Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации

Бұйрық · № 70 · қабылданған 29.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72438/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации Күшін жойған Бұйрық ·№ 70 ·29.03.2013
30.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 70 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска и формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации
Атауы (қаз.)
Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
29.03.2013
Көрсетілген редакция
30.06.2015 AI72438_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008440
ЭКБ идентификаторы
72438
Редакция идентификаторы
AI72438_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:22

0 Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 7-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;

2 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде сақталуы бойынша тексеру парағының нысаны.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бірлескен бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат Премьер-Министрінің
министрі Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрі
_________ М.Құл-Мұхаммед _____________ Б. Сағынтаев

1 Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 70
және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Өңірлік даму
министрінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 01-04-03/27НҚ
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Осы деректемелер мен көрнекі ақпараттар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Заң) 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) бақылау субъектілері – өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыру бөлігінде деректемелер мен көрнекі ақпаратты пайдаланатын жеке кәсіпкерлік субъектілері;

2 2) тәуекел – жеке кәсіпкерлік субъектілері тарапынан Заңға сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттарға қойылатын талаптардың сақталмауы нәтижесінде қоғамдық қарым-қатынастарға, жеке және заңды тұлғалардың заңдық мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы.

3 3. Жеке кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының деректемелер мен көрнекі ақпараттарды орналастыру бөлігінде сақталу Өлшемдері мыналарға бөлінеді:

1 1) объективтiк, бақылау субъектiлерiнiң жүзеге асыратын қызмет түрлерiне байланысты тәуекелдердiң маңыздылығына негiзделген;

2 2) субъективтiк, тексерулер нәтижелерi бойынша анықталған бақылау субъектiлерiнiң лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруiне байланысты анықталады.

4 4. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарына бастапқы жатқызу объективтiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.

5 5. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарына одан кейiнгi жатқызу субъективтiк өлшемдер есебiмен жүзеге асырылады.

6 6. Бақылау субъектілері жоспарлы тексерулерді өткізудің жоғары, орташа немесе елеусіз тәуекел топтарына жатқызылып, тәуекел дәрежесіне байланысты:

объектілердің жоғарғы дәрежелі тәуекелінде – жылына бір реттен;
объектілердің орташа дәрежелі тәуекелінде – үш жылда бір реттен;
объектілердің елеусіз дәрежелі тәуекелінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңдiлiкте жүргiзiледi.

7 7. Бастапқыда бақылаудың барлық субъектілері тәуекелдің елеусіз дәрежелі тобына жатады.

8 8. Тәуекел өлшемдерi бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшiн қосылады.

9 9. Жиынтық қорытынды нәтижелерi бақылау субъектiлерiн тиiстi тәуекел дәрежелерi бойынша бөлу үшiн мынадай тәртiпте пайдаланылады:

1 1) елеусiз тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 0-ден 2 балға дейiн жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;

2 2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 3-тен 9 балға дейiн жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады;

3 3) жоғарғы тәуекел тобына тексерулер нәтижесiнде 10 және одан жоғары балл жинаған бақылау субъектiлерi жатқызылады.

10

10. Егер объектіде күнтізбелік жыл (жарты жыл) ішінде тексерулер барысында бұзушылықтар анықталған не анықталмаған болса, онда алдағы жартыжылдыққа тексерулер жоспарын құру кезінде объектілер жинаған баллының мөлшеріне байланысты объектілер топтардың жүйелілігіне қарамастан, топтан топқа ауыстырылады немесе тиісті топта қалдырылады.

11 11. Тәуекел дәрежесін бағалаудың Өлшемдері болып мыналар табылады:

меншік нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандардың мәтіндерін мемлекеттік және орыс тілдерінде жазу ретінің сақталмауы – 2 балл;
бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде (қажет болған жағдайда басқа тілдерде де) мәтіндерін жазу ретінің сақталмауы – 3 балл;
Қазақстанда өндірілетін тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында (этикеткалары), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік және орыс тілдерінде қажетті ақпараттың болмауы – 3 балл;
шетелде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтарында мемлекеттік тілде және орыс тілдеріндегі қажетті ақпараттың болмауы – 3 балл;
көрнекі ақпараттың барлық түрлерінің мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы – 3 балл.

12 12. Бақылау субъектiлеріне бiр тәуекел тобы iшiнде жоспарлы тексеру өткiзу үшiн таңдау мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:

1 1) анағұрлым үлкен тексерiлмеген кезең;

2 2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.

2 Жеке кәсіпкерлік саласында деректемелер мен көрнекі ақпаратты тексерулер бойынша Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуының тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 70
және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Өңірлік даму
министрінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 01-04-03/27НҚ
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Жеке кәсіпкерлік саласында деректемелер мен көрнекі ақпаратты тексерулер бойынша Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуының тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ЖСН/БСН
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Ия
Жоқ
1
мен­шік ны­са­ны­на қа­ра­ма­стан мөр­лер мен мөр­та­бан­дар­дың мәт­ін­де­рін мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де жа­зу ре­ті­нің сақ­тал­мауы
2
блан­кі­лер, маң­дай­ша­лар, ха­бар­лан­ды­ру­лар, жар­на­ма­лар, прейс­ку­рант­тар, ба­ға көр­сет­кіш­те­рі бас­қа да көр­не­кі ақ­па­рат­тар­дың мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де (қа­жет болған жағ­дай­да бас­қа тіл­дер­де де) мәт­ін­де­рін жа­зу ре­ті­нің сақ­тал­мауы
3
Қа­зақ­стан­да өн­ді­рі­ле­тін та­у­ар­лар­дың ар­найы мә­лі­мет­тер көр­се­ті­л­ген та­у­ар­лық жап­сыр­ма­ла­рын­да (эти­кет­ка­ла­ры), таң­ба­ла­ма­ла­рын­да, нұс­қа­улық­та­рын­да мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де қа­жет­ті ақ­па­рат­тың бол­мауы
4
ше­тел­де өн­ді­рі­л­ген та­у­ар­лар­дың ар­найы мә­лі­мет­тер көр­се­ті­л­ген та­у­ар­лық жап­сыр­ма­ла­ры (эти­кет­ка­ла­ры), таң­ба­ла­ма­ла­ры, нұс­қа­улық­та­ры мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де аудар­ма­ла­ры мен қа­жет­ті ақ­па­рат­тың бол­мауы
5
көр­не­кі ақ­па­рат­тың бар­лық түр­ле­рі­нің мәт­ін­де­рін ор­на­ла­сты­ру тәр­ті­бі­нің сақ­тал­мауы
Тексеруді жүргізген (жүргізгендер):
________________ _________ ____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және болса әкесінің аты)
________________ _________ ____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және болса әкесінің аты)
Бақылау субъектісінің
басшысы:
________________ _________ ____________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және болса әкесінің аты)

Қолданыстағы