Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере метеорологического обеспечения полетов гражданской авиации

Бұйрық · № 273 · қабылданған 17.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-72687/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере метеорологического обеспечения полетов гражданской авиации Күшін жойған Бұйрық ·№ 273 ·17.04.2013
30.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере метеорологического обеспечения полетов гражданской авиации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 273 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков в сфере метеорологического обеспечения полетов гражданской авиации
Атауы (қаз.)
Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
273
Қабылданған күні
17.04.2013
Көрсетілген редакция
30.10.2015 AI72687_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008461
ЭКБ идентификаторы
72687
Редакция идентификаторы
AI72687_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:15

0 Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
273 бұйрығымен бекітілді
Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

1

1. Осы Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) бақылау субъектілерін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленген.

2 2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тәуекел – азаматтық авиация саласындағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету қызметі нәтижесіндегі оның салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;

2 2) тексерілетін субъектiлер – мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, азаматтық авиация саласындағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

3 3. Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы өлшемдер мыналарға бөлінеді:

1 1) тексерілетін субъектілер қызметінің түріне байланысты тәуекелдер маңыздылығына негізделген объективтік түрі;

2 2) тексерілетін субъектілер тарапынан Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасын бұзуына байланысты белгіленетін субъективті түрі.

4 4. Тексерілетін субъектілерін тәуекел тобына обьективтік өлшемдерді есепке ала отырып, біріншіге жатқызу жүзеге асырылады.

5 5. Тексерілетін субъектілерін тәуекел тобына субъективтік өлшемдерді есепке ала отырып, кейінгіге жатқызу.

6 6. Объективті өлшемдер бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне бірінші жатқызылған тексерілетін субьектілерге субъективті өлшемнің тәуекел дәрежесі қолданылмайды.

Тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субьектілер жарты жылда бір рет бақылаудан өтеді.

7 7. Объективті өлшемдер бойынша:

1 1) жоғары тәуекел тобына орташа тәулікті әуеайлақтардағы қарқынды ұшулар отыз және одан да көп болған кезде азаматтық авиация ұшуларына метеорологиялық қызмет көрсететін тексерілетін субьектілер жатады (өткен жылдың қорытындысы бойынша (жартыжылдық);

2 2) орташа тәуекел тобына орташа тәулікті әуеайлақтардағы қарқынды ұшулар отыздан кем болмаған кезде азаматтық авиация ұшуларына метеорологиялық қызмет көрсететін тексерілетін субьектілер жатады (өткен жылдың қорытындысы);

3 3) тексерілетін субьектілер елеулі емес тәуекел тобына жатқызылмайды.

8 8. Субъективті өлшемдер бойынша:

1 1) жоғары тәуекел тобына тексеру нәтижесі бойынша 6 және одан да көп балл жинаған тексерілетін субьектілер жатады;

2 2) орташа тәуекел тобына тексеру нәтижесі бойынша 3-тен 5 балға дейін жинаған тексерілетін субьектілер жатады;

3 3) елеулі емес тәуекел тобына тексеру нәтижесі бойынша 0-ден 1 балға дейін жинаған тексерілетін субьектілер жатады;

Тәуекел дәрежесін бағалау бойынша субъективті өлшемдер сәйкесінше саладағы тексерілетін субьектілерді бақылау осы Өлшемдерге қосымшада келтірілген.

9 9. Бір тәуекел тобындағы тексерілетін субьектілерді тексерулер жоспарына қосылатын бірінші кезекті өлшемдер:

1 1) бұрын жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша субьектілерді көп жиналған баллдың саны;

2 2) соңғы жүргізілген жоспарлы тексеріс мерзімінің ескіруі.

29 Азаматтық авиациядағы ұшуларды

метеорологиялық қамтамасыз ету
саласындағы тәуекелдер дәрежесін
бағалау өлшемдеріне қосымша

Өл­шем­дер
Балл
1
2
3
1
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық авиа­ци­я­сын ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 29 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1768 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық авиа­ци­я­сын ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­ла­ры­ның үл­гі­лік сыз­ба­сы бой­ын­ша бел­гі­лен­ген нақ­ты әу­е­ай­лақ­та авиа­ци­я­лық пай­да­ла­ну­шы­лар­ды ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету әу­е­ай­лақ ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ор­га­ны­ның өкіл­де­рі әзір­ле­ген және әуе қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру (ӘҚҰ) ор­ган­да­ры­мен және әу­е­жай әкім­ші­лі­гі­мен ке­лі­сі­л­ген Әу­е­ай­лақ­та ұшу­лар­ды ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету нұс­қа­улы­ғы­ның бол­мауы.
3
2
Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ба­қы­лау функ­ци­я­сы жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ұшу ақ­па­ра­ты­ның бел­гі­лен­ген ау­ма­ғы­ның неме­се дис­пет­чер­лік ауда­ны­ның бол­мауы.
3
3
Жер­гі­лік­ті тұ­рақ­ты және ар­найы мә­лі­мет­тер­дің шы­ға­рыл­мауы.
3
4
Әу­е­ай­лақ бой­ын­ша тұ­рақ­ты ме­тео­ро­ло­ги­я­лық мә­лі­мет (METAR) және ар­найы ме­тео­ро­ло­ги­я­лық мә­лі­мет (SPECI) шы­ға­руы­ның бол­мауы.
3
5
Шы­ға­ры­ла­тын мә­лі­мет­тер­дің маз­мұ­ны және фор­ма­ты қа­ғи­да­ла­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі.
3
6
Бел­гі­лен­ген қа­ғи­да­лар­да­ғы ме­тео­ро­ло­ги­я­лық мә­лі­мет­те­рін та­ра­ту тәр­ті­бі­нің сақ­тал­мауы.
3
7
ТАF әу­е­ай­ла­ғы бой­ын­ша бо­лжам­дар­ды шы­ға­ру­дың, ұшу­ға және қо­ну­ға ар­нал­ған бо­лжам­дар­дың бол­мауы.
3
8
Әу­е­ай­лақ бой­ын­ша ұшу және қо­ну үшін шы­ға­ры­ла­тын бо­лжам­да­ры­ның маз­мұ­ны мен фор­ма­ты қа­ғи­да­ла­ры­на бел­гі­лен­ген та­лап­та­ры­ның сәй­кес кел­ме­уі.
3
9
Ұшу ба­ғы­ты және аудан­да­ры бой­ын­ша бо­лжа­у­лар­дың шы­ға­ры­луы­ның бол­мауы.
3
10
Ұшу­дың ба­ғы­ты және аудан­да­ры бой­ын­ша бо­лжам­ның маз­мұ­ны мен фор­ма­ты қа­ғи­да­ла­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
3
11
Тө­мен би­ік­тіктер­де­гі ұшу­ға ар­нал­ған GAMET ай­мақ­тық бо­лжа­у­ла­ры шы­ға­ры­луы­ның бол­мауы.
3
12
Тө­мен би­ік­тікте ұшу­ға ар­нал­ған GAMET ай­мақ­тық бо­лжа­у­ла­ры маз­мұ­ны мен фор­ма­ты қа­ғи­да­ла­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
3
13
Ауа райы ме­тео­ро­ло­ги­я­лық шар­тта­ры мен ауа райы құ­бы­лы­стар қар­қы­ны­ның пай­да бо­луы неме­се өзге­руі ту­ра­лы ес­кер­ту­лер­дің шы­ға­рыл­мауы.
3
14
Ауа райы ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай­ла­ры мен құ­бы­лы­сы қар­қын­ды­лы­ғы­ның пай­да бо­луы мен өзге­руі бой­ын­ша ес­кер­ту­лер­дің маз­мұ­ны мен фор­ма­ты қа­ғи­да­ла­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға, сон­дай-ақ жел қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ес­кер­ту мен ха­бар­ла­ма­лар шы­ға­ры­луы­ның сәй­кес кел­ме­уі.
3
15
Әуе ке­ме­лер­дің тө­мен­гі би­ік­тікте ұшу қа­уіп­сіз­ді­гіне (бұ­дан әрі - AIRMET) әсер ете­тін ұшу бағ­да­рын­да бел­гі­лі ауа рай­ы­лық құ­бы­лыс пай­да бо­луы және әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшу қа­уіп­сіз­ді­гіне (бұ­дан әрі - SIGMET) әсер ете­тін бағ­дар­да­ғы ауа райы жағ­дайы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жі­бер­меу.
3
16
AIRMET және SIGMET ақ­па­рат­та­ры­ның маз­мұ­ны мен фор­ма­ты қа­ғи­да­ла­ры­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
3
17
Әуе ке­ме­ле­рі эки­па­жы­ның ұшу ал­дын­да­ғы ме­тео­ро­ло­ги­я­лық дай­ынды­ғын жүр­гі­зу ке­зін­де кон­суль­та­ци­я­лар және ме­тео­ақ­па­рат­ты көр­се­ту бой­ын­ша та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы.
3
18
ӘК эки­па­жы­на бе­рі­ле­тін ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­ты әзір­леу және ұшу құ­жат­та­ма­сы­на ен­гі­зі­ле­тін та­лап­тар­дың сақ­тал­мауы.
3
19
Ұшу ал­дын­да­ғы дай­ын­дық­тың ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­сін пай­да­ла­ну ке­зін­де қа­ғи­да­лар та­лап­та­ры­ның сақ­тал­мауы.
1
20
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту ор­ган­да­ры үшін ақ­па­рат бе­ру ке­зін­де қа­ғи­да­лар та­лап­та­ры­ның сақ­тал­мауы.
3
21
Өн­ді­рі­сті бас­қа­ру ор­ган­да­ры үшін ақ­па­рат­ты бе­ру ке­зін­де қа­ғи­да­лар та­лап­та­ры­ның сақ­тал­мауы.
1
22
Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген мер­зім­ге сәй­кес бар­лық ме­тео­ро­ло­ги­я­лық құ­жат­тар, мә­лі­мет­тер және бас­қа да құ­жат­та­ма­лар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз етіл­ме­уі.
3
23
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат қыз­ме­ті ор­ган­да­ры үшін ақ­па­рат бе­ру ке­зін­де қа­ғи­да­лар та­лап­та­ры­ның сақ­тал­мауы.
3
24
Авиа­ци­я­лық жұ­мыстар­дың, та­у­лы жер­лер­де­гі ұшу­дың, ті­кұ­шақ­тар­дың те­ңіз ке­ме­ле­ріне және ашық те­ңіз плат­фор­ма­ла­ры­на ұшу­дың ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету ерекше­лік­те­рі­нің сақ­тал­мауы.
3
25
Әу­е­ай­лақ­тық ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ор­ган­ның бай­ла­ны­сқа ар­нал­ған та­лап­та­ры­ның сақ­та­луы және оның ме­тео­ро­ло­ги­я­лық ақ­па­рат­ты та­ра­ту ке­зін­де пай­да­ла­ны­луы.
3
26
Авиа­ци­я­лық кли­мат­тық ақ­па­рат­ты жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры та­лап­та­ры­ның сақ­тал­мауы.
1

Қолданыстағы