ­ра­ны­стың ба­ғы­ты
Өті­ніш­ке нө­мер бе­ру ар­қы­лы сұ­ра­ны­стар­ды тір­кеу
Негіз­дел­ген бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Шы­ға­ры­л­ған құ­жат­ты көр­се­ту
5
Орындау мерзімі
30 секунд –1 минут
1 минут
30 секунд
15 күн
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің орын­да­луы
-
тұ­ты­ну­шы­ның мә­лім­де­ме­сін­де қа­те­лік бол­са-7; мә­лім­де­ме­сін­де қа­те­лік бол­ма­са –8;
-
-
2.Кесте Қызмет көрсетуші арқылы құрылымдық-функционалды бірлік іс- әрекеттің сипаттамасы
1
Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)
1
2
3
4
2
құрылымдық-функционалды бірлік атауы
Қызмет көрсетуші
Қызмет көрсетуші
Қызмет көрсетуші
Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры
3
Іс-әрекет атауы (үдеріс, рәсім, операция) және олардың сипаттамасы
Бизнес-сәйкестендіргіш номер пароль арқылы Автоматтандырылған жұмыс орны электрондық үкіметтің веб-порталы авторластырады;
Тұтынушының қызмет көрсету қызметкерімен таңдау;
Тұтынушыға Қажетті сұраныстарды Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры /заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры жолдау
Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры / заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қоры мәліметтердің болмауына байланысты хабарлау
4
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-реттеу шешімі)
Өтініштерге номер беру жүйесі бойынша сұраныстардың тіркелуі
Хабарламаның кескіні сұраныстың қалыптасуының сәтті аяталуы
Сұраныстың бағыты
Негізделген қабылдамауды қалыптастыру
5
Орындау мерзімі
10–15 секунд
10 секунд
1,5 минут
10-15 секунд
6
Келесі іс-әрекеттің орындалуы
-

Қателік болса-4; егер қателік болмаса-5;
-
кестенің жалғасы:
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
5
6
7
8
2
құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­ды бір­лік ата­уы
Қыз­мет көр­се­ту­ші
Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
3
Іс-әре­кет ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
Ска­нер­лен­ген құ­жат­та­ры және элек­трон­дық цифр­лы қол­таң­ба төл­құ­жа­тын тір­кеп сұ­ра­ныс
ны­са­ны­на тол­ты­ру
Құ­жат­ты тір­кеу
Тұ­ты­ну­шы құ­жат­та­рын­да­ғы қа­те­лік­тер бо­луы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
Тұ­ты­ну­шы­ның қыз­мет нәти­же­сін алу
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Сұ­ра­ны­стың ба­ғы­ты
Өті­ніш­ке нө­мер бе­ру ар­қы­лы сұ­ра­ны­сты тір­кеу
Негіз­дел­ген қа­был­да­мауды қа­лып­та­сты­ру
(мұ­ра­ғат анық­та­ма­ла­ры) қыз­ме­ті­нің қор­тындыс­ын қа­лып­та­сты­ру
5
Орындау мерзімі
10-15 секунд
1,5 минут
1,5 минут
15 күн
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет­тің орын­да­луы
6
Қа­те­лік бол­са-7; мә­лі­ме­де қа­те­лік бол­ма­са-8;
-
-

3 3. Кесте Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құрылымдық-функционалды бірлік қызметінің сипаттамасы

1
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
2
құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­ды бір­лік ата­уы
Ха­лық­қа қыз­мет Көр­се­ту ор­та­лы­ғы Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны ақ­па­рат­тық жүйе
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Бі­рың­ғай но­та­ри­ат­тық ақ­па­рат­тық жүйе Же­ке тұ­лға­лар мем­ле­кет­тік еректер қо­ры / заң­ды тұ­лға­лар мем­ле­кет­тік де­ректер қо­ры
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
3
Іс-әре­кет ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
Ор­та­лық опе­ра­то­ры ло­гин мен па­роль ар­қы­лы ав­тор­ла­сты­ры­ла­ды
Сұ­ра­ныс мә­лі­мет­те­рін, қыз­мет көр­се­ту ар­қы­лы қа­лып­та­сты­ра­ды
Бі­рың­ғай но­та­ри­ат­тық ақ­па­рат­тық жүйе Же­ке тұ­лға­лар мем­ле­кет­тік де­ректер қо­ры / заң­ды тұ­лға­лар мем­ле­кет­тік де­ректер қо­ры сұ­ра­ны­стар­ды жол­дау
Тұ­ты­ну­шы­ның мә­лі­мет­те­рі­нің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты мә­лі­мет­тер­ді бе­ре ал­мауды ха­бар­лау
Сұ­ра­ныс ны­са­нын­да­ғы қа­жет­ті құ­жат­та­ры және Элек­трон­дық цифр­лы қол­таң­ба төл­құ­жа­тын тір­кеп сұ­ра­ныс ны­са­ны­на тол­ты­ру
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (мә­лі­мет­тер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Өті­ніш нө­ме­рін жүй­е­лі бе­ру ар­қы­лы сұ­ра­ны­стар­ды тір­кеу
Сұ­ра­ны­сты қа­лып­та­сты­ру­дың сәт­ті аяқ­та­луы
Сұ­ра­ту­дың ба­ғы­ты
Негіз­дел­ген бас тар­ту­ды қа­лып­та­сты­ру
Сұ­ра­ны­сты қа­лып­та­сты­ру­дың сәт­ті аяқ­та­луы
5
Орындау мерзімі
30 секунд –1 минут
30 секунд
1,5 минут
1,5 минут
30 секунд –1 минут
6
Келесі іс-әрекет нөмері
2
3
Қателік болса-4; егер қателік болмаса-5;
-
-
кестенің жалғасы:
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
6
7
8
9
2
құ­ры­лым­дық-функ­ци­о­нал­ды бір­лік ата­уы
Ор­та­лық опе­ра­то­ры
Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жұ­мыс ор­ны
3
Іс-әре­кет ата­уы (үде­ріс, рә­сім, опе­ра­ция) және олар­дың си­патта­ма­сы
элек­трон­дық цифр­лы қол­таң­ба ку­әлан­дыр­ған (қол кой­ы­л­ған) құ­жат жол­дау
Құ­жат­ты тір­кеу
Тұ­ты­ну­шы құ­жат­та­рын­да­ғы қа­те­лік­тер бо­луы­на бай­ла­ны­сты қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы
Тұ­ты­ну­шы­ның қыз­мет көр­се­ту қор­тындыс­ын алу
4
Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-реттеу шешімі)
Сұратудың
бағыты
Өтінішке нөмер беру арқылы сұранысты тіркеу
Негізделген бас тартуды қалыптастыру
(мұрағат анықтамалары) қызметінің қортындысын қалыптастыру
5
Орындау мерзімі
1 минут
1 минут
30 секунд –1 минут
15 күн
6
Келесі іс-әрекет нөмері
-
мәлімеде қателік болса –8; қателік болмаса-9;
-
-

99 Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалнама-өтініштің экрандық үлгісі

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 3 қосымша
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалнама-өтініштің экрандық үлгісі
Директор государственного архива
_______________________________
(Ф.И.О. директора)
Заявитель: ____________________
(Ф.И.О. потребителя)
Адрес:_______________________________
(Адрес потребителя)
Телефон:_______________________________
(Контактный телефон потребителя)
Анкета-заявление
1 Для лица о котором запрашиваются сведения:
1.1 Фамилия, имя, отчество лица
1.2 Изменения Ф.И.О.
1.3 Дата рождения
1.4 Почтовый адрес с указанием индекса, контактный телефон
2. О чем запрашиваются сведения
3. Куда и для какой цели запрашивается сведения
4. Период, за который запрашивается справка
5. Точное название места работы, службы, учебы:
Наименование
Период c
Период по
Должность

100 Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің (мұрағаттық анықтаманың) жағымды жауабының нысаны

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 4 қосымша
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің (мұрағаттық анықтаманың) жағымды жауабының нысаны
Архивная справка
Заявитель: _____________________________________________________
(Ф.И.О. заявителя или наименование организации)
Вид архивной справки: __________________________________________
Период, за который запрашивается справка: ________________________
______________________________________________________________
(указывается содержание архивной справки)
Основание: ____________________________________________________
Директор архива: _______________________________________________
(Ф.И.О.)
Архивист: _____________________________________________________
(Ф.И.О.)
К справке прилагаются документы: _______________________________
______________________________________________________________

101 Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің (мұрағаттық анықтаманың) жағымсыз жауабының нысаны

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 5 қосымша
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің (мұрағаттық анықтаманың) жағымсыз жауабының нысаны
Кому:___________________________
(Ф.И.О. потребителя)
Доводим до сведения, что по запрошенным Вами данным информации не имеется.
Причина отказа:__________________________________________________
Специалист архива:____________________________________________
(Ф.И.О.)

102 «Сапа» және «қолжетімділік» сияқты электрондық мемлекеттік қызмет көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнаманың үлгісі

«Мұрағаттық анықтамалар беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің
регламентіне 6 қосымша
«Сапа» және «қолжетімділік» сияқты электрондық мемлекеттік қызмет көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнаманың үлгісі
____________________________________________________________
(қызмет атауы)

1 1. Сіз электрондық қызмет көрсету процесінің сапасына және нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

1 1) көңілім толмайды;

2 2) ішінара көңілім толады;

3 3) көңілім толады

2 2. Сіз электрондық қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына көңіліңіз тола ма?

1 1) көңілім толмайды;

2 2) ішінара көңілім толады;

3 3) көңілім толады

Қолданыстағы