Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения суммы превышения налога на добавленную стоимость, предъявленной к возврату, и критериев степени риска

Қаулы · № 279 · қабылданған 27.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71777/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения суммы превышения налога на добавленную стоимость, предъявленной к возврату, и критериев степени риска Күшін жойған Қаулы ·№ 279 ·27.03.2013
20.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения суммы превышения налога на добавленную стоимость, предъявленной к возврату, и критериев степени риска

Күшін жойған Қаулы ·№ 279 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения системы управления рисками в целях подтверждения суммы превышения налога на добавленную стоимость, предъявленной к возврату, и критериев степени риска
Атауы (қаз.)
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
279
Қабылданған күні
27.03.2013
Көрсетілген редакция
20.04.2018 71777_316657.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000279
ЭКБ идентификаторы
71777
Редакция идентификаторы
71777_316657
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:25

0 Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары;

2 2) тәуекел дәрежесінің критерийлері бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2013 жы­л­ғы 27 на­уры­зда­ғы
№ 279 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес әзірленді және қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалар ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген қайтару туралы талаптың (бұдан әрі – қайтару туралы талап) негізінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау жөніндегі тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде ғана қолданылады.

2 2. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі

3 3. Салық төлеушіден қайтару туралы талап түскен кезде салық органы қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тиісті тақырыптық салықтық тексеру жүргізуді тағайындайды.

4

4. Бір мезгілде қайтару туралы талапты ұсынған салық төлеуші қызметінің көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәуекел дәрежесінің критерийлерін (бұдан әрі – критерийлер) пайдалана отырып, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бағаланады.

5 5. Салық төлеуші қызметінің көрсеткіштеріне сәйкестігі белгіленген критерийлер бойынша баллдар барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін жинақталады, ол салық төлеушілерді тәуекел аймағында тұрған салық төлеушілер санатына жатқызу үшін пайдаланылады.

6 6. Егер критерийлерді пайдалана отырып алынған бағалаудың нәтижелері бойынша баллдардың жиынтық қорытындысы отыз бес және одан жоғары баллды құраған жағдайда, салық төлеуші тәуекел аймағында тұрған салық төлеушілер санатына жатқызылады.

7

7. Егер критерийлерді пайдалана отырып алынған бағалаудың нәтижелері бойынша баллдардың жиынтық қорытындысы отыз бестен төмен баллды құрап, бірақ салық төлеушінің қызметінде осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген схемаларға жататын салық төлеуден жалтару белгілері байқалған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіні тәуекел аймағында тұрған салық төлеушілер санатына жатқызады.
Бұл ретте, салық төлеуден жалтару белгілері:

1 1) іс жүзінде тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығын алу мақсатында мәмілелер жасасу;

2 2) тауардың қосылған құнын ұлғайту, тиісінше есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының асып түсуін (бұдан әрі – ҚҚС асып түсуі) еселеу мақсатында мәмілелер жасасу болып табылады.

Салық төлеуден жалтару белгілерін айқындаудың негіздемесі:

1 1) бұдан бұрын камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған;

2 2) бұдан бұрын жүргізілген салықтық тексерудің барысында анықталған ҚҚС асып түсу мөлшеріне әсерін тигізген фактілердің болуы;

3 3) ол туралы құқық қорғау органдарын қоса алғанда, басқа мемлекеттік органдардан түскен ақпарат болып табылады.

8 8. Тәуекел аймағында тұрған салық төлеушілер санатына жатқызылған салық төлеушілерге қатысты салық органы:

1 1) шағын бизнес субъектілеріне жататын салық төлеушілер бойынша – осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;

2

2) орта және ірі бизнес субъектілеріне жататын салық төлеушілер бойынша – осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер бойынша "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдамалық есебін (бұдан әрі – талдамалық есеп) қалыптастырады.

9 9. Егер талдамалық есепті қалыптастыру кезінде салық төлеуші болып табылатын:

1 1) ірі салық төлеушілердің мониторингінде тұратын;

2 2) өз өндірісінің тауарларын өндіретін, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін салық төлеуші болып табылатын (ұнды, ірі қара және ұсақ мал терісін өндірушілер мен түсті және қара металл сынықтарын өңдеушілерді қоспағанда);

3 3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын;

4 4) кейіннен сатып алушысы экспорттаған электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, су және (немесе) газ беруді жүзеге асыратын;

5 5) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;

6 6) техникалық сынаулар, талдау және өнімдерді сертификаттау бойынша қызметтер беруді жүзеге асыратын өнім беруші белгіленген жағдайларда, салық органы осындай салық төлеушінің өнім берушілері бойынша талдамалық есепті одан әрі қалыптастыруды тоқтатады.

10

10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдер шегінде тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын адам талдамалық есептің нәтижелерін талдайды. Бұл ретте, қарсы тексерістерді тағайындау және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы сауал жіберу туралы шешім салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған салық төлеушілер бойынша ғана қабылданады.
Тақырыптық салықтық тексеруді тағайындаған салық органы бұзушылықтар анықталған өнім берушінің тіркелген жері бойынша салық органына бұзушылықтарды жою туралы сұратуды осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

11 11. Бұзушылықтарды жою туралы сұратуды алған салық органы, осындай сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің атына Салық кодексінің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.

Егер мұндай салық төлеушіде бұрын жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылық жойылған болса, салық төлеушінің атына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарлама жіберілмейді.
Бұл ретте салық органы бұзушылықтарды жою туралы сұрату жіберген салық органының атына осындай сұратуға жауапты бұрын жүргізілген салықтық тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылған жағдайда, салық төлеуші осындай сұратуды алған күннен немесе хабарламаны орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

12

12. Талдамалық есептің нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС асып түскен сомасын қайтару салық заңнамасын бұзушылықтар белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерге тиесілі ҚҚС асып түскен сомаларына азайтылып ұсынылған сомалар шегінде, оның ішінде Салық кодексінің 635-бабындағы ережелерді есепке ала отырып, сондай-ақ мынадай фактілер:

1

1) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін қоса алғанда, өнім берушінің ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер мен сатып алушының шот-фактуралары тізілімінде көрсетілген сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мәліметтер арасындағы алшақтық фактілері;

2 2) ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған, оның ішінде таратылған, әрекет етпейтін, банкрот адаммен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу – салық заңнамасына сәйкес ҚҚС бойынша тіркеу есебінен осындай адамды шығарған күннен бастап;

3 3) жалған кәсіпорынмен өзара есеп айырысу бойынша ҚҚС сомаларын есепке жатқызу фактілері болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот немесе қылмыстық қудалау органы белгілеген қылмыстық қызмет басталған күннен бастап жүргізіледі.

Қайтаруға жататын ҚҚС асып түскен сомасы мына тәртіппен айқындалады:

1 1) салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған әр салық төлеушіден бастап қайтару туралы талапты ұсынған салық төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер есепке жатқызған ҚҚС сомаларының ең азы белгіленеді;

2 2) мына сомалардың ең азы белгіленеді:

осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларынан қалыптасқан жиынтықтағы ҚҚС сомалары;
және
тікелей өнім берушіден қайтару туралы талапты ұсынған салық төлеуші есепке жатқызған ҚҚС сомалары;

3 3) қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түскен сомасынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіппен айқындалған ҚҚС сомалары шегеріледі.

Қайтаруға жататын ҚҚС асып түскен сомасын айқындау мысалдары осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларда келтірілген.

13

13. Салық кодексінің 635-бабының 10, 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ҚҚС асып түскен сомасының қалғанын қайтару салық төлеуші осы соманы келесі салық кезеңдері үшін қайтару туралы талапқа қосу арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарды жою шамасына қарай жүргізіледі. Бұл ретте, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын салық органының лауазымды адамы осындай өнім берушілер бойынша талдамалық есептің нәтижелеріне міндетті түрде талдау жүргізеді.

14 14. Мынадай:

ҚҚС-тың асып түсуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 миллион еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес салық төлеушілер бойынша осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты ғана қолданылады.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген салық төлеушілер бойынша өлшемшарттарды пайдалана отырып, бағалаудың нәтижелері бойынша алынған балдардың жиынтық қорытындысы нөлге теңеледі.

1 Қай­та­ру­ға ұсы­ны­л­ған қо­сы­л­ған

құн са­лы­ғы­ның асып түс­кен
со­ма­сын рас­тау мақ­са­тын­да
тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сін
қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша

2 Қай­та­ру­ға ұсы­ны­л­ған қо­сы­л­ған

құн са­лы­ғы­ның асып түс­кен
со­ма­сын рас­тау мақ­са­тын­да
тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сін
қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры­на
2-қо­сым­ша

3 Қай­та­ру­ға ұсы­ны­л­ған қо­сы­л­ған

құн са­лы­ғы­ның асып түс­кен
со­ма­сын рас­тау мақ­са­тын­да
тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сін
қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры­на
3-қо­сым­ша

4 Қайтаруға жататын ҚҚС асып түсу сомасын айқындау мысалы

Қай­та­ру­ға ұсы­ны­л­ған қо­сы­л­ған
құн са­лы­ғы­ның асып түс­кен
со­ма­сын рас­тау мақ­са­тын­да
тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сін
қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры­на
4-қо­сым­ша
Қайтаруға жататын ҚҚС асып түсу сомасын айқындау мысалы
Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түсу сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар белгіленген салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер есепке жатқызған ҚҚС сомаларының ең азы ҚҚС асып түсуін қайтару туралы талапты ұсынған ҚҚС төлеушіге дейін алып тасталады – 150 мың тг.
Аббревиатураның толық жазылуы: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

5 Қайтаруға жататын ҚҚС асып түсу сомасын айқындау мысалы

Қай­та­ру­ға ұсы­ны­л­ған қо­сы­л­ған
құн са­лы­ғы­ның асып түс­кен
со­ма­сын рас­тау мақ­са­тын­да
тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жүй­е­сін
қол­да­ну қа­ғи­да­ла­ры­на
5-қо­сым­ша
Қайтаруға жататын ҚҚС асып түсу сомасын айқындау мысалы
Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түсу сомасынан мынадай сомалардың ең азы алып тасталады: осы Қағидалардың 12-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларынан жиынтық қалыптасқан ҚҚС сомалары және тікелей өнім берушіден ҚҚС асып түсуін қайтару туралы талапты ұсынған ҚҚС төлеуші есепке жатқызған ҚҚС сомалары – 1 000 мың тг.
Аббревиатураның толық жазылуы: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

6 Тәуекел дәрежесінің критерийлері

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2013 жы­л­ғы 27 на­уры­зда­ғы
№ 279 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Тәуекел дәрежесінің критерийлері
Тәуекел дәрежесінің критерийлері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес әзірленді.
Р/с
Кри­те­ри­ий­дің ата­уы
Балл­дар са­ны
1
2
3
1.
Са­лық тө­ле­у­ші­нің са­лық­тық жүк­те­ме ко­эф­фи­ци­ен­ті (бұ­дан әрі – СЖК) СЖК-нің ор­та­ша са­ла­лық мәні­нен тө­мен*
25
2.
Са­лық тө­ле­у­ші­нің ке­зек­ті үш жыл ішін­де­гі за­лал­ды көр­се­туі
10
3.
ҚҚС бой­ын­ша де­кла­ра­ци­яда көр­се­ті­л­ген қай­та­ру ту­ра­лы та­лап­ты (бұ­дан әрі – қай­та­ру ту­ра­лы та­лап) ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да­ғы он екі ай ке­зе­ңі үшін екі рет­тен ар­тық азай­ту­ға ҚҚС бой­ын­ша қо­сым­ша есеп­ті­лік­ті ұсы­ну
10
4.
Са­лық тө­ле­у­ші ұзақ уа­қыт (төрт жыл­дан астам) ке­шен­ді са­лық­тық тек­се­ру­ден өт­пе­ген
5
5.
Соң­ғы 3 жыл­да өза­ра бай­ла­ны­сты та­рап­тар­мен өза­ра есеп ай­ы­ры­су­дың бо­луы
5
6.
Соң­ғы 5 жыл­да жал­ған кә­сі­по­рын­дар­мен мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру
10
7.
Соң­ғы 5 жыл­да са­лық есеп­ті­лі­гін тап­сыр­ма­ған неме­се нөл­дік са­лық есеп­ті­лі­гін тап­сыр­ған са­лық тө­ле­у­ші­лер­мен мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру
10
8.
Соң­ғы 5 жыл­да әре­кет ет­пей­тін са­лық тө­ле­у­ші­лер­мен мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру
10
9.
Соң­ғы 5 жыл­да та­ра­ты­л­ған са­лық тө­ле­у­ші­лер­мен мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру
5
10.
Соң­ғы 5 жыл­да ҚҚС бой­ын­ша есеп­тен шы­ға­ры­л­ған са­лық тө­ле­у­ші­лер­мен мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру
10
11.
Соң­ғы 5 жыл­да банк­рот са­лық тө­ле­у­ші­лер­мен мәмі­ле­лер­ді жү­зе­ге асы­ру
5
12.
Тір­кеу де­ректе­ріне сәй­кес са­лық мін­дет­те­ме­сін орын­да­мау және (неме­се) то­лық орын­да­мау ық­ти­мал­ды­ғы бар са­ла­лар­да (құ­ры­лыс, са­уда) қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
10
13.
Қай­та­ру ту­ра­лы та­лап­ты ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да­ғы он екі ай ке­зе­ңін ҚҚС бой­ын­ша ка­ме­рал­дық ба­қы­ла­удың нәти­же­ле­рі бой­ын­ша анық­та­лып рас­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
5
14.
Қай­та­ру ту­ра­лы та­лап­ты ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да­ғы он екі ай ке­зе­ңін­де қой­ы­л­ған № 10 ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
5
15.
Қай­та­ру ту­ра­лы та­лап­ты ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да­ғы он екі ай ке­зе­ңін­де мы­на­дай бір неме­се бір­не­ше фак­ті­нің бо­луы: ҚҚС асып тү­су­ін қай­та­ру ту­ра­лы та­лап­ты қам­ти­тын ҚҚС бой­ын­ша ба­стап­қы де­кла­ра­ци­я­ны тап­сы­ру; са­лық тө­ле­у­ші­ні қай­та тір­кеу; са­лық тө­ле­у­ші­нің ор­на­лас­қан же­рін ауы­сты­ру.
10
16.
Мы­на­дай фак­ті­лер­дің бі­рі­нің бо­луы:
құ­ры­л­тай­шы­лар ре­зи­дент емес же­ке тұ­лға­лар бо­лып та­бы­ла­ды;
қай­та­ру ту­ра­лы та­лап­ты ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да­ғы он екі ай ке­зе­ңін­де жұ­мыс­кер­лер­дің са­ны екі адам­нан ас­пай­ды;
қай­та­ру ту­ра­лы та­лап­ты ұсы­ну кү­ні­нің ал­дын­да са­лық­тар­дың көр­се­ті­л­ген түр­ле­рі бой­ын­ша са­лық ке­зе­ңін­де мү­лік са­лы­ғы, жер са­лы­ғы са­лын­ған объ­ек­ті­лер­дің бол­мауы
10
* "Салық төлеушінің салықтық жүктеме коэффициенті (бұдан әрі – СЖК) СЖК-нің орташа салалық мәнінен төмен" тәуекел дәрежесінің критерийлерін қолдану мақсаттары үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін орташа салалық салықтық жүктеме коэффициентінің мәні пайдаланылады.

Қолданыстағы